Қазақстан көшпелілерінің архитектуралық ескерткіштерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Қазақстан көшпелілерінің архитектуралық ескерткіштерінің ұқсастықтары мен
ерекшеліктері 4
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жiбек жолы 8
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі, Еуропаның шығыс бетінде
қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, әзірбайжан халықтарының
негізін құрайтын түрік тілдес, түркі тектес жұрттардың әртүрлі ат,
атаулармен танылған, тарихта белгілі болған қағанаттары, алғашқы феодалдық
мемлекеттері өмір сүрген. Ұлыс, Қағанат, Сұлтандық, Ел, Дәулет,
Орда сияқты аттармен әйгілі олардың дербес басқару жүйесі, өзіндік
мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы болған. Қазақстан мен
Орта Азияны мекендейтін әртүрлі ұлттар мен халықтардың бүгінгі болмысы
солардан бастау алып, мәдениеті мен экономикасы да сол тұстағы өсіп-
өркендеу, тұрмыс-тіршілік тәжірибесінен сұрыпталып шықты. Сондықтан V-Х
ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Қағанат, хандықтан,
сұлтандықтардың тарихына көз жіберіп, олардың мәдениетіне біраз тоқтала
кетудің жөні бар. Мұның өзі жалпы адамзаттың тарихын білу үшін де маңызды.
Өйткені, бұл кезеңдегі алғашқы феодалдық мемлекеттердің тарихы мен
мәдениеті әлемдік дамудың құрамдас бөлігі, ажырамас, айнымас арнасы.
Әртүрлі рулық, тайпалық одақтар, мемлекет тектес иеліктер біздің жыл
санауымызға дейін де болды. Солардың үлгісі мен VI ғасырдың орта шенінде
түрік қағанаты дербес ел ретінде әлем сахнасына шықты. Ол қыпшақ, қарлұк,
қырғыз, теле, түркмен, чик, аз сияқты түркі тілдес тайпалардың басын
біріктірді. Шығысында Қытай қақпасы, батысында темір қақпа (Дербент)
арасында біртұтас билік жүргізген үлкен мемлекет болды. Осы тұста оған
қараған ру тайпалардың арасында да қыпшақтардың аты кеңінен тарады. Қазіргі
қазақ жұртының негізгі арналарының бірі, түрік қағанатының мықты тірегі
болған қыпшақтар өз ортасынан биік мәртебелі батырлармен шешендік үлгісін
қалдырған билерді, елге басшы болған көсем тұлғаларды көп шығарды.
Кейінгі жылдарда түркі тектестер иелігінде болған жерлерде археологтар
жүргізген қазба жұмыстары орасан мол заттық мұралар тапты. Мәдениеттің
озық, аса маңызды үлгілері болып саналатын бұл мұралар бұл жерлерде түркі
сына жазуы қолданылғанын, қағанатқа қараған халықтардың этникалық жағынан
әртүрлі болғанымен олардың бірыңғай мәдениеті, тілі, жазуы болғанын
дәлелдеп берді.
Қазақстан көшпелілерінің архитектуралық ескерткіштерінің ұқсастықтары
мен ерекшеліктері
Түріктердің VI—IX ғасырларда мәйіттерді мінген атымен бірге жерлейтін
әдет-ғұрпы толып жатқан обалардан (олардың ішіндегі эталоны Құдырғы қорымы)
көрінетін. Оңтүстік Сібір мен Алтайдан бір айырмасы Қазақстанда мұндай
обалар әлі жеткілікті зерттелмеген, ал оның біздегілері— Жетісудағы
Тастөбе, Орталық Қазақстандағы Егіз қойтас зираттары. Сыртынан қарағанда
олар тас не тас пен топырақ араласқан шоқы тәрізді биік үйінділер, олардың
астында сопақша етіліп қазылған қабырлары бар. Өліктердің басын ендік
бағытына қаратып, шалқасынан жатқызып қойған. Ал аттың өлігін бір басқыш
төмен не иесімен бір деңгейге, басын қарама-қарсы жаққа немесе со бағытқа
қаратып жерлеген. Олар Алтайдағы мәйітті шығысқа қаратып жерлеу салтына
жақын, үндес келеді.
Алматыға жақын жерден табылған, өлген иесін атымен қоса жерлеген
зиратта адам мен ат бір қабырға қойылыпты. Зираттан садақтың сүйек
қалақшалары, қоладан жасалған жылжымалы тілі бар тоға кездесті. Тоға тіліне
кісі кескіні бедерлі бейнеленіпті. Кемер белдіктен оның тік бұрышты бес
қаптырмасы, белбеудің ұшы сақталыпты. Төс сүйегінің үстінен екі күміс түйме
табылды. Бас сүйектің оң жағында ілгектері салынбаған екі күміс сырға жатыр
екен.
Арыс бойындағы Бөріжар мен Түркістан көгалды аймағындағы Шағы
қорымдары (Оңтүстік Қазақстан) VI—VIII гг. кезеңіне жатады. Бұл
отырықшылыққа көшкен түріктер зираты екен. Осы арадан сырты дуалмен
қоршалған, сазбен сыланған алаңға өліктерді ұжымдап жерлеген, науысқа салып
қойған молалар кездесті; пахса блоктары мен қыштан күмбездеп қалаған
мазарлар да бар. Олардың ішінен кемер белдіктердің күміс, қола тоғалары мен
қаптырмалары, темір қанжарлар мен семсерлер, пышақтар, әшекей заттары,
отырықшы халыққа тән керамика табылды.
Түрік дәуіріндегі толып жатқан бейіттер ішінен тек оның түргештерге
ғана жататынын бөліп алу қиын, өйткені ол кезден қалған обалар тым аз.
Тегі, түргештердің өлікті жерлеу ғұрпы түріктерге жақын болуға тиіс. Сол
сияқты қарлықтар мен оғыздардың да ежелгі бейіттерін табу қиын. Бәлкім,
Қырғыз Алатауының баурайында қазылған бейіт қарлықтардікі шығар, онда өлік
бетін жоғары, ал басын шығысқа қаратып, мінген атын басқышқа не жеке молаға
жерлеген. Басына қос сақиналы ауыздықты, темір тоғалы жүген қойыпты.
Зерттеушілер пікіріне қарағанда, Алматыға жақын жерден табылған мола
қарлықтарға жататын шығар, одан сәнді нефрит қаптырмалары және XII г.
құйылған керамика табылды.
Қимақтардың археологиялық ескерткіштері Шығыс Қазақстандағы Ертіс
алқабынан табылған қорымдардан тұрады. Оларды қазғанда жерлеу ғұрпының
қимақтарға тән белгісі: өлікті атымен не аттың терісімен жеке қою, ағаш
табытқа салып, атымен бергі не аттың ер-тұрманымен бірге жерлеу сияқты әдет-
ғұрыптар сақталғаны байқалады. Жерлеу ғұрыптарының әртүрлі болып келуі
қимақ тайпалары одағының да қырық рудан құралғанын аңғартады.
Қазақстан территориясындағы қыпшақтар ескерткіші әзірге онша көп емес,
олар Орталық Қазақстан мен Жетісудан кездеседі. Қыпшақтар обалары бірен-
саран немесе бірнеше үйіндіден тұратын қорымдар. Үйінділер астында қой
сүйектері сияқты аруаққа берілген ас қалдықтары табылады. Өліктерді ағаш
науап-табыттарға, тақтай табыттар мен рама тәрізді тор көз табыттарға салып
жерлеген. Бағзы бір кездері мәйітті қайыңның қабығымен жауып қойған. өлікті
моланың батыс қабырғасынан жасалған лақатқа жатқызып қоятындары да бар.
Бірқатар қабырларда өрнекті жібек маталар жұрнақтары сақталып қалған. Мола
ішінде темір пышақтар, оттықтар, шапашоттар жатады. Қару-жарақтар еркектер
қабырынан кездеседі. Олар — қылыштар, қайың-қабықтан жасалған қорамсақтағы
жебелер, садақтың қалдықтары. Енді бір моладан торғауыт, екінші моладан
ақсауыттың қалдығы табылды. Аттың азбыройынан ауыздықтар, үзеңгілер мен
ердің жұрнағы кездесті.
Ортағасырлық Қазақстанның дала бөлігінің қорымдарынан табылған
олжалар, жазба деректерге қосымша көшпелі тайпалардың шаруашылығы, тұрмыс
салты және діни сенімдері туралы азды-көпті мәлімет береді, ал көшпелі
тайпалар болса, олар қала тұрғындарымен бірге бірыңғай саяси, экономикалық
және этникалық қауымды құраған.
Қарахан қағанатынан қалған мәдени, әдеби үлгілер, сәулет өнерінің
жемістері аз емес. Махмұд Қашқаридың дерегі бойынша бұл мемлекеттің ұйтқысы
болған рулар Қарлық, Шігіл, Ягма, Тұқсы бұлақтар екен. 840 жылы дүниеге
келген бұл қағанаттың аты басты, ірі, ең биік, ең үлкен, ең ұлы деген
ұғымға сәйкес келетін қара деген сөзден шыққан. Бұл атауды белгілі
шығыстанушы В. В. Григорьев ғылыми айналымға енгізіп қараханид елінің
тарихын зерттеп, көптеген мағлұматты жұртшылық игілігіне айналдырған.
Қарақан қағанатының астанасы сән-сәулеті, ғылым-білімдегі табыстары мен аты
шыққан Баласағұн қаласы. Қазақ жерінде бұл сияқты қалалар аз болмаған.
Еуропа мен Азияны, Батысы пен Шығысты байланыстырып жатқан отырықшы ел мен
көшпелілер қарым-қатынасына өзек болған қалалардың арасында Ұлы жібек
жолының бойында жатқан Суяб, Тараз қалалары құрылысы, сәулет өнерінің
өзгешелігімен көзге түскен. Осындай мәдени орталықтардың бірі Отырар туралы
жиналған көп мағлұматтар бар. Ол ертеректе Тарбан деген атпен белгілі
болған. Арабтар осы дәуірге келіп орныққаннан кейін оны Фараб деп атаған.
Отырар туралы Француз деректемелері де аз емес. Шығыс халықтары туралы
негізгі мағлұматтардың әмбебап сөздігі немесе Шығыс кітапханасы деп
аталатын Бартолоэ Д. Эрбело 1697 жылы бастырып шығарған кітапта бұл қала
емес, жерінде нулы орманы, өңделген жер учаскелері бар бүтіндей бір ел,
оның ені мен ұзыны жүріп кеткенде күншілік уақыт алатындай кең деп
көрсетілген. Зәулім үйлері, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған
ғимараттары бар бұл қалада ең бай кітапхана болған. Осы қала туралы
Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде - руналық жазбаларда да деректер
кездеседі. Тараз, Суяб, Отырар, Сығанак, Испиджаб, Каялық сияқты қалалар
Византия, Иран, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістандағы елдермен сауда жасауда,
мәдени байланысты өрістетуде үлкен роль атқарды. Мәселен, Батыстан келе
жаткан кіре-керуендер Испиджабқа тоқтап, Созақ, Құмкент, Баба-ата сияқты
қалаларға соғып, Орталық Қазақстанның ұланғайыр далаларындағы көшпелі
елдерге бет алатын болған. Керуен жолындағы қалаларда сауда-саттыкпен бірге
қолөнершілік, сәулет өнері кеңінен дамыды. Қолөнердің осы уақытқа жеткен,
қазба зерттеу барысында табылған үлгілері ол кезде темірден, тастан, алтын,
күмістен әшекейлеп жасаған сәндік бұйымдар, тұтынатын заттар болғанын
дәлелдейді. Сонымен бірге осы аймақтардың тұрғындары ұстаған, қолданған
аспаптар, құралдар, әбзелдар олардың иелерінің мәдени дәрежесінің, өмір
тәжірибесінің осал болмағанын байқатады. Оларға сәулет өнерінің жұрнақтары
тастан қашалған, тастан істелген үлгілерді қоссақ көз алдымызда белгілі
дәреже, биік дамыған мәдениеті бар бүтіндей бір әсемдік әлемі пайда болады.
Әсіресе, соңғы жылдарда табылған тастан істелген үлгілердің өздерінің
қайталанбайтын ерекшеліктерімен көз тартатынын айтуымыз керек.
Түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болған көшпелі және
жартылай көшпелі қаңлы, карлұк, шігел, түкси, ягма, оғыз, қимақ, қыпшақ
сияқты евроназия құрлығын еркін жайлаған тайпаларда өздерінің өмір сүрген,
мекен еткен, қоныс қылған жерлерінде тастан жасалатын өрнектелген белгілер
қалдыру әдеті болған. Еуропалықтар кумандар деп, орыстар половцылар деп
атаған осы тайпалардан қалған ескерткіш тастар Ресейдегі қара топырақты
аймақтың ұшы - қиырсыз далаларынан да кездеседі. 80-інші жылдарда
Ворошиловград Мұражайында ашық аспан астына қоршалған алаңдағы көрмеге
осындай 58 тас мүсін қойылған. Әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын үлгіде
жасалған осы туындылардың арасында сәбиін көтерген ананың тастан қашалған
мүсіні бар екен. Осындай мүсінді 1860-жылдарда ішкі Ордадағы Нарын құмынан
орыс жағрапия қоғамының мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов тапқан. Қазір Санкт-
Петербургтегі Эрмитажда жұрттың тамашалауына қойылған бұл мүсін тас жөнінде
ішкі ордадан табылған тас қатын деген атпен ол Пчела журналына мақала
жарияланған.
Түрік тілдес халықтар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның
өнерлік сипатына айрықша мән берген. Соны айгактайтын Оңтүстік-Сібір,
Орталық және Орта Азия жерлерінде бал-балтас, сағана-тас, мүсін-тас,
құлпытас ескерткіштері жиі ұшырасады. Олардың атауы сыртқы түріне, қашалып
жасалған формаларына қарай пайда болған. Бұғыны көз алдына әкелетіндіктен
осындай ескерткіштер бұғы-тас деп аталса, бағана сияқты биік тас діңгек-
бағана тас, жай-тастан кашалып қойылған белгі сияқты болып келсе оны бал-
бал тас деген. Соңғыларын ежелгі қыпшақтар білбіл деп атаған, адам
бейнеленген тасты мүсін тастар деп атайды. Олардың арасында әйелді
бейнелейтіндері көп кездеседі. Қазақстан, Алтай, Монғолия даласында
қызтас, келіншектас, кемпіртас деп аталатын, сондай-ақ атаусыз жай
әйелді бейнелейтін тастар да жиі ұшырайды. Құлпытасты, мүсінтасты көне
түрік заманында елдің көсегесін көгерткен көсем-басшыға, белгілі батырга,
жүйріктігімен аты шыққан жыраулар мен шешендер зиратына қоятын болған.
Мүсін тастардың үлгісі әр дәуірде әртүрлі болған. Олардың жасалуын
өздерінің үлгілеріне, ерекшеліктеріне қарап Әлкей Марғұлан үш кезеңге
бөлген. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-І ғасырлармен біздің
заманымыздағы V ғасырлар аралығында қойылған тастан жасалған ескерткіштер
мейлінше биік келеді де олардың ұшар басына әйелдің немесе ер адамның бас
пішіні бейнеленеді. Екінші кезеңдегі, яғни, V-VІ ғасырлардағы тас мүсіндер
бұрынғыдай биік емес орта мөлшерде, адамның сыртқы тұрқын ғана
елестететіндей етіп қашалған. Ал VI-VIII ғасырлардағы соңғы кезеңде тастан
жасалған мүсіндерден адамның бет-бейнесін, көзін, мұрнын, мұртын, құлағын,
әйел болса сырғасын, моншағын айқын аңғаруға болады. Олардың арасында қару-
жарақ асынған жасақтардың бейнесі де кездеседі.
Ашық далаларда, жота төбелерде жерден кісі бойы тіпті одан да биік
көтеріліп тігінен тізбектеліп тұрған балбал тастар да кездеседі. Олар
Қазақстанда Жасыбай көлінің маңынан жиі ұшырасады. Осындай тастардың күмбез
көтеру үшін, мазарлар, минареттер, мұнаралар салуға пайдалануы, құрылыс
материалдарының барған сайын күрделеніп, бұрын саз балшық, қамыс, шиден
салынып келген үй-жайлардың енді күйдірілген кірпіштен салынуы, олардың
қабырғаларының, биік босағаларының неше түрлі ою-өрнек нақыштармен
безендірілуі V-Х ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі өмір сүрген
қағанаттарда аз болмаған. Көне түрік заманында желісі тартылған мәдени
үлгілердін дамуы, тың тәжірибелердің жемісімен толығуы осы қағанаттар
тұсында да іске асқан. Желдей ескен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан
адамзат көшінің тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz