Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

І бөлім
1.1 Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ бөлім
Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Кіріспе
Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2) капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке, ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда. Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі. Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады. Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді. Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке төтеп бере алуы мүмкін деуге болады. Ал төтеп бере алмаса, онда елдің экономикалық өндірісі зардап шегеді. Осыны ойлай, мемлекетте фирмалар өндірісі бірдей дәрежеде болуы керек деген тұжырымға келдім. Тіптен алсақ, Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылуы үшін де осы мәселелердің қарастырылуы қажет.

Жұмыстың мақсаты
Бұл курстық жұмыстың мақсаты монополияның заңдарын тереңірек зерттеп, талдау жүргізу. Қазақстанның монополия нарығын зерттеу жүзінде көптеген мәселелерді талқылауға арналған. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы экономикадағы демонополизация процесін басқару шарттар жүйесіне байланысты. Мемлекет тарапынан нарыққа бақылау жүргізу, жағдайларды талдауы арқылы жаңа монополистердің тууы, осы өндіріс орындарының жұмысын басшылыққа алуы табиғи монополияда нақты бәсекелестіктің жоқтығының негізгі себебі болып табылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай мемлекет араласуының бағыттары мен түрлері өзгеруі керек. Антимонополиялық заңдардың негізгі қарастыратын мәселесі — еркін бәсекелестікті және кісіпкерлікті қолдау, тұтынушылар құқығын қорғау, т.б. Қазақстан Республикасындағы моноплиялық компаниялармен танысу, олардың қызмет түрлері нарыққа әсерін талдау курстық жұмыстың соңғы тарауында қарастырылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І бөлім
1.1 Монополиялар: түрлері, түсінігі,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
1.2. Монополиялық биліктің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ бөлім
Монополиялық бағаны қалыптастыру
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені
иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2)
капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке,
ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз
мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда.
Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі.
Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша
қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады.
Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде
елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік
ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің
отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді.
Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке
төтеп бере алуы мүмкін деуге болады. Ал төтеп бере алмаса, онда елдің
экономикалық өндірісі зардап шегеді. Осыны ойлай, мемлекетте фирмалар
өндірісі бірдей дәрежеде болуы керек деген тұжырымға келдім. Тіптен алсақ,
Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылуы үшін де осы
мәселелердің қарастырылуы қажет.

Жұмыстың мақсаты
Бұл курстық жұмыстың мақсаты монополияның заңдарын тереңірек зерттеп,
талдау жүргізу. Қазақстанның монополия нарығын зерттеу жүзінде көптеген
мәселелерді талқылауға арналған. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы
экономикадағы демонополизация процесін басқару шарттар жүйесіне байланысты.
Мемлекет тарапынан нарыққа бақылау жүргізу, жағдайларды талдауы арқылы жаңа
монополистердің тууы, осы өндіріс орындарының жұмысын басшылыққа алуы
табиғи монополияда нақты бәсекелестіктің жоқтығының негізгі себебі болып
табылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай мемлекет араласуының
бағыттары мен түрлері өзгеруі керек. Антимонополиялық заңдардың негізгі
қарастыратын мәселесі — еркін бәсекелестікті және кісіпкерлікті қолдау,
тұтынушылар құқығын қорғау, т.б. Қазақстан Республикасындағы моноплиялық
компаниялармен танысу, олардың қызмет түрлері нарыққа әсерін талдау курстық
жұмыстың соңғы тарауында қарастырылады.

І бөлім.
1.1. Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырып отырған нарықтардың фирмалардың саны болып табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады. Сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты
пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарына ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді.
Негізінен монополияның ерекшеліктеріне келетін болсақ, монополияның
төрт ерекшелігі бар. Олар:
1) өнімнің ерекше болуы;
2) тосқауылдың көп болуы;
3) ірі жалғыз фирма;
4) толық деректер.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық —
монополия деп аталады, ал фирма — монополист деп аталады. Монополист
берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы
бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың
шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып,
тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді
және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер
сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін
тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықта, онда қоғам
жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние
жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға
қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің
барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда
тиімді деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер
туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және
олар кез-келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді. Бұл
шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легалді тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялық нарыққа енуін, монополиялық түрде
иеленуі, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше
құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшалықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге,
нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады. [3, 35]
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі
өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны
практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға
болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі —
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігіне өте сирек кездесетін
шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальді тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальді
тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса — құқығың
бар, ал патент жоқ болса — құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің
мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан
жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл
жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальді тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан
белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде құқық беру. Бұндай жағдайда елдің
ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ
шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекттік
фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі — демпинг. Демпинг —
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнына төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар — олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы
мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен
ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма
шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын
қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның
төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен
қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру,
оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс
саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып
және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Монополистің жалпы өнім көлемін белгілеуі төмендегідей көрсетіледі:
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс
мақсаты — пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист
жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз
шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілейді. Монополистің сұраныс
қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да монополистер
төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін.
Монополист тауар бірлігінің бәріне бір ғана баға белгілейтін
болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек,
монополиялық фирманың сұраныс қисығы болып табылады. Өнім бірлігінің бағасы
монополиялық жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар
Монополия туралы
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополиялар
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Монополиялық құрылымдарды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Монополия және монополиялық тепе-теңдік
Пәндер