Алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
№11 дәріс. АЛГОРИТМДЕУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ
10. 1 Алгоритм және блок-схема
10. 2 Паскаль тіліндегі бағдарламалар. Бастапқы мәліметтер.
10. 3 Тілдің операторлары
- АЛГОРИТМ ЖӘНЕ БЛОК-СХЕМА
Қазіргі кезде ЭЕМ есептерді шешу үшін оның алгоритмі болу керек. Белгілі мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті алгоритм деп атайды.
Алгоритмнің негізінде бағдарлама құрастырылады және түзеледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазыладыАлгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоримт бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.
Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды.
Негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарайық:
10. 2 ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАР. БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
Кез-келген бағдарламалық тіл символдардан, сөздерден, сөз тіркестері және сөйлемдерден(операторлардан) тұрады. Паскаль тілінің алфавиті келесі символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 әріптерінен, олармен қызметші сөздері және идентификаторлар жазылады. Бағдарламада айнымалылар мен тұрақтылардың аттарын анықтайтын қызметші сөздерді идентификаторлар деп атайды. Идентификаторларды бір әріппен (Х, У, а, в) немесе символдар тізбегімен белгілеуге болады(all, Alfa2 т. с. с) .
2. Сандарды белгілейтін араб цифрларынан:0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Сандар бүтін және нақты болып екі түрге бөлінеді.
3. Арнайы символдардан тұрады: + - * /, . < > = ( ) ; : ‘ # т с с.
Айнымалылар деп бағдарламаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдайтын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп әр бір уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Барлық айнымалы алдын ала VAR (variable-айнымалы) бөлімінде өзіне тән бір типпен сипатталады.
Тұрақтылар деп бағдарламалардың орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтылар CONST (constant) бөлімінде жазылады.
СТАНДАРТТЫ ФУНКЦИЯЛАРМЕН ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР
Бағдарлама құрылымы.
Паскаль тіліндегі бағдарламалар бір-бірімен байланысқан бөлімдерден тұрады. Қарапайым бағдарламаның схемасы келесі түрде бейнеленеді:
Бағдарламаның тақырыбы, (Program)
Таңбалардың жазылуы; (LABEL) Жазылу бөлімі
Константаның жазылуы; (CONST)
Айнымалылардың жазылуы; (VAR)
Begin ( бағдарламаның басы )
Берілген деректілерді енгізу; (READ)
Деректілерді өңдеу; Орындалу бөлімі
Нәтижені шығару (WRITE)
End . ( бағдарламаның соңы )
Жазылу бөлімінде бағдарламаның тақырыбы, барлық белгілер және
константалар, идентификаторлар және айнымалылардың типтеріжазылады.
Айнымалылар типтері: нақты тип(real), бүтін тип(integer), логикалық (boolean) және символдық тип(char) .
VAR x, y, z:real;
I, J:integer;
10. 3. ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ ОПЕРАТОРЛАРЫ .
Бағдарламаның маңызды бөлігі - орындалу бөлімі болып табылады, оны тізбекті нұсқаулар арқылы компьютер орындайды. Осы нұсқауларды операторлар деп атайды.
Меншіктеу операторы .
Меншікте операторы берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез-келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады. Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі:
Y:=Z;
Y - айнымалының аты:
:= - меншіктеу таңбасы;
Z - өрнек.
Меншіктеу операторы өрнектің оң жағын, яғни Z өрнегінің мәнің есептеп, шыққан нәтижені сол жаққа, яғни Y айнымалысына меншіктейді.
Мысалы:
X:=1. 25;
Z:=5;
S:=S+1;
ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ .
Енгізу операторы READ -айнымалының әр-түрлі мәндерін пернетақтадан компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.
Оператордың жазылу түрі :
а) READ (X) -х-тің мәнін енгіз;
READ (а, b, c) - а, b, c айнымалылардың мәндерін енгіз;
READLN-айнымалының мәндерін енгізгеннен кейін курсор келесі қатарға көшеді.
ә) READLN (X) -х-тің мәнін енгіз;
READLN (а, b, c) - а, b, c айнымалылардың мәндерін енгіз;
Шығару операторы WRITE -ақпаратты компьютердің жадынан экранға шығару үшін қолданылады.
Оператордың жазылу түрі :
а) WRITE (X) - экранға х- тің мәні шығады;
WRITE (а, b, c) - экранға а, b, c айнымалыларының мәндері шығады;
WRITELN-айнымалының мәндерін енгізгеннен кейін курсор келесі қатарға көшеді.
ә) WRITELN (X) - экранға х- тің мәні шығады да курсор келесі жолға өтеді;
ТАРМАҚАЛУ КОМАНДАЛАРЫ.
Бағдарламадағы операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторларды тармақталу командалары дейді.
GOTO шартсыз көшу операторы.
Паскальда операторлар бағдарламада жазылу ретімен бірінен соң бірі орындалады. Бірақ көптеген бағдарламаларды құру барысында операторлардың реттеліп орындалу тәртібін бұзуға тура келеді. Мысалы бағдарламаның бір бөлігін айналып өтіп, кейін оған қайтып келу керек болады. Мұндай жағдайларда GOTO шартсыз көшу операторы қолданылады: GOTO n; басқару n таңбасы бар операторға көшеді.
Шартты көшу операторы .
IF . . . THEN . . . ELSE . . . ; шартты операторлары берілген шарттардын орындалуын реттейді. Олар бірнеше операторлардан тұрады, сондықтан құрама операторлар болып табылады.
Паскальда шартты көшу операторының екі түрі болады:
а) толық түрі
IF шарт THEN 1-блок ELSE 2-блок;
Егер шарт орындалса, онда басқару THEN операторына беріліп 1-ші блокты орындайды, әйтпесе басқару ELSE операторына беріліп 2-ші блок орындалады.
ә) қысқаша түрі
IF шарт THEN 1-блок ;
Егер шарт орындалса, онда басқару THEN операторына беріліп 1-ші блок орындалады, әйтпесе басқару нүктелі үтірден кейінгі операторға беріледі.
ҚАЙТАЛАНУ КОМАНДАЛАРЫ.
Бағдарламаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командаларды қайталану командалары деп атайды. Бағдарламалық текстер қысқа әрі оқуға жеңіл болуы үшін қайталану процесін циклдік операторлар қолданып ұйымдастырады. . Циклдік процесстерді ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады:
1) Параметрлі цикл FOR -TO (ҮШІН циклі) .
2) WHILE…DO (ӘЗІРШЕ циклі)
3) REPEAT … UNTIL (ДЕЙІН циклі)
1) Параметрлі циклдік операторлар цикл денесінің қайталануы алдын-ала белгілі болғанда қолданылады. Жалпы жазылу түрі:
FOR I : =m1 TO m2 DO
Begin
Оператор 1
Цикл денесі
Оператор N
End ;
мұндағы: I-циклдік айнымалы (есептеуіш), әр цикл орындалғанда I-ға 1 қосылып тұрады. m1- I есептеуіштің алғашқы мәні, m2- I есептеуіштің соңғы мәні. Цикл денесі жай немесе құрама операторлардан тұруы мүмкін.
FOR циклінің блок-схемасы:
2) WHILE…DO (ӘЗІРШЕ циклі) операторы қайталану саны алдын -ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Цикл денесінің әрбір орындалуының алдында, WHILE операторында циклдің орындалу шарты тексеріледі, шарттығы айнымалылар мәндерінің өзгеруіне әсер ететін операторлар цикл денесінде беріледі. Жалпы түрі:
WHILE шартDO
цикл денесі ;
Әзірше WHILE операторында жазылған шарт орындалып тұрса, цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер шарт орындалмай қалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі.
3) REPEAT … UNTIL (ДЕЙІН циклі) Бұл операторда WHILE операторы сияқты қайталану саны алдын-ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. REPEAT циклінің WHILE циклінен айырмашылығы циклді орындау шарты цикл денесінен кейін тексеріледі. Циклден шығу үшін цикл денесінде шартқа әсер ететінең кем бір оператор болуы тиіс, әйтпесе цикл денесінің орындалуы тоқтамай шексіз қайталана береді. Жалпы жазылуы:
REPEAT
Цикл денесі;
UNTIL шарт;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz