Қазақ жеріндегі орыстардың әскери бекіністері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақ жеріндегі орыстардың әскери бекіністері4

Шептік бекіністер салу. 6

Жер мәселесінің шиеленісуі және қайшылықтардың күшеюі. 8

Қорытынды15

Қолданылған әдебиеттер17

Кіріспе

Қазақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі -ХҮІІІ ғасырдың басы - халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Бартольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ - мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері - хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс алаңдарында сынға түседі.

Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалын кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы - оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.

Қазақ жеріндегі орыстардың әскери бекіністері

Кіші жүздің және Орта жүздің бір бөлігінің Россия қоластына қабылдануынан кейінгі алғашқы он жылдықтарда патша үкіметі Қазақ даласында экономикалық және саяси сипаттағы көптеген шараларды жүзеге асыруға кірісті.

1734 жылы Орынбор экспедициясы өзінің қызметін бастады, оны Үкіметтік сенаттың обер-секретары И. К. Кириллов басқарды. Экспедиция міндетіне елдің шығыс аудандарын - Қазақстанды, Башқұртстанды және Қарақалпақстанды шаруашылық тұрғысынан игеру, олардың бай табиғи ресурстарын пайдалануға әзірлену кірді. Қазақ-башқұрт шекаралық ауданында қамалдар тұрғызу және Ор өзенінің Жайыққа құйылысы тұсынан Орынбор қамалын салу басталды.

Орынборды салу идеясын Әбілқайыр ханға А. И. Тевкелев айтты. И. К. Кириллов бұл ұсынысты қолдады. Ол қамалдың орнын, жұмысшылар мен еңбек құралдарының қажетті мөлшерін анықтады. «Екатеринбург заводтарында . . . 20 мыңдай қызметкерге күрек, қайла, қоларба және басқаларын» күні бұрын дайындауды талап етті. Құрылыс жұмыстарына А. И. Тевкелев басшылық жасауы тиіс болды.

Стратегиялық маңызымен қоса Орынбор «ішкі коммерцияның» өрістеуіне көмектеседі деп ұйғарылды, өйткені көпес керуендері орыс товарларын сатып алу үшін Түркістан мен Ходженттен Бұхараға емес, Россияның төріне, Ор мен Жайық ауданына баратын болады делінді. Бұл жерде орыс және шетел көпестеріне жеңілдіктер берілген жағдайда сауда жанданады деп болжанды.

И. К. Кириллов пайдалы қазындыларды өндіруге ерекше назар аударды. Ол Сыртқы істер коллегиясына берген «Ұсынысында» Қазақстанда күміс қоспалы қорғасын кен орындарының бар екенін хабарлады; Қазақстанда молынан бар күкірт пен селитра Россияның оқ-дәрі қажеттерін қанағаттандыра алатыны жөніндегі ойын негіздеді. И. К. Кирилловтың 1734 жылдық 1 майындағы «ұсынысы» патша үкіметінің Қазақстан мен басқа да шығыс мемлекеттеріне қатысты саясатының жуықтағы он жылдықтарға арналған программасы болды.

И. К. Кирилловтың ұсыныстарын мұқият зерттей отырып, Сыртқы істер коллегиясы 1734 жылғы 18 майда осы ұсыныстардың негізінде башқұрттармен, қазақтармен, Жоңғариямен және Хиуамен қарым-қатынастар туралы нұсқауын бекітті. Нұсқау, атап айтқанда, қазақ және Орта Азия хандықтарына тек бұлардағы ғана емес, сондай-ақ олармен іргелес жатқан елдердегі жағдай туралы үнемі әрі жан-жақты хабарлар алу үшін орыс әкімшілігінің тұрақты өкілдерін жіберіп отыруды көздеді. Жоңғария жөнінде онымен қарулы жанжалдарға бармау, сонымен бірге оның «Сібір жерлеріне шабуылына» жол бермеу «біздің қоластымыздағы Сібір халықтарын олардың (жоңғарлардың) шағын топтар болып келіп алып кететін салықтары атаулыдан . . . » қорғау бұйырылды. Хиуа туралы болса, оған қарсы күресінде Әбілқайырға барынша көмектесу, бірақ әскер беріп емес, «оқ-дәрі және мылтық беріп, сондай-ақ қажет болған жерде, башқұрттар мен татарлардан барғысы келетіндер шықса, тек сондай адамдарды ғана беріп» көмектесу керек болды. Егер Әбілқайыр орыс әскерлерін талап еткен жағдайда, оған әскерлер тек Ор өзенінің Оралға құятын жерінде қала және Арал теңізінде айлақ салынғаннан кейін беріледі деп жауап берілуі керек делінді.

1734 жылғы 10 июньде Анна Иоанновна Әбілқайырға Ор өзенінің жағасында «Әбілқайыр хан мен старшиндарды және бүкіл әскерді, сондай-ақ біздің қоластымызға келген қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордаларының хандары мен старшиндарын, бүкіл әскерді де, елшіліктерді де біздің және сіздердің дұшпандарыңыздан» қорғау үшін қала салуға келісім жөнінде грамота жіберді. Сол күні қала салынатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелев жіберілді. Олармен бірге Әбілқайырдың баласы Ералы сұлтан да болды.

1735 жылғы декабрьдің аяғында Орта жүздің Россия қоластына қабылданғанын жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан қуаттады. Олар Орта жүзге Россия елшілігін жіберуді өтініп, елшіліктің ұзақ уақыт болуын өздерінің позицияларын нығайтуға пайдаланғысы келді.

Шептік бекіністер салу

XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ-орыс қарым-қатынастары одан әрі жақсара түсті. Бұған кедергі келтіру үшін жоңғар билеушісі әскери сипатта бірқатар шаралар қолданды. Жоңғариядан келген орыс елшілерінің хабары бойынша XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының орта шенінде қонтайшы Галдан-Церен қазақ қоныстарымен және орыс қамалдарымен іргелес жерлерде 20 мыңнан астам әскер шоғырландырды.

Осыны ескере отырып, XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Поволжье, Приуралье, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Қазақстанмен шекаралас аудандарда шептердің негізі Жайық өзені бойындағы казак қамалдары, форпостылар мен редуттар болды. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернореченск, Татищев, Нижнеозерная, Рассыпная, Елек қалашығы, Жайық қалашығы, Сахарная, Калмыкова, Қош Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қалашығы қамалдары салынды. Жайық шебі біртіндеп әскери бекіністер тізбегі арқылы Орынбормен және Орскімен қосылды. 1748 жылдан бастап үкімет указбен казактарға хуторлар салуға рұқсат берді. Жайық қалашығы мен Елек қалашығы аралығында, Жайыққа құятын шағын өзендер бойында, Орынбор түбінде көптеген хуторлар пайда болды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса казактар мен қоныс аударған шаруалар бар 15 000-ға жуық адам тұрды.

Жоғарғы Жайық қамалы салынған 1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. Шеп Жайық өзені бойындағы Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі бекіністерден тұрды. XVIII ғасырдың 30-40-шы жылдарында Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған (Қарағай, Қаракөл, Крутоярск, Усть-Уйск қамалдары) үй шебін құру аяқталды.

1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Новоишим шебін салу аяқталды, бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен (Звериноголовск, Покровск, Николаевск, Лебяжье, Полуденная, Петропавл, Пресновск, Кабанья, Преснегорьков қамалдары) жалғастырды. Новоишим шебінде 2518 башқұрт, екі драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің 1 эскадроны болды. Осы кезде Красногорск дистанциясы (Красногорск, Верхнеозерная, Ильинск, Губерлинск қамалдары) мен Орск шебі (Орск, Таналық, Ортамыз қамалдары) құрылды.

XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Омбы, Железинск, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев қамалдары) салу аяқталды.

Қазақ даласын әскери бекіністер шебімен біртіндеп қамту үкіметтің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді. Қамалдар салу едәуір адам ресурстарын талап етті, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет болды. Әскери бекіністер ауданында астық өндіруді молайту үшін орыс казачествосына үлес жерлер берілді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.

Жер мәселесінің шиеленісуі және қайшылықтардың күшеюі

Қамалдар салу мен отарлау дәстүрлі көші-қон территорияларының бір бөлегін тартып алуға, олардың көлемін қысқартуға әкеліп соқтырды. XVIII ғасырдың екінші жартысында ең жақсы қыстауларды біртіндеп феодал шонжарлар - хандар, сұлтандар, ру басы старшындар иемденіп алды. Патша үкіметі жер мәселесінде отаршылдық шараларды біртіндеп жүзеге асырды. 1734 жылы И. Кирилловқа берілген «Нұсқауда» қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салу туралы мәселе тұңғыш рет қойылды. Онда, атап айтқанда, былай делінді: « . . . Россия жағынан Орал өзені шекара болып белгіленсін, қырғыздардан өз еркімен ешкімнің де оң жағалауға өтпеуіне бақылау қойылсын».

1742 жылғы 19 октябрьде Жайық маңында, Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салатын указ шығарылды. Россия әкімшілігі жоңғар шабуылынан қорғау мүмкіндігін ескере отырып, Елек, Берді, Жайық жағалауын көші-қон үшін ең қолайлы жер деп санады. Бұл указ қазақтардың өздеріне Жайық қалашығы түбінде көшіп-қонуларына рұқсат беруін сұрап генерал-лейтенант Соймоновқа жасаған өтінішіне жауап ретінде қабылданды және бұған шекаралық жерлердегі Кіші жүз халқы, Жайық казактары мен Волга қалмақтары арасындағы өзара ұрыс-керістерді болдырмауға ұмтылу деген сылтау айтылды. Бірақ «егер кімде-кім, - деп ескертті указ, - император ағзамның мәртебелі Указына құлақ аспаса және алған бетінен қайтпай Жайық өзенінің маңында қалып немесе одан өтіп, орнығып қалса, мұндайларға император ағзамның мәртебелі указына қарсы шығушылар деп қарауға бұйырылады. Осы мақсатта Жайық казактары қалашығына әскери командир подполковник Ртищев арнайы жіберілді».

Осы указды өрістетіп, 1742 жылдың октябрінде Орынбор комиссиясы осы ауданның қарулы күштерінің командашысы подполковник Ртищев үшін нұсқау жасады; бұл нұсқау бойынша қазақтардың Жайық өзені арқылы және Волганың оң жағалауына өтуіне тыйым салынатындығы қуатталды. Қарсылық көрсетілген жағдайда қару қолдануға рұқсат етілді.

Жайық пен Волга өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл үшін «Жайық әскерлерінен ең жақсы деген атты казактардан күшті топ . . . жарақтау» . . . қажет, олардың көмегімен қазақтардың Жайықтың сол жағалауына көшуге көнбеуі жағдайында «оларды өздерінің қайсақ жағына күштеп қуып тастау» қажет деп есептелді. Ол ол ма, егер жағдай талап ететін болса, нұсқауда қазақтарға қарсы қалмақтардың әскери отрядтарын пайдалану бұйырылды, оның үстіне қалмақтар түскен олжалардың өздеріне берілетінінен күн ілгері дәмелендірілді.

Патша әскерлерінің алдына қазақтарды Жайықтың оң жағалауына өткізбеу ғана емес, сонынен бірге «алдағы уақытта да мұндай қарсылыққа ендігәрі өжетсіне алмайтындай ету үшін» қолдан келгеннің бәрін істеу міндеті қойылды; бұл үшін тұтқындаулар, «мықты қарауылда» ұстау, патша жарлықтарын бұзуға бастаушылар мен арандатушыларды анықтау мақсатында тергеулер жүргізу көзделді. Үкіметтік сенаттың 1744 жылдың 5 наурызындағы указы бойынша қолға түскен қазақтар «Орынбордан Рогорвикке, ал Сібірден Нерчинск күміс заводтарына» жер айдалып жіберілетін болды. Мұның үстіне, Сыртқы істер коллегиясының 1747 жылдың 11 мамырындағы указына, сол жылдың 31 желтоқсанында қуатталған осы указына сәйкес Жайықтың оң жағалауына қазақтардың мал айдамауы үшін күзде Жайықтың бір беткейіндегі далаларға Қаспий теңізіне дейін күзде жаппай өрт қойылды.

Алайда жерді шектеу туралы Указ 1742 жылдан 1756 жылға дейін дәйекті түрде жүзеге асырылмады. Мысалы, 1748 жылы 3000-нан астам үй иелеріне Гурьев қалашығы мен Харкин алғы бекінісі түбінде Жайықтан өтуге рұқсат етілді. Бұдан кейінгі жылдары да мұндай көшіп-қонуға рұқсат берілді, бірақ кепіл-аманаттар қалдырып отырулары керек болды. Мұның үстіне, 1753 жылдан бастап қазақтарға орыс қоныстарынан мал үшін шөп сатып алуына және белгілі бір ақы үшін қысқы уақытта малды бекініс тұрғындарына бағуға беруге рұқсат етілді. 1755 жылы Батырша қозғалысы тұншықтырылғаннан кейін Қазақ даласында бас сауғалауға тырысқан башқұрттарды талқандауда қазақ феодалдарының патша үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде қазақ билеушілеріне Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонуға рұқсат етілді.

1753 жылдан бастап указ заң күшіне еніп, енді азды-көпті дәйектілікпен орындалды да, мұның өзі Қазақстанды басқару әдістеріне, XVIII ғасырдың екінші жартысында бірінен кейін бірі болған Орынбор губернаторлары шекаралық аудандарда жер мәселелерін шешкен кезде ұстанған осы әдістерге байланысты болды. Олар бұл мәселелерді көбіне қалмақтардың және шекара күзетіндегі шептегі казактардың пайдасына шешіп отырды.

Елек ауданында да тыйым салынған жерлер болды. Мұнда Елек қорғанысы мен Елек бойында әскери бекіністер шебін салумен байланысты XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында қазақтар орасан зор жайылым алқаптарынан айрылып, шалғай оңтүстікке ығыстырылды. Қазақтар Елек қорғанысы ауданында тұз өндірілетін жерлерінен де айрылды.

Қазақтардың Қаспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері де шектелді. Мұнда Волганың сағасынан Жайықтың сағасына дейінгі қазақтардың дәстүрлі қыстаулары орналасқан 300 шақырымнан астамға созылған жағалаудағы жерлер помещиктер Юсуповтар мен Безбородконың иелігіне көшті. Бұл жерлерді помещиктер құнын алып көпестерге берді, ал олар жағалауда балық өнеркәсібі топтарын құрды. Богатинск, Пороховинск, Кокаревск, Камчатск (Новинск), Вахрамеев, Бақсай және басқа топтар ұйымдастырылды. Помещиктердің балық кәсіпшіліктері мен қыстақтарында тұратын приказчиктері қыстауларға қазақтарды тек ақы үшін - мал мен ақша алып қана жіберді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының барысы
Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты
Қазақ жеріндегі Ресей бекіністері
Қазакстанның Ресейге қосылуы
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуы
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Елшілік арқылы орыс патшасы
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz