Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті 3
2. Сақ, Ғұн тайпалық одақтар мәдениеті 7
3. Көшпелілердің дiни нанымдары мен сенiмдерi 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай халық болып
даралануы оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына
орнықтырып, тұрмыс-тіршілігіне пайдалана білуі арқасында іске асты. Ал бұл
тәжірибенің негізгі болашақ қазақ қоғамының, оның материалдық және рухани
мәдениетінің іргетасы тым ерте, адам адам болып, олар қоғам болып
қалыптасқан кездерде қаланды.
Биыл Қазақстанның кино өнерінде жаңалық болып І. Есенберлиннің
Көшпенділер романы бойынша кинофильм түсірілді. Бұл әрине ежелгі
көшпенділерден өзгеше болғанымен сол бәйтеректің мәуелі бұтағы болған
қазақтар туралы дүние. Бірақ сонау Дәндібай-Бегазы, сақ, ғұн кезеңдерінен
келе жатқан ұрпақ сабақтастығы бар екенін есімізде ұстағанымыз абзал.
1. Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
Адамзат тарихының тас дәуірі, мыс қола және темір дәуірі болып үш
кезеңге бөлінетіні белгілі: Соның алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың
тастан құрал жасап, ол құралдардың археологиялық қазба жұмыстарының
барысында бізге жетуі тас дәуірі деп аталатын шартты атаудың шығуына
себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді. Палеолит бастапқы,
ежелгі, мезолит - орталық, неолит - соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы
дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі
ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді.
Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан
әртүрлі қалақшалар жасауы қажымай-талмай алға басудың жемісі болды. Біздің
заманымызға дейінгі бесінші мың жылдықта басталған неолит дәуірінде тас
құралдары кеңінен пайдаланылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты
арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта,
кетпен, дәнүккіш, келі, келісаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды.
Тас дәуірін ауыстырған қола дәуірінің тұсында діннің бүгінгі бітім-
бейнесін қалыптастырып үлгірген Еуроазияның ұлы даласын мекендеген адамдар
қолға мал ұстап, жерге дән сіңіріп, бірлесіп аң, балық аулау, сөйтіп,
топтанып өмір сүру салтын игерді. Еңбек құралдарына ортақ меншік
қалыптасты. Әртүрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың,
қорғасынның қорытпасы болып табылатын қола еңбек құралдарымен қару жасау
үшін негізгі шикізат болды. Қоламен бірге түсті металдардың әсіресе қалайы
мен мыс рудаларының табылып, кен көздерінің ашылуы, металл өңдеуді игеру
далалықтардың алдынан дамудың жаңа көкжиегін ашты. Олардың мал
шаруашылығымен бірге металл өңдеу кәсібін жолға қоюын тездетті.
Қола дәуіріндегі, Еуроазияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры
ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет
қалыптастырды. Оның мұралары Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан
табылғандықтан, ол мұралар Андрон мәдениеті деген атпен жұртқа белгілі
болды.
Қола дәуірінің алғашқы кезеңін (біздің з.д. XVIII -ғ.г.) және орта
кезеңін (біздің з.д. ХҮ-Х г.г.) түгел қамтыған Андрон мәдениетінің иелері
алғашқы қауым адамдарына қарағанда өздерінің өмір тәжірибесінің, сана-
сезімінің анағұрлым өскендігімен ерекшеленеді. Отырықшылық дағдысын игеріп,
қасынан әртүрлі шаруашылық жайлар мен мал ұстайтын орындар салынған
жертөлелерде тұрған олар малшылық, егінші-диқаншылық кәсіппен айналысты.
Олар сонымен бірге металдан еңбек құралдарын, қару-жарақты, сәндік
бұйымдарын жасай білді. Тесігі бар, түп жағы шығыңқы балта, саранасында
ойығы бар пышақ, балға, шот, егін орағы, пішен шабатын шалғы сияқты
құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қару-жарақ
жасау жетілдірілді. Найза, жебелердің өзгеше ұштары пайда болды. Сәндік
бұйымдардан білезік, айна, мойынға тағатын моншақтар, ілмешектер жасалды. -
Андрон мәдениеті кісі жерлеу рәсімін жетілдірді. Өлген кісілерге тастан
қоршалып зираттар тұрғызылатын болды. Кең жерлерде, әсіресе Жайық бойында
зираттардың орнынан биік обалар үйіліп, өлік тастан, ағаш бөренеден
жасалған табытқа бүгулі күйінде қырынан жатқызылып, осы обалардағы
шұңқырларға жерленді. Олардың жанына саздан жасалып, өрнектеліп үшбұрыш
айқыш-ұйқыш және тура тартылған сызықтармен безендірілген құмыраға азық
салып қою әдеті де болған. Ыдыстардың түбі шығыңқы, домаланып келетін болса
енді түбі орнықты, жайпақ болатын болды. Олардың сыртына өрнектер салынды.
Сөйтіп, өндіріс техникасының жетілуі және қоладан, балшықтан істелген
ыдыстардың әдемілігі Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.
Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық
үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Біздің жыл санауымызға дейінгі
ХҮІІ-ХҮ ғасырларды қамтып жатқан Федоров-Нұра кезеңінде ірі қараны, сиырды
көбірек ұстаған далалықтар мекен-коныстарының маңынан ұзап кете алмады.
Кейінірек қола дәуірінің алакөл-атасу кезеңінде олардың баққан малының
ішінде жылқы, түйе, қой түлігі көбейіп, оларға алысқа ұзап, шырқай көшіп
малды тұнық су, шұрайлы шалғынды жерлерде жайып көшпелі тұрмыстың салт-
дәстүрін игеруге қол жеткізді. Мұның өзі малдың өрісінің ғана емес,
көшпелілердің ой-өрісінің кеңуіне, олардың түсінігі мен мәдениетінің, уақыт
пен кеңістік жөніндегі дүниетанымының қалыптасып, этно-мәдени болмысының
даралануына жол ашты. Оны осы тұста дамыған егіншілік мәдениетінің жәй-
күйінен де көруге болады. Оның деректері Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-
Нарым қонысынан табылған егінші-диқаншы құралдарының қалдықтары арқылы
анықталған. Мұндай құралдар, дән түйіршіктері Қазақстанның басқа да
жерлерінен көптеп кездесті.
Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Бегазы мәдениеті болды. Ол
Андрон дәстүрлерін сақтай отырып оны жаңа мән-мағына, мазмұн, соны
түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың
солтүстік маңындағы Бегазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған
бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінен
ұшырасады. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. Бұл
тұста тұрпаты ерекше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар пайда болды.
Өлген адамдарды жерлеу ғұрпының да өзгергені байқалады. Өліктер бұрынғыдай
бүктелген қалыпта емес аяқ-қолын созып шалқасынан жатқызылып жерленетін
болған. Бұл тұстағы молалардан адамдардың мүлік теңсіздігін сипаттайтын
дәлелдер де табуға болады.
Дәндібай - Бегазы мәдениеті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды,
құралдарды жасау үшін тас металл, мал сүйектерін кеңінен пайдаланудан да
көрінді. Бұл тұста қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мыс, қалайы, алтын
кендерінің ашылуы металл өңдеудің дамуы зор әсерін тигізді. Мыс өндіру
Жезқазған, Успенск өңірінде жүйелі жолға қойылды. Корытылған мыс, қалайы,
темірден еңбек құралдары, ыдыс-аяқ сәндік бұйымдар істелді. Жауынгерлік
қарулар жасалып, олар үнемді жетілдіріліп отырды. Ол кездегі негізгі
қарулар жебе, найза, қанжар, орақ, айбалта, семсер, сүмбі, тұтқыш шанышқы,
айыр, қақпан т.б. осы сияқтылар болды. Садақ жебесінің, одан атылатын оқтың
бірнеше түрлері өмірге келді. Аламан оқ, тіз оқ, кез оқ, тұқыл оқ, көбе
бұзар оқ, қозы жауырын оқ, аймандай оқ, томар оқ, доғал оқ сияқты оқтардың
көбі сол тұста пайда болды. Мұның өзі өндірістің белгілі бір мақсат-мүддеге
сай өркендеу жолына түсіп, дамылсыз дамып келе жатқанын көрсетті.
Зергерлік, ісмерлік өнер өріс алды. Жан-жануарлардың, дүние дидарын
толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің,
тәңірінің бейнесін елестететін өнер туындылары, қыстырма, бойтұмар сияқты
заттар шықты. Табиғатты пір тұтумен қоса адам пішіндес құдайға
бойұсынушылық белең ала бастады. Ру, тайпа бабалары, жеке адамдар
тұлғаланып, айрықша бейнеге, жинақталған ұғымға айналды. Олар кейіптеле
келе адам бейнесіндегі сын тас, балбал тас сияқты мәдени мұраларды туғызды.
Сөйтіп алғашқы қауымдық құрылыс ажында пайда болып, қола дәуірінің өзінде-
ақ ежелгі қазақ жерін мекендеген барша халықтардың мәдени-тарихи дамуындағы
жаңа кезеңнің ірге тасы қалана бастады. Бұл біздің заманымызға дейінгі XI-
VIII ғасырларға тұстас кезең еді.
2. Сақ, Ғұн тайпалық одақтар мәдениеті
Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани
жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны
бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін
тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы
Мұсатай Ақынжанов Қазақтың тегі туралы деген еңбегінде Қазақтар - түрік,
моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғұн мен сақ тарауынан) құралған
ежелгі халық дей отыра, қазақ деген сөз қас (нағыз), сақ (сақ тайпасы)
дегендердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. Сақтар әулеті біздің
заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих сахнасына шығып, біздің заманымыздың
II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген
Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі
байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-
мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды.
Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт
далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіс етті. Тянь-Шань,
Алтай тауларының бауырайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-
жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын
сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың
қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер
салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-
диқаншылықпен анйалысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық
алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс
өзендерінің бойын мекен етті.
Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында скифтер деген атпен белгілі
болған сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты. Қарсыласына қатал,
досқа адал сақтар қастасқан жауының қанын ішпей тынбаған. Шайқастарда
жеңілген жауының жан терісінен шылбыр, бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс
жасап, жыл сайын өткізілетін мереке-мейрамдарда осындай ортақ ыдыстан
ұрыстарда ерлігімен көзге түскен батырлар жұрт алдында ішімдік ішу бақытына
ие болған.
Біздің заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда парсы елінде патшалық
құрған Кирдің ажалы да сақтардан болыпты. Сақ әулетін басып алмақшы болып
жорыққа шыққан Кирдің әскерлеріне қаһармандықпен қарсы тұрып, оларды қанды
майданда қырғынға ұшыратқан сақтар Кирдің өзін қолға түсірген. Оны
тұтқындаған сақ әулетіне кіретін массагет тайпасының жасақтары екен. Грек
тарихшысы Геродоттың айтуында массагеттердің әйел патшасы Томирис
шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне
парсы патшасы Кирдің басын салып, аңсағаның қан еді, іш енді соны!- деп
тұлыпты дарияға лақтырған.
Бұдан сабақ жасамай, сақтарды бағындыру ниетінен бас тартпаған Парсы
патшасы Дария біздің заманымызға дейінгі 918 жылы ауыр қолмен сақтардың
жеріне баса-көктеп кіргенде, бұл да сақтардың тегеурінді қарсылығынан қатты
жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста ержүрек сақтардың талайы тапқырлығы,
ерлігімен көзге түсіп, есімдерін мәңгі өшпейтін даңққа бөлеген. Солардың
бірі Ширақ деген сақ жігітінің ерлігін грек тарихшысы Полиспен былай
суреттейді: Ол... Өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып
өзін сақ бастықтарынан қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің
руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап
барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы басқыншылары судан,
шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға мен сендерді адастырып, қырғынға
ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz