Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
II.Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті 3
3.Ортағасырлардағы ақша айналысы 4
3.1.Отырар теңгелері 4
3.2 Түркеш теңгелерi. 5
3.3 Саманилер мен қарахандықтар теңгелерi. 6
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер: 20
КІРІСПЕ
Қазақ тарихының, қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға
барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған
бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәңгі өлмес мұралар жасады. Оған
мысал бола алатын Орхон-Енисей жазбалары. Ғылымда Орхон-Енисей жазулары
аталатын, түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен
тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат
мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен
қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер, кесенелер,
құлпытастар, зираттар, теңгелер және тағы сол сияқты материалдық
мәдениеттер белгілі. Осындай ғажайып мұраның арқасында біз өз тарихымызды,
тегімізді біліп отырамыз.
Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі
деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі
мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп
етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы
іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз
немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген
арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ бай болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке
келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ
адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді,
өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын
іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны
қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да,
өз келбетін жоғалтады. Мұны атам қазақ сонау ерте кезден білген. Өйткені
Қазақстан территориясында ақша сарайлары болған және сауда қатынастарының
дамуына байланысты алуан түрлі ақша түрлері болған. Мұндай нумизматикалық
құндылықтарды біздер сол қалалардың орнында жүргізілген археологиялық қазба
кездерінде байқап отырмыз.
Мысалы осы жақында ғана Алматы қаласының Горный гигант аумағында ақша
сарайының орнына кез болғандығы туралы теледидардан көрсетіп қалды. Ақша
сарайлары мен ақша көмбелерінің табылуы сол кездегі өмірден көптеген құнды
мәліметтер береді.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық
Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб,
парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған.
Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын,
Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық
олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы
Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға
мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі
және далалық мәдениет өркендеді.
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән
үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы
жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып
отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері
негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған
археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел
бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-
бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі.
Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке,
Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған.
Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол
диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі
халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі
тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық
қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері
(ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар,
әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың
барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін
дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің
зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар,
әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер,
омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы
тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған
аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс
қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер
бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі
қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін,
тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған
үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған
түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.
Ортағасырлардағы ақша айналысы
Ерте орта ғасырларда (VI-VIIIғғ) теңгелерді белді тайпалардың атақты
адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз – ру
атының өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен
екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады.
Отырар теңгелері
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында
орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі – ежелгі Отырар
болды.отырар мен оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз
әсерін тигізіп отырды. Отырар қолөнершілерінің өнімдері Қаратаудың
солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы, Арыс
өзенінің жағасындағы көптеген қалалар базарында сатылды.
Отырартөбе жұртынан сонымен бiрге VII ғ. соғды теңгелерi; VII ғ. аяғы
- VIII ғ. басында Шаштан шыққанын бiлдiретiн дудун атағы жазылған ежелгi
туркiлiк теңгелер; Ферғанадағы түркi билеушiлерi шығарған, ежелгi түркi
таңбасы және соғды жазуы бар теңгелер; Таң әулетi (618-907жж.) шығарған
қытай теңгелерi; VIII-XII ғасырларда Орта Азия аумағында пайдаланылған
гитрифи тектес Бұхар теңгелерi табылды. Қазба кезiнде сондай-ақ
саманиттер (IX ғ.) және қарахандықтар (ХI ғ.) билеушiлерiнiң мыс фельстерi
шықты.
Отырар жазирасында ақша айналымы болғандығын Отырартөбе жұртын, сондай-
ақ оның айналасындағы Мардан-күйiк, Құйрықтөбе қала орындарын казған кезде
табылғанан түрлi теңгелер дәлелдеп отыр. Металл түpi және таңбалары бойынша
теңгелердi eкi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi түpiнe бетiнде садақ пен төртбұрышты түркi ру таңбасы салынған
мыс теңгелер жатады. Мұндай таңба ең жоғарғы билеушi кағанның атағын
белгiлейтiн түркеш теңгелерiнде де бар. Таңбалардың ұқсастығы -
Сырдариядағы түркi билеушiлерi мен Жетiсудағы атақты адамдардың бiр
әулеттен тapaғaндығын көрсетедi. Бұл теңгелердiң екiншi бетiнде көтерiңкi
құйрығы қайқайып келген, оң аяғымен алға басқалы тұрған арыстан бейнесi
салынған. Екiншi түpiнe Отырар жазығының қола теңгелерi жатады. Олардың
бетiндегi таңба Педжикенттен табылған Бұхар теңгелерiнiң белгiлерiне ұқсас
әpi соғды әрпiмен жазылған жазулары бар. Екiншi бетiндегi арыстан тура
алдыңғы теңгедегiдей бейнеленген, бiрақ көркемдiгi арта түскен. Бұл
теңгелердi Отырар жазирасындағы басқа бiр беделдi ру өкiлi шығарған болуы
керек, немесе сол алғашқы рудың кейiнгі уақытта шығарған, жетiлдiрiлген
теңгесi болуы да мүмкін.
Аталған теңгелер Отырартөбе жұртын және оның айналасын (15 шақырым
мөлшерiнде) қазған кезде табылған. Демек, VII ғ. аяғы VIIIғ. басында Отырар
iшкi сауда айналымын қамтамасыз ету үшiн өз мыс теңгесiн шығарған.
Түркеш теңгелерi
Түркеш қағандығының теңгелерi VIII ғ. басынан белгiлi. Бұл
теңгелердiң алғашқы түpi түркеш билеушiлерi үстемдiк еткен 716-766 жылдарда
шығарылған. Бұл теңгенiң оң бетiнде түркештердiң таңбасы - садақ
бейнеленген, ал екiншi жағында түркеш-қаған-ақша деп оқылатын
түсініктемесi бар.
Екiншi және үшiншi түрлерiнiң түсiнiктемелерiнде Бұхар билеушiлерiнiң
атағы және тәуелдi соғды князьдерiнiң атағы жазылған. Бұл теңгелер түркеш
билеушiлерiнiң атынан емес, түркi және сoғды билеушiлерiне тәуелдi
жергiлiктi соғды князьдерiнiң атынан шығарылған.
Белгiлi ағылшын түркологы Дж. Клоусонның болжамы бойынша, алғашқы
түркеш теңгелерi ежелгi Батыс Tүpiк қағанатының астанасы Ақбешiмде (Суяб)
соғылған.
748 жылы Суябты қытайлар талқандағаннан кейiн Жетiсудың батыс бөлiгi
Талас қаласының иелiгiне айналды. Талас (Тараз) каласында түркеш
билеушiлерi теңге шығаруды жалғастыра бердi. Тараз теңгелерi алғашқы
Ақбешiм-Суяб теңгелерiне ұқсас болды. Теңгелердiң оң бетiнде садақ
түрiндегi таңба, ал сырт жағындa түркеш-қаған-ақша немесе күн бейнелi
қаған ақша деп соғды жазуымен жазылған түciнiктeмe болды.
Қарлұқ заманында да (VIII-X ғғ.) Қазақстан аумағында түркеш теңгелерi
айналымда болды.
Саманилер мен қарахандықтар теңгелерi
Саманилер дәуiрiнде тауар ретiнде бағаланған алтын динарлар
қарахандықтар кезiнде айналым құралына айналды. Алтын айналымына құйылған
теңгелер ғана емес, көлемi және салмағы әр түрлi кесек алтындар да жүрдi.
Алтын теңгелер әр түрлi теңге сарайларында құйылғандықтан, олардың сапасы
мен салмағы әрқалай болды. Олардың айналымда қатар қолданылғанын Орта Азия
аумағынан табылған көмбелер айғақтайды.
Ұсақ бөлшек саудада қолданылатын мыс теңгелер болса, әр түрлi теңге
сарайларында ақша құнын заңдастыру үшiн оқтын-оқтын шығарылып тұрған.
Негiзiнен мыс ақшалар айналымғa түсуге тиiстi аймақта алдыңғы айтылған
күмic жалатылған дирхемдер қызмет етiп келдi де, бiрте-бiрте олар кәдiмгi
мыс теңгелерге айналды.
Саманилер мемлекетiнде алтын динарлар және мыс фельстермен қатар
исмаили деп аталған жоғары сапалы күмic дирхемдер үнeмi соғылып тұрды.
Бiрақ ол негiзiнен тауар ретiнде сыртқа шығарылды. Iшкi саудада IX-XI
ғасырларда бухархудат теңгелерi (мусейяби, мухаммеди, гитрифи) үлгiлерiмен
соғылған Қара дирхемдер, т. б. бiрсыпыра теңгелер қолданылды. Олардың
iшiнде мусейяби дирхемдерi ең жоғары сапалы болды, мухаммеди дирхемдерi
төменгі сапалы күмістен, гитрифи дирхемдерi мысы басым жәй металдар
корытпасынан соғылды.
Қарахандықтардың ақша шаруашылығында бұрынғыша қара дирхемдердiң
барлық түpi, оның iшiнде гитрифи тектес мыс тәрiздестерi ұзақ уақыт
айналымда жүрдi. Саудада үнeмi теңгелердiң жаңа түpi қосылып отырды.
ХI ғ. басында айналымда тек жоғары сапалы күмic дирхемдер болса,
екiншi онжылдықтан бастап құрамында 35% мысы бар теңгелер шыға бастады.
Күмic теңгелер шығару ХI ғ. соңғы ширегiне дейiн жалғасып келдi. Одан кейiн
қарахандықтар мемлекетiнiң теңге сарайларының көпшiлiгi бiраз уақыт мыс пен
қорғасын құймасынан дирхем жасап келдi. ХII-ХIII ғасырларда дирхемдердi
мыстан құйып, тек сыртына ғана күмic жалатты. Бұл өзгерiстiң себебi күмic
дaғдapыcы, бәрiнен бұрын Орта Азиядағы күмic қорының азаюына байланысты
болды.
XI-XIII ғасырлар арасы қалалық мәдениет өркендеген, тауар өндipу өciп,
осыған орай сауда кеңiнен қанат жайған кезең деп есептеледi. Өндiрiстiң
қауырт өcyi айналымда көп мөлшерде ақша болуын талап eттi. Алтын мен
күмістің қоры сауданы таза алтын және күмic теңгелермен қамтамасыз ете
алмады.
Шамамен алғанда XI ғасырдың 20-шы жылдарының орта шеніне дейін Қарахан
мемлекетіндегі ақша шаруашылығы Самани дәуірінен мирас болып қалған
құрылымды сақтады. Қалалардың ішкі рыногында оның негізі айналым мен
төлемнің ең көп тараған құралы ретінде мыс (қола) теңге — фельс әдли
болды. Күміс көпшілІк жагдайда қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз
етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды, сондай-ақ өзінің айқын
товарлық қызметі арқасында алтынмен бірге сыртқы саудаға қатысты. XI
ғасырдың бірінші ширегіне қатысты қазақстандық екі теңге сарайы — Тараз
және Испиджаб сарайлары белгілі. Осында кұйылған күміс дирхемдер Орта
Азияның көптеген аудандарында және одан тыс жерлерде кездеседі. Өз
кезегінде Қазақстанның қалаларына басқа да ақша сарайларының (Шаш, Ахсикет,
Үзкент, Қашғар, Бұхара және басқа қалалардың өнімдері түсіп тұрды.
Қарахан мемлекетінде феодалдық қатынастардың даму кезеңі Азияның және
Европаның көптеген елдерінде XI—XII ғасырларда болған елеулі әлеуметтік-
экономнкалық өзгерістердің уақытымен тұспа-тұс келді. Қалалардың қауырт
өсуі, шаруашылық өмірдің жандана түсуі, товар өндірісі мен сауданың
интенсивті түрде ұлғаюы айналым құралдарының күрт әрі бірнеше есе арта
түсуін талап етті. Ал осы кездегі объективтік жағдайлар (күмісті Орта
Азиядан VIII—X ғасырларда жаппай тасымалдау нәтижесінде оның қорыпың азаюы
және бәлкім, Илактың күміс рудниктерінің белгілі бір мөлшерде сарқылуы)
күмістің тұрақты айналымын қалыптастыруға мүмкіндік бермеді. Мемлекеттік
феодалдық бытыраңқылығы күшейте түскен бұл факторлар күміс дағдарысы деп
аталған жағдайдың пайда болуына әкеп соқты. Дирхемдер шығару қысқарды,
олардың құрамындағы күмістің мөлшері азайып, кейбір жылдары 18—23 процентке
жетті. Ішінде мыс негізі бар сапасы төмен күмістен жасалған субэратты
дирхемдер пайда болды. XI ғасырдың 70-ші жылдарынан кейін күміс құю жалпы
тоқтатылды, айналымдағы оның орнына бір жағынан алтын, бір жағынан мыс және
басқа да бағасыз металдар келді. Жұқалап күміс жалатылған мыс теңгелер де
дирхемдер деп аталып, өзінің нақты құнынан бірнеше есе асып түсетін
мәжбүрлік курс бойынша айналымға кіргізілді. Уақыт өткен сайын күміс
қабыршық жойылып, олар, тегінде, таза мыс қатарына ауысып, фельстер
ретінде қабылданса керек. Осындай мемлекет тарапынан болған жасандылықпен
қатар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның қалаларында IX ғасырда-ақ
шығарыла бастаған түсі қара, бағасыз металдар құймасынан жасалған
бухархудат үлгісіндегі теңгелер — қара дирхемдер (гитрифтер) айналымда
одан әрі болды. Кейбір деректер бойынша, олар XII ғасырдың ортасына дейін
күміс сферасында айналымның негізгі құралы болуы мүмкін еді; ал мұның өзі
таяудағы уақытқа дейін мүлдем дерлік теңгесіз деп саналып келген кезең
болатын.
Бертін келе, XII ғасырдың екінші жартысында — XIII ғасырдың басында
Қарахан мемлекетінің бірқатар қалаларында, оның ішінде Отырарда
(теңгелерде—Бараб) диаметрі 42 миллиметрге дейін және салмағы 6—8 грамм,
күміс жалатылған ірі мыс дирхемдер шығарылып тұрды. Теңгелердің табылған
жерлеріне қарағанда олар тек қаладағы саудада ғана қолданылмай, сонымен
бірге жалпы мемлекеттік айналымда да болған. Негізгі номиналдағы
дирхемдерден басқа кейбір теңге сарайларында бөлшек түріндегі (дирхемнің
жартысы, үштен бірі және т. б.), сондай-ақ мыс фельстер оқтын-оқтын
шығарылып тұрған.
XIII ғасырдың екінші он жылдығында, Қазақстанның оңтүстік аудандары
Ануштегинидтердің хорезмшахтарының билігіне көшкен кезде Отырарда Мұхаммед
б. Текештің атымен күміс жалатылған мыс дирхемдер шығарылды.
Күміс дағдарысы кезеңінде алтынның ролі елеулі түрде өзгерді. Егер
Қарахандарға дейін алтын динарлар товар деп саналып, ішкі айналымға мүлдем
дерлік қатыстырылмаса, XI ғасырда — XIII ғасырдың басында алтынның айналым
мен төлемнің белсенді құралы ретіндегі қызметі іс жүзінде негізгі қызметке
айналады. Бұған тіпті дәстүр бойынша динарлардың белгіленген дәлме-дәл
салмақ сақталмай соғылуы, осы себепті олардың жекелеп айналымға түсе алмауы
да кедергі болмады. Ұсақ төлемдер үшін алтын теңгелер бірнеше бөлікке
бөлшектеліп, содан кейін салмағы бойынша айналымда жүрді. Өлшемді алтын
динар бұл кезде құнның өлшемі қызметін де атқарды, онда қолданылымдары
теңгенің курсы білдірілді.
Деректемелердік мәліметтеріне және археологиялық деректерге қарағанда
бүкіл мұсылман Шығысының ақша шаруашылығына тараған және екі ғасырға жуық
созылған күміс дағдарысы Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның
қалаларындағы товар-ақша қатынастарының дамуына онша кері әсер тигізе
қоймаған. Қаладары сауда (демек ақша айналымының да) жайының ойдағыдай
болуының бір себебі өзінің дәстүрлі қолданылу аясынан әлдеқайда шығандап
шыққан мыс рыноктағы негізгі теңге ретіндегі түйінді позициясын сақтап қана
қоймай, сонымен бірге алтынмен тікелей есеп айырысудың орнығуы есебінен бұл
позициясын едәуір нығайтып алды және айналымнан шығып қалған күміске тән
қызметті алтынмен қоса ойдағыдай атқарды. Қалааралық сауданы одан әрі
қиындата түскен, ең алдымен Қарахан қағанатының феодалдық бытыраңқылығы
тудырып отырған саяси себептер болды. Қазақстан қалаларының өзінің
төңірегіндегі қоныстармен және көшпелі тайпалармен саудасының әрбір нақты
жағдайда қандай формада — ақшамен немесе нақты заттай түрінде —
жүргізілгендігі және мөлшерлік жағынан арақатынасы қандай болғандығы, қай
форманың басым болғандығы туралы тікелей дәлелдер әзірше көп емес, бірақ
осылардын өзі-ақ XI ғасырда — ХІІІ ғасырдың басында көбінесе қала
рыноктарында болған товар айырбасының осы екі формасының да болғаны туралы
айтуға мүмкіндік береді.
Тараз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz