Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
ЖОСПАР
1. Жалпы дін туралы түсінік 3
2. Хақ діні Исламның қысқаша тарихы 5
3. Ислам ғылым діні ғылыммен шатаспайды 6
4. Қазақстанға Ислам дінінің таралуы 9
5. Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
12
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 21
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен.
1. Жалпы дін туралы түсінік
Дін - бұл ең алғаш адамзатпен бірге пайда болған өшпес шындық. Яғни ең
алғашқы және тұңғыш адамзаты болған Адам атамыздан бері қарай өте маңызды
болып есептеледі. Сондықтан әрбір адам баласы балиғат жасқа толғаннан кейін
және де ақыл есі бүтін болса ислам дінін қабылдауға тырысу керек. Қысқасы
әрбір ақыл иесін өз қалауларымен дүние және аһиретте нағыз бақытқа
жеткізетін тәңірлік жүйе.
Адамзат өзінің қоршаған ортасына көз жүгіртіп бұл табиғат қалай
тіршілік етіп жатыр, бұлар әу баста қалай жаратылғанын және күн мен түннің
қалай өздігінен ауысып күндер мен түндердің өтіп жатқанын ойлап, ақылға
салып көргенде тағы да көптеген сұрақтар көкейіне келеді. Егер адам
баласына қандай да бір нәрсе өздігінен жасала қалды десе сенбес еді.
Мысалы: Баяғыда бір ғалым жанындағы сенбеген достарына сенім келтіру үшін
бір орбитаның схемасы бойынша темірден сол орбитаның жүйелерін жасайды.
Сонда ертесіне келген достары: "бұны кім жасады? Қандай әдемі?" - дейді.
Сонда әлгі ғалым: "Білмеймін ертеңгісін тұрсам, стол үстінде тұр екен"-
дегенде ешкім сенбепті. Сол кезде ғалым айтады: - Енді сендер ойланып
көріңдер бұл өмірдің де бекерден бекер пайда болмағанын және осы
жаратылыстардың да иесінің бар екеніне ойланып көріңдер- депті. Шынымен
ойланып ақылға салып көрсе осы дүниені жаратқан иесі бар екендігіне сену
керек.
Ол-Алла.
Алла Тағала тұңғыш адам және тұңғыш Пайғамбар адам (ғ.с)-нан бастап,
адамзатқа пайғамбарлар арқылы діндерін жіберіп отырған. Негізі түпқазыққа
қарасаң, жіберілген діндердің барлығының негізі - Ислам. Бұл тәңірлік
діндер кейіннен бұрмалану салдарынан Алла Тағала Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
арқылы ақиқат діндердің ең соңғысы және хақ, таза дін есебінде қазіргі
Ислам дінін бүкіл дүниежүзі халқына түсірді. Исламның нанымының ең маңызы,
іргетасы Аллаһ (Т) бір екеніне сену.
Алла (Т) бұл ислам дініне бекерден - бекер бұйрық қылмаған. Бұл хақ
діні күллі адамзат тарихында әрқашан да болған, бола да бермек. Бұл туралы
атақты философ Генри Бергсон (Неnrу Веrgsоn): "Өткен тарихта және
заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні (дін) білмейтұғын адам қоғамдарын
кездестіруге болады. Бірақ дінсіз ешбір қоғам болмайды", - деген. Тағы бір
батыстың философы Уильямс Жеймс (Williams James): "Біздің ойымызша адам
баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ", - деген. Эрнест Ренан
(Еrnest Renan): "Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және
нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың жоғалуы
мүмкін емес", - дейді[1].
Діндер тарихын зерттеген мамандар сезімдердің адамдарды біріктіруге
қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік катарлы факторлардың бәрінен
күшті болғанын дәлелдеген.
Бартемели Сейит Хиааир діндарлықтың пайда болуы хақында былай деген:
"Ілім деген не? Адам деген не? Бұлар қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы
қалай болмақ? Өмір деген не? Өлім деген не? Өлімнен кейін не болмақ? Әр ұлт
(нация), қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзінше жақсы-жаман, қабылданар-
қабылданбас жауаптар берген. Міне діндарлық дегеніміз осы" - деген.
Тарихтан мәлім, Пайғамбарларымызға дейінгі дәуірде жер бетінде жамандық пен
зұлымдық үстемдік құрды. Сол кездегі адамдар құдды көрқоқыс пен надандық
шалшығында жүзіп жүретін. Адамзат хақ, әділет және өркениеттен, мәдениеттен
мақұрым, надандық батпағына көмілгентін. Жезөкшелік пен ардан безушілік,
зорлық-зомбылық белең алған болатын. Тіпті кейбіреулер жабайылықтың шегінен
шығып, қыз балаларын тірідей көмген. Ұятсыздық пен қараңғылық жайлағаны
соншалық, бірнеше еркек бір әйелді иемденетін. Сондай әйелдердің қоғамда
ешқандай құқығы болмады. Адамдар бір-біріне тісін қайраған топтар халінде
тайпаларға бөлініп, қантөгіс тыйылмады. Адамзаттың осы халін ақын Мекмет
Акиф екі жолмен тамаша суреттейді.
Бірін-бірі талап жеп қырқысқанда,
Асып түсті адамзат жыртқыштан да.
2. Хақ діні Исламның қысқаша тарихы
Міне, тап осындай дәуірде 571 жылғы рәбнул әууәл айының 12-сі күні
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) таңға жуық дүниеге келді.
Пайғамбарлар шоғырының соңғы жұлдызы Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық
40 жасында берілгенімен, ол оған дейін де талай ғажайыптарды бастан
кешірді. Ол "Әмір еткеніміздей турашыл бол" деген тәңір бұйрығын толық
өмірімен сәйкес, мінез-құлқының байлығымен барлық күллі жұртқа үлгі-өнеге
бола білді. Ол өтірік пен екіжүзділік атаулыдан аулық болды. Ешкім-ешкімге
сенбейтін сол бір шақта барлығы оған иланып, сенім артты. Дау тудырған
мәселелерде оның қара қылды қақ жарған әділ билігіне жүгінетін.
Пайғамбарлыққа дейін сол адамгершілігі мен туралығына сенбеген
дұшпандары да мойындаған, сондықтан оны халқы Мұхаммед-үл-әмин (сенімді
Мұхаммед) деп атап кеткен.
Пайғамбарлық келерден бұрын Ыбырайым (ғ.с)-нің діні бойынша Аллаға
ғибадат қылып жүретін Мекке маңындағы Хира тауында жиі болып жүрді. Сол
жерде Алла (Т) құдіреті мен ұлылығы жайлы, яғни бұл табиғатты, біздерді кім
жаратты деген оймен көп толғанатын.
Осындай күндердің бірінде Мұхаммед (с.ғ.с.) өзіне таныс әлемге енген
сәтте Жәбірейіл (ғ.с) періште Алланың әмірімен оған пайғамбарлық міндеті
мен Ислам дініне сенуді білдіруге келді. Ол Мүхаммедке (с.ғ.с.):
- Оқы! - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): - Нені оқиын? -деп сұрады.
Жәбірейіл (ғ.с.) қайтадан:
- Оқы! - деді.
Мұхаммед (с.ғ.с.) өз жауабын қайталады.
Жәбірейіл (ғ.с.) оны кеудесінен үш мәрте қысып жіберді. Сол кезде
Пайғамбарымыздың бойында рухани күш пайда болды. Мұхаммед (с.ғ.с.) бір ұлы
құдіретпен оқи жөнелді. Періште үшінші әмірін айтқанда алғашқы аятты оқыды.
Аяттың қасиетті мағынасы: "Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адам
баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен
үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен".[2] Осылайша Мұхаммедке
(с.ғ.с.) пайғамбарлық міндеті жүктеледі. Құран и-кәрім содан кейін жиырма
үш жылда тәмамдалды. Он үш жыл бойы адамдарды Меккеде хақ жолына шақырды.
Бар ауырлық, зорлық-зомбылықтарға сабырлық танытты, Алланың барын, біреу
екенін жаюға тырысты. Кейін Мәдине қаласына қоныс аударып ол жерде он жыл
пайғамбарлық міндетін атқарды.
Адамдарға адамшылықты танытып, өркениетке тәрбиеледі. Көрсоқыр
көңілдерге Ислам нұрымен жарық берді. Осылай міндетін орындап жүріп жеңіске
жетіп, алпыс үш жасында дүниеден өтті. Адамзатқа жол нұсқаушы Құран-Кәрим
мен сүннет амалдарын аманат етіп қалдырды.
Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы ағылшын пәлсапашысы Т. Карлайн былай дейді:
"Хазіретті Мұхаммед (с.ғ.с.) мүлдем риясыз, яғни адам көзіне көріну үшін
әділ, турашыл болған жоқ. Сол үшін мен оны сүйемін... Мұхаммед (с.ғ.с.)-ді
безбенге салар таразы табиғатта жоқ. Ол өлшеуге келмес ұлы, әрі қүдіретті"
– деп тәмамдаған сөзін.
3. Ислам ғылым діні ғылыммен шатаспайды
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бақи әлемге озған VII ғ. аяғында Исламят
батыста Атлант мұхиты, шығыста Үндістан-Қытай мұхиттарына дейінгі ұлан-
ғайыр аумаққа жайылған. Исламят негізінде ғылымды қолдайды, әлпештейді.
Ислам ғылымның ешқандай қағидасына кереғарлық танытпайды, қайшылық
жасамайды. Ислам ғылымның нағыз бұлағы болып табылады. Ол адамзатқа ең тура
жолға бастайтын ғылымды уағыздайды.
Мұсылман ғалымдар шұғылданбаған, үлес қоспаған ғылым саласы мүлде
жоққа тән. Ол туралы Бартольд В.В. "Только благодаря арабским географам
современные ученые распологают материалом для суждения о том, как мало
изменились климатические и физико-географические условия Передней и Средней
Азии за последние тысячелетие".
Ғылым туралы сүйікті пайғамбарымыз әз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан
мыңдаған сөздері, яғни хадистерін еске алғанда хақ дін исламның мыңдаған
дәлелдері бар, ғылымға сондай мән бергенін аңғарамыз. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бір хадисінде "Ғылым талап ету, ілім үйрену еркек және әйел, күллі
мұсылмандарға парыз" - деген.
Мінеки, аталған хадисте барлық адамзат баласына ғылым үйреніп біліп-
зерттеу әуелі фарыз деген.
Құран-Кәрим мұсылмандардың қолындағы қасиетті кітап. Сол кітабымызда
тікелей ғылыммен, ақыл ойлаумен және ғибрат алу, зерттеуге байланысты
көптеген аяттар баршылық.
Құран-Кәримде былай делінген: "Біз адам баласына көптеген мысалдар
келтіреміз, алайда, оларды ғалымдар ғана түсінеді!" Және де "Пенделерінің
ішінде Аллаһтан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады!" делінген.
Сондай-ақ, қасиетті кітабымыз Құранда осы бертінде ғана сырлары
ашылған көптеген табиғат құбылыстарының мән-жайы хақында осыдан он төрт
ғасыр бұрын хабарлаған. Атақты француз зерттеушісі Dr. Маurice Вuсаіllе-дің
анықтауына қарағанда осы заманғы ғылым мойындаған төмендегідей хақиқаттар
хақында Құран-Кәримде анық тұжырымдар келтірілген, жаратылыстың алты
сатысы, ғаламдардың, көктер мен жердің жаратылу сатылары, күннің жарық
өндіруші, ал айдың жарықты шағыстырушы екендігі, ол жайлы әйгілі Ислам
ғалымы Имам Ағзам: "Айдың тұтылуы, дүниенің ай мен күннің арасына кіруімен
болады, өйткені ай жарықты күннен алады. Бұл құбылыстар геометрия және
математика пәндерімен дәлелденген хақиқаттар. Мұндай хақиқаттарды дінге
қарсы деп кері қағуға тырысқан кісі, ғылымға емес, өзінің дініне іріткі
салғаны."
980-1037 жылдары өмір сүрген данышпан бабамыз Ибн Сина су және ауа
қысымдарын ғылыми тұрғыдан талдап, мынадай мәліметтер ұсынған. Бұл туралы
қасиетті кітабымыз Құранда: "Аллаһ кімді тура жолға бастағысы келсе, оның
кеудесін Исламға ашады. Ал, кімді адасқан жолында тастағысы келсе, оның
кеудесін әншейін аспанға көтеріліп бара жатқандай, қысып тарылтады, яғни
Құранның кереметін ашық жай ғылыми сөзде айтатын болсақ, ғылымдардың
дәлелдегеніндей, әр 100 м биікке шыққан сайын ауаның қысымы 1 дәреже
(градус) азаяды, яғни тыныс алу қиындай береді.
Тағы бір құран дәлелдері көмір, мұнай, метеориттер хақында мынадай
аяттар бар. "Ол Аллаһ жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қара және
құрғақ бір халге айландырды!" яғни биологиялық тілде айтсақ Аллаһ (Т)
жайылымдардағы әрқандай шөптерді, ағаштарды және өсімдіктерді өсіріп, сонан
соң оларды қап-қара тыңайтқышқа, одан кейін көмірге айналдырды.
Құранда мұнай жайлы: "Ол Раббың жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды
қап-қара сел суына айналдырды!" анықтағанда, сан миллиондаған жылдар бұрын
жер шарында қалың ағаш желектері болған, осы желектер орасан мол мөлшерде
оттегі өндіріп, атмосфераны толтырған, содан кейін ғасырларға ұласқан күшті
жер сілкінісі салдарынан ағаштар жер астында қалған, сөйтіп миллиондаған
жылдарда мұнайға айналған.
Құран-Кәримде сонымен қатар атмосфераның жерді қауіпті сәулелерден һәм
көк тастарынан қорғайтын қасиетпен жаратылғандығы туралы "Аспанды қорғаушы
шатыр ретінде жараттық!"-деп жазылған.
Густав Лев Бон "Еуропа жабайылықтың шырқау шегінде барып жеткенде
қараңғы ғасырларды бастан кешіріп жатқанда, мұсылмандардың қарамағындағы
Бағдад және Құртұба қалалары өнер һәм ғылым нұры күллі әлемге төгілген екі
өркениет орталығы еді"-деген.''
Жалпы хақ діні Ислам ғылымға ең жоғары дәрежеде мән берген ғалымды
құрметтеген, ғылыммен шұғылдануға ынталандырған, яғни ғылым іздеу фарыз
құлшылық деңгейіне көтерген бірегей дін. Соңғы ғасырларды мұсылмандар
схоластикалы әдістерді менсінбегендіктен һәм тәжірибе арқылы түжырымға жету
үрдісін көп ескермегендіктен өздерінің лайықты орындарынан алшақтаған.
Ендеше, келешек ұрпақтарға кітаптың қасиетін, ғылымның ұлылығын, Құран-
Кәримнің хақтығын әбден тереңдеп үйретудің маңызы үлкен болады.
Тарихта бірінші рет халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері
тығыз араласты: Қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері батысқа,
мұсылмандардың ғылыми - мәдени табыстары болса қытай еліне мәлім болды.
Халифалар батыстағы франк, герман, рим патшаларымен және шығыстағы қытай
хандарымен тығыз қатынаста болды.
Негізгі Ислам мәдениеті деп аталатын осы сала фәни ақылдың шамасы
жетпейтін көп сұрақтың жауабын ашып берді.
Мұнымен тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі Исламнан
кейін ғана мүмкін болды.
Сыр бойы мен Жетісу өңіріндегі, орта ғасырлардағы қалалар орны
мұсылман авторлардың еңбектерінің арқасында ашылды.
Күллі адамзат тарихында бірінші рет нөл цифрын мұсылман ғалымдары
тапты және еңбектерінде пайдаланды; нөлді бірінші рет сан ретінде
пайдаланған Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезм (780-850) болды. Арал теңізі маңында
дүниеге келген дана бабамыз, сонымен қатар 1000-нан төмен қарайғы сандарды
бөліп жазуды көрсетті.
4. Қазақстанға Ислам дінінің таралуы
Х-ХІІІ ғасырлар аралығында Қазақстан аса дамыған ортағасырлық ислам
өркениетінің ажырамас бөлігіне, дәлірек айтсақ, оның шалғай аймағы, шетіне
(периферия) айналып осы үрдіс барысында түркі-ислам синтезі толық үстемдік
құрды. Кейіннен түркі көшпенділерінің - қыпшақ, оғыз, қарлұқ, т.б.
тайпаларының мұрагері болып қалыптасқан, дербес ұлт ретінде XV ғасырда
тарихи сахнаға шыққан қазақ халқы осы исламданған түркі мәдениетін иемденіп
оны одан әрі дамытты. Ескі тарихнамада қалыптасқан олқылықтардың, жаңсақ
пікірлердің орнына шын мәнінде Қазақстан алғашқы орта ғасырдың өзінде, яғни
XIII ғасырдың бас кезінде ислам дүниесімен толық біріккенін, мұсылман
аймағына айналғанын біз үнемі шетелдің қайбір ғалымдарының тұжырымына
келсек, ежелгі түркілердің діни, мәдени тарихын зерттеген Түркия ғалымдары
осы мәселеге байланысты X ғасырды Орталық Азияның исламдану тарихындағы
шешуші кезеңдер деп есептейді. Мысалы: Хикмет Тапйу, Фуназ Көпрұлұ сияқты
ірі ғалымдар өз еңбектерінде былай деп көрсетті. "X ғасырда түркі
тайпаларының кем дегенде 80 пайызы мұсылмандықта болды. XII ғасырда
Исламият барлық Орталық Азиядағы үстем дінге айналды." Орыс шығыстанушысы
Н. Веселовский өз кезінде қыпшақтардың діндеріне тоқталып, "Шыңғыс хан
келуден бұрын қыпшақ-половецтердің басым көпшілігі мұсылман дінін
қабылдаған еді." - деп жазған. Археологиялық деректер, атап айтсақ, жерлеу
ғұрпына қатысты зерттеулер, Дешті қыпшақта XIV ғасырда мұсылман емес
діндердің еш қалдықтары қалмағанын дәлелдейді.
Жалпы, ислам діні халықтарға ешқашан зорлықпен таңылған емес. Бұл
жерде Құрандағы "дінге зорлау жоқ" деген қағида жүзеге асты.
Араб халифатының VIII ғасырды ислам дінін тарату мақсатымен Орта Азия
мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары 633 жылдан басталып бір
ғасырдан астам үздіксіз жүргізілген жорықтарының нәтижесінде арабтар
оңтүстігінде Солтүстік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбоние
аймағына дейін шығысында Синд (Үнді) өзеніне дейінгі жерлерді бағындырып
алып империяға айналды. Сонымен қатар солтүстіктен де ұмтылып Палестина,
Сирия, Ирак, Иран және Ауғанстанды жаулап алды.
705ж. Мауреннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба
ибн Муслим 710-712 жылдары Бұхара мен Самарқанды, 714 жылы Шаш (Ташкент)
пен Фарабты алды. 751 ж. Талас аңғарында Таразға жақын Атлак қаласының
түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болды. Арабтар
қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандайды, бірақ араб әскери
жеңістері Батыс түрік соңынан Түркеш қағанаттарының ыдырап кетуін тездеткен
факторы болады. 770 ж Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс табады.
Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне кіргізуі VІІІ-Х
ғасырларда осы аумақтарда жүргізілді. Және Қазақстан жеріне де сол араб
үстемдігі жетеді. Бірақ Қазақстан жерінің мұсылман дінін қабылдау үрдісі
өте көп уақытқа созылады. Ақыры Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген
аймақтарында айқын қарқын алғанымен Қазақстанның қалған бөлігінде ислам
діні өте баяу қарқынмен жүрді.
X ғасырдағы араб жиһанкезі Әбу-әл -Қасым ибн Хаукал, "Тараздан әрі
қарай бірде бір мұсылманды көрмедім", - деп жазған.
Сырдарияның шығыс жағалауында оғыздар мен Талас өзенінің ар жағындағы
қарлұқтар Ислам мәдениетінен күшті әсер алған.
Худуд - әл Ғалам (ғаламның шекаралары) атты кітапта мұсылман
саудагерлердің Орта Азиядағы ең үлкен орталығының бірі болған Тараз
қаласының тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар екені жазылған.
Тараз қаласының сауда орталығы, ал Исфижабты (Сайрам) қаласын бүкіл
дүние жүзі саудагерлері үшін кен бұлағы деп мадақтайды.
Тұңғыш Самани патшасы Исмайл Ахмедұлының немере ағасы Нұх Әсетұлы
Исфижабты 838 ж жаулап алған соң, қала тұрғындарына Исламды қабылдатқызады.
Сонымен мұсылманшылдық Оңтүстік Қазақстанда бірте-бірте жайылған сайын
жергілікті халықтардың мәдениеттері көтеріліп, алғашқы мұсылман
мемлекеттері Самани (819ж-1005ж) және Қарахан әулеттері түсында ең жоғары
деңгейіне көтерілгенін байқаймыз. "Сонау ІХ-Х ғ.ғ. бастап, Қазақстан
жерінде он мыңдаған мешіт, рибат, шифахана және т.б. мәдени орталықтардың
салынғандары жайлы айтқанда мұсылмандықтың мәдени-рухани өмірге қосқан
қомақты үлесінің жетік болғанын қазақ тарихының зерттеушісі Қ.А. Ақышев
жазған.

Яғни араб халифатының жаулап алуынан бұрынғы қазақ халқының хал-
жағдайын ислам және қазақ тарихының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz