Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
ЖОСПАР
1. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері 2
2. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі 2
3 Әскери коммунизм саясаты – жер бетіндегі утопияны орнату саясаты 11
Қолданылған әдебиеттер 13
Қазан төңкерісі, кеңес өкіметінің орнауы
1. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
Петроградта 1917 жылғы қазан айында Ленин бастаған төңкерістік күштер
жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Кеңестердің
қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді ғана емес, дүние жүзін, бүкіл
әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл оқиға бүкіл елде, Ресейдің орталық
аудандарында, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен
ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске
асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңесінің
қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтағы мен түрлі ұлттардың,
халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол
ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып,
халықтың бейбіт еңбекке оралуына, оның соғыстан бұрын, соғыс жылдарында
жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге
енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген
орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін
экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан
босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деген үмітте болды. Ал Ленин бастаған
большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік — бүкіл
халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар
жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың,
халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды
төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
2. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес те
жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға
дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә.
Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобозев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі
қазақ халқының арасынан Әділбек Майкөтов, Бәкен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин,
Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Аманкелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты
көптеген күрескерлердің шығуы, еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы
күресіне басқа ұлт өкілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С.
Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбақиев, В. Зинченко, П. Басов, И.
Дубинин тағы да басқа ондаған азаматтардың ат салысуы төңкерістің
Қазақстанда да жеңуіне жол салды.
Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті Кеңестер
большевиктер жағына бүтіндей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда
өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте
көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қазақстанның
солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей
облысында болды. Бірақ төңкерістің қарсыластарының күштері көбірек
шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен
шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте
жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917
жылғы 30 қазанда (12 қарашада) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери
гарнизон орналасқан, ірі темір жол станциясы болатын.
Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы оның саяси-экономикалық
және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда Кеңес
өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде
Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша, желтоқсан
айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал
поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз
бейбіт жолмен орнады. Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің
темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12
қарашада төңкерістік Уақытша комитет құрылды, оның құрамына Р.Ыдырысов,
Я.Побелянский, Қ.Сүтішев, П.Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейіннен
Кеңесті басқаруды өз қолына алды. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар,
Семей, Өскемен өлкелерінде казак-орыс және офицер-старшина билеуші
топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз
қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918
жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан — 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі
Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі
елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына А.
Иманов, Қ. Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі
үлес қосты.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары
күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.
Мұнда төңкеріс толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап
майданнан қайтқандар мен еліміздің басқа аудандарынан келген төңкеріс
идеясын қолдаушылардың қосқан елеулі үлесі болды. Олардың арасында Т.
Бокин, Т. Өтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбақиев сияқты жергілікті халықтардың
өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,
Әскери-төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда Әскери-төңкеріс
комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары мен екінші қазақ-орыс
полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер қала еңбекшілерінің қолдауына
сүйеніп, әскери өкіметтің тірегі болған қамалды, қару-жарақ қоймасын,
почта-телеграфты т.б. маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында
Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз),
Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп 1917 жылдың
қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі
Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның
ішінде Уақытта үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік, әкімшілік,
қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы,
солдат депутаттары Кеңестері арқылы жұмысшы, шаруалардың қолына өте
бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан қалаларында құрылған
төңкерістік комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін,
жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың
қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің Кеңестердің қолына өткендігін
жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай
жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндетін
Кеңестерге беріп, тарап кетті.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар
әуелі Кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте
Кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат,
мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесі қалалық басқарманы Кеңес басқару орны
етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық Кеңесі 1918 жылы 9
наурызда дума мен басқармаларды таратып, Уақытша үкіметтің уездік
комиссарларының міндетін жаңа құрылған Кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12
сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлары Кеңесі азық-түлік
басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде
жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа)
Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің қайта құру шараларын іске
асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен,
Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық,
қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде (Қостанай, Перовск,
Қарқаралы, Зайсан) олар Кеңестердің қарамағына көшті.
Ескі мемлекеттік аппаратты қирату, отарлау саясатына берілген алғашқы
соққы болды. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай
туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп,
қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік
Республикасының тең құқықты азаматы болды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен
әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917
жылғы 10 қарашадағы жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың
құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер,
ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған
жоқ Кейбір жерлерде Орталықтары сияқты Халық Комиссарлары Кеңесі, екінші
бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың комиссариаттары құрылды.
1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, атқару
комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық
басқармалардың коллегия мәжілістерінде қаралып отырды.
Ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің
нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік
тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша
мемлекетке астық сатудан бас тартты, нанның бағасы қымбаттады, кәсіп иелері
зауыт, фабрикаларды, кен рудниктерін жауып жұмысшыларға Кеңес заңдары
бойынша еңбекақы төлеуден бас тартты. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас
көтерді. Осының бәрі уездік Кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске
асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті
жерлерде өкімет билігін нығайту кажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру
басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген
маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық уездік, болыстық Кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық сот,
бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске
асырылды. Төңкеріске қарсылармен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция
құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер
ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде емес, қазақ тілінде де
жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей
бастады. Осындай курс Семей уезінде ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан
ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп
кеткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып,
жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы Сот туралы
жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде
соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен
қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар
жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот
бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1-мамырға
дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші
съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу,
Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін
межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы
болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына,
Бөкей облысы Астрахань губерниясына қарады.
Кеңес өкіметі ішкі және тысқы жаулардан қорғану үшін Кеңес
республикасының қарулы күштерін құру мәселесіне көңіл бөлді. 1918 жылғы 15
қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына
сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден құрылды.
Қазақстанда облыстық, уездік Кеңестер жанынан әскери комиссариаттар,
әскери бөлімдер, қызыл әскер штабтары құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне
үйретумен шұғылданды.
Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір-бірімен
байланыс нашар еді. Олардағы жағдай түзеуді қажет етті. Шетел басқыншылығы,
ішкі-тысқы жаулармен күрес кезінде әскер бөлімдерін құруда еріктіліктен бас
тартып, әскери міндеттілікті енгізу, әскер бөлімдерін темірдей тәртібі бар,
соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек болды. Солай істелді
де, әскер құрамында ұлттық әскер құрамалары, оның ішінде қазақ жастарынан
құрылған бөлімдер болды.
Кеңес өкіметінің жарлықтары негізінде фабрика, зауыт, банктерді
национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта
кәсіпорындары мемлекет меншігіне алынды. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның
ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастұз көмір өндірісі, Риддер кеніштері
мемлекет қарамағына алынды. Оларда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың
құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс
пен өнімді бөлуді бақылауға алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу,
жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына көмек көрсету,
әйелдер мен жас өспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен
шұғылданды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz