Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ақпан төңкерісінен кейінгі серпіліс 3
Алашорда үкіметінің құрылуы 4
Алашорда үкіметінің қызылдарға қарсы күресі 6
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі 8
Қызылдармен ымыраға келмеген М.Шоқай 12
Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері 13
Қорытынды 15
Әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді.
Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды.
Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады.
Төңкерістік дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында,
оның ішінде Қазақстанда да сезілді.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс
жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер
тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты
Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер,
меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша
үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар,
шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық
азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төңкерісшіл халық бұқарасының
белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан
түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің
жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға,
казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді.
Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге
тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік
соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды
саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер
иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды,
қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз
қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша
өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары
өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі
патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса,
солай қарады.

Ақпан төңкерісінен кейінгі серпіліс

“Қазақтарға — жаңарған Ресейдің ерікті азаматтарына” — Ақпан төңкерісі
жеңіске жеткеннен кейін жазылған үндеу-мәлімдеме. Оған Ә.Бөкейхан,
М.Дулатов, М.Есболов, Н.Төреқұлов, Т.Жаманмұрынов, т.б. 15 зиялы қауым
өкілі қол қойған. Үндеу ұлттық-демократиялық қозғалыс басшыларының саяси
бағдарламасы сипатында болды. Қол қоюшылар ақпан төңкерісі жеңіске жеткен
кезде Ә.Бөкейханмен бірге Белоруссияның Минск қаласында болған еді. Олар
бұл жаққа Батыс майданның тыл жұмыстарына алынған (1916 жылғы 25 маусымдағы
патша жарлығына сәйкес) қазақ жігіттерінің жағдайын білу және оларға көмек
көрсету үшін барған болатын. Ол “Қазақ” газетінің 1917 ж. 233-санында
жарияланды, орыс тіліне аударылған нұсқасы сол жылғы “Бюллетень
Семипалатинского областного исполнительного комитета” басылымының 17-
наурыздағы санында жарық көрді.
Үндеу 25 адрес бойынша, атап айтқанда М.Тынышбаевқа (Шымкент),
А.Тұрлыбаевқа (Омбы), Ә.Сәтбаевқа (Павлодар), Р.Мәрсеков пен Т.Ибрагимовқа
(Семей), С.Жылқыайдаровқа (Атбасар), Қ.Қожықовқа (Әндіжан),
Х.Досмұхамедовке (Ойыл), Т.Шонановқа (Ырғыз), Б.Қаралдин мен О.Алмасовқа
(Торғай), т.б. жіберілді. Үндеу авторлары 1917 жылғы Ақпан революциясының
жеңісін барлық Ресей халықтары үшін “бостандық пен теңдіктің күні туғаны”
деп бағалап, қазақтарды “жаңа қоғам, жаңа үкіметті қолдау үшін ұйымдасуға”
шақырды. Сонымен қатар, үндеуде қазақтар Құрылтай жиналысы сайлауына
дайындалып, оған лайықты кандидаттарды белгілеу қажеттігі айтылды. Осыған
орай үндеу авторлары отандастарын “қазақшыл айтыстар мен отбасының ұрыс-
керісін тастауға” шақырып, халықтың “ұраны — бірлік пен әділеттік” болуы
керектігін баса көрсетті. Үндеуде ерекше мән берілген мәселе жерге
байланысты болды. “Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар” — делінді үндеуде
... жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру
(қажет)...”.
Үндеу авторларының алдағы атқарар негізгі үш басты мақсат-міндеттерді
анықтағандығын аңғаруға болады: 1) Саяси әрекетте бірінші орында
жалпыресейлік мәселелер, әсіресе өкімет туралы және мемлекеттік құрылыс
мәселелері тұру керек (“жаңа үкіметті қолдау” және “демократиялық
республика” ұранын жүзеге асыру); 2) Көшпелі және отырықшы халықтардың
мүдделерін есепке ала отырып, агр. мәселелердің жиынтығын кешіктірмей саяси
күрестің күн тәртібіне қою; 3) Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар
жүргізу, бұрынғы жасқаншақтық пен бас изеушіліктен құтылу жолында халықтың
бірлігін нығайту қажеттігі (бұрығы айтыс-керістерді ұмыту, “құдайдан
басқадан қорықпау”).
Үндеу авторларының біразы көп кешікпей Петроградта өткен жалпыресейлік
мұсылмандар мәжілісіне қатынасты. Оған қатысқан Қазақстан делегациясының
басым көпшілігі Ақпан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан жағдайды халыққа
түсіндіру үшін елге қайтты. Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облыстық
комиссары лауазымына тағайындалды.

Алашорда үкіметінің құрылуы

Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып
алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын
тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де
революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Міне, осындай жағдайда Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ
қайраткерлердің ұсынысы мен ұйымдастыруы бойынша 1917 ж. 5 — 13 желтоқсанда
Орынбор қ-нда қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпы қазақ съезі
болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе — кеңестік
билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ
облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша “Ұлт Кеңесін” құрып,
оның аты “Алашорда” болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл
үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат
соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда
өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының
жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын
үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ
коммунистерін орталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918 — 19 ж.
Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін
қолдаған қазақтарды жазалады.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж.
қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда
Орынбор қазақтары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып,
Кеңестердің Бүкіл ресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған
революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы
орталығы Жетісуда да болды, 1917 ж. І (13) қарашасында Жетісу казактары
әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға
(қазіргі Алматы) кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия
офицерлері мен юнкерлер жиналады.
1917 ж. қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Осында
құрылған облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті
басып алады. Осынау әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы
ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл
офицерлерге, қазақ станицалары мен келімсектер селоларының бай-кулак
элементтеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет, эсерлер мен
меньшевиктерден, Алаш, Шора-ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа
бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.
1917 жылдың желтоқсанындағы екінші жалпықазақ құрылтайы ұзақ таластан
соң соңғы шешімді қолайлы көрді. Оқиғалар беталысы бұған да тосқауылды
көбейтті. Сібірдегі Колчак үкіметі либералдықтан гөрі таза монархиялық
сипат танытты. Семейдегі Алаш үкіметін жаптырды. Түркістан автономиясында
аз ұлттардың өзара қырқысы қоздады. Ондағы Уақытша үкімет басшылары
Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқай елден аластатылды.
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардиялармен бірігіп алған
империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж. жазында
азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші
чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын
солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың
бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола,
Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж. ІІ маусымында
Семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.
Алашорда жетекшiлерi Кеңес үкiметiмен байланыс жасауға тырысты. 1918
ж. наурызда Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы Мәскеуге барып, В.И. Ленин
мен И.В. Сталинмен келiссөз жүргiздi. Сондай-ақ, 1918 ж. сәуiрдiң басында
Х.Ғаббасов Семейден төте желi арқылы ұлт iсi жөнiндегi халық комиссары
Сталинмен байланысқа шықты. Келiссөз барысында Кеңес тарапынан 2-Жалпықазақ
съезi шешiмдерiнiң мойындалуы, Алашорданың кеңес өкiметiн тануы,
автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегi, бүкiлқазақтық құрылтайды
шақыру, өлкеде азаматтық бiтiмге келу мәселелерi қозғалды. Автономияны
кеңес тұғырына аудару жайында құрғақ уәделер болды. Ұзамай, кеңестiк билiк
автономияның тек депутаттар кеңесi арқылы таптық негiзде берiлетiнi
жайындағы қағидасын алға тартты. Сонда Алашорда мемл. құрылымын өз бетiнше
жасауға мәжбүр болды, сонымен бiрге 1918 жылдың күзi мен қысында атаман
А.И. Дутовпен, Самарадағы құрылтайшы жиналыс мүшелерi к-тiмен (Комуч),
Омбыдағы Уақытша Сiбiр (Колчак) үкiметiмен де байланыс жасады. Басталып
кеткен азамат соғысы алашорданың ұстанар бағытын айқындауды қажет еттi.
Қазақ автономиясы өлкеде әлеум.-саяси негiзi жоқ кеңес өкiметiне қарсы
ақтармен бiрге күреске шықты.
Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын,
Торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Семей
облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда
кеңес өкіметін қайта құру жөніндегі күрес негізінен партизандық харекет
түрінде жүргізіледі. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір
тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.
1918 ж. жазында кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының
көпшілік бөлегінде, Торғай облысының түскей аудандарды мен Бөкей Ордасының
болмашы бір пұшпағында ғана сақталып қалады.

Алашорда үкіметінің қызылдарға қарсы күресі

Антанта елдері үкіметтерінің мегзеуімен, Чехословак корпусы
көмектесіп, Самарада – эсер-ақгвардияшыл үкімет – Комуч - құрылтай
жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл
уақытша үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарында қуылған атаман Дутов, 1918 ж, 3
шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік
Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Азамат соғысы өршіп, етек алған, Қазақстан аудандарының көпшілігінде
кеңес өкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орда Орынбордағы Дутовпен
одақтасып, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен және Самарадағы Құрылтай
жиналысының Комитетімен (Комуч) тіл табысып түсініп, Орал мен Сібір, Жетісу
қазақтарымен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек
болады. 1918 ж. маусымында Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлық шығарады, бұл
жарлықтарға сәйкес алаш территориясында кеңес өкіметі шығарған күллі
құжаттар, заң актілері түгелдей күшін жояды деп жарияланып, коммунистерді
қуалау заңды деп табылды.
Батыс Алашорда мен Дутовшылар мәмілесі де ұзаққа бармады.
Алаш орданың басшысы Ә.Бөкейханов Ә,Ермеков, әскери бөлім меңгерушісі
капитан Қ.Тоқтамысов үшеуі бірге 1918 ж. шілдесі мен тамызында Самар мен
Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен
кездесіп, Алаш Ордаға көмек беру және оның қарулы күштерін құру жөнінде
келіссөздер жүргізді. Алаш Орда Батыс бөлімінің басшылары Х. мен Ж.
Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алады және
таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядын ұйымдастыруға уәде береді, Торғай
тобына 300 берданка мылтығы, 20 мың патрон, әскери киім-кешек бөлінді.
Дутовтың көмегімен екі атты полк: біреуі - Қостанайда, екіншісі – Ырғызда
құрыла бастады. 1918 ж. тамызында Семей қаласында құрамында 38 офицер мен
750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды.
Ақгвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген алаш отрядтары көп ұзамай
Қызыл Армияға қарсы күрес жүргізуге қатысты.
Қазақстандағы қарулы тайталас Ресейдегі азамат соғысының құрамды бір
бөлегі еді. Сол себепті де Қазақстан майдандарындағы күрес-тартыстың дамуы
мен барысында азамат соғысының басты майданындағы соғыс әрекеттерінің
жүрісі ғана емес, Қазақстанның ақгвардияшылар жаулап алған
территориясындағы партизан қозғалыстары мен көтерілістер Қызыл Армияның
Шығыс және Оңтүстік майдандарында шайқасып жатқан негізгі күштеріне елеулі
көмек көрсетеді. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды босатып алудан және Колчак
күштерін біржолата талқандаудан, ақгвардияшылдар мен олардың Қазақстанның
солтүстік мен солтүстік-шығысынан, Жетісудан дүркіретіп айдап шығудан айқын
көрінді.
Азамат соғысы жағдайында Қызыл Армияны құру ісі де ойдағыдай жүзеге
асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара
бастайды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж. мамырдағы жарлығымен
әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен
алмастырылады. 1918 ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі
ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды. Қызыл Армияның Қазақстан
территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары,
Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік үйездері (Торғай мен Ырғыз)
табан тірер негіз болды.
1919 ж. Степен Разин атындағы бірінші Орынбор қазақ полкі
ұйымдастырылады. 1919 ж. сәуірі мен шілдесі арасында Орал қаласын қорғауға
қазақ эскадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі
қайта құрылады.
Ақгвардияшыларға қарсы күреске Қазақстан еңбекшілерімен бірге Қызыл
Армия қатарына өз еркімен кірген шетелдердің жұмысшы-шаруалары – венгрлер,
немістер, чехтар, поляктар т.б. қатысты. Қазақстанның ақгвардияшылар басып
алған жерлерінде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістер кеңінен өріс
алды.

Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі

Қазақтың бірінші ерекше дивизионы — 1919 ж. 21 наурызда Оралда
құрылған әскери бөлімше. Орал қаласы мен төңірегіндегі қазақ ауылдарындағы
жастардан жасақталған. Қазақ жастарынан құралған алғашқы ұлттық әскери
бөлімдердің бірі. 1919 ж. 27 наурызда әскери ант қабылдап, Орал қ-н
қоршауға алған ақгвардияшылар мен Алашорданың Батыс бөлімшесі жасақтарына
қарсы ұрыстарға белсене араласты. Әскери бөлімді құруда Ә.Әйтиев,
Б.Қаратаев, С.Арғыншиев, Ғ.Әлібеков, т.б. үлкен рөл атқарды. Кейіннен
Қазақтың бірінші ерекше дивизионы құрамын ұлғайтып, атты әскер бригадасына
айналды. 1919 ж. күзде В.И. Чапаев басқарған дивизия құрамына енген.
Байтұрсынов 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес
үкіметімен келіссөзге аттанды. Большевиктер үстемдігі тарихи шындыққа
айналды. Ұлттық автономиядан не атымен қол үзу, не большевиктермен келіссөз
жүргізу керек болды. Бұған дейін автономия төңірегіндегі кереғар пікірлерді
үйлестіруге үнемі ұйытқы боп келген Ахмет Байтұрсыновқа бұл міндетті өз
мойнына алуға тура келді. Ағарту ісіндегі, әдебиет пен ғылымдағы,
әлеуметтік қызметтегі табандылығы, білімдарлығы, бірлікшілдігі арқасында
түрікшілердің де, орысшылардың да, қазақшылдардың да, либералшылдардың да,
тапшылдардың да алдында үлкен беделге ие айтулы қайраткермен келіссөзге
большевиктер де пейілді болды.
Қайта бұл оқиғаның төңірегінде үлкен даңғаза жасауға тырысты... Ұлттық
автономия идеясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
XX ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, ерекшелігі
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәні
Алаш қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Пәндер