Сайлау құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : «Сайлау құқығы »

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, қағидаттары.

Сайлау жүйесі дегеніміз - сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі.

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі - деп, Конституция мен сайлау туралы заңдарында көрсетілгендей Республика Президенттік, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын, ауылдық әкімдерді төте немесе жанама сайлау тәртібін айтамыз.

Сайлау құқығы қағидаттары:

а) Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты - бұл қағидат бойынша, Қазақстанның 18 жасқа жеткен азаматтардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез - келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысуға құқығы бар.

ә) Белсенді сайлау құқығы - дегеніміз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауға дауыс беру құқығы.

б) Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Парламентінің, Мәслихат депутаттары немесе жергілікті өзін - өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

в) Тең сайлау құқығы - Сайлаушылар Республика Президенті, Парламент мәжілісінің және, мәслихаттың депутаттары сайлауға тең негізде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетенінде тиісінше бір дауысы болады.

г) Төте сайлау құқығы - азаматтар тікелей сайлайды. 2006 жылы 4- ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, сайлауға қатысушылардан 91, 15%- пайыз дауыс жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 7 жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Азаматтардың сайлау құқықтары

  1. Әрбір адам өз елін басқаруға тікелей немесе еркін сайланған өкілдер арқылы араласуға құқылы.
  2. Халықтың еркі Үкімет билігінің негізі болуға тиіс: бұл ерік мерзімді және бұрмаланбаған, жалпы және тең сайлау құқығы сақталып, жасырын дауыс беруді немесе дауыс беру бостандығын қамтамасыз ететін өзге дәл сондай нысандар арқылы өткізілетін сайлауларда көрініс табуы тиіс.
  3. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарынан сайлауға және оларға сайлануға, сондай - ақ Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
  4. Сот іс -әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру органдарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, Республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
  5. Қазақстан Республикасындағы сайлау Қазақстан Республикасы азаматының сайлау және сайлану құқығы еркін жүзеге асыруға негізделеді.
  6. Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
  7. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтың сайлауға қатысуын немесе қатыспауын мәжбүр етуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға ешкімнің хақысы жоқ.
  8. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы- Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез - келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысуға құқығы .
  9. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы.
  10. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізім бойынша, мәслихаттың депутаттығына кандидат, сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелілігіне кандидат ретінде:

а ) Тіркеу алдындағы бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған:

ә) тіркеу алдындағы бір жыл ішінде қасақана қылмыстық құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған:

б) тіркеу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша алып тасталмаған :

в) психологиялық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасы жоқ адамды тіркеуге болмайды.

12. Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттың депутатын, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.

13. Сайлауға жасырын дауыс беріледі. Сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.

Пайдаланған әдебиет

1. Қазақстан Республикасының сайлау ережелері 3-5 беттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
Сайлау құқығы жайлы
Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары
Сайлау жүйесі жайлы
ҚР сайлау жүйесінің түсінігі
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің түсінігі
Сайлау ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz