1991 жылғы тамыз төңкерісінің барысы, себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1991 жылғы тамыз төңкерісінің барысы, себептері 3
Төңкерістің сабақтары мен қорытындысы 8
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

1990 жылы және 1991 жылы КСРО-ның алдында тұрған мәселе Одақтық
келісімшартқа қол қою еді. Ол шартты дайындау барысында бірнеше нұсқалар
пайда болды. Бірнешеуі басылым беттерінде жарияланып та жаты. 1991 жылдың
наурызында Горбачевтың бастамасы бойынша бүкілодақтық референдум
жүргізілді. Бұл референдумның бір ғана сұрағы болды – КСРО болуы қажет пе
деген мәселе болатын. КСРО халықтарының көпшілігі КСРО-ны сақтап қалу керек
деп дауыс берді. Бірақ мәселе мүлде басқа арнада өрбіді. Өйткені 1991
жылдың жазында РСФСР-дың билік басына бұрын Горбачевтың сенімді
серіктерінің бірі болған, бірақ кейіннен қудаланған Борис Ельцин билікке ие
болды.
Бұл жылы орыс шовинизмі өзінің шырқау биігіне шығып ұлтаралық
қақтығыстар күшейіп, соның салдарынан 1 млн-ға жуық адам босқынға айналған
болатын.
Одақтық республикалардағы жаңа билік органдары 1990 жылғы сайлау
барысында билікке келіп, одақтық басшылыққа қарағанда демократиялық
үрдістерді дамытуға белсене кіріскен болатын. 1990 жылдың соңында барлық
республикалар өздерінің тәуелсіздігі туралы Декларациялар қабылдап үлгерді.
Және олар республикалық заңдардың одақтық заңдардан басым түсетіндігін
жария етті. Бұл тәуелсіздік парады немесе заңдар соғысы атты жағдайға
душар етті. Осыны тоқтату үшін КСРО басшыларының арасындағы орыс ықпалын
сақтап қалуды мақсат тұтқандар 1991 жылғы тамыз төңкерісін ұйымдастырды.

1991 жылғы тамыз төңкерісінің барысы, себептері

Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында
1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т.б. қатынасқан
мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға
келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін
жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия
өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев
КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация
түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек
деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы
болуы мүмкін деп көрсетті.
Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті.
Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің
тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін
жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің
барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз
байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс
жүзiнде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша
Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің
егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы
экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі
келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа
қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті
жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Орталықта да, сондай-ақ республикаларда да КСРО-ның ешқандай басқарусыз
күйреуі мүмкін деген ойлар қалыптаса бастады. Осыған орай Одақтық шартқа
көп көңіл бөлді. 1991 жылдың көктемі мен жазында КСРО президентінің Мәскеу
маңындағы Ново-Огаревода орналасқан резиденциясында республикалар
басшыларының мәжілістері өтті. Мұның барысында көптеген ұзақ әрі қиын
келіссөздер нәтижесінде “9 + 1”, яғни тоғыз республика және орталық деген
келісімге қол жеткізіліп, олар Одақтық шартқа қол қоятыны мәлімделді.
Одақтық шарт баспасөз бетінде жарық көріп, оған 20 тамызда қол қоюға тиісті
болатын.
М.Горбачев осы келіссөздердің барысында өзін табысқа қол жеткіздім
деген оймен Қырымдағы Форосқа демалысқа ұшып кетті. Және ол Мәскеуге 19
тамыз күні ораламын деп ойлаған болатын. Бірақ 18 тамыз күні оған Форосқа
мемлекеттік, әскери және партия құрылымдарының бірнеше жоғары лауазымды
тұлғалары келіп бүкіл елде төтенше жағдай жариялауын талап етті. Бірақ
бұған КСРО президенті М.Горбачев қарсы шығып, олардың талаптарын орындаудан
бас тартты.
Мұндай жағдай 1991 жылдың 19 тамызындағы төңкеріске алып келді. Сол
күні таңертең радио мен теледидардан вице-президент Г.Янаевтың және
Кеңестер басшылығының Жарлығы шықты. Мұнда М.С.Горбачев ауру деп және ол өз
міндеттерін орындау мүмкіндігі жоқ деп келтірілді, сондықтан мемлекеттің
барлық билігі ГКЧП (Государственный Комитет по Чрезвычайному Положению
СССР) қолына көшеді, өйткені бұл көптеген еңбекшілердің өтініші бойынша
жасалып отырған әрекет, соған орай 19 тамыз сағат 4-тен бастап 6 ай
мерзімге елде төтенше жағдай жарияланады деп жазылған болатын.
ГКЧП құрамына мыналар кірді: Г. Янаев – КСРО вице-президенті, В.Павлов
- премьер-министр, В.Крючков – КСРО МҚК төрағасы, Б.Пуго – ішкі істер
министрі, О.Бакланов - КСРО Қорғаныс Кеңесінің төрағасы, А.Тизяков - КСРО
мемлекеттік кәсіпорындар мен өндіріс объектілерінің, көлік және байланыс
Қауымдастығының төрағасы және В.Стародубцев – Шаруалар Одағының төрағасы.
Мәскеу көшелеріне Қызыл Армияның бөлімдері енді, көшелерде танкілер,
бронетранспортерлер мен жаяу әскерлер қаптап кетті. Ал М.С. Горбачев
Қырымдағы дачада оқшауландырылып ұсталды. Компартияға қарсы қоғамдық
бірлестіктер мен демократиялық баспасөзге тыйым салынды, цензура орнатылды.
Мұндай төңкеріске бас көтеріп қарсы шыққан ең бірінші РСФСР-дің президенті
Б.Ельцин болды. Ол ресейліктердің қолдауына ие болып, әсіресе мәскеуліктер
оны қызу қолдады, сөйтіп ол отырған Ақ үйді қорғауға көшті.
20 тамыз күні ГКЧП-ның манифесті – Кеңес халқына үндеу жарияланды.
Мұнда былай деп жазылды: қайта құру тығырыққа тірелді, ал Отанымыздың
бірлігі туралы референдумның нәтижелері аяқ асты болды... миллиондаған
кеңес адамдары өмірге қуанудан қалды... жақын арада кедейленудің жаңа
үрдістері пайда болуы мүмкін.... Кеңес халқына үндеу атты манифесттің
екінші бөлімінде ГКЧП-ның халыққа берген уәделері орын алды. Мұнда жаңа
Одақтық шарттың жобасын бүкіл халыққа жария ету әрі талдау, тәртіп пен
заңдылықты орнына келтіру, жеке кәсіпкерлікті қолдау, азық-түлік және
тұрғын үй мәселелерін шешу және тағы басқа қажетті деп табылған уәделер
келтірілді.
Сол күні ГКЧП-ның №1 Қаулысы жарияланды, онда КСРО Конститутциясы мен
заңдарына қайшы келетін заңдар мен шешімдердің күші жойылсын, ереуілдер мен
демонстрацияларға тыйым салынсын, бұқаралық баспасөз құралдарына бақылау
орнатылсын, талап етушілерге 0.15 га жер берілсін және жалақы көтерілсін,
сонымен қатар бағалар төмендетілуге тиіс деген уәде берілді.
ГКЧП-ның құрылғанына Қазақстанда бірденнен қарсы шыға қоймады, мұндағы
жағдайды бір жағынан әліптің артын бағу әрі амалсыздан көну деуге болатын.
Республикадағы барлық газеттер, радио мен теледидарлар каналдары ГКЧП-ның
барлық құжаттарын жария етіп жатты.
КСРО Мемтелерадио төрағасы Л. Кравченконың мәлімдеуінше Н.Назарбаев
ГКЧП-ны қолдаған бейнеролик дайындапты. Бұл бейнероликті бірінші каналдан
көрсетуге Мәскеуге жөнелтілген деседі, бірақ белгісіз себептермен
көрсетілмеген екен[1].
Ал 19 тамыздағы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына атты үндеуінде болып
жатқан оқиға туралы баға берілместен, бірақ сабыр сақтауды, дегенмен
Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтіндегі туралы көрсетілген
болатын.
Алматыда 19 тамызда тек демократиялық партиялар мен қозғалыстардың
аздаған өкілдері - “Азат”, “Азамат”, “Алаш”, “Бірлік”, “Невада-Семей”,
СДПК, профсоюз “Бiрлесу” және басқалары аздаған митинг өткізіп листовкалар
таратты. Мұнда 19 тамыздағы ГКЧП-ның билік басына келуі мсемлекеттік
төңкеріс және соған орай қазақстандықтар қылмыскерлермен бірге қылмысқа
қатысушы болмайық және төңкеріс басшыларын сотқа тарту керек деп жазылған
болатын.
Путчтың екінші күні Н.Назарбаев Үндеу жариялап мұнда өте абайлап қана
путчты айыптады. Республика бойынша путчистерді көптеген обылыс басшылары
жақтап, төтенше жағдайға көшу шараларын дайындады. Бірақ Алла жар болып
төңкеріс жеңіліс тапты.
21 тамыз күні МҚК арнайы бөлімшелері жүзеге асырмақ болған РСФСР-дың Ақ
үйін басып алу операциясының күлі көкке ұшты.
21 тамызда Мәскеуде өтіп жатқан путч күйреді де Б. Ельциннің жақтастары
жеңіп шықты. Сол күні кешкісін КСРО президенті М.Горбачев Мәскеуге қайтып
келді. Мемлекеттік Бас прокуратура төңкерісшілерге қарсы қылмыстық іс
қозғады. Сол күні-ақ ішкі істер министрі Б.Пуго өзіне қол салып өліп
кетті.
Путчтың үшінші күні әскермен қақтығыста 3 адам құрбан болды.

Төңкерістің сабақтары мен қорытындысы

После поражения путча последовала серия акций Президента и Парламента
Казахстана.
24 августа было опубликовано Заявление Н.Назарбаева в адрес Политбюро
ЦК КПСС о своем выходе из его состава, по причине того, что ЦК КПСС своими
действиями в дни путча полностью себя дискредитировал.
В тот же день был опубликован Указ Н.Назарбаева от 22 августа О
прекращении деятельности организационных структур политических партий,
других общественных объединений и массовых общественных движений в органах
прокураторы, государственной безопасности, внутренних дел, милиции,
государственного арбитража, судах и таможне Казахской ССР.
25 августа вышел Указ Президента ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Қазақстан қайта құру жылында
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Ораз Жандосов
1916 жылғы көтеріліс
Кеңес – ауған соғысы
Пәндер