Қазақстан Республикасының саяси партиялары


ЖОСПАР
Кіріспе3
Қазақстан Республикасының саяси партиялары. 5
«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы5
Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы7
Қазақстанның Коммунистік партиясы8
«Руханият» партиясы9
“Ауыл” партиясы. 9
Қорытынды10
Пайдаланған әдебиет11
Кіріспе
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі - аса күрделі, әр қилы әрі қарама-қайшылықтарға толы. Оған қатысушылардың саны орасан көп, олардың ішінде ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымын қарастыру барысында көз жеткізгеніміздей, саяси партиялар саяси жүйенің билік жүргізуге тікелей қатысы бар құрамды бөлігі, негізгі элементтерінің бірі болып табылады. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Бастапқы кезде “партия” өздерінің ұстанымдарын қорғайтын жария топтарды білдіретін. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса, экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан, олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын.
Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында Еуропада қалыптаса бастаған еді. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Бірақ, саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер, 2) саяси клубтар, 3) көпшілік партиялар.
Партиялардың құрылу әдістері де әр қилы. Негізінен партия құрылуының үш жолы “жоғарыдан”, “төменнен”, “бірігу әдісі” туралы айтуға болады. “Жоғарыдан” - бұл әр түрлі парламенттік топтардың, саяси элитаның, қысым жасау топтарының негізінде құрылған партиялар. “Төменнен” - бұл қоғамдық қозғалыстар негізінде кәсіподақ, кооператив құрылған, яғни этникалық қауымдастықтардың әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған партиялар. “Бірігу әдісі” - бұл элиталық адамдар мен қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы. Ресейде партиялар 19 ғасырдың ортасы мен 20 ғасырдың басында құрыла бастады. Ресейдегі алғашқы бұқаралық партия - бұл РСДРП еді.
Саяси партияларды зерттеумен айналысатын ғылым қазіргі таңда партология деп аталады. Оның көшбасында Дж. Брайс, М. Я. Острогорский және Р. Михельс тұрды. Саяси партиялардың жалпы теориясының негізін француз ғалымы М. Дюверже қалады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру; 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Осы заманғы саяси партия дегеніміз не?
Саяси партия - бұл белгілі бір қоғамдық топтар мен таптардың саяси мүдделері және қажеттіліктерін білдіретін, мемлекеттік билікті жеңіп алу жолымен өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтін және сол билікті жүзеге асыруға ұмтылатын мүдделі адамдардың ұйымдасқан тобы.
Саяси партия - әлеуметтік топтың немесе таптың неғұрлым белсенді және ұйымдасқан бөлігі. Олар саяси билікке қол жеткізу үшін күреседі. Партиялар ұйымдасқан таптар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, мүдделері мен істеуіне белсенді түрде қатысады немесе оған белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Партияның атқаратын қызметінің тұжырымды мәні мынада - ол халыққа идеологиялық әсер етеді, саяси сананы қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады. Саяси партиялар халықты үкіметпен, азаматтық қоғамды саяси қоғаммен, мемлекетпен байланыстыратын тетік болып табылады. Саяси партиялардың басқа ұйымдардан, қозғалыстар мен клубтардан негізгі ерекшеліктері мыналар - олар саяси билікке, билік тетігіне қатысуға таласады.
Партия саясаттың маңызды құрылымы болып саналады. Қазіргі таңда көз алдыңа ең болмағанда бір партиясы жоқ мемлекетті елестету мүмкін емес.
Халық партия арқылы өздерінің топтық талаптарын билікке мәлім етеді, басшылықты сынайды, саяси бағыттың және биліктің өзінің қол жеткізеді. Партия топтардың биліктік мәні бар мүдделерін, олардың әрқилы мақсаттары мен қажеттіліктерін рәсімдеп, оларды жоғары мемлекеттік институттарға жолдайды. Сонымен қатар билік құрылымдары өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу барысында қолдауға ие болу мақсатында партияларды халыққа үндеу жолдау үшін де пайдалынады. Сонымен, партияның негізгі мақсаттары - саяси жүйелерде билікті жүзеге асыруға бағытталады. Осы мақсаттарды негізге ала отырып, партияның бағдарламасы жасалынады.
Қазақстан Республикасының саяси партиялары.
«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы
Бұл партия 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті сайлауы қарсаңындағы ахуалдың әсерімен құрылған. Парламенттің болашақ шақырылымында ұйымдасқан оппозицияның күші басым түсуі қарсы қақтығысқа әкеп соғатын еді және заң актілерін қабылдау мүмкін болмас еді.
Бұл пропрезиденттік күштерді қайта құруға итермеледі, сөйтіп “Отан” партиясы құрылды. 1999 жылы 19 қаңтарда Астана қаласында “Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат Н. Назарбаевты қолдау көрсетудің республикалық қоғамдық штабы”, қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының шешімімен ұйым “Отан” республикалық саяси партиясы болып қайта құрылды.
Жиналыста партияның Жарғысы мен Бағдарламасы бекітілді, Партия төрағасының міндеттерін атқару С. А. Терещенкоға, атқарушы басшының міндеттері Г. И. Дунаевқа жүктелді. 1999 жылы 12 ақпанда “Отан” Республикалық партиясы ресми түрде Әділет министрлігінде тіркелді, республикалық мәртебеге ие. 2002 жылы қазанда партия төрағасының міндетін атқарушы болып, Амангелді Динович Ермегияев сайланды.
Партияның негізгі мақсаты - қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесу, экономиканың барлық саласында негізделген нарықтық қатынастарды жүзеге асыру, азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру, әлеуметтік әділеттікті орнықтыру және елдегі тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, Қазақстан Республикасын жан - жақты және біркелкі дамуы үшін азаматтарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
2004 жылдың 19 қыркүйегінде өткен Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері бойынша, саяси партиялар арасында «Отан» республикалық саяси партиясы 60, 62% - дауыс жинап, бірінші орынды жеңіп алды. «Отан» республикалық саяси партиясының 43 үміткері Мәжіліс депутаты болып сайланды.
«Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының орынбасарлары Жармахан Тұяқбай, Александр Павлов, Амангелді Ермегияев және партияның жетекшісі Нұрлан Рақымжанов мырзалардың айтуы бойынша, «Отан» сайлау науқанында алдын ала әзірленген стратегиялық жоспарлар бойынша жұмыс істеді. Бұл жоспарларда Қазақстанның барлық аймағын қамтыған үгіт-насихат шараларын өткізу барысы жан-жақты көрсетілген. Сайлау науқаны кезінде еліміздің барлық аймақтарындағы партия ұйымдары партияның орталық аппараты дайындаған түрлі материалдар мен әдістемелік құралдарды кеңінен қолданған. Сондай-ақ сайлау алды науқаны барысында сайлаушылардың сенімін «Отан» партиясының кезектен тыс 7 съезінде қабылданған «Қазақстандық бағыт - 2009» тұғырнамалық бағдарламасы және онда көрініс тапқан Қазақстан Республикасының Президенті, «Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағыты басты рөл атқарған.
2006 жылы «Отан» партиясының қатарына «Азаматтық» партия және «Асар» партиясы кірді. Ал 2007 жылдың басында партияның атауын қайта қарап ол «Нұр Отан» партиясы деп атала бастады.
Бұл Мәжіліс сайлауының қарсаңында болған-тын.
Қазіргі таңда Бақытжан Жұмағұлов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, ал партияның нақты жетекшісі біздің тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев.
“Нұр Отан” партиясы еліміздің партиялық жүйесінде мүшелерінің саны жағынан ең ірі партия екендігін, оған қоса сөздің емес, істің партиясы болып отырғанын дәлелдеп келеді. Еліміздің саяси сахнасындағы басты билік партиясы да болып саналады. Бұл арада мен мына нәрсені ашып айта кетуді мақсат етіп отырмын. “Нұр Отан” партиясы - халықтық партия. Халықтық партия қашанда халыққа жақын, сол халықтың мүддесін қорғауға, талап-тілектерін мүлтіксіз орындауға ұмтылады. Бұл біздің ең бірінші атқаратын жұмысымыз болып табылады.
Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» партиясы басымдыққа ие болып, Қазақ ССР-інің Коммунистік партиясы кезеңінен бергі билік басына келген бірден-бір партия болды.
Қазақтың ардақты ұлдарының бірі, ұлтының ұлылығын өзгелерге тайға таңба басқандай етіп танытқан ғалым Шоқан Уәлиханов халық үшін тәуелсіздіктен артық бақыт жоқ деген екен. Отанымыз кеңестік жүйенің темір құрсауы сетінеп, ұлы ғалым айтқан бақытты тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдарындағы аласапыран кезеңнен аман-есен өтіп, бүгінгі қарқынды даму жолына түскенін өзіміз ғана емес, төрткүл дүние көріп-біліп отыр. Осындай игілікті істі ілгері апаруға “Нұр Отан” партиясының қосқан үлесі ерекше екені белгілі.
Биылғы жылдың бірінші жартысында партияның “Қазақстандық бағыт-2009” бағдарламасының негізінде әр аймақтың нақты көрсеткіштеріне сай жұмыстар әзірленіп, оны іске асыру жіті қадағаланатын болады.
Әсіресе, жиналған жұрттың қордаланған мәселелер туралы қойған сұрақтары кім-кімді де болса ойлантады. Ендігі жерде соны түзеу жайы басты назарда болуы тиіс.
Әкімдер халықпен бірге “Нұр Отан” партиясының алдында да жауапты екенін түсінсе керек. Себебі, еліміздегі әртүрлі деңгейдегі әкімдердің 2678-і, яғни 90 пайызға жуығы “Нұр Отан” партиясының мүшелері.
Әкімдер берген уәделерін қандай дәрежеде орындап шыққанын да назарда ұстап отырмыз. Егер олар халықтың талап-тілек¬терін шешуге мүмкіндіктері келмей жатса, мәселені парламенттік фракциямыз немесе орталық аппаратымыз арқылы атқарушы биліктің алдына төтесінен қоятынымызды ашып айтқым келеді. Мысалы, өткен жылғы кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелерді шешуде жергілікті жер¬лердегі депутаттарымыз арқылы біраз шаруаны жүзеге асырдық.
“Нұр Отан” партиясының Парламенттегі фракциясының Үкіметті жасақтау кезіндегі белсенділігі туралы айттым.
Ең бірінші - елімізде саяси реформалардың қарқынды дамуына қосар үлесімізді айқындап жатырмыз. Президент осы жылға арнап үш басты тапсырма берген болатын. Бірін¬шісі, мәслихат сайлауына жақсы дайындықпен бару және сайлауды таза өткізу. Бұл мәселеге байла¬нысты жоғарыда айтып өттім. Екіншісі, партияны жаң¬ғырту. Біз партияның Х құрыл¬тайында пар¬тия жарғысына тиісті өзгертулер енгізу арқылы пар¬тиялық жұмыс¬т¬ы жандандырудың негізін жаса¬дық. Онда партияны заман тала¬бына, қоғам өзгерісіне сай қайта құру, оның парла¬менттік фрак¬циясы мен жергілікті жерлердегі мәслихаттар депу¬тат¬тарының мәр¬тебесі мен жауап¬кершілігін арт¬тыру, өзге де ау¬қым¬ды істер қа¬рал¬ды. Ең алды¬мен, біз партия¬ның орталық аппараты мен аймақтағы құры¬лымдарының штаттық кестелерін қайта қарап, партия мүше¬лерінің жауапкер¬шілігін күшейту ісіне жете ден қойдық. Партиялық қызметке қосылған партия¬лардың мүшелері, олардың қызметкер¬лерімен бірлікте жұмыс істеп, жастарды қатарымызға тартуды бірінші кезекке шығардық. Соны¬мен бірге, партияның материал¬дық-техника¬лық база¬сы мен инфрақұ¬рылымын жетілдіру үшін де орасан күш жұмсалуда. Орталық аппаратқа жаңа ғимарат салу, аймақтық бөлімше¬лерді жеке үйлермен қамтамасыз етуді аяқтау және қызметтік көліктер беру, тағы басқа істер жүйелі атқарылып келеді.
Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы
Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда Алматы қаласында өтті. Сайланған 262 делегаттың 244-і құрылтай съезінің жұмысына қатысты, кворум қажеттілігі қағидасы сақталды.
Съезд күн тәртібінің негізгі тармақтары:
- Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің құрылтай съезін өткізуді ұйымдастыру мәселелері (дауыс беру рәсімі, күн тәртібі мен регламенті бекіту) .
Президиум, Секретариат, мандат комиссиясын, құрылтай съезінің Редакциялық комиссиясын сайлау.
- Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің негізге алынатын құжаттары туралы (қазақстандық бірлестік құру, партияның жарғысы мен бағдарламасын бекіту туралы ) .
- Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің басқару органдарын (Орталық кеңес, Орталық тексеру комиссиясын сайлау) .
“Ақжол” саяси партиясының бағдарламасының мақсат - нысанасы қоғамның саяси, экономикалық күрделі мәселелерін шешуге, халықтың әл - ауқатын, тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған.
«Ақжол» демократиялық партиясының жетекшілері халыққа танымал, Үкімет билігінің бел ортасында болған, жан-жақты білімді қоғам қайраткерлері. Олар: Бәйменов Әлихан Мұхаммедұлы, Әбілов Болат Мұқышұлы, Жандосов Ораз Алиұлы, Ертілесова Жаннат т. б.
2004 жылдың 19 қыркүйегінде өткен Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері бойынша, “Ақжол” демократиялық партиясы - 1 депутаттық мандат, сайлаушылар дауыстарының 12, 04% -н ұтып алды.
Осы бір өкініші ұдай ащы тарихи процестерді ой-сана елегінен өткізген Әлихан Байменов партияның кешегі VII съезінде сөйлеген сөзінде былай деді: «Біздің ойымызша, ұзақ мерзімді бағдарламалардың негізінде тек қана сандық, экономикалық көрсеткіштер емес, бірінші кезекте біздің қоғамның жасампаздық жаһандану заманында, сыртқы күштер әсеріне төтеп бере алу үшін қоғамда қандай құндылықтарымызды тәрбиелеуіміз керек? Біз қандай қоғамды армандаймыз? Міне, осы сауал саяси партиялардың басты мақсаты болуы керек. Сол себептен, біздің «Нұр Отаннан» басты айырмашылығымыз - біз сандық көрсеткіштерге емес, бірінші кезекте сапалық көрсеткіштерге маңыз береміз. Біз бағдарламаларымыздың негізінде экономиканың жалпы көрсеткіштері емес, әрбір адамның тұлғасын қоямыз.
Біздің ойымызша, бүгінгі күні Қазақстан халқының әлеуетін өз иглігі үшін, өз Отанының игілігі үшін, өз отабысының игілігі үшін пайдалануға, Қазақстан халқының өз ата-бабасынан қалаған мұрасы-жер асты байлығының толыққанды қызығын көруге тұсау болып отырған басты кедергі - теңсіздік . . . »
«Ақ жол» партиясы білім беруде мемлекеттік кепілдемелер туралы заң қабылдауды ұсынып отыр. Бұл заңда орта білімнің тегін екендігі, ол білімді тегін алудың қаржысын қай деңгейдегі бюджеттен бөлінетіндігі көрсетілуі керек, - деді Әлихан Байменов. - Сонымен қатар, біз, 2010 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің 7 пайызға жуығын білімге, 3 пайызын ғылымға жұмсау қажет деп санаймыз. Ал, қаржыны көтеруді, бүгінгі күні шенеуніктердің қосымша табыс көзіне айналып отырған негізсіз мемлекеттік инвестицияларды қысқарту арқылы жүзеге асыру керек.
Қазақстанның Коммунистік партиясы
Қазақстанның Коммунистік партиясы 1991 жылы қазан айында, 18 (төтенше) кезектен тыс съезден кейін құрылды. Қазақстанның Коммунистік партиясының мүшелері осы күнді өзін-өзі таратқан компартияның “қайта құрылу” уақыты деп, ал өздерін 1903 жылы пайда болған большевиктер партиясының құқықтық мұрагерлері деп есептейді.
1993 жылы наурыз айындағы республикалық конференциясында республика коммунистері Коммунистік партиялардың одағына кіру туралы шешімі қабылданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz