Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)


ЖОСПАР
1. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыстарының негізгі кезеңдері, қорытындылары және проблемалары2
2. Кіші жүз қазақстарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783-1797 жж. ) 4
3. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс10
4. 1837-1847 жж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс16
5. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі23
Пайдаланған әдебиеттер:26
1. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыстарының негізгі кезеңдері, қорытындылары және проблемалары
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі Қазақстан шаруалары қозғалыстарын зерттеушілер Ресей империясы халықтарының ұлттық-азаттық күресі тарихындағы тарамның бірі деп қарайды. Алайда Ресейдің отарлау саясатына қарсы халқы күресінің сипаты, ерекшіліктері жөнінде ғалымдар арасында әлі күнге дейін бірыңғай пікір жоқ.
Зерттеліп отырған кезеңдегі халық-азаттық қозғалысының аса маңызды мәселелері бойынша көзқарастардың қайшылығы ең алдымен соның қарсаңындағы өткен уақытындағы және көтерілістерді басып-жаншығаннан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жеткілікті зерттелмеуінен болып жүр. Қазіргі Қазақстан тарихында кейде бір-біріне тікелей қарама-қарсы пікірлердің сақталғандығын бірсыпыра дәрежеде байыпты құжаттық жинақтар мен материалдардың жоқтығымен түсіндірген жөн. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ынтасымен Абылай ханның 280 жылдығына, кенесары Қасымов ханның туғанына 190 жыл толуы және оның басшылығымен болған көтерілістің 150 жылдығына арналған конференциялар өткізілді. Ғалымдардың осы проблеманы зерттеудегі күш-жігерін біріктерген “Отаршылдық жағдайындағы (Қазақстан, Орта Азия және Солтүстік Кавказ) ұлттық қозғалыстар” тақырыбына ұйымдастырылған аймақтық конференция творчестволық байланыстардың кеңеюіне, өзара пікіп алмасуға, жаңа концептуалдық шептерді (көзқарас жүйесін) белгілеуге, әр түрлі аймақтардығы азаттық қозғалыстарының ерекшеліктерін ашып, осы аспектіде орныққан жағдайды талғап қорытуға көп мүмкіндік туғызды.
Халық бұқарасының алғашқы әрі ең маңызды қимылдарының бірі Сырым Датовтың қолбасшылығындағы қозғалыс болды. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтарды “ішкі жаққа”, Жайық сыртына өткізбей, оған тиым салуы, қазақ ақсүйектерінің бір бөлгінің құқықтарына қысым жасауы, ханның шексіз билігі және оның жақын төнірегіндегілердің қиянатшылдығы негізгі себептер болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да аңғырттық-монархиялық қиялдар тән тұғын. “Жақсы ханға” сенушілік Сырым Датовты да құтылдырмады. Билер жөнінде ол негізінен басқа саясатты - оларды өз жағына тарту саясатын ұстанды, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды. Қозғаластың отаршылдыққа және ханға қарсы сипаты соңғы кезеңіне дейін сақталғанымен, көтеріліс басшысының мұндай тактикасы оның дамуына айтарлықтай кедергі жасады.
Көтерілісті зерттеуде бірқатар талас туғызатын проблемалар, шешілмеген қарама-қайшылықты сәттер қалып қойып отыр. Ру басыларының көтерілістегі рөлі туралы мәселе даулы күйінде қалуда, Сырым Датовтың Кіші жүздегі ықпалды билермен қарым-қатынастық сипаты, қозғалыстың тоқтауы және батырдың өз жақтастарымен 1802 ж. Хиуа хандығына өтіп кету себептері нақтыланбаған: осы уақытқа дейін оның апат болу жағдайлары анықталмаған.
Кең өлкені Ресеіге қосудың аяқталаршағында бұрқ еткен 1836-1838 жж. Исатай Тайманов батыр басқарған шаруалар көтерілісіндегі бұқаралық қимылдардың отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы бағыты анағұрлым анық байқалған еді.
1836-1838 жж. Көтеріліс бұрынғы қозғалысқа қарағанда біраз басқа жағдайда өрбіді: бұл кезде Қазақстан жерінің негізгі бөлгін қосып алу аяқталған болатын, патша өкіметінің саясаты барған сайын ашық сипат ала түскен-ді. 1822 ж. “Сібір қырғыздары туралы” және 1824 ж. “Орынбор қырғыздары туралы” Уставтар, Кіші жүзде аралық басқару жүйесін енгізу патша әкімшілігінің қазақ жерлерін басып алуын жеңілдетуіне қызмет етті. Қазақ руларын құнарсыз жерлерге ығыстыру, царизмнің екіжүзділік саясаты міне, осының бәрі көтеріліске ең алдымен отаршылдыққа қарсыластық сипат берді. Жазалаушылар мен Жәңгір хан төңірегіндегілердің бірлескен отрядтарының күш басымдығына қарамастан көтерілістің негізгі қозғаушы күшін соңғы сәттерге дейін Исатайға адалдығын танытқан қатардағы көшпелілер құрады. Ал бұл аралықта Исатай Таймановтың жасағына бастапқы кезде қосылған билер мен ағамандар ханнан жеңілдіктер алуға талпынып, онымен қозғалыс жетекшісінің сыртынан келісөздер жүргізу арқылы сатқындық жасауға барды. Билер мен ағамандар тобының келісімпаздық позициясы едәуір дәрежеде көтерілістің жеңіліске ұшырауын тездетті.
1836-38 жж. қозғалыс тарихында терең зерттеуді қажет ететін даулы сәттер аз емес. Исатай мен оның серіктерінің көзқарастары, жеке бастарының қасиеттері зерттелмеген, көтеріліске шыққандардың санын анықтауда әр түрлілік бар. Іс жүзінде зертету объектісіне тек Исатай мен Махамбет Өтемісовтың ғана іс-әрекеттері алынған. Исатайға қолдау көрсеткен, оның туы астында Ақбұлақ шайқасына дейін (12. VІІ. 1838ж. ) табандылықпен күрескен даңқты батырлар, олардың Жәңгір ханмен, оның төңірегіндегілермен қарым-қатынасы - өзінің зерттеушілерін әлі де күтеді.
Көтерілістің соңғы кезеңіндегі ерекшеліктерін ашуға көмектесетін бірқатар мәселелер жекелеген жасақтары 1838 ж. шілде-тамыз айларында Кіші жүздің батыс аудандарында әрекет жасаған Кенесары Касымов ханның көтерілісімен өзара байланыста зерттелуі мүмкін: бұл стихиялы аттаныстың бағдарламасын талдап тексеруді екі туыстас ғылым-тарих пен әдебиеттің түйіскен жерінде, Махамбет Өтемісовтың поэтикалық мұрасын мұқият зерттеу негізінде баяндаған жөн болар еді.
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XІX ғ-дағы ең ірі - 1837-1847 жж. көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. Отарлық басып алушылыққа, Орта жүзде әскери желілер салуға және өлкелер ұйымдастырылуына қарсы наразылық білдіру тұрғысында Кенесары Қасымов ханның қолбасшылық етуімен басталған бұл көтеріліс Кавказ таулықтарының қозғалысымен бірге 10 жыл уақыт бойы қуатты империяның күш-құралдарын өзіне аударды, Орта және Ұлы жүздердің бірсыпыра жерлерін соғыспен бағындыру мерзімдерін кейінге шегерді, сөйтіп ол қырғыздар жеріндегі жеңіліспен аяқталды.
Бұл көтеріліс царизмнің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ең қуатты қозғалысы болды. Көтерілістің шыққан кезі патшалық Ресейдің отарлық иеліктерін кеңейте түсіп, қысым жасауының әкімшілік және әскери шараларынақарамастан өзінің оңашалануын сақтап тұрған аудандардың тәуелсіздігін жоюға бұратола кіріскен уақытымен тұспа-тұс келді.
1837-1847 жж. көтеріліс өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Ол орыс халқына қарсы емес, ол отаршылдық тәртіптердің орнығуына және даланың байырғы тұрғындарының ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен ығыстырылуыны қарсы бағытталды. Оның мәнін ғылыми-сын тұрғысынан түсінуді талап ететін қарама-қайшылықтары, анықталмаған жағдайлары аз емес.
Өлкенің Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық күресінен жалпы заңдалықтар мен бірқатар аз зерттелген жәйттерді баса айтуға болады.
Ұлт-азаттық қозғалысындағы феодалдық топтардың рөлі мен орны жөніндегі мәселе елеулі түзетулерді, дәлдеп анықтауды қажет етеді. Орыстардың шаруалар көтерілісінен оған өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарын көздеген боярлардың, дворяндардың қатысқан фактілері белгілі. Осындай құбылыс қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының барлық кезеңдерінде соның ішінде Сырым Датовтың көтерілісінде де үлкен дәрежеде көрінді.
Жеткілікті зерттелмеген проблемалардың қатарына қазақ шаруалары күресінің тактикасы мен әскери ұйымдасуы жатады. Көтерілісшілердің сан жағынан артықшылығы, батылдығы кейде олардың жазалаушылармен белдесіп күресуі үшін жеткіліксіз болып көрінеді; бұл қимылдардың стихиялығы, бір жердің шеңберінен аспауы (1837-1847 жж. көтерілістен басқасының) нақты саяси бағдарламаның болмағандығы олардың жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап, көптеген күрделі құбылыстарға киліктірді. Ислам идеяларын иеленуші ретінде билер өлкедегі азаттық күресінің барлық кезеңдеріне қатысты, алайда діни себептер көтерілісшілерге айтарлықтай ықпал алмады. Қазақстандағы көтерілісшілердің бір ерекшелік сипаты, міне осында жатыр.
2. Кіші жүз қазақстарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783-1797 жж. )
Е. И. Пугачевтің басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан 1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бұрқ ете қалды. Көтерілісшілерге ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-1775 жж. шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарғы қысқы уақыттары Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындағы жайылымдарды пайдалануға рүқсат етті. Бірақ, патша үкіметінің бұл көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді, сондықтан аймақтағы позициясын нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынды. Қазақтардың жер мен суға деген құқығының кеңейтілуіне Орал казактарының әскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27 желтоқсанда үкіметтің жоғарыда көрсетілген аудандарға қыста мал айдауға қазақтардың ол жерлерді тек жалға алған жағдайында ғана рұқсат етілетіндігі туралы жарлығы шықты. Орал казактары бұл жарлықты өз мүдделеріне пайдаланып, қазақ жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тиым салды. Бекіністің Орал желсінде корондық күзет күшейтілді, оның үстіне жалға алатын жері үшін қазақтар ақысын төлеумен бірге, аманаттарын қалдыруға тиісті еді.
Пугачевтің шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта жүздердегі тәуелділік қатынастардың одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды. Айталық, Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірте-бірте іргелерін аулақ салып, патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ ақсүйектері арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті, мұның өзі феодалдық бытыраңқылықты күшейтті. Қазақ аристократиясы мен ру ақсүйектерінің Пугачев көтерілісіне әр түрлі көзқарасы XVІІІ ғ. 80-жылдарында аристократия мен ру ағамандары одағының ажырауына және XVІІІ ғ. 70-90-жылдарының аяғынды хандық биліктің күйзелуіне әкеп соқты. Нұралыханның кіші жүздегі ықпалы бірте-бірте төмендей бастады, мұның өзі оның саяси оқшаулануына, халық бұқарасының қайтадан көтеріліп, Кіші жүзде хан билігін жоюға алғашқы әрекеттер жасалуына алып келді.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шапқыншылығы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап, солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті. Орынбордан солтүстік-шығысқа қарайғы жерде тама руының ағамандары Қадыр мен Садыр басқарған жасақтар әрекет жасады. Олар Красногор бекінісі мен Татыр қыстағына шабуыл жасауға дайындалып жүрді.
Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардың құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ қазақтардың тастан қалап тұрғызған бекінісі сол отрядтың баса көктеп шабуылдауымен алыгды. Тұтқынға түскен 56 адам қазына жұмыстарын атқаруға жіберілді.
Қазақстардың бекіністері мен сауда керуендеріне шабуылдары жаз айларында жиілей түсті, мұның өзі ортаазиялық хандықтармен сауданың нашарлап кетуіне әкеп соқты. Қарғай бекінісі шабуыл жасалды, Орынбор мен Илецк қорғанысы аралығындағы қозғалыс бақылауға алынды. Әсіресе, Орск бекінісі мен Нижнеуральск дистанциясы аудандарындағы әрекеттер белсенді жүргізілді. Серкеш руынан шыққан қазақтарды ағаман Дулат басқарды. Бірақ бұлар әзірше біріктіретін орталығы жоқ жекелеген әрекеттер еді. Сол кезде халық қозғалысының басына Байбақты руының ағаманы Сырым Датов келді. Орыс жазба материалдарында Сырым Датов туралы алғашқы деректер Е. И. Пугачев қозғалысының тұсында келтірілді. С. Датов 1774 ж. Е. И. Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған деген Орал казагі Ф. Курицынның хабары бар. А. В. Суворовтың граф П. И. Панинге 1775 ж. 22 маусымда жеткізген хабарламасы сақталған. Онда ол С. Датов туралы Е. И. Пугачев көтерілісінің белсенді бір қатысушысы болған деп хабарлайды. Бірақ 1776 ж. күзінен бастап С. датов бұл қозғалыстан кетіп, патша әкімшілігі жағына өткен. Тек 1783 ж. ғана ол қайтадан көтерілісшілерге қосылып, орал қазақтары әскеріне қарсы күреседі. 1782 ж. желтоқсанында С. Датовты оралдық казактар Тополихинск форпосты маңында тұтқынға алған болатын, 1784 ж. көктемінде оны қарындасына үйленген Нұралы хан тұтқыннын сатып алып босатады. Оны сатып алу сомасы 70 жылқыдан және ақшалай 350 сомнан тұрды. 1784 ж. мамыр айынан С. Датов оралдық казактармен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында С. Датовтың жасағында 1000 қазақ болды. Бұл кезде С. Датов Нұралы ханнан іргесін аулақ салды.
Дәл сол кездері жазалаушы экспедицияның даладағы әрекеттері күшейе түсті. Елек өзенінің бас жағына 237 орынборлық казактар мен 2432 башқұрттан тұратын отрядты басқаруға генерал-майор Смирнов жіберілді.
1785 ж. қазақтардың патша отрядтарымен кескілескен шайқастары нижнеуральск желісі ауданында одан әрі жалғасты С. Датов - 2700, старшин Барақ - 2000 және Тіленші - 1500 қазақтан тұратын жасақтарды басқарды. Оларға қарсы қазақтардың Орал әскерлері старшындары Колпаков пен Пономарев және премьер-майор назаров командалық еткен үш отряды жасақталды. Бұлардың соңғысы Сахарный бекінісі мен Антонов қамалына шабуылдаған С. Датовтың жасағына қарсы шайқасты.
1785 ж. бастап ру ағамандарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен күресі күшейе түсті. Ағамандар патша үкіметінен Нұралы ханды биліктен тайдыруды және Кіші жүзді басқару ісін жаңа негізді құруды талап етті. Жүзді үш бөлікке немесе ордаға - Байұлындық, Жетірулық және Қаракесектік етіп бөлу ұсынылды. Олардың әр қайсысында ағамандар мен халық жиналысы сайлаулары өткізілді: Қаракесек бөлігінде ағаман болып Сегізбай би, Байұлында - Тормамбет би, Жетіруда - Тіленші батыр сайланды. Сырым Датов барлық үш орданың кеңесшісі болып сайланды, оған көмекшілікке ағамандар Көккөз би мен Қаратау би берілді. Ағамандар салтанатты жағдайда патша үкіметіне адалдығына ант қабылдады. Осымен Қазақстандағы отаршылыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Патша үкіметі ағамандар жиналысына шекаралық сот ұйымдастыруға келісім беруді ұсынды. Мұның өзі дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін жою жолындағы қадам болған еді. Ағамандар Шеқаралық сот жөніндегі мәселеге абайлап қарады, оны шешуді болашаққа қалдырды. Ағамандардың біл бөлігі хан билігін сақтауды, жаңа хан сайлауды қалады. Ағамандар патша үкіметінің алдына қысқы жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды.
1786 ж. көктемінде Нұралы хан Кіші жүзден қуылды, сөйтіп, оны Калмыковск бекінісіне жасырған патша өкіметі өз қорғаушылығына алды.
Патша үкіметінің алдында Кіші жүзде мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жаңа формалары туралы мәселе тұрды. Екатерина ІІ Орынбор губернаторы Игельстром талдап жасаған реформаны мақұлдады Нұралы хан Уфаға О. А. Игельстром әлімұлы, байұлы, жетіру ұрпақтарына Орынбордағы шекаралық сотқа бағынатын соттар (сот кесімін орындаушылар) құруды ұсынды. Сот кесімін орындаушыларды жалақы алатын төраға мен ру ағамандарынан екі заседатель басқаруға тиісті болды. Жүзде екі немесе үш қала, мешіттер және ақсүйектердің балалары үшін мектептер салу ұсынылды. Бұл шаралар Қазақстанның Ресейден саяси оқшауланушылығын жоюға тиісті еді. Игельстромның жобасы ханды жүзден қуып шығуды ескерді, бірақ император әйел жанында кеңес құрылатын жаңа ханды сайлау жөніндегі ұсынысты үзілді-кесілді қабыл алмады.
Даладағы ықпалдарынан айырылғылары келмеген хан мен сұлтандардың ру ағамандарымен дау-жанжалдары үдей түсті. Қыркүйек айының басында олар Сырым Датовты тұтқынғы түсіріп, бұғаулап тастады, сөйтіп жүзге Уфадан Нұралы хан оралмайынша оны өздерінде ұстап тұруға шешім қабылады. Қазақ қауымдарында зор бедел ықпалы бар Сырым батырдың тұтқындалуы туралы хабар Орынбор әкемшілігінде аландаушылық туғызды. Игельстром реформаны жүзеге асыруда С. Датовқа сенді, сондықтан оны босату үшін батыл күш-жігер жұмсады. 1786 ж. күзінде С. Датов тұтқыннан босатылды. Алайда, осы кезде ру ағамандарының Кіші жүзде хан билігінің сақталуын жақтайтын бөлігі күшейіп кетті. Олар Қайыпты хан жариялады. 1786 ж. қыркүйекте ағамандардың съезі болды. Онда тек шекаралық соттың құрылуына ғана келісім берілді, оның құрамына ықпалды рулардың өкілдері есептелмейтін қазақтың алты ру ағамандары сайланады.
Патша өкіметінің өкілдері шешуші күш құрды. Шекарлық соттың төрағасы премьер-майор С. Петрушевич, мүшелері секунд-майор И. Капустин, Сеитов Посадтың көпестері С. Салеев және М. Мырдабаев, башқұрт жорықтық старшыны А. Аккулянов және Мишарок жорықтық старшыны З. Абдусалямов болды.
Сот кесімін орындаушыларға сайланғандардың арасында қазақтың ықпалды ағамандары Тіленші, Жәнібек, Тілеп жүрді. Сонымен әкімшілік қызметтерде сұлтандар ру ағамандарымен алмастырылды. Бірақ сайлау Кіші жүздің тек үш руынды ғана өтті. Шекаралық сот өз кесімін орындаушылар арқылы Кіші жүздің барлық руларымен байланысты бола алмады, міне, мұның өзі оның жүздегі саяси жағдайда ықпал жасауына, сұлтандардың ықпалын шектеуге кедергі келтірді. Сұлтандар далада сот кесімін орындаушылықтың ұйымдастырылуына қарсы қатты наразылық білдірді.
Шекаралық соттың құрылуын ағамандар өз мүдделері үшін пайдаланып қалды. Олар жер туралы, Жайық пен Еділ аралығындағы және Каспий теңізі жағалуындағы жеке иеліктер есебінен қысқы жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды. Генерал-губернатор тек бос жатқан жерлерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуді ғана жойды, жеке иеліктердегі жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеу жойылған жоқ. Оның үстіне ол жақтарға өту үшін “ашық орындар” алу және аманат қалдыру қажет болды.
1786-1787 жж. қысында қазақтардың Жайық пен еділ өзендерінің аралығына жаппай өтуі басталды.
1786 ж. күзінде ағамандар қашып кеткен құлдарды жүзге кері қайтару жөнінде де мәселе қойды. Ру ағамандарының бұл талабы олардың шын мәніндегі жалпыхалықтық мақсатты - қазақ мемлекеттілігін нығайту мен жер мәселесін шешуді тарылтқандығын дәлелдеді. О. И. Игельстром ағамандардың талабын ішінара орындады, бірақ шекарлық шапқыншылықты доғару жөнінде шарт қойды. Мұндай жағдайда қазақ ағамандары желілер маңайы әкімшіліктері мен орал қазақтары тарапынан қазақтарға жасалатын зорлық-зомбылықты тыюды талап етті.
Генерал-губернатор Игельстром басқарудың жаңа жүйесін бүкіл жүзге тартудың сәті түспейтінін мойындады. Рулардың бір бөлігінде сот кесімін орындаушылар құрылғаннан кейін де патша үкіметі танымаған Қайып хан тарапындағы хандық билік сақталып қалды. Сот кесімін орындаушыларды құру жүзді басқарудан сұлтандарды шеттетуде өз рөлін, атқарды. Бірақ нақты билік сот кесімін орындаушыларға емес, ал бас ағамандарға көшті. Сондықтан О. А. Игельстром бас ағамандардың өкілеттігін айқындап, өз реформасына елеулі қосымша жасады. Бұл Кіші жүзді басқарудағы 1775 ж. Заңдар жинағына дейінгі ұқсастықты жойды.
Бас ағамандар генерал-губернатордың, шекарлық экспедицияның, сот кесімін орындаушылардың барлық жарлықтарын орындауға тиісті еді. Сот кесімін орындаушылардың және ру ағамандарының жұмыстарын қатар бақылай отырып, генерал-губернатор бас ағамандарды жүзде хан билігін қалпына келтіруден толық бас тартқыздыру үшін пайдаланбақ болды. Бұл қадам өздерінің артықшылықтарын шектеген патша үкіметіне қарсы сұлтандардың наразылығын тудырды.
Кіші және сұлтандар мен ағамандардың өздерінің мемлекеттік билікті ұйымдастыру мәселесі бойынша ішкі тартыстары жалғасып жатты. Жүздің салыстырмалы саяси бірлігі мен бұрынғы хан, сұлтан, ру ақсүйектері түріндегі тәуелділік жүйесін қамтамасыз еткен тарихи қалыптасқан хан билігін алмастыру жөніндегі мәселе анық емес күйінде қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz