ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ ХАҚЫНДА 3
ӘБІЛҚАЙЫР ХАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ 6
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ 12
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
КІРІСПЕ
Ресей ХVIII ғасырдың өн бойында өз шекарасын езгіге түскен, сан
жағынан аз халықтарды империя құрамына күштеп қосу арқылы кеңейтіп отырды.
Сөйтіп патшалық Ресей "халықтар түрмесіне" айналды. Батыс пен Оңтүстіктегі
өзге жұрттың жер-суын жаулап біткен соң, Шығысқа - Орта Азияға қарай
ойысты.
Тіпті Петр I патшаның өзі Қазақстанды Орта Азия, Индия және Батыс
Қытаймен сауда жасауға оңтайлы " кілт – қақпа " деп санаған-ды.
II Еқатеринаның тұсында патшалық Ресей Орта Азияға саяси ықпалын
күшейте түсті. Башқұртстанды көмекейден өткізіп болысымен, Орта Азияны жұта
салуға шақ тұрды. Әйтсе де, олай ету үшін әуелі Қазақстанды өздеріне
қаратып, шабуыл бастайтын алаңға айналдыруға тиіс еді.
Қазақстанға келсек, патша үкіметі оны жедел түрде түгелдей жаулап
болысымен, өндіріс және сауда-саттық мүмкіндіктерін таразылап, сүзгіден
өткізуді кезек күттірмейтін міндет деп есептеді.
Десе де, Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға байланысты саясаты оның
жалпы саясатының бір бөлшегі ғана іспетті, әрі патшалықтың Таяу Шығысқа
қатысты мақсат-мүдделері және ағылшын империализмінің Азияны жаулап алу
ниетіне қарсы күрес шараларымен тығыз байланысты болатын.
Және де бұл саясаттың патшалықтың экономикалық мүдделері,
капитализмнің жылдам дамуы, Ресейдегі кейбір ішкі ушыққан ахуалдарды
бәсеңдету мақсаттарынан туындайтыны айдан анық-ты. Сондықтан да орыс
капиталистері мен помещиктері әскери-төрешіл топтардың қолайына жағып,
көңілдерінен шығып отырды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ ХАҚЫНДА
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру үдерісінің тарихнамасы
өзінің өрістеу барысында ұзак және мейлінше күрделі жолдардан өтті. Соған
қарамастан, осы күрделі мәселеге қызығушылық пен ықылас білдіру мүлдем
азайған жоқ, керісінше, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері кең етек ала
түсті.
Барлық зерттеліп жатқан тарихнамалық кезеңнің барысында мазмұны мен
бағыты бойынша бір-біріне ұқсамайтын теориялар мен тұжырымдамалар зерттеліп
отырған мәселеге әр түрлі деңгейде ықпалын тигізді.
Орыс тарихнамасында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуыньң үш
негізгі себептері ерекшеленеді: сыртқы саяси себеп (қазақтардың
қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер), ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара
қақтығыстар), Әбілхайыр ханның жеке мүддесі.
Қазақстанның Ресейге қосылу барысын көрсетуде М.Тевкелевтің өкілдік
міндетін атқарудағы қиыншылықтары аталып көрсетіледі, ол қазақ даласына
келісімен Ресейге бодан болуды қабылдау мәселесінде қазақ сұлтандарының
бірлігінің жоқтығына душар болды. Орыс тарихнамасы шынайы жағдайды егжей-
тегжейлі ашпайды, қазақтардың Ресейге бодан болуы тек қана М.Тевкелевтің
күш салуы арқасында қабылданды делінеді. Бұл мәселені тек қана П.И.Рычков
пен А.И.Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен.
Қазақтардың бодандыққа өтуінің алғашқы он жылының нақтылы сипаттамасы
барлық еңбектерде тізбеленіп, әсіресе, Әбілхайыр мен Абылай хандардың
тарихи рөлдері баса көрсетіледі. XVIII ғасырдың II жартысында ғана патша
үкіметі өз билігін күшейту үшін шаралар қолданғаны айтыла келіп,
патшалықтың реформалар жүргізуінің дұрыстығын негіздейтін дәлелдер
келтіріледі. Бірақ Орта жүзді жаулап алу кезеңі аздап көрсетіліп, мұның өзі
Ресейдің Орта Азияға одан өрі жылжуының заңды қадамдары ретінде
бейнеленеді. Сондықтан осы кезең туралы зерттеулерде орта азиялық
хандықтарға қатысты Ресейдің жаулап алу әрекеттері бірінші қатарға шығады.
Жалпы алғанда, Орта жүз Ресейге өз еркімен қосылған болып көрсетіледі.
Революцияға дейінгі авторлардың еңбектерін, негізінен, бағыттары мен
теориялары бойынша жіктеуге болады. Мәселен "Табиғи шекаралар" теориясы
бойынша, Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға карай жылжуын арий нәсілін
қалпына келтіру және тарату үшін адамзат тарихын дамытудағы табиғи құбылыс
деп түсіндіреді. Осы теориясымақты жақтаушылар Ресейдің отаршылдық
әрекеттерін жазықта орналасқан орыс мемлекетінің кеңеюге ұмтылысы деп,
этнографиялық және географиялық факторлар ретінде көрсеткісі келеді. Олар
Еуропаның шығысында тарихи халық мөртебесі орыстарға ғана берілген дегенді
дәлелдемек болады.
Ежелден бері Ресей тарихнамасында орыс ұлтының ерекшелігі туралы
шовинистік көзқарастарды насихаттайтын бағыт орын алған. Бұл бағытты
жақтаушылар дала тұрғындарымен тату көршілік қатынастарға тек қана қарудың
көмегімен кол жеткізуге болатынын атап көрсетеді. Кең тараған келесі
бағытта қазақ халқының мәдени даму сатысының төмендігі айтылып, Ресейдің
жаугершілігін өркениеттік миссиямен байланыстырады. Авторлар өз
жұмыстарында еуропалық өркениеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетеді және
оны шығыс өркениетінен жоғары қояды.
Либералдық бағыттың өкілдері Ресейдің жаулап алуына қатысты қазақ
халқының өз көзқарасына көңіл аударады. Тұрғылықты халықтың тарихын,
тұрмысын және шаруашылығын зерттеу қажеттілігі туралы мәселе көтереді.
Көптеген мақалалар мен басылымдарда Қазақ хандығының Ресей бодандығына
қабылдануы қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеуге деген
қызығушылықтан туғаны тілге тиек етіледі. Алайда, бұл қызығушылық
патшалықтың отарлау саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті халықтың тарихын
тереңірек білуге құштарлығынан туындағаны ескерілмейді. Ол зерттеулерді
Ресей әкімшілігінің шенеуніктері, әскери ведомствоның қызметкерлері және
әйгілі миссионерлердің жүргізгені-ақ осыған дәлел болады.
Жарияланған материалдардың басым көпшілігі арнайы тарихи зерттеулер
емес. Авторлар өлі тарихи болашаққа аттанып үлгермеген жағдаяттар мен
оқиғалар туралы жазған. Бүл тек қана өр автордың өз заманына сай өр қилы
дәлелдеу әдістемелерінің бірі болып табылады.
Көптеген мақалаларда үлкен қателіктер кездеседі. Одан автордың қазақ
халқын өзіне пайдалы тұрғыдан көруге және жазуға ұмтылысы көрініс береді.
Революцияға дейінгі материалдардың айтарлықтай құндылығы - өз заманы
үшін де, осы заманғы тарихшылар үшін де маңызды фактілерді, көзқарастарды
тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден
тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектерінде отарлау
саясатына баға беруде сын көзбен қарау орын алып, көбінесе қазақтардың
Ресейге бас ұруының мәжбүрліктен туындағаны аталып көрсетіледі. Ол авторлар
патшалық әкімшілік жүргізген басқыншылықтың келеңсіз зардаптарын ашық
талқылаған жене қазақ халқына әділетсіздік қысым көрсетілгеніне көңіл
аударған. Сондықтан да қазақ зиялыларының шығармашылық мұраларының оралуы
төл тарихнамамызға айтарлықтай үлес косты.
30-жылдардағы қосылу туралы зерттеулерде "шексіз жауыздық"
тұжырымдамасы жарыққа шықты. Зерттеушілер патша үкіметінің Қазақстанды
жаулап алғанын, мейірімсіз отарлау саясатын жене оның кері зардаптарын атап
көрсетеді. Алайда, бұл мәселелер жеткілікті деңгейде терең зерттелмеген.
Бұл тұжырымдаманы қалыптастыруға, негізінен, сол жылдардағы орын алған
таптық көзқарас өсер еткен.
Бұдан кейін, 40-жылдардың басында, Қазақстанның бодандықты таңдау
себептерін Ресейге немесе Жоңғарға сілтеп көрсететін "ең аз жауыздық"
тұжырымдамасы дами бастайды. Ресей Қазақ халқының өрлеуіне мүмкіндіктер
туғызды деген ұғым негізделеді. Бодандықты қабылдаудың ерікті түрдегі
сипаттамасы жоққа шығарылады, алайда, жаулап алу терминінен бас тарта
бастайды. Сырттан төнген қауіп Ресейге бас ұрудың негізгі себебі деп
тұжырымдалады.
50-жылдары бұрынғы тұжырымдамадан бас тарту белең алады және Қазақстан
мен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси байланыстарын алға тарта
отырып, бірінші қатарға "тарихи себептерден туындау" тұжырымдамасы
қалыптаса бастайды. Мұнда қалың халық бұқарасының мүдделілігі атап
көрсетіледі. Бұл тұрғыдан қазақ және орыс халықтарының өзара
қатынастарындағы өрлеу сәттеріне баса назар аударылады.
Қосылу проблемасының дамуының келесі кезеңі қосылудың ерікті түрде
болғанын негіздеумен сипатталады. Осылайша отарлау саясатының келеңсіз
зардаптарын бүркемелей отырып, оның кертартпалығына қарамастан, Ресей
империализмінің өркениеттілігі формуласын дамыту байқалып, ол Ресейді
бөлшектеу: патшалық, кертартпа Ресей және алдыңғы қатардағы мәдениетті,
еркін ойлы Ресей идеясының пайда болуына ықпал жасады. 1980 жылдардың
басында бұл тұжырымдама өзінің шырқау шыңына жетті.
1990 жылдардың басында Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселесінің
тарихнамасында екі түрлі көзқарас қалыптасады: тек қана жаулап алу және
бастапқы кезде бодандықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің
көмегімен қосып алу.
Сонымен, Қазақстанның Ресейге қосылуы әрқашан тарих ғылымының басты
назарында тұрды. Әр кезең тарихшыларының осы үдеріске орай өзіне төн
көзқарасы мен бағасы болды. Тұжырымдамалық көзқарасқа идеологиялық
факторлар да ықпал жасады. Әрине, бұл Мәселенің тарихнамасына шынайы талдау
жасау үшін оны да ескеру керек. Қосылу туралы тұжырымдаманы білу оның
зерттелуі Қазақ қоғамының тарихын нақты қалпына келтіру үшін қажет.
Бұл Мәселеге байланысты жасалған тарихнамалық шолу алты негізгі
тұжырымдамалық көзқарасты атап көрсетуге мүмкіндік берді: XVIII-XX ғасырдың
басындағы орыс зерттеушілердің қосылу тұжырымдамасы (революцияға дейінгі
орыс тұжырымдамасы), "шексіз жауыздық" формуласы пайдаланылған тұжырымдама;
"ең аз жауыздық" теориясы, "қосылудың тарихи себептерден туындауы", "өз
еркімен қосылу және оның прогрессивтік маңызы", бастапқы кезде бодандықты
ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің көмегімен қосып алу.
Салыстырмалы талдау жасау барысында баға беруі арқылы тұжырымдама
жасауға ықпалын тигізетін негізгі қағидаларды айқындауға болады: Ресейге
бас ұрудың себептері, бодандықты қабылдаудың барысы және сипаты, отарлық
саясат, хандардың рөліне қатысы, қосылудың зардаптары.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ
Қазақ халқының тарихын жазуда Ресейдің дворяндық-буржуазиялық
тарихнамасы да көп іс атқарды: архив деректерінің недәуір бөлігі
жарияланып, жалпы қорытынды жасалған ірі-ірі еңбектер жазылды. Мұны жоққа
шығару — ақиқатқа қиянат. Бірақ, сонымен бірге олардың кейбір ірі
кемшіліктері барын елемеу — әділетсіздікке саяды.
Ресми идеологияның қолдауына сүйенген дворяндық-буржузиялық және
маркстік-лениндік тарихнама қазақ халқының тарихын кезеңдерге бөліп қарау
мәселесін ешқашан естен шығарған емес. Олар кезеңдердің жобасын жасай
отырып, оны сол кездердегі өкіметтің саяси-идеологиялық қағидаларына
үйлестірді. Бұл, ең алдымен, Қазақ-орыс қатынастарына байланысты
мәселелерден туындаған еді. Ресми идеологияға байланысты қабылданған
кезеңдеуден Қазақ тарихын бұрмалап көрсету сыңайлары да туындағаны белгілі.
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей қол астына енуі жөнінде шешім
қабылдауы Қазақ тарихындағы маңызды сыртқы саясаттың шара болғаны рас. Қол
астына кіру дегенді формалдық түрде қабылдауы Әбілқайырдың мәмілегерлік
айласы болатын. Ол бұл арқылы сыртқы саясатта баска да маңызды міндеттің
шешімін таппақ еді...
Кез келген құбылысты бірыңғай мақтау немесе даттау ғылыми еңбекке
жатпайды. Көрнекті ғалым К. Нұрпейісов: ...Біздің тарихнамада саяси
портрет жасау аз. Оның сыры көп жылдар бойы тарихты жасайтын халық деп
келдік, бірақ солардың ішіндегі халық өкілдері екенін ескермедік. Билердің,
батырлардың, хандардың саяси портреті жасалмағандықтан алып-қашты әңгіме
көп. Мысалы, Әбілқайырды. біреу мақтаса, екіншілері даттап жатады. Есесіне
Абылайды түк қатесі жоқтай аспанға шығара дәріптпеумен келеміз. Бұл дұрыс
емес десе, тарих ғылымының докторы, профессор Т. Рысбеков тарих ғылымында
тұңғыш рет Батыс Қазақстан тарихының келелі мәселелерін бірыңғай авторлық
концепцияда қараған еңбегінде былай дейді: Тарихқа деген шын мәніндегі
объективті, диалектикалық және ғылыми көзқарас тарих дамуына ықпал еткен
жеке тұлғаларға да шын баға беру деген сөз. Осындай тарихи тұлғалардың
қатарына Әбілқайыр да жатады.
Әбілқайыр хан — 18 ғасырдың I жартысындағы тарихымыздың аса ірі
тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмілегерлік шеберлігі
күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр
заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан анталаған жауға
тойтарыс берді.
Ш. Уәлиханов, А. И. Левшин жазғандай, қиын саяси жағдайда Әбілқайыр
хан иығына ауыр жүк алып Петербор сарайына үндеудің ұйытқысы болуға және
ендігі ыдырап болған, қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбірлі бетбұрыс
жасау жауапкершілігін көтеруге мәжбүр болды деп көрнекті тарихшы Ж.
Қасымбаевтың ой түйіндеуі ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша мәмілегерлік
және саясатшыл қасиеттерінің биіктігінен деп түсінеміз.
Әбілқайыр тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын
құжаттар орыс архивтерінде. Олар — орыс патшаларының грамоталары мен
указдары. Сенат пен сыртқы істер алқасының құжаттары, аталмыш органдардың
хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары, қазақ хандығында болып қайтқан
орыс елшілерінің жазбалары. Бұл материалдарда Әбілқайыр туралы, оның ішкі
және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине,
ол құжаттарды жасаған, негізінен, үкімет мекемелері, патша шенеуніктері, ал
олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жанағы
құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен
салыстырып отыру қажет.
Біздің тарихнаманың тағы бір парадоксы — Әбілқайыр хан туралы
мәліметтердің ұланғайыр болғандығына қарамастан, бертінге дейін оның өмірі
мен әскери-саяси қызметі туралы арнайы ғылыми зерттеулердің болмауы.
Дегенмен, 18 ғасырдың I жартысындағы Қазақ-орыс қатынастары жөнінде ешбір
еңбек жазылмады деу де дұрыс болмаған болар еді. Бұл маңызды өрі үлкен
Мәселенің кейбір тармақтары Қазан төңкерісіне дейінгі және кеңес
дәуіріндегі тарихшылардың еңбектерінде біршама баяндалған.
Әбілқайыр хан жөнінде мағлұмат беретін әдебиеттер баршылық. Олар —
Қазақстанның тарихына арналған революциядан бұрын шыққан басылымдар. Оған,
ең алдымен, алғашқы орыс зерттеушілері П. И. Рычковтың, В. В. Вельяминов-
Зерновтың, А. И. Левшиннің, А. И. Добросмысловтың, В. И. Витевскийдің, И.
Крафтың, Л. Мейердің еңбектері жатады. Бұл авторлар Қазақстанның 18-19-
ғасырлардағы қоғамдық-саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан
өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған.
Әбілқайыр тұлғасы орыс тарихнамасында тек Қазақстанның Ресейге қосылу
тұрғысында ғана баяндалады. Алайда бұл Мәселеде орыс тарихнамасында
бірыңғай пікір болған жоқ. М. Макшеев, А. И. Добросмыслов, И. И. Завалишин,
В. Н. Витевский, И. И. Крафт бодандық туралы келіссөздер жүргізу және
құжатқа қол қою барысындағы Әбілқайырдың іс-әрекеттерін тұтасынан
анықтайды. Мысалы, А. И. Добросмыслов Самым сильным, предприимчивым и
энергичным из ханов казахских орд, начале второй четверти ХҮІІІ столетия
был ближней наш сосед хан Малой Орды Абулхаир деген байлам жасайды.
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі Макшеев былай деп жазады:
Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз
болып қала берді, ешқандай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет
атқармады. Ал, қазақ тарихының Геродоты атанған А. И. Левшин Абулхаир хан
повелевая большою частью Меньшей орды и простирая власть свою на некоторые
роды Средней, он думал о пользе народа своего... деп көрсетеді.
Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері қанша қауіп-
қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі жақсылардын себеп-сылтауы билік
үшін күрес деген пікірді ұстанды. Олар Әбілқайырды Сұм да зұлым, оның
уәдеде тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені кезекті шығыстың
айла-шарғысы деп есептеді.
Мәселен, патша генералы М. Терентьев Халықтың басым көпшілігі өздерін
Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі бодандыққа уәде
берсе, онда патшаға жалғыз өзі бодан болсын деп жазады.
XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың бірі, академик Н. И. Веселовский
шығыстанушы ғалым ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттей келе
Көшпенділердің келісім туралы түсініктерінің біздің түсінігімізден
әлдеқайда айырмашылығы бар. Олар үшін бодандық дегеніміз, ешкімді белгілі
бір мемлекетке ештеңеге міндеттемейтін, сондай-ақ қазақтардың пайдасына
шешілген сауда-саттықтың бір келісімі сияқты әсер етті деді. Яғни,
қазақтардың Ресеймен жасаған келісімі көрші екі елдің жайшылықтағы бір-
бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.
Жоғарыдағы дворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасы өкілдерінің ой
түйіндеулерінен пікір алалығы байқалады. Орыс тарихнамасының ірі
өкілдерінің аталмыш тақырыпқа көзқарастарын тізбектете жазып отырғандағы
мақсат, пікір алалығын көрсету. Бүгінгі таным тұрғысынан қарағанның өзінде,
осы күрделі тұлға жөнінде бірыңғай пікірдің болмай отырғанын ескерсек, мұны
түсінуге болады.
Кіші жүз ханын көзімен көріп, жүзбе-жүз кездескен орыс шенеуніктері
де, ханның жеке басының қасиеттерін жоғары бағалаған. Мысалы, Орынбор
экспедициясының бастығы И. Кириллов Әбілқайыр хан барлық қазақ-қайсақ
хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы..." десе, ханмен етене жақын
болған орыс елшісі М. Тевкелевтің Әбілқайыр хан жетерліктей ақылды және
қулығы да бар адам... оның мәртебелі императорға бодан болу ниеті
лажсыздан туып отыр деген мінездемесімен толық келісуге болады.
Қазақ елінің Ресейге қалайша қосылғанын зерттеу Қазан төңкерісінен
кейін де жалғаса түсті. Алғашқылардың бірі болып зерттеген тарихшы А. Н.
Чулошников Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге кол қоюы бұл
істің басы ғана емес, қарапайым маңызы жоқ, көп келісімнің бірі ғана деген
жорамал айтса, ғұлама ғалым, академик В. В. Бартольд Орыстарға бодандығын
ұсына отырып, ол (Әбілқайыр — Ж. Ж.) жеке басының мақсатын көздеді,
орыстардың көмегімен өз билігін күшейтіп алмақшы болды, тіптен бүкіл қазақ
халқын басқарудан да дәмесі болды деп жазған.
Аталған Мәселеге XX ғасырда Ә. Бөкейханов, М. П. Вяткин, А. М.
Панкратова, Е. Бекмаханов, В. Ф. Шахматов, С. Зиманов, Н. Г. Аполлова, П.
Г. Галузо, И. Ерофеева, Л. Бекмаханова, Ж. Қасымбаев, Д. Дулатова және
басқа ғалымдар елеулі үлес қосты.
Кеңес тарихшылары да әуелі Әбілқайыр мен қазақтың төбе топ феодалдары
Ресейге қосылуда тек өз пайдасын көздеді, яки жеке басының билігін
арттыруды, еңбекші бұқараны қанауды мұрат тұтты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz