Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)


ЖОСПАР
Кіріспе2
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж. ) 3
1. Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуы3
2. Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы. Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуы8
3. Қазақ жүздеріндегі қозғалыстың 1775 жылғы жаңа кезеңі. 13
Қорытынды16
Қолданылған әдебиеттер тізімі17
Кіріспе
Қасиетіңнен айналайын қазақ жері, сенің әрбір тауың мен тасыңда, суың мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған табанының ізі қалған. Қызыл қаны мен маңдай терінің кермек иісі сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен халқымның шемен боп қатқан қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі жүректің шежіресінен сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-бабаларымыз өз жерінде отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай, қаншама жылдар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне еске аламыз да, аталар аруағына басымызды иіп, тағзым етеміз. Тағзым жасай отырып, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Сырым, Амангелділер мінген тұлпарларының тұяғының ізі қалмады ма екен деп, шақпақ тас пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" болып, Қаратаудан құлаған қаралы көште көзден аққан қан аралас жастан жиналған бұлақ емес пе екен деп, сылдыраған суға қарап, ойға батасың. Ал көгілдір аспанға көз жіберсек, көк жүзінде қалықтаған қазақ жерінің қырандарына куә боламыз. Бұлар шейіт кеткен шерменделердің өлмес рухы сияқты.
Азаттық жолындағы бақыт ештеңеге айырбастауға келмейтін қазаққа қымбат, алашқа ардақты Тәуелсіздік таңы екен. Бір Кенесары ханның өзі патша отаршылдарына қарсы тәуелсіздік жолында ұзақ жылдар бойы аянбай күресті. Бұл сияқты азаттық жолындағы күрес қазақтың әр жерінде жүріп жатты. Батыста Исатай, Махамбет, Сырым, Шығыста Жанқожа, Тәнеке батырлар күресті. Қыранның қанаты талып, тұлпардың тұяғы мүжілетін кең-байтақ далам азаттық жолында бұлқынып жатты. Бірақ азаттық жолындағы күрестің бәрі аяусыз басылып отырды.
Қайсар ұрпақ қай кезеңде де қайыспай қарсы тұрды. Міне біздің жұмысымызға бүгін арқау болып отырған кезең сонау Пугачев заманындағы көтеріліске қатысқан қазақтардың тарихы. Ол жөнінде біршама ізденіп, талай-талай әңгімелерден тобықтай түйін тимекпіз.
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж. )
1. Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуы
1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы елде феодалдық-крепостниктік құрылыстың қойнауында жаңа экономикалық қатынастар - капиталистік қатынастар қалыптаса бастаған жағдайда басталды. Помещиктер крепостниктік шаруашылықты рыноктың талаптарына бейімдеуге тырысып, барщина мен оброкты көбейтті. Помещиктік езгінің күшеюі шаруа шаруашылығын әлсіретті. Помещиктің жерге деген феодалдық меншігі, оның шаруаның жеке басын, еңбегі мен мал-мүлкін билеп-төстеу правосы крепостниктік мемлекеттің бүкіл системасымен қолдау тауып отырды.
Россияда езгі отарлық езгімен тығыз астасып отырды. Түзға мемлекеттік монополияның енгізілуі Поволжьенің, Приуралье мен Қазақстанның халқының жағдайына ауыр тиді. Қазақстан территориясында әскери бекіністер шептерінің салынуына көптеген жер алқаптары пайдаланылды.
Шаруалар соғысына орыс емес халықтардың қатысуының себептері мұнымен бірге жергілікті әкімшіліктің жасаған қиянаттары, үкіметтің отарлау саясатының күшеюі, башқұрт, қаэақ, қалмақ қоғамдарынын ішінде жекелеген феодалдық тonтap мен еңбекші шаруалар арасындағы күрестің шиеленісуі болды.
Крепостниктік қанаудың күшеюі, помещиктердің қатал озбырлығы шаруаларды өз езушілеріне өшіктіріп, оны күреске көтеріп отырды. XVIII ғасырдың 60-шы жылдарында шаруалар көтерілістері Россияның едәуір бөлігін қамтыды.
Крепостной шаруалардық толқулары Урал заводтарындағы «жұмыскер адамдардың» бас көтерулерімен ұштасып отырды. Еңбектің каторгалық жағдайлары «жұмыскер адамдарды» талай рет завод иесі - феодалдарға қарсы күреске мәжбүр етті; олар заводтардан қашып кетіп, жұмыс істеуден бас тартып жүрді.
Россияның шет аймақтарының езілген халықтары да феодалдық-крепостниктік праволық тәртіпке қарсы күресті. Олардың бас көтерулері әр алуан формада болды.
60-шы жылдардың аяғында - 70-ші жылдардың басында шаруалар қозғалысы Жайықты қамтыды.
XVIII ғасырда Жайық казактарында мүлік теңсіздігі күшейді. Қарапайым казактардың арасында қашқын крепостнойлар көп болды. 1740 жылғы санақ бойынша қамалдардың гарнизондарындағы казактардың арасында ғана 2 мыңнан астам қашқын шаруалар бар болып шықты. Осымен бір мезгілде ауқатты орыс-казактардың байлығы мен ықпалы да өсті, 1762 жылы Жайық қалашығында 3300 казак болып, олардың 500-і үйлі-жайлы деп аталатындар (ауқаттылар) болды. Олардық меншігінде балық аулайтын және шабындық өңірлері, үйір-үйір жылқысы мен табын-табын малы болды, казактардың кедей бөлігін қанап отырды.
Әскер старшиналары, ауқатты казактар өздерінің артықшылықтарын қиянатпен пайдаланды. Жайыққа кашып келгендерді олар көбіне казак сословиесіне қоспай, өздерінің батрактарына айналдырып отырды. Қатардағы казактарға ішім-жемінің ақшасы мен жалақысы төленбеді. Осының бәрі төменгі казактардың наразылығын туғызып, олар 1772 жылы көтеріліс жасады. Көтерілісті патша әскерлері басып-жанықтады.
Бұл кезде елде III Петр патша шаруаларға бейне бостандық берген екен, бірақ помещиктер оны халықтан жасырып, патшаны өлтіруге әрекеттенген екен деген лақаптар тарады. Елдің әр түрлі аудандарында өздерін III Петр деп атаған жалған ат жамылушылар шықты.
Шаруалардың феодалдық-крепостниктік езгіге қарсы күресі 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына ұласты. Крепостнойлыққа қарсы шаруалар қозғалысына Орал заводтарының «жұмыскер адамдары» да қатысты. Бұлар әрине әлі басшы бола алатын жұмысшы табы емес болатын, бірақ кен-завод жұмысшыларының қатысуы қозғалысқа біршама ұйымдасқан сипат берді.
Поволжьенің Приуральенің, Қазақстанның орыс емес халықтары казактардың, кен-завод жұмысшылары, орыс шаруалары бастаған қозғалыстарын қолдады.
"Қазақтардың Жайық және Орынбор казактарымен өзара қатынастары туралы айтқанда олардың арасында Жайық казактары патша үкіметіне қарсы көтерілген 1772 жылы байқалған кейбір өзгерістерді атап айту қажет. Жайық қалашығында 1772 жылғы көтеріліс қатал басып-жанышталғаннан кейін ауыр халде болған казактар үкіметтік отрядтарға қарсы күресте көмектесу туралы қазақтармен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болған еді.
Қазактар мен Жайық пен Волганың арасында көшіп-қонып жүрген қалмақтардың арасындағы қарым-қатынастар бұрынғысынша күрделі болды. Қазақтардың ерекше ауыр қыстарда малдарын Жайық пен Волганың аралығында қыстатуға деген мүдделілігі қалмақтармен қақтығысуларға себеп болып отырды, ал патша үкіметі бұл қақтығыстарға дем беріп отырды.
Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер де қазақтар үшін қол жетпейтін жер болды, өйткені XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл жерлер орыс помещиктерінің жекелей иеленуіне үлестіріліп берілген болатын. Жағалаудағы өңірде көшіп-қонуға шек қойылуы халық бұқарасының барынша наразылырын туғызды. Пайдалануға тыйым салынған жерлер Елек ауданында да болды. Мұнда Елек бекінісін салуға байланысты толқулар басталды. Әскери шептер салу патша үкіметіне XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Орта жүз қазақтарының жер жөнінен шектелуін заңдастырған алғашқы юридикалық актілер қабылдауына мүмкіндік берді.
1755 жылы 6 мартта Сыртқы істер коллегиясы бригадир Крофтқа қазақтарды «Ертіс өзенінің бергі жағына олардың бұлай етіп дағдыланбауы үшін өткізбеуге» нұсқау берді. 1764 жылдан бастап қазақтарға Ертістен 10 шақырым жырақ жерде ғана және салынып жатқан қамалдар мен алғы бекіністерден 30 шақырым жырақ жерде ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді.
Рас, феодалдық шонжарлармен тату қатынастарын сақтау үшін патша әкімшілігі олардың Ертістен өз малдарын өз еркімен айдап өткен еркіндіктерін кешіріп отырды. Алайда жағдайлары 50-ші жылдардан бастап күрт нашарлаған көшпенділердің негізгі бұқарасы үшін үкімет ешқандай жеңілдіктер жасамады. Әскери бекіністер салынғаннан кейін Ертістің оң жағалауындағы жайылымдарынан айырылып қалған қарапайым қазақтар сол жағалаудағы жайылымдарын да толық пайдалана алмады, өйткені патша үкіметі «көршілерді жуасыту» үшін құрған Сібір казактарымен де қарым-қатынастары күрделі жағдайда болатын.
Сөйтіп, жер туралы мәселе қазақтардың шаруалар соғысына қатысуына негізгі себептердің бірі болды.
Көтерілістің басшысы Емельян Иванович Пугачев Дон казактарынан шыққан еді, ол Жеті жылдық соғысқа, ал кейін орыс-түрік соғыстарына қатысып, мұнда батылдық пен ерлік көрсеткен болатын; қызметінде ол хорунжий шенін алған болатын. 1762 жылы ол семьясына оралған еді. Донда крепостниктік тәртіптерге қарсылығы үшін бірнеше рет тұтқындалып, қуғындалып жүрді. Талай жыл босып жүріп, 1773 жылдың жазында Е. И. Пугачев Жайыққа келіп жасырынып жүрді.
III Петр патшаның келгендігі туралы лақаптар бүкіл Жайыққа тарады; жергілікті казактар онымен байланыс орнатты. 1772 жылғы көтеріліс қатал басып-жанышталғаннан кейін Жайық казактары өш алғысы келіп жүрген болатын. Олар құпия түрде Е. И. Пугачевтің төңірегіне жиналып, қалыптасқан жағдайдан шығудың амалын іздеді. Пугачевтің алрашқы серіктерінің арасында казактар Зарубин-Чика, Т. Мясников, М. Шигаев, И. Почиталин, Б. Караваев және басқалар болды. Олар Пугачевтің қатардағы казак екенін білетін, бірақ оны III Петр патша деумен болды.
Е. И. Пугачев жағдайды тез бағдарлап алып, казактарға өз праволарыңды қалпына келтіремін деп уәде берді де, «қыран бүркіттің қанатын қомдауына көмектесуді» сұрады.
1773 жылы 16 сентябрьде Толкачев хуторында (Жайық қалашығының оңтүстігіне таман 100 км жерде) шағын отряд жиналып, оның саны ертеңіне 80 адамға дейін көбейді. Е. И. Пугачев олардан ант қабылдады: шаруалар мен казактар «III Петр әміршімізге адалмыз деп» ант берді.
1773 жылғы 17 сентябрьде Е. И. Пугачевтің отряды Жайық қалашығына аттанды. Жайықтағы көтеріліс осылай басталып, ол Поволжьенің, Уралдың, Батыс және Солтүстік-Батыс Қазақстанның ұлан-ғайыр жерлерін қамтыған шаруалар соғысына тез арада ұласты.
Қазақ халқы көтеріліс жасағандардың Жайықтағы іс-қимылдарына зор ынтамен қарады. Е. И. Пугачевтің манифесімен танысқаннан кейін батыс аудандардың қазақтары көтерілісшілерге деген өздерінің көзқарастарын тиянақтады. Пугачевтің қззақтарға арналған неғұрлым ертедегі манифесі 1773 жылы 20 сентябрьде шықты. Мұнда ол «күлтелемей, адалынан жер, су, жем-шөп, мылтық, азық-түлік, өзендер, тұз бен астық, қорғасын беремін, бастан-аяқ киіндіремін. Менің адал қызметкерлерім мен әскерлеріме былай деп жариялансын: маған ден қойғандарының барлығы еріктісі болсын, еріксізі болсын ерік алады, әскерлеріңіз маған қарсы шықпасын, ешкімге жәбірлетпеймін, олар да ұлы әміршісі маған осындай ыждаһатымен қызмет көрсетсін» деп уәде берді.
Царицинге өту қаупі өте зор болғаны сонша, П. Кречетников қаланы қорғау үшін полковник Греков бастаған 1000 Дон казагын шақыртты және Астрахань мен Царициндегі ген. майор Потаповтың, полковниктер Брынка мен фон Дицтің әскерлерін жауынгерлік әзірлікке келтіру керек деп ескертті.
Жергілікті жерлердегі ұсақ бекіністер командирлерінің (Н. Бородиннің, Симоновтың және басқаларының) көптеген өтініштерінің негізінде үкіметтік Сенат декабрьдің басында гарнизондарды күшті қамалдарға әкетуге рұқсат берді. Жаңа жылға қарай шағын отрядтар Жаманқала, Зеленов алғы шептерін, Гурьев бекінісін тағдырдың тәлкегіне қалдырып кетті. Төменгі Жайық шебінің өне бойындағы гарнизондардың жағдайы ауыр болғаны соншалық, 1773 жылы 20 декабрьде Симонов Сенаттан едәуір көмек сұрауға мәжбүр болды. Сенаттың шешімі бойынша Жайық қалашығында пикет қоюға және бүкіл Төменгі Жайық шебін күшейту үшін 300 адам жіберілді. Қоршаудағы Орынбордың өзіне де әскер қажет болғанымен, Кіші жүздегі толқулардың одан әрі күшею қаупі болғандықтан көмектесуге тура келді.
1773 жылдың күзінде Жайық өңірі қазақ отрядтарының бақылауында болды. Жергілікті әскерлердің оларға елеулі қарсылық жасауға шамалары келмеді, ал патша үкіметі алғашқы саны аз жазалау экспедицияларын тек 1773 жылы декабрьде ғана аттандыра алды. Бірақ тіпті бұл шара да Қазақ даласындағы жағдайды айтарлықтай өзгертпеді. Жергілікті өкімет орындары өздерінің дәрменсіздігін мойындауға мәжбүр болды да, губернатор Рейнсдорпқа қазақ феодалдарымен жазысқан хаттарында және қазақ ауылдарының халқына арнаған сөздерінде бос қорқытулармен шектелу ғана қалды.
Қазақ отрядтарының 1773 жылдың күзіндегі дербес қимылдарын қорыта келгенде, ішінара жағдайлары болмаса негізінен Төменгі Жайық және Жоғарғы Жайық шептерінің бойындағы әскери бекіністерге қарай аттанған және гарнизон нысаналылығын атап айтуға болады. Бұлардың бұған дейінгі жылдардағы «шекара бойындағы барымтадан» өзгешелігі осы болды. Атап айтатын бір жай, бұл қимылдарға ірі қазақ феодалдары қатысқан жоқ, олар көбінесе аңду позициясын ұстанды.
Көтерілісшілердің Кіші жүз қазақтарымен байланыс орнату инициативасы Е. И. Пугачевтікі болды. Көтерілісті әзірлей отырып ол ру басылары, сұлтандар мен хандар арқылы қазақтардың арасында да көтеріліс шығаруға әрекеттенді. Көшпелі қоғамда патриархаттық-рулық дәстүрлердің барын білетін және олардың ықпалын ескерген ол қырдың билеушілері арқылы халықтың қолдауына жету оңайырақ болады деп сенді. Бірақ оның қазақ феодалдарымен байланыстары шектеулі болды. Түпнұсқадағы деректерге көтеріліс басшысының Нұралы ханмен, Досалы сұлтанның семьясымен және ішінара Айшуақ сұлтанмен жеке байланыстарының болғаны көрсетілген.
Көтерілісшілер көсемінің Нұралымен алғашқы кездесуі 1773 жылғы 10 сентябрь шамасында болды. Тегінде Е. И. Пугачев бұл кездесуге көтерілісшілер отрядының көтеріліс қарсаңында жасырынып жатқан Усиха өзені бойындағы лагерьден барған болуы керек (көтеріліс 16-17 сентябрьде Толкачев хуторларында басталды) . Бұл уақытта Нұралы ханның қонысы көтерілісшілер лагерінің жанында, Жайықтың сол жақ жағасынан не бары үш шақырым жерде ғана тұрған еді. Екі жақ та құпиялылықты сақтап, кездесу жұртқа жария болып кетпеуі үшін жасырын өтті. Астрахань губернаторының тапсырмасымен Нұралы ханда тілмаш болған Толкачевтің документі («ертегісі») сақталған.
Толкачев Кіші жүздің халқымен әңгімелесті. Оның ханның жақын адамы Орман деген қазақпен әңгімелесуі ерекше назар аудартады; Орман Е. И. Пугачевтің Нұралы ханда болғанын өз көзімен көрген және оның сыртқы келбетін «бурлакқа ұқсаған, тозған қара шекпені, қалпағы бар, шабата киген, өңі қара торы, қоңыр сақалы бар, орта жастағы адам» деп сипаттап берген.
Бұл бірінші кездесуге Е. И. Пугачев Нұралы ханның ауылына Жайықтың 20 казагымен келді. Өзінің атын әдейі жасырып, ол Жайық казактарын көтерместен бұрын қазақтардың қолдауына жетіп алмақ болып, келіссөздер жүргізуді атаманға тапсырды. Е. И. Пугачев пен оның серіктері ауылда бірнеше күн болып, екі киіз үйде тұрды, оларға хан күн сайын қой мен қымыз жіберіп тұрды. Ханның ауылынан кеткеннен кейін Пугачев біраз уақыттан соң оған екі адамын жіберді. Өкілдері арқылы ол ханнан қайталап көмек сұрады, отряд қосып ұлдарының біреуін жіберуді өтініп, өзіне «Қазаннан, Самарадан және басқа жерлерден көмек келе жатыр» деп сендірді.
Хан өз ауылында «император III Петрдің» шын болғанын анықтау үшін және оқиғалардың өрістеу барысын қадағалау ушін Пугачевтің адамдарымен Қазан татары Зәбір молданы бірге жіберді. Кездесу Жоғарғы Богдан қамалының маңындағы Көшім қойнауында болды. Зәбір молда тарту-таралғыны табыс етіп, өзінің «бас июге, ал одан кейін сізді көруге, Москва мен Петербургте болып, патша ағзамды көруге» жіберілгенін хабарлады. Пугачев молданың сөзіне жіті назар аударып, олардың арасында мынадай әңгіме болды: «He, менің патша ағзам екенімді енді білдің бе? - Қалай білмеймін? Сенің патша ағзам екеніңді білдім. Мірәлі1 хан сіздің ұлы мәртебеңізден өзіне хат жаздырып әкелуді бұйырды».
Зәбір молданың Е. И. Пугачевпен кездесуі туралы 1774 жылы 4 ноябрьде тергеуде Жайық қалашығында казак Шкваркин хабарлады. Оның мәлімдеуі бойынша, Нұралы хан Пугачев оның көмегінен гөрі «менің сондай даңқтылығым, маған Ордалар да бағынып жатыр» деген атақ үшін қажет болды дейді.
Қайтып келгеннен кейін Зәбір молда көргенін ханға айтып, сентябрьдің басында Нұралының ауылына бурлак болып келген шын мәнінде көтерілісшілердің басшысы екендігін айтты. Мұның өзі «жоғарыда айтылған атаманның қасында болған ескі киім киген бурлак, әрине жалған ат жамылушының өзі болғандығына» ханның көзін жеткізді. Бірінші кездесуінде Пугачев ханға құпия келген еді, ал 1773 жылы декабрьде екінші келуінде ол хан ауылына нағыз императорға лайық болып келді; оның қасында көп ұлтты үлкен отряды болды, осы арқылы ол Кіші жүздің билеушісін өз жағына біржолата ойыстырып аламын деп сенді.
Түпнұсқаулар Е. И. Пугачевтің Нұралыға екі хат жолдағанын хабарлайды. Пугачевтің ханмен хат алысуын тек феодал шонжарлармен ғана шарт жасасуға әрекеттенуі деп қана қарамай, мұның өзі, оның үстіне қазақ ауылдарындағы халық бұқарасына кеңінен сөз салу мүмкіндігі де болатын.
Е. И. Пугачевтің Нұралы ханды өз жағына ойыстырмақ әрекеті нәтижесіз болды. Осыдан кейін Е. И. Пугачев сұлтандарға, ру басылары мен халыққа сөз салды. Алдыңғылардың бірі болып Досалы сұлтан үн қосты. Ол Қобда мен Елек аралығындағы өңірді мекендеген қазақ руларын басқаратын еді. Досалымен жекелей келіссөздерінде Е. И. Пугачев сұлтан мүдделі болған екі мәселеге айрықша назар аударды: бұлардың біpi соғыс жорықтары есебінен баю және Нұралы ханды түсіру арқылы Кіші жүзде бірінші болып өз жағдайын нығайту еді. Досалы сұлтанның көтерілісшілерді өз басының қамы үшін қолдағаны күмән тудырмайды.
Көтерілісшілердің Қазақ даласын қамтыған іс-әрекеті аудандарын ұлғайту үшін Е. И. Пугачев Төменгі Жайықтағы алғы шептеріне шағын отрядтар жіберуді тапсырды, бұл орайда ол Төменгі Жайық бекіністері тарапынан Жайық қалашығына көмек берілуін тоқтату қажеттігін ескерді. Москвадағы тергеуде Пугачев Төменгі Жайық бекіністері ауданына барған экспедицияның жоспарлары жайлы айтып берді. Шағын отрядты басқарған атаман М. Толкачев пен татар А. Таңғаев мынадай тапсырма алды: бірінші Төменгі Жайық казактарының, ал екіншісі қазақтардың жәрдемдесуіне жетуге тиіс болды. «Ал Толкачев қазақтарды жинап, Тангаич қырғыздарды әкелгенде, олар Жайық қалашығын шабуылдайтын еді».
Нұралы ханға барған сапары сәтсіз болғаннан кейін Таңғаев пен Толкачевтің отряды екі бөлінді. Атаман «Жайықтың бойымен жоғары өрлеп Кулагиндегі Атақан алдыңғы бекініс шебіне оралды да, әр жерлерден 1000 адамға жуық Жайық казактарын және бірнеше зеңбірек жинап алды. А. Таңғаев Досалы сұлтанның ауылына бара жатқанда Мерген алдыңғы бекініс шебінде есауыл Кочемасовтың отрядының қолына түсіп қалды. 25 казактың қоршауында оны Жайық қалашығына айдады, бірақ ол бұл казактарды өз жағына қаратып алып, аман-есен Досалы сұлтанның ауылына жетті. Осы жерден А. Таңғаев Досалының баласы Мырзалы сұлтан бастаған қазақтардың отрядымен Кулагинск қамалына аттанды. Декабрьдің аяғында өздерінің күштерін біріктіріп А. Таңғаев пен М. Толкачев Кулагинск қамалын, Төменгі Жайық алдыңғы бекініс шебін алды да, Жайық қалашығына аттанды. Комендант Симоновтың тапсырмасы бойынша старшина Мостовщиков бастаған 80 казак көтерілісшілердің жолын бөгеуге әрекеттенді, бірақ 1773 жылы 29 декабрьде талқандалды.
Толкачев пен А. Таңғаевтың Төменгі Жайық алдыңғы бекініс шептері мен Кулагинск қамалындағы сәтті әрекеттерінен кейін Е. И. Пугачев болған оқиғалар туралы рапорт алып, Жайық қалашығына шабуыл жасауға ұйғарды. Бұған семьялары осы қалашықта қалған Жайық казактары да мүдделі болған еді. Жеңген жағдайда көтерілісшілердің қолына губерниядағы стратегиялық мақызы жағынан екінші пункт түсетін еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz