Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері2

2. Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы3

3. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі7

Қолданылған әдебиеттер19

Қазан төңкерісі, кеңес өкіметінің орнауы

1. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері

Петроградта 1917 жылғы қазан айында Ленин бастаған төңкерістік күштер жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Кеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді ғана емес, дүние жүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл оқиға бүкіл елде, Ресейдің орталық аудандарында, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтағы мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, оның соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деген үмітте болды. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.

2. Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы

Бұл Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатындығын жұрт алдында мәлімдеуіне себеп болды. Ол үш мәселені атап көрсетті: « . . . Кадет партиясы жерді меншік етіп бергенді жөн көрді. Біздің қазақ жерді меншік етіп алса, башқұрттарша көбі мұжыққа сатып, біраз жылда сытылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық . . . Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған болады. Мұны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жолдың айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім».

Қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайда, дүниенің тез өзгеріп жатқанын және саяси күштердің бағыт ұстану процесінің шапшаңдай түскенін ескеріп, жалпықазақтық сьезд өткізуді жылдамдатуға шешім қабылдады.

Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдері қатысқан бірінші жалпықазақтық сьез Орынбор қаласында 1917 ж. 21-26 шілдеде өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік; бүкілресейлік мұсылман сьезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер еді.

Делегаттар ұлттық автономия проблемасына, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға басты назар аударды.

Съезд басталардан бір ай бұрын-ақ «Қазақ» газетінің беттерінде автономия мәселесі жөнінде әр түрлі көзқарастар айтылған бірқатар мақалалар жарияланды. Оларда: Егер автономияның қажеттігі мүлде айқын десек, онда қазақтар үшін қандай формасы неғұрлым ыңғайлы болады - мемлекеттік автономия ма немесе федеративтік автономия ма? Егер біз регионалдық автономия формасына жетсек, онда оның негізі не болады - территория ма немесе мәдениеттің ерекшелігі ме, әлде ұлттың ерекшелігі ме? Қазақтар тәуелсіздікке өз бетімен талаптана ала ма, әлде оған басқа халықтармен бір одақта қол жеткізе ме. - деген сұрақтар қойылды, бірақ оларға тиянақты жауап берілмеді.

А. Байтұрсынов пен М. Дулатов тәуелсіз автономиялы қазақ мемлекетін құруды жақтады. Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Ресей республикасындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болғанын ұнатты. Осы пікірді делегаттардың көпшілігі қолдады. «Қазақ облыстары, - деп көрсетілді съезд қарарында, - территориялды-ұлттық автономияны . . . алуға тиіс».

Съезд жұмысындағы өзекті мәселе - жер мәселесі болды. Осы мәселеге байланысты съезд қарарының негізгі желісі мынаған сайды: қазақ қоғамы жерінің тартып алынуы тиылады, конфискеленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аудару басқармаларының әлі бөлініп үлгірілмеген жер учаскелері дәстүрлі пайдаланылуы үшін қазақ қауымдарына қайтарылады; ценз енгізу негізінде далаға көшіп келу тоқтатылады ж. т. б.

Съезд Құрылтай жиналысына дайындық мәселесін талқылады, депутаттыққа кандидаттар тізіміне 81 адам - Қазақстанның барлық аймақтарының, сондай-ақ Бұқарадағы, Ферғанадағы және Хиуадағы қазақ қауымдарының, өкілдері енгізілді. Олардың арасында «Қазақ» газетінің басшылары, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының жетекшілері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, аймақтар жетекшілері: Ә. Ермеков, X. Ғаббасов (Семей), Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов (Батыс Қазақстан), М. Тынышпаев (Жетісу), М. Шоқаев, С. Асфендияров (Түркістан өлкесі) болды. Кандидаттар арасында сондай-ақ орыс ғалымы Г. Потанин мен саяси қайраткері В. Чайкин жүрді.

Съездің шешімдеріне «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интеллигенттері күшті ықпал жасады. Осының арқасында мұсылман діндарларының қазақ халқына ықпал ету мүмкіндіктері азайды: олардың редакцияшыл соттары жойылды, олардың орнына құқықтық құрылымдар енгізуге тиіс болды, әйелдер еркектермен бірдей құқыққа ие болуы керек деп саналды, қалымға тиым салынды. Білім алу міндетті іс деп табылды және оны іске асыру азаматтық өкіметке жүктелетін болды.

Осымен қатар сьезд шешімдері Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Закаспий облысының қазақ аудандарындағы мұсылмандарды басқару үшін Орынборда тәуелсіз муфтилік құру керектігін ескерді.

Бүкілқазақтық бірінші съезд шын мәнінде қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаштың» съезі болып айқындалды. Оның шешімінде: «Қазақ партиясын құрудың қажет екенін мойындай отырып, съез бүкіл-ресейлік мұсылмандар кеңесіндегі қазақтардан барған өкілдерге осы партияның бағдарламасын жасауды тапсырады, соның өзінде бұл саяси бағдарламаның негізіне демократиялық федеративтік парламенттік Республиканы талап ету (Ресейде құру) алынуға тиіс». - деп жазылды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері «Алаш» партиясының жетекшілері болды. Бұл либералды байлар мен ұсақ буржуазиялық демократияның партиясы еді.

«Алаш» партиясына сондай-ақ ғылми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері: М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, X. Ғаббасов, Ә. Ермеков, Ж. және X. Досмұхамедовтар ж, . б. кірді. Бұлардың басым көпшілігі 1917 ж. жазында қалыптасқан жағдайда, тұтасынан алғанда қазақ қоғамы оған дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдамады. Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету» ұраны төңірегіне топтасты.

Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатын-болмайтыны жөнінде мәселелер ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т. б. басқарды.

3. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес те жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә. Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобозев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкөтов, Бәкен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Аманкелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлердің шығуы, еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбақиев, В. Зинченко, П. Басов, И. Дубинин тағы да басқа ондаған азаматтардың ат салысуы төңкерістің Қазақстанда да жеңуіне жол салды.

Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті Кеңестер большевиктер жағына бүтіндей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей облысында болды. Бірақ төңкерістің қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.

Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (12 қарашада) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан, ірі темір жол станциясы болатын.

Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша, желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12 қарашада төңкерістік Уақытша комитет құрылды, оның құрамына Р. Ыдырысов, Я. Побелянский, Қ. Сүтішев, П. Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейіннен Кеңесті басқаруды өз қолына алды. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті.

1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі үлес қосты.

Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда төңкеріс толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап майданнан қайтқандар мен еліміздің басқа аудандарынан келген төңкеріс идеясын қолдаушылардың қосқан елеулі үлесі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбақиев сияқты жергілікті халықтардың өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, Әскери-төңкеріс комитетін құрды.

Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда Әскери-төңкеріс комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары мен екінші қазақ-орыс полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп, «әскери өкіметтің» тірегі болған қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты т. б. маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.

Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде Уақытта үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік, әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары Кеңестері арқылы жұмысшы, шаруалардың қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан қалаларында құрылған төңкерістік комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің Кеңестердің қолына өткендігін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндетін Кеңестерге беріп, тарап кетті.

Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі Кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте Кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесі қалалық басқарманы Кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық Кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, Уақытша үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған Кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлары Кеңесі азық-түлік басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа) Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің қайта құру шараларын іске асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен, Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық, қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде (Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан) олар Кеңестердің қарамағына көшті.

Ескі мемлекеттік аппаратты қирату, отарлау саясатына берілген алғашқы соққы болды. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп, қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік Республикасының тең құқықты азаматы болды.

Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ Кейбір жерлерде Орталықтары сияқты Халық Комиссарлары Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілістерінде қаралып отырды.

Ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша мемлекетке астық сатудан бас тартты, нанның бағасы қымбаттады, кәсіп иелері зауыт, фабрикаларды, кен рудниктерін жауып жұмысшыларға Кеңес заңдары бойынша еңбекақы төлеуден бас тартты. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Осының бәрі уездік Кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту кажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.

Облыстық уездік, болыстық Кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Төңкеріске қарсылармен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек ағарту, денсаулық сақтау т. б. бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезінде ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп кеткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.

РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы «Сот туралы» жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.

1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1-мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей облысы Астрахань губерниясына қарады.

Кеңес өкіметі ішкі және тысқы жаулардан қорғану үшін Кеңес республикасының қарулы күштерін құру мәселесіне көңіл бөлді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден құрылды. Қазақстанда облыстық, уездік Кеңестер жанынан әскери комиссариаттар, әскери бөлімдер, қызыл әскер штабтары құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне үйретумен шұғылданды.

Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір-бірімен байланыс нашар еді. Олардағы жағдай түзеуді қажет етті. Шетел басқыншылығы, ішкі-тысқы жаулармен күрес кезінде әскер бөлімдерін құруда еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізу, әскер бөлімдерін темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек болды. Солай істелді де, әскер құрамында ұлттық әскер құрамалары, оның ішінде қазақ жастарынан құрылған бөлімдер болды.

Кеңес өкіметінің жарлықтары негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне алынды. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастұз көмір өндірісі, Риддер кеніштері мемлекет қарамағына алынды. Оларда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс пен өнімді бөлуді бақылауға алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына көмек көрсету, әйелдер мен жас өспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен шұғылданды. Кеңес орындарымен тығыз қарым-қатынас жасап отырды.

Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеумен монастырлардың, помещиктердің, казактардың (казак-орыстардың), патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ, қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан-1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.

Екінші кезең-1918 жылдың жазынан-1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Оны іске асыратын нұсқаушылар дайындалды. Теңгермешілік негізінде жерді шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясы және Алашорда автономиясы
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Қазақстандағы азамат соғысы және қазақ зиялыларының ұстанымы.
Қазақ саяси партиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz