ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖОСПАР
I. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 3
1.1. Қарахан мемлекетінің құрылуы. 3
1.2. Мауараннахрды жаулап алу. 5
1.3. Қарахан мемлекетінің соғыстары мен ыдырауы. 6
2. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ЖЕР ИЕЛЕНУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ФЕОДАЛДЫҚ ИНСТИТУТТАРЫ 9
2.1. Шаруашылығы 9
2.2. Жер иелену формалары. Иқта. 10
3. САЯСИ ҚҰРЫЛЫСЫ 13
3.1. Жалпы сипаттамасы 13
3.2. Өкімет ұйымы 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
I. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.
I мың жылдықтың аяғында — II мық жылдықтың басында Қазақстан
территориясында өндіргіш күштер мен феодалдық қатынастардың дамуы жақа
кезенге аяқ басты; нығайған этникалық процестер бұрынғыға қарағанда
айқынырақ көрінді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен
суармалы жерге ірге тепкен отырықшы егіншілік сияқты тарихи қалыптасқан
шаруашылық-мәдени типтердің өзара әрекеті, ежелгі қазақ территориясының
ішінде және шекаралас елдермен сауда қатынастарының ұлғаюы, көшпелі және
жартылай көшпелі халықтың бір бөлігінің отырықшылыққа көшуі, қалалар мен
қолөнер өндірісінің өсуі ортағасырлық Қазақстанның қоғамдық және саяси
құрылысын айтарлықтай өзгерістерге жеткізді. Алайда, орасан зор
территориядағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқыны, археологиялық және
жазба деректемелердің көрсететініндей, бірдей болмады; бұл қарқын орталық,
солтүстік-Шығыс немесе батыс аудандарға қарағанда оңтүстік және оңтүстік-
Шығыс аудандарда жоғары болды. Бұл, ең алдымен, экологиялық факторлармен,
оңтүстік және оңтүстік-Шығыста отырықшылық пен егіншіліктіқ тарауына
қолайлы әсер еткен табиғи-географиялық жағдайлардың ерекшеліктерімен,
сондай-ақ Орта Азиямен көптен бері болған экономикалық қатынастармен
байланысты еді, бұған осы жерлерден өтетін халықаралық сауда жолдары
кемектесті. Ал Қазақстан территориясының орталық, солтүстік-Шығыс және
батыс далалық аймағында бұдан бұрынғы ғасырлардан сабақтаса сақталып келген
экетенсивті мал шаруашылығы үстем болды.
X ғасырдың орта шенінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның
(Қашғардың) бір бөлігінде феодалдық құрылымы біршама дамыған, өзінен
бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи
түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан мемлекеті
тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде
сақталмаған дерлік осы мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық
атрибуциясы да әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар
туралы әңгімелер жартылай аныз сипатында болып келеді.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ
конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды, бұл конфедерацияға
қарлұқтармен бірге чигил мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі
қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оқтүстікке таман мекендеді. Кейінірек
XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман — Іле өзенінің алқабында өмір
сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген
чигилдер қоныстанды. Чигилдер Тараз маңында, Құяста, Барсханның сыртында,
Чигил мекенінде және т. б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ
болды.
Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испид-жабқа дейінгі
және Шығыста Қашғарға дейінгі ұланғайыр территорияда болған саяси
оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.
Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұктардың, чигилдердің,
яғмалардың Саманиларға қарсы, сондай-ақ Шығыстан дүркін-дүркін шабуыл
жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан
территориясының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының
этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар
басты роль атқарды. 840 жылы қарлұқ бастаушысы, Испиджабты билеуші Білге
Күл Қадыр-хан қаған атағын қабылдап, жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын
мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилар Испиджабты бағындырды. Білге Күл Қадыр-
хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік үшін күресте оның екі баласы суырылып
шықты: Базыр Арслан-хан Баласагұнды, ал Оғүлшақ Қадыр-хан Таразды билеп
бастады. Таразды Саманид Исмаил ибн Ахмед басып алғаннан кейін (893 жылы)
Оғұлшақ, тегінде, аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек одан 904
жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады.
Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің
негізін салуші деп есептейді. Исламды кабылдап, Саманилерді қолдауын
пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Огұлшакқа қарсы шығып, оны талқандады,
сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағүнда билеүшіні
құлатып, өзін жоғаргы қаған деп жариялады. Қарахан мемлекетінің тарихы осы
уақыттан басталды.
Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы
қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы Қашғар
болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек тегінде Баласағұнды иеленсе
керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген
соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның енші
жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да
билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған
жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі семъяның — Әли Арслан-хан
мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске
толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал
кейін бұл ықпал Хасан (Хасанилерге) ұрпақтарына көшті.
1.2. Мауараннахрды жаулап алу.
Бір кездегі Саманилердің қуатты державасы X ғасырдың екінші жартысында
өз ішіндегі әлеуметтік қарама-қайшылықтармен, феодалдық топтардың өзара
қырқысқан жанжалдарымен титықтап, құлдырау халіне жетті. Диқан ақсүйектері
мен мұсылман дін басылары орталық өкіметке қарсы шықты да, оларды түрік
гвардиясының (ғұлямдар) қолбасшылары да қолдай бастады.
Саманилер державасының бір кездегі күш-қуаты Нұх ибн Мансұр (977—999)
билеген тұтас феодалдық ұрыс-таластармен ерекше ойсырай әлсіреді. 990 жылы
Саманилер әмірлерінің бүліктерін және олардың өкіметінің әлсіреуін
пайдаланған Хасан (Харун) Боғра-хан Испиджабты басып алды. Қарахан әскері
мұнда ешқандай дерлік қарсылыққа кездеспеді, ал әскердің қалаға келуін
жергілікті шонжарлар құптаған ниетпен қарсы алды. Екі жыл өткен соң
Қарахандар Саманилердің астанасы Бұхараны алды. Алайда көп кешікпей Хасан
Боғра-хан Бұхараны, сондай-ақ өзі алған Самарқандты тастап Жетісуға кетуге
мәжбүр болды. Қарахан армиясының Мауараннахрдан шегінуіне, бәрінен де гөрі
Жент ауданында тұрған және Нұх ибн Мансұрға көмектескен тайпалар тарапынан
шабуыл жасалу қатері себеп болды.
Мауараннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылық
желікпесін баса қоймады. Нақ сол 992 жылы Хасанның баласы Жүсіп Қадыр-хан
Қотанды басып алды. Бірақ Қарахандардың негізгі әскери-саяси ұмтылыстары
Мауараннахрды көздеді. 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр Саманилерге жаңа
жорық жасады. Қарахандарға қарсы тұратын күші болмаған Нұх ибн Мансұр
өзінің газневилік вассалы Себұқ-тегіннен көмек сұрады. Алайда Себұқ-тегін
Қарахандармен бітім жасасты; бұл бітім бойынша бүкіл Сырдария өңірі
Қарахандар билігінде қалды, ал Амудариядан оңтүстікке таман жатқан жерлер
Газневилерге көшті. Самани мен Қарахан мемлекеттері аралығындағы шекара
Самарқандтан солтүстікке таман жатқан Қатуан даласы деп танылды.
X ғасырдың аяғында Самани мемлекетінің ұзаққа созылған драмасының
соңғы актісі болды. 999 жылы Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли Мауараннахрға
бет алды. Халық бұқарасы Самани билеушілерінің тағдырына селқос қарады,
сондықтан ол Саманилердің астанасы Бұхараны оп-оңай басып алды. Нұх ибн
Мансұрдың баласы Абд әл-Мәлік Самани әулетінің басқа да мүшелері Үзкентте
тұтқынға қамалды. Қарахандарға қарсы күресті Саманилердің соңғы әмірі Абд
әл-Мәліктің інісі Әбу Ибраһим Исмаил (лақап аты әл-Мұнтасыр) одан әрі
жүргізді. Өзінің ата-бабаларының тағын қайтаруға тырысқан әрекеттерінде ол
Газневи билеушілерінен көмек сұрады.
Мауараннахр үшін болған күреске бастапқыда Саманилерді қолдаған оғыз
тайпалары да (салжұқтар) араласты. Салжұқ тайпаларының отаны Сырдарияның
орта ағысы өңірі болатын. Осында Сығанақ ауданы мен Қаратаудың баурайын
мекендеген оғыздардан тұратын олардың негізгі тобы қалыптасты. Салжұқ
топтарының көсемдері мен оғыз жабғуларының арасындағы жайылымдық жерлер
үшін болған қақтығыс X ғасырдың орта шенінде салжұқтарды Сырдарияның орта
бойынан кетуге мәжбүр етті. Салжұқ тайпаларының бір бөлегі 80-ші жылдардың
аяғында Жентті алды да, Сырдарияның төменгі бойына қоныстанды, енді бір
бөлегі Самарқанд пен Бұхара маңындағы қырда қоныс тепті.
Әбу Ибраһим Исмаил мен Салжұқ жасақтарының біріккен күштері
Қарахандарды жеңген 1004 жылғы Самарқанд түбіндегі шайқастағы жеңіске
қарамастан Саманилер Мауараннахрдағы өздерінің өкіметін сақтап қала алмады.
Салжұқ қолбасшылары мен соғды Саманид арасындағы одақ уақытша ғана одақ
болды. Салжұқ көсемдерінің біреулері Қарахандарға қарсы күресе бергілері
келсе, басқалары олармен жақындасудың жолын іздестірді.
1005 жылы Әбу Ибраһим опат болғаннан кейін Мауараннахр Қарахандар
қолына түпкілікті көшті. Саманилер державасы Қарахандар мен Газневилер
арасында бөліске түсті де, шекара Амудария бойымен өтті.
1.3. Қарахан мемлекетінің соғыстары мен ыдырауы.
Жер үлесі жүйесінде негізі қаланған Қарахан мемлекеті Шығыс және батыс
иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан Шығыс иелігіне, Мауараннахр
батыс иелігіне кірді; Шығыс иелігінің саяси орталығы Баласұғұнға жақын
маңдағы Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс иелігінің
орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке
мемлекетке—Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғасырдың басында Туран-хан билеп
тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды
(араб тілдеріндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Қотанды иеленді деп
көрсетілген). 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Туран-ханды Қашғардан тықсырып,
қаланы өзі иемденді.
10І7—1018 жылдары Жетісу Шығыстан Баласағұнға бағыт ұстаған көшпелі
тайпалардың шабуылына ұшырады. Туран-ханға қарсы және ислам елдерін, түрік
елдерін және қалған Мауараннахрды басып алу үшін әскерлер жорыққа
аттанды,—деп жазады әл-Утби. Хан әскерлері басқыншыларға қарсы шықты да,
олардың ізіне үш ай түсіп, жеңіліске ұшыратты. Шайқастан кейін көп ұзамай
Туран-хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Қарахан
мемлекетіндегі бүкіл өкімет билігі соның қолына көшкен болатын.
1026 жылы Шығыс Қараханның басшысы Қадыр-хан, сондай-ақ газневи
сұлтаны Махмұт Қараханның батыс жер үлесін иеленуші Әли-тегінге қарсы
бағытталған әскери келісім жасасты. Әли-тегіннен олар Мауараннахрды тартып
алып, оны Қадыр-хан Жүсіптің баласы Йинал-тегінге бергілері келді. Алайда,
уақытша жеткен табыстарына қарамастан, одақтастар Әли-тегіннің үлесті
жерлерін басып ала алмады.
Қадыр-хан Жүсіптің иелігі 1032 жылы Жетісудан басқа, Испиджаб пен
Тараз өңірлерін және астанасы Қашғар болған Шығыс Түркістанды қамтыды. Ол
өлгеннен кейін Шығыс Түркістан мен Жетісу арсланхан жоғары атағын
қабылдаған үлкен баласы Боғра-тегін Сүлейменге қалды. Тараз бен Испиджабты
Қадыр-ханның екінші баласы боғрахан атағын қабылдаған Яган-тегін Мұхаммед
билей бастады. Олардың екеуі де газневи сұлтаны Махмұдтың баласы Масудпен
байланыс жасады. Олар Әли-тегіннен Мауараннахрды тартып алу және оны Боғра-
ханға әперу әрекеттерін қайта бастады, бірақ бұлар да сәтсіздікке ұшырады.
Мауараннахрды иеленушілер бөлектенуге және дербестікке ұмтылды да,
кейде Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінің басты қағанын өзінің әміршісі
деп мойындамады. XI ғасырдың 40-шы жылдарында саяси аренада Ибраһим ибн
Насыр көрнекті орын алды. Әулеттің ішкі ұрыс-таластарында ол Әли-тегін
балаларына қарсы күресте көп ұзамай табысқа жетіп, тамғаш боғра-хан атағын
қабылдады, сөйтіп 1040 жылы Мауараннахрдың толық билікті қожасы болып алды.
Оның тұсында Қараханды екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанатына
бөлу түпкілікті аяқталды. Ибраһим Тамғаш Боғра-хан Батыс қағанаттың
астанасын Үзкенттен Самарқанға көшіріп, Ферғананы өз иеліктеріне қосып
алды.
Жоғарғы билеуші саналған Арслан-хан Сүлеймен (Шараф-ад-Даула) 1042
жылы, өзіне Қашғар мен Баласағұнды өзіне қалдырып, Шығыс қағанат әулетінің
мүшелері арасында жер бөлінісін жүргізді. Қарахан мемлекетінің бұрын аға,
немесе жоғарғы ханның номиналдық билігінде болып келген дербес және
жартылай тәуелді жер үлестеріне іс жүзіндегі ыдырауының заң тұрғысынан
бекітілуі осылайша жүрді.
Алайда Шығыс қағанаттағы кескілескен күрес тоқтамады. 1056 жылы Яған-
тегін Мұхаммед Боғра-хан өзінің ағасы Арслан-Хан мен оның иелігін
талқандады, кейін мұралану туралы мәселені шешумен байланысты қаскөйліктен
у беріп өлтірілді. Таққа Боғра-ханның баласы Ибраһим отырды, бірақ ол көп
ұзамай Барыс-ханды иеленуші Йинал-тегінге қарсы соғыста өлді. Бұдан кейінгі
Шығыс қағанатта он бес жыл бойы (1059—1074) Қадыр-хан Жүсіптің балалары:
Тоғұрыл-хан мен Боғра-хан Харун билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана
Шығыс қағанатқа біріктірілді, ал екі қағанаттың шекарасы Сырдария өзенінің
бойымен өтті.
Тоғұрыл-ханға оның баласы Тоғұрыл-тегін мұрагер болды, бірақ екі ай
өткеннен кейін Тоғұрыл-тегіннің немере ағасы Боғра-хан Харун (1074—1102)
өкіметті басып алып, Баласағұнды, Қашғар мен Қотанды билеп тұрды.
Боғра-хан билеп тұрған кезде Қарахан мемлекетіне сол уақытта өзінің
жоғары саяси қуаты әбден толысқан Салжұқ мемлекеті тарапынан қатерлі қауіп
төнді. 1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік-шах (1072—1092) үлкен әскермен Батыс
қағанат шекарасына баса-көктеп кіріп, оның астанасы Самарқандты басып алды.
Салжұқ әскері Үзкентке жеткеннен кейін Боғра-хан өзін Мәлік-шахтың вассалы
деп мойындауға мәжбүр болды. Сөйтіп Қарахан мемлекеті Салжұқтардың жоғарғы
өкіметінің қол астына өтті, бірақ олар Қарахан әулеті мүшелерінен өздеріне
қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Нақ осы кезде Тоғұрыл (бәлкім, ол
Тегіннің баласы болса керек) Қашғарды қоршады. Боғра-хан Харун тұтқынға
алынды, бірақ Атбашыны иеленуші Якубтың қолдаушылығы арқасында ол босатылып
жіберілді. Мәлік-шах Якубпен келісім жасап, Үзкенттен кетті.
1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды иеленуші
Қадыр-хан Жабыраил салжұқтардың Орта Азиядары саяси гегемониясына қарсы
шықты. Мауараннахрды басып алып, ол Салжұқтардың иелігіне бет алды, бірақ
Термез түбінде жеңілді де, тұтқынға алынып, жазаланды.
Осы оқиғалардан кейін Салжұқ сұлтаны Санжар Ибраһим Тамғаш-ханның
шөбересі Арслан-ханды (1102—1130 жылдар) Мауараннахрдың билеушісі етіп
тағайындады. Арслан-хан тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның
мемлекеттік өкіметті орталықтандыруға ұмтылуына дін басылары да, ақсүйектер
де, соның ішінде әскери шонжарлар да қарсы шықты. Арслан-хан өзінің баласы
Насырды бірлесіп билеуші етіп тағайындады, бірақ мұсылман дін басылары
қастандық жасап, Насырды өлтірді. Содан Арслан-хан көмекке Санжар-сұлтанды
шақырды, Санжар әскермен Мауараннахрға бет алып, Самарқандты қоршады да,
оны 1130 жылы алды. Ауыр науқаста болған Арслан көп ұзамай Балқыда өлді.
XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи
сахнадан шықты.
Таусылмайтын соғыстар, шапқыншылықтар, алауыздықтар ұланғайыр аймақтың
шаруашылығына, еқбекшілер бұқарасының жағдайына ауыр зардабын тигізді.
2. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ЖЕР ИЕЛЕНУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ФЕОДАЛДЫҚ ИНСТИТУТТАРЫ
2.1. Шаруашылығы
Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-Шығыс және оңтүстік аудандары
халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпеді мал
шаруашылығы болды. Жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірушілер тым шалғай
жерлерге көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды, Ибн әл-Асир былай деп атап
көрсетті: Жетісу түріктерінің кейбір топтары жаз Бұлғар (Волгада) өлкесін
жайлап, қыста Баласағұн өлкесін қыстайды. Мұндай шалғайға көшу, тегінде,
екіталай болса да көшім-қоным жолдары өте ұзақ еді.
Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды, Түріктердегі жылқы
шаруашылығының ролі туралы айта келіп, Жүсіп Баласағұни былай деп жазды:
Олар үйірлеп жылқы бағады. Жылқы тамаққа, сусынға, салт жүруге
пайдаланылады; айғырлар мен биелер, сондай-ақ көлік аттары да түріктерден
келеді. Тамағы қымыз, сүт, май, құрт-ірімшік болып, жүннен киім-кешек пен
үйдегі жасау-жабдығын жасайды.
Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады,
сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара мал өсірді. Сиыр малы негізінен жартылай
отырықшы және отырықшы мал өсірушілерде болды.
Аң аулау жартылай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz