Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қасіретті жылдар4

Қазақстан - лагерьлер өлкесі. 8

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

1930-50-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режим кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режимнің өзіне тән сатысы - экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық республикалардың даму жолын БК(б) П анықтап отырды.

Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала құндылықтарын қалыптастыру үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Тұрғындар сана-сезімін коммунистік партия белгілеген идеологиямен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. Шын мәнінде, кеңестік Қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылыми мекемелер мен мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауда болды. Тоталитарлық жүйе ел халқының қоғамдық, экономикалық және саяси өмірін уысында ұстады.

Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу тәсілі 1930 жылдары барлық елдегі сияқты, халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу саясаты болды. ГУЛАГ (лагерьлер бас басқармасы) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігі болып табылатын. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік биліктің күш көрсетушілік құрылымын барлық жағынан басынан кешірді. Еңбекпен түзеу лагері жүйесі Кеңес өкіметіне қас әлеуметтік және саяси топтар қарсылығын басуға арналған. Тоталитаризмнің нығаюы жағдайында лагерьлік жүйе билік басындағылардың мүддесіне бағынып, оның саяси және экономикалық талаптарына қызмет ете бастады.

Қарлаг, Степлаг, Алжир лагерлері - адам баласының жер бетіндегі тамұғы. Осының қатарында Освенцим, Майданек тәрізді неміс концлагерлерін де атауға болады.

«Алжир» лагеріндегі жап-жас келіншектер Құдайға не жазып еді? Тамұқ отына қақталатындай, қандай күнәсі бар? Терісі сүйегіне жабысып, инеліктей қатқан көгенкөз балалардың кінәсі не?

«Көр азабы - тамұқ» дейді көнекөз қариялар. Ал бұл лагерлер дәл соның өзі. Бұдан өткен көр азабын тарту мүмкін емес. Мұндағы адамдардың арасында алдымен балалар шетінеді, кейіннен аштықтан басқалары да қойдай қырылып өле бастаған. Мұнда тамақ деп аталатын итке де ас болмас атала көже, кебек қосып пісірген нан берілетін.

Қасіретті жылдар

Елде орын алған қуғын-сүргінге көнбегендер насихат апаратының өтірігіне сенбегендер социализм ісіне қарсы шыққандар ретінде айыпталды. Оларға социализмді “қаралаушылар”, идеологиялық “диверсия жасаушылар ”ұлы табыстарға күйе жағушылар деген саяси айыптар тағылды. Келеңсіз құбылыстардың себептерін іздеу “кім айыпты?” деген сұрақпен алмастырылды да, қоғамдағы кемшіліктердің жекелеген “айыпкерлерді” іздестірілді. Социализм нығайып, дами түскен сайын ел ішінде де, халықаралық қарым-қатынаста да тап күресі күшейе түседі деген сталиндік қағида идеологиялық шиеленістерді асқындыру түсуге негіз болды. “Халық жаулары” мен “социализм жауларына” қарсы күрес науқандары үздіксіз жүргізілді.

1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.

1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Гигант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орналасып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км.

Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруашылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.

Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.

30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.

1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден - 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.

Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Меңдешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сармолдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.

Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.

Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.

1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бөлімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халықшаруашылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.

Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Сталиннің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерекше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары - 4 мың жұмыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.

Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруашылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.

Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937-38 жылдары шырқау шегіне жетті. Қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

І - 1928-1931 жж. қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.

ІІ - 1937-1938 жж. “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық интеллигенция өкілдері, БК(б) П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды.

ІІІ - 1948-1950 жж. партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.

Қазақстан - лагерьлер өлкесі.

Қазақстан жері сан жылдар бойына тоталитарлық жүйенің тәжірибелері жасалатын орасан зор концлагерьге айналды. Кешегі тоталитарлық қоғамның төл туындысы ГУЛАГ жүйесінің Қазақстанда кең тамыр жайғаны белгілі. Ресми құжаттарда “Қарлаг”, “Степлаг” деген атпен белгілі болған лагерьлер осы ГУЛАГ (Главное управление лагерей и колоний) жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады.

ГУЛАГ жүйесі 1934 ж. құрылған Ішкі істер Халық Комиссариатының (НКВД) құрылымына берілді. Ал ГУЛАГ-тың құрамына әр түрлі салалық өнеркәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-күштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын болды. Қазақстанда 1939 ж. 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары болды. ГУЛАГ құрамының ең үлкені - Қарлагта 35 мыңдай адам ауыл шаруашылық жұмыстарын атқарды. Қарлагтың әкімшілік аумағындағы бөлімшелер Қарағанды ГРЭС-і, Қарағанды темір жолы, шахталар құрылысында жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ГУЛАГ жүйесі одан әрі кең қанат жая түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары болды. Соғыс уақытында 40 еңбекпен түзету лагерьлері жаңадан құрылды. Оларда 1944 ж. 1 шілдеде 1, 2 млн тұтқын болса, оның 43%-ы саяси мотивтер бойынша сотталғандар еді. Соғыс жылдарында ГУЛАГ жүйесі көптеген халықтардың есебінен толықты. “Еңбек армиялары”, “Жұмысшылар колонналары” деп аталынғандар НКВД объектілерінде және басқа халық комиссариаты өндірістерінде еңбек етті.

Соғыстан кейін де КСРО-да түрме мен лагерьлер жүйесі өсе түсті. КСРО-да арнайы қоныстарда барлығы 2 млн 750 адам болды. Арнайы қоныстардағылардың арасында саяси мотивтер бойынша жазаланғандар санаты пайда болды. 1944-1952 жылдары Батыс Украинадан отбасыларымен бірге Украина ұлтшылдар ұйымы (УҰҰ) мүшелері, 1946-1947 жылдары “власовшылдар”, 1949 ж. Қара теңіз жағалауынан (Грузиядан, Одессадан және Қырымнан) гректер және т. б. күштеп көшірілді.

1953 ж. 1 қаңтарда Қазақстанда 1 млн. жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңдайы лагерьлерде, колония және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстардың ішінде 450 мыңдай неміс, 245 мыңдай шешен, 80 мыңдай ингуш, 37 мыңдай грек, 35 мыңдай поляк, 33 мыңдай Грузиядан келгендер, 6, 5 мыңдай Қырымнан келгендер, 8 мыңдай УҰҰ мүшелері, 1, 3 мың власовшылдар және т. б. болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік - саяси дамуы
Голощекин және оның сойылын соғушылар
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Саяси репрессия, басталуы және себептері
Қазақстандағы саяси репрессия
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қазақстан — лагерьлер өлкесі
Қазақстандағы 1920-1930 жж. шығармашылық интеллегенцияға қарсы саяси репрессиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz