Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912 - 1993 жж)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912-1993 жж.) 4
Ұлтымыздың мақтанышы 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Тұлғасы таудай биік, ардай адал,
Біртіндеп кетіп жатыр қариялар.
Суарып жеткен жерін уға бөлеп,
Біртіндеп тоқтап жатыр дариялар.

Солардың ұлығы едің орны бөлек,
Жолыңа қараушы еді ел мөлдіреп.
Дін аман, елің аман, жерің аман,
Бұл заман сенен де өтті, о не керек.

Адамдар жақсылықты келеді аңсап,
Жүрегің тұрды ел үшін бөлек ән сап.
Көрдік деп Қонаевты қуанушы ек,
Кейде бір көлеңкеңді көре қалсақ.

Жылындық шуағына жанарыңның,
Айнасы секілді едік Жан Арымның.
Еліңнің көз жасын да сүрттің, аға,
Еліңнің көңілін де таба білдің.

Ояттың мүлгігенді, қалғығанды,
Көргенде дидарыңды жан қуанды.
Қонаев атқа мінген арман жылдар,
Халықтың көкейінде мәңгі қалды.

Төледің ер қарызын, ел анаға,
Жақсыны көк ала ма, жер ала ма?
Халықтың жүрегіне жерлендің сен,
Ал, халық мәңгі жасай береді, Аға, -
деп жырлаған болатын Т. Молдағалиев Д. Қонаев өмірден қайтқанда. Шынында да
халқының маңдайына біткен баққа ұқсаған асыл азаматтың, қазақтың ұлы
тұлғасының халық жүрегінде алатын орны ерекше.
Менің жұмысымның тақырыбына өз халқының болашағы үшін орасан
зор еңбек еткен Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолы арқау болып отыр.
Қазіргі өскелең заманда көп нәрсе көзден тұмшаланып, кейбір
тірліктерге үстірт қарап та жүреміз. Бірақ қалай десек те елімізді
басқарған тұлғаның қаламыздың көшесінде тұрған ескерткіш бейнесіне, соның
басқарған жылдар тұрғызылған зәулім үйлер мен ғимараттарға көз тоқтата
қараймыз. Міне ол кісінің арамыздан бақилыққа кеткеніне де он жылдан асып
жығылды.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912-1993 жж.)

Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы Верный (қазіргі Алматы) қаласында
қызметкер семьясында туған. Орта мектепті бітірген соң 1930 ж. Мәскеудегі
түсті металл және алтын институтына түседі. 1936 жылы институтты бітіріп,
тау-кен инженері мамандығын алған соң Балқаш мыс қорыту комбинатының
Қоңырат кеніне жұмысқа жіберіледі. Онда бұрғылау станогы машинисінен
бастап, цех бастығы, кеніштің бас инженері және оның директоры болып
істеді.
1939 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінде тылдағы
ұйымдастырушылардың бірі болды. Алтайполиметалл комбинаты бас инженерінің
орынбасары, Риддер руднигінің және СССР Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі
кәсіпорындарының бірі — Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін
атқарды.
1942 жылы орда бұзған отыз жасында республика Министрлер Кеңесі
Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл жауапты міндетті он жыл
мінсіз атқарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу
және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселелермен айналысты.
1952 ж. 17 апрельде Қазақстан ғалымдары зор сенім көрсетіп, Қазақ ССР
FA-ның академигі және оның президенті етіп сайлады. Тау-кен ісі саласының
ірі ғалымы Қазақстан Республика FA-ның дамуы жолында зор еңбек сіңірді.
Ғылми-ұйымдық жұмысты жақсарту, ғылми-зерттеулердің негізгі салаларын
кадрлармен нығайту жөніндегі күрделі шаралар оның басшылығымен жүзеге
асырылды. Д. Қонаев —100-ден астам еңбектің авторы.
1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды.
1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы болды. 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен
алынып, қайтадан Республика Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды.
Осы тұста Коммунистік партия қайраткері Л.И. Брежневпен бірге жемісті
қызмет етіп, Д. Қонаев ірі ұйымдастырушы және мемлекет басшысы ретінде
танылды. 1960—62 ж. Қазақстан КП ОК-нің 1-секретары болды.
1964 жылы Орталықта жағдайлар өзгерді де, Қонаев қайтадан Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
Д.А. Қонаев — өз халқының адал ұлы. Ол — көп ұлтты Қазақстанда
халықтар достығының бағытын жүзеге асырушы, СССР халықтарының туысқандық
семьясындағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін шұғыл өрге бастыруға
бағытталған партияның сара жолының жүзеге асуын ұйымдастырушы ретінде
таныла білді. Ол қай жұмысқа жіберілсе де Д.А. Қонаев өзінің білімін,
тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін еліміздегі құрылысының ұлы
ісіне жұмсап келді.
Ол сан дүркін КСРО және республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, 32 жыл бойы СОКП ОК-ның мүшесі болды
1966 жылы СОКП ОК Саяси Бюроның мүшелігіне кандидат, Партияның төрт
съезінде, яғни XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси
Бюросының мүшесі болып сайланды.
Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың
бірі болды. ОК Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының мәселелерін шешуге қатысты.
Д.А.Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми
қызметпен де қажырлылықпен айналысты. Техника ғылымдарының докторы, Қазақ
КСР Ғылым Академиясының академигі.
Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке
көтерілетінін жақсы білді.
Д.А. Қонаев Советтік парламент және партия делегациясын бірнеше рет
басқарып шетелдерде болды.
Партияның 23-съезінде КПСС OK Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, 24-
съезде Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды. СССР жор.
Советі Президиумының және Қаз. ССР жоғ. Советі Президиумының мүшесі.
Америкадан шығатын журналдардың бірінде атақты ағылшын саясаттанушысы
өзінің "Орыстар мен қазақтар" деген мақаласында Қазақстанның 1917 жылғы
төңкеріске дейінгі (патшалық тәртіп кезінде) және социализм құрылысы
кезеңіндегі дамуын салыстырған талдау келтіреді. Зерттеу барысында
байқалғанындай, Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне
жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар екен.
Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде
батылдық пен көрегендік танытты. Өткен ғасырдың 60-80 жылдары аралығында
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы толығымен өзгерді. Соғысқа
дейін экономика өзінің жаңа қадамын бастады, сосын соғыс, ал соғыстан кейін
барлық ресурстар КСРО-ның Батыс және Солтүстік батыс бөлігіндегі қираған
қалалар мен өнеркәсіп орындарын қалпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен
Орта Азия республикалары сол бәз-баяғы қалпында қалды.
60-80 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр
өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел қарқынмен өсті:
Қарағанды-Теміртау, Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және Шымкент-Кентау
көмір-металлургия кешендері құрылды. Қазақстан елімізге орасан зор мөлшерде
болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец, молибден, қорғасын, мырыш, алтын
т.б. қазба байлықтарын тапсырды. Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70%
қорғасын, 90% марганец, 87% жай фосфор өндіру тиді. Көмір қазу 220 миллион
тоннаға жетті. Электр қуаты 78 миллиард киловат-сағатқа өсті. Екібастұздан
Орталыққа жоғарғы кернеулі электр жүйесі тартылды. Ауыр өндірістің шапшаң
қарқынымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібін одан әрі дамытуды жеделдету
мүмкіндігі туды. Мыналарды айтсақ та жеткілікті: 70-жылдардың аяғы мен 80-
жылдардың басында республикада 37 млн. пар аяқ киім, миллион метр мақта-
мата бұйымдары шығарылды. Республикада 8 қант зауыты, екі былғары комбинаты
жұмыс істеді. Теміржол, әуе және автомобиль көліктері көбейді. 80-жылдардың
аяғында теміржолдың ұзын-ырғасы 15 мың шақырымнан асып кетті.
Барлық аудан орталыктары мен шеткі шалғай ауыл-село мекендері,
көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорынлары автомобиль жолдарымен ұштастырылды.
Астық өнімі 29-30 миллион тоннаға, қой саны 35 миллионға, жылқы 1 миллион
100 мыңға, ірі қара 7 миллионға жеткізілді. Тың жерлер астық, ет, сүт
өндірісінің орталығына айналды. Басқа облыстар да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр
Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Дінмұхамед Қонаев туралы
Қазақ халқының дара тұлға перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Д. Қонаевтың өмір жолына сипаттама
Пәндер