ХІХ Ғ. 60 - 90 - ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ3
ХІХ Ғ. 60-90-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ6
ҚОРЫТЫНДЫ14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР15
КІРІСПЕ
Ресей ХVIII ғасырдың өн бойында өз шекарасын езгіге түскен, сан жағынан аз халықтарды империя құрамына күштеп қосу арқылы кеңейтіп отырды. Сөйтіп патшалық Ресей "халықтар түрмесіне" айналды. Батыс пен Оңтүстіктегі өзге жұрттың жер-суын жаулап біткен соң, Шығысқа - Орта Азияға қарай ойысты.
Тіпті Петр I патшаның өзі Қазақстанды Орта Азия, Индия және Батыс Қытаймен сауда жасауға оңтайлы " кілт - қақпа " деп санаған-ды.
II Екатеринаның тұсында патшалық Ресей Орта Азияға саяси ықпалын күшейте түсті. Башқұртстанды көмекейден өткізіп болысымен, Орта Азияны жұта салуға шақ тұрды. Әйтсе де, олай ету үшін әуелі Қазақстанды өздеріне қаратып, шабуыл бастайтын алаңға айналдыруға тиіс еді.
Қазақстанға келсек, патша үкіметі оны жедел түрде түгелдей жаулап болысымен, өндіріс және сауда-саттық мүмкіндіктерін таразылап, сүзгіден өткізуді кезек күттірмейтін міндет деп есептеді.
Десе де, Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға байланысты саясаты оның жалпы саясатының бір бөлшегі ғана іспетті, әрі патшалықтың Таяу Шығысқа қатысты мақсат-мүдделері және ағылшын империализмінің Азияны жаулап алу ниетіне қарсы күрес шараларымен тығыз байланысты болатын.
Және де бұл саясаттың патшалықтың экономикалық мүдделері, капитализмнің жылдам дамуы, Ресейдегі кейбір ішкі ушыққан ахуалдарды бәсеңдету мақсаттарынан туындайтыны айдан анық-ты. Сондықтан да орыс капиталистері мен помещиктері әскери-төрешіл топтардың қолайына жағып, көңілдерінен шығып отырды.
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
XIX ғасырдың I жартысы - қазақ тарихындағы маңызды кезеңнің бірі. Дәл осы кезеңде Қазақ мемлекеттігі толықтай жойылып, Қазақстан Ресей империясының отарына айналған еді. Өлкеге жаңадан енгізген басқару жүйесі қазақтардың әлеуметтік құрылымына, шаруашылық түріне, рухани мәдениетінің дамуына, қоғамдағы демографиялық ахуалға өзгері енгізеді.
Осы орайда Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның орнын анықтау қажеттілігі туады. Н. М. Коркунов, П. П. Семенов Тянь-Шанский сынды өлкетанушылар, ғалымдар патша өкіметінің отарлау әрекеттері жұмсартыңқырап, батыс мемлекеттерімен салыстырғанда Ресейдікі «таза саяси сипатта», олар «Ресейдің шет жақтары» деп түсіндіруге тырысқан.
Аталған кезеңде патша өкіметінің Қазақстанға отарлау мақсатындағы ішкерілеп енуі едәуір күшейе түседі. Ресейдің отарлауы әсіре сақтығымен. мейлінше қитұрқылығымен ерекшеленеді. Ішкерілеу үздіксіз және ашық жаулап алумен емес, негізінен, қазақтарды Ресей мемлекетінің ықпал ауқымына біртіндеп тарту арқылы жүзеге асырылды.
Патша әкімшілігі қазақ жерінің шалғай аудандарына сұғына еніп, шекара тарту арқылы өз үстемдігін нығайтуға тырысқан еді. Ірі шонжарлардың кедей-кепшікке ғана емес, күші кемдеу бекзада-байларға да үстемдік жүргізуі кейінгілерді патша әкімшілігінен әділдік сұрауына мәжбүр еткен. Патша әкімшілігінің күткені де осы еді. Өкімет шағынушыларды қолдап қана қоймай, олардан ауыл-аймағымен бірге Ресейдің «мәңгілік бодандығына» өтуді талап етеді. Ондай рубасылардың, старшындардың бір бөлігі шекара маңына көшіп келсе, екінші бөлігі Ертістің оң жағасына, яғни Ресей аумағына қоныс аударады. Мұнда оларға көшіп-қонатын жер беріліп, сұлтандар мен старшындар әкімшілік қызметіне алынады. Осылайша бодандықты қабылдатып, елді «бейбіт түрде жаулау» жүзеге асырылады. Ресейге бағынған қазақтардың жағдайы көп ұзамай, 1812 жылы-ақ анықталады. Осы жылы сұлтандар мен старшындар жыл сайын әрбір еркек кіндікті үшін қазынаға жасақ (алым-салықтың бір түрі -Б. А. ) төлеуге міндеттеніп, қол қояды. Жасақтан сұлтандар мен старшындар ғана босатылады. Алайда осымен бірге қазақтар барлық жер төлемдерінен, әскер беруден және жұмыс күшінен босатылады.
Ертістің сол жағасындағы, шекара маңындағы қазақтар жасақ төлемегенімен, шекаралық әкімшіліктің әр түрлі тапсырмаларын орындаған. Осы ауылдардың старшындары қазақ арасындағы ахуал туралы мәлімет беруге, Ресей керуендерін күзетуге, орыс тұрғындарын қазақ арасындағы ұры-қарылардан қорғауға тиіс еді. Осы ауылдардың басшылары арқылы шекарадан шалғайдағы қазақ қоныстарымен байланыс жасалған. Шекараға таяу қоныстанғандардың саяси дербестігі жалған еді. Ал шалғайдағы қазақтардың Ресейге бодандығы сөз жүзінде ғана болатын.
Патша үкіметінің қазақ даласына отарлық шабуылының алғашқыларының бірі - I Александр 1822 жылы 22-маусымда заң жүзінде бекіткен «Сібір қазақтары туралы Жарғының» қабылдануы. Бұл құжат сол кезеңнен бастап 60-жылдардың ортасына дейін Сібір әкімшілігіне қарасты қазақтарды басқаруда сүйенетін басты заң болған. Ш. Уәлиханов бұл заң туралы былай деген: «1822 ж. Сперанский Сібір ережесін құрастырып, 1824 ж. ол қазақ жұртына енгізіліп еді. Ұғым-түйсігі, салты бөлек, сауатсыз, көшпелі халық еш ойланбастан күні бүгінге дейін қазақ түгіл орысқа да түсініксіз кеңселік тіл мен тәртіптен тұратын бюрократиялық орталыққа бағындырылды.
«Жарғы» аса сақтықпен, асықпай жүзеге асырылған. 1824 жылы 24-маусымда Қарқаралы округі мен дуанын, 17-қыркүйекте Көкшетау сыртқы округі мен ауданын, 4-наурызда Арғын округтік дуанын ашу жөнінде жарлықтар шығады. Осыдан соң 1831 жылы Аягөз дуаны, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы, Баянауыл жене Үшбұлақ. 1834 жылы Қарағай, 1838 жылы Көкпекті дуандары ашылады.
Қазақ жері әкімшілік-аумақтық бөлініске түседі. «Жарғыға» сәйкес, әрбір округтің шектеулі жері белгіленеді, округ тұрғындары жергілікті әкімшіліктің рұқсатынсыз өздеріне белгіленген жерден өтпеуге тиіс болады. Қазақтар тыйымға көнбей шекарадан өтіп кетпес үшін қарулы қазақтардан арнаулы топтар жасақталады. Сөйтіп Қазақтар өз округінен шықпай көшуге мәжбүр болады. Жарғыға сәйкес, 50-70 түтінді бір ауыл деп санап, 10-12 ауыл бір болысқа, бірнеше болыс округке бірігеді.
«Жарғының» енуімен мынадай шаралар жүзеге асырылады. Округтік дуандар құрылады. Нәтижеде сұлтандардың билігі шектеледі. Басқарудың алқалық ұстанымы енгізіледі. Сұлтандар дуанға есеп беретіндіктен өз билігін шектен тыс пайдалануға жол берілмейді.
Иерархиялық басқару жүйесі құрылады: аға сұлтан - болыс - старшын. Әркімнің міндетінің айқындығы және басшылыққа есеп беретіні ел ішіндегі қатынасты ептеп реттейді, шаруашылыққа зиянын тигізетін феодалдық қырқысуларды тоқтатады. Екінші жағынан басқарудың жаңа жүйесі империяның мүддесін қанағаттандыруға бағытталады. Ол мүдде - округтік дуандар арқылы жаңа жерлерді бағындыру, қазақ жерін бақылауда ұстау еді.
Сот ісіне шектеу қойылады. Барлық қылмыстық және саяси істер округтік дуанға жөнелтіледі. Ал империяға қауіп төндірмейтін ұсақ-түйек істер дала заңымен шешілуі үшің билердің құзырында қалдырылады. Мұндай екіжақтылық арқылы, бір жағынан, «Жарғыны» құрастырудың бірінші шартына - «бұратаналардың» салты мен тәртібін ескеруге қол жеткізілсе, екіншіден, оның негізгі мақсаты - бағындырылған жерді қатаң бақылау жүзеге асырылады.
Қазақ хандары Ресейдің вассалы еді. Қандай да бір ханның билікке келуі сүйегінің асылдығьна емес, патша өкіметінің оған деген көзқарасына байланысты болатын. Ресейдің хандарды сайлауға ықпалы ақсақалдар алқасы, ел ағалары ұсынған хандарды патшаның бекітуінен басталған. Содан бастап патша өкіметі хандарды мүмкіндігінше өзіне тәуелділікте ұстауға тырысты.
Патша өкіметі хан сайлауда екіжүзді саясатты ұстанған. Олар, бір жағынан, жергілікті халықтың хан сайлау дәстүрін бұзуға шамасы келмегендіктен, оны ептеп бұзу мақсаттарына қарай бұруға тырысқан. Өкімет мұндай дәстүрдің одан әрі сақталуы отарлау саясатының мүддесі тұрғысынан қолайсыздығын және оның әкімшілік тағайындауға негізделген басқару жүйесіне кедергі келтіретінін түсінген болатын. Сондықтан төре тұқымына жатпайтын бай-шонжарлардың көңіл-күйіне «ойнап», оқалы шапан жабу, сыйлық беру арқылы оларды ынталандыруға тырысқан.
Екінші жағынан, өкімет ескі дәстүрді сақтауға көмектескен болып, бірте-бірте сайлаудың мүлдем жойылуын көздеген хан сайлаудың қосымша түрін енгізуге үміттеніп еді.
Облыс басшылығына әскери губернатор тағайындалады. Семей облысы қазақтарының округтік, болыстық және ауылдық басқару басқа өлкелермен салыстырғанда көбірек өзгеріс енгізіледі.
Округтер округтік әскери приказға бағындырылады. Округтік приказдың кұрамына аға сұлтан, үш орыс шенеунігі және бір «құрметті қазақ» енеді. Округтік өскери бастық «тыныштық тәртіп және алаңсыздықты» сақтау міндетті еді. Шындығында ол өз округінің дербес қожайыны болатын.
Сондықтан дәл осы Семей облысында отарлық әкімшіліктің ықпалы күшейеді. Өйткені мұндағы округтердің басында сайланбалы сұлтандар емес, Ресей әскерилері түр еді. Округ басшылары аға сұлтандардың билігін шектеп, болыстар мен ауыл старшындарына үлкен өкілеттілік беріп, соларға сүйенуге тырысады. Қабылданған ереже бойынша, олар белгісіз мерзімге сайланатын, яғни ауыстырылмайтын еді. Бұған қоса Семей облысының казақтарына ең көп мөлшерде салық салынады.
1867 жылы Ресей империясының ауқымы аса кеңейгендіктен, бұл жерлерді заңдық, саяси-әкімшілік тұрғыдан бекітетін өзгерістер енгізу кажет еді. Осы мақсатта комиссиялар құрылады. Бірнеше жобаның ішінен Дала комиссиясының жобасы таңдап алынады. Оның негізінде «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша ереже» (1867 ж. 11-шілдедегі және 1868 ж. 2І-қазандағы) шығарылады. Нәтижеде қазақ даласы Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір деп аталатын үш генерал губернаторлыққа бөлінеді. Қазіргі Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының аумағына енген еді. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінеді. Облыстарды басқарма арқылы әскери губернаторлар басқарады. Облыстар уез бастықтары басқаратын уездерге және олар өзара болыстарға бөлінеді. Әрбір болыс 1000-3000 түтіннен құрылып, іштей өзара ауылдарға бөлінеді.
ХІХ Ғ. 60-90-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ
1867-1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. Ыңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы өзінің алысты болжайтын саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда отаршылдық тәртіпті күшейтуді қолға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруінің айқын көрінісі - қазақтарды басқару туралы 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
1867-1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты - қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің өз ішіндегі реформалық өзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін ХІХ ғ. 60-жылдары басында қазақтардың саяси әкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге Сібір комитетінің басшысы Бутковтың төрағалық етуімен арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, билік бір адамның қолына жинақталуы қажет деп тапты. Бүкіл қазақ даласын екі - Батыс және Шығыс облыстарға бөліп басқаруды ұсынды.
Бутков комиссиясы өзінің жасаған жобасын Орынбор генерал-губернаторы Безакқа тапсырады. Жобамен танысқан генерал-адъютант Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасынан Бутков жобасына байланысты пікірін білдіруді сұрайды. 1864 ж. 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде Бутков комиссиясының аталған жобасы мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Ішкі істер министрі кеңесінің мүшесі статс-кеңесші, полковник Гирс төрағалық еткен бұл дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы әкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Қазақ даласына іссапарға шыққан комиссияның назарына төмендегідей бағдарламалық сұрақтар белгіленді: Жаңа билік қандай болуы керек? Бұрынғы тәртіптерді, сұлтан қызметтерін қалдырудың қажеті бар ма? Қазақтардың жауынгерлік қабілеті қандай? Олардан әскери бөлімдер құруға бола ма? Өлкедегі сот ісі қандай болуы керек? Салық салудың тәсілдері мен мөлшерін белгілеу және қазақтарды отырықшылыққа көшіру қажет пе? Қазақ жерлерін отарлауды қалай күшейтуге болады? Қазақстандағы мұсылмандықтың таралуы қандай дәрежеде?
Гирс комиссиясы 1865 ж. 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. Петербургтен Омбыға 15 шілдеде жеткен комиссия туралы қауесет хабарлар бүкіл қазақ даласына тарап үлгерді. Алайда реформа дайындығы астыртын, халықтан жасырын жүргізіліп жатқан-тын. “Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның” жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Ш. Уәлиханов (1835-1865) тұрды. Ш. Уәлиханов “Сот реформасы туралы хат” атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп, “Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін” де ескертеді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз қалды.
1865-1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа “Ереженің” негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.
Комиссияның қорытындысы мен жобасы әскери министр, генерал Милютин төрағалық еткен ерекше комитеттің ұзақ талқылауынан өткеннен кейін императордың бекітуіне жіберілді.
1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 ж. 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды.
Осылайша қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы патша үкіметі аппаратында, отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.
1867-1868 жылдардағы және 1886-1891 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер. (Қосымша беттегі картаны қараңдар) . Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан - шикізат пен арзан рынок көзі еді. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.
Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы позициясын нығайтуға бағытталды. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.
1867-1868 жж. Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі - генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867-1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:
1) Әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;
2) Кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т. б. ) ;
3) Сот функциясы (уездік соттарды бекітті) .
Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т. б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналады. Бұл ережелер “уақытша” деп аталып, уақытша статус алғандықтан, тек 1886 ж. Түркістанда, 1891 ж. Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді (36-беттегі сызбаны қараңдар) .
Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орта Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.
Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.
Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 ж. 1, 50 т болса, 1867-1868 жж. 2, 75 т - 3 сом болып кейін біртіндеп өсу барысында 1882 ж. 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.
Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы - 4 сом, земство салығы - 1 с. 25 т., қоғамдық салықтар (жеке салықтар) - 1 с. 25 т. ; мектептерге - 50 т., барлығы 7 сомды құрады.
Әлеуметтік жағдайына қарамастан кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі - күзде төлеуге тиіс болды. 1890 ж. басында Әулиеата базарында 1 қой бағасы 1 с. 20 тиыннан 2 сомға дейін, көктемде 5-6 сом болды. Жер өңдеушілер хараж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.
а) Хараж бойынша өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;
ә) Танап салығы ақшалай (1 танап - 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;
б) Зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.
Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне наразы болды.
Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста - 2 мың, бір ауылда - 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау “сатып алу” арқылы жүрді.
Сот жүйесіндегі өзгерістер. Сот билігінің органдарына мыналар жатты: уездік соттар, әскери-сот комиссиялары, облыстық басқарма және үкімет сенаты. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шешілді.
Қазақтардың билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазылар соты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен - 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді. Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға (150 қой, 15 жылқы) дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды. Олар құны 500 сомға (25 жылқы, 250 қой) дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқармаға келіп түскен түрлі уезге жататын болыстарға қатысты іс жөнінде билердің төтенше съездері шақырылды.
1886-1891 жж. реформаларда империялық соттар күшейтілді. “Ереженің” ІІ тарауы “Сот құрылысына” арналды. Түркістан өлкесін басқару туралы “Ереже” бойынша қазақ даласында империялық типтегі соттар құрылды: 1) Мировой (бітістіруші) судьялар; 2) Облыстық соттар; 3) Жоғарғы сот инстанциясы - Үкіметтік сенат болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz