Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ


МАЗМҰНЫ
Мемлекеттік рәміздер2
Мемлекеттік ту3
Мемлекеттік Елтаңба6
Мемлекеттік әнұран7
Пайдаланған әдебиеттер:9
Мемлекеттік рәміздер
Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген ұлы көш алға басып барады.
Осы ұлы көш куә болған біздің халқымызға жиырмасыншы ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға - мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жеңуі екені даусыз.
Ал тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен рухани тылсым. Бәрінен бұрын адамның жан-дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттық тілейді. Өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келеді.
Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Былайша айтқанда, тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады. Мұны оның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына байланысты әңгімеден де айқын аңғаруға болады. Сонымен, рәміздік үрдіс соқпағын сонау ықылым замандардан, адам баласының жарық дүниеге шығып, тіршілік көшіне ілескен, содан қоғамдасып ғұмыр кешуге көшкен тұсындағы көне тарих қатпарларынан іздеген жөн.
Айта кететін бір жай, рәміздердің мемлекеттік нышандарға айналуының да өз тарихы бар. Бірте-бірте елдік нышандар дәстүрі дамып, орныға түсті. Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын, тәуелсіз елдің басты нышаны оның мемлекеттік Әнұранымен бірге мемлекеттік Туы мен мемлекеттік Елтаңбасы болып табылады. Олардың сипаттамасы заң жолымен, әдетте Конституцияда бекітіледі. Осылай Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.
Қазір кең қолданылып жүрген, , герб,, деген термин немістің, , ербо,, деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі, , таңба,, деген сөз анық жеткізеді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұт Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде, , таңба,, сөзіне, , ел билеушілердің ерекше белгілері,, деген мағына береді. Ел билеушілерінің есімдері жазылған немесе рулық таңбалары түсірілген мөрлер де аз кездеспейді.
Төл рәміздеріміз төңірегінде толғанғанда көнеден жеткен ұрандарға да соға кеткен жөн. Жалпы, , ұран,, сөзі ертеден-ақ қыздыру, жиналу, қайрат беру мағыналарында қолданса керек. Рух көтеру, ел басын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем, атақты батыр, беделді би бабаның атын атап, ұран салған.
Мемлекеттік нышандар қатарында аталатын әнұран табиғатында да осындай халық жүрегіне жол табар жылылық, әр азамат ардақ тұтар өзгеше ұлттық нақыш жатуға тиіс. Әрине, жігерге жігер қосар өршіл рух та қажет. Құрманғазы бабамыздың керемет күйлерін жер шарының қай түкпірінде жүріп тыңдасаң да, ешбір басқа халықтың ән-әуенімен шатыстыру мүмкін емес. Оның үстіне бойыңа бір өзгеше күш беріп, қанаттандыратын қасиеті тағы бар.
Мемлекеттік ту
1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып тарихта қалары ақиқат. Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес. Бұл жолы да елдігіміз сынға түсіп, ертеңіміз үшін жан алысқан парламенттегі қызу шайқасқа куә болдық. Жаңа елдік нышандарымыз екі күннен кейін Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында салтанатты түрде жер-жаһанға жария етілді. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып:, , Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!,, -деп тебіренді. Енді сол рәміздеріміздің сипатына көңіл бөлейік: Қасиетті көк байрақ…. Алаштың алғы тарихынан аз-кем хабары бар адамның қай-қайсысының көзіне бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз. Әлемдегі ең беделді анықтамалық басылымдардың бірі саналатын Вейсбердің сөздігінде ту жөнінде; , , әдетте тік бұрышты болып келетін бір түсті немесе түрлі түсті матаның бір бөлігі, ұлттың, оның бірлігінің символы ретінде пайдаланылады,, деген жолдар бар. Олай болса, мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ғалымдардың пайымдауынша әр бояу өзінше мағына берген. Ең көп таралған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген үғымдарды береді. Ал ақ ту - бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту - қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Сонымен бірге әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған.
Осының бәрін ескерер болсақ, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран қанатты көкшулан туымыздың негізгі түсін таңдау қаншалықты күрделі болғандығын аңғару қиын болмас. Ақырында көпшілік қалауы ашық аспан түстес зеңгір көк бояуға түсті. Оның болмыс- бітімі, реңк-зері, нышандық мән-мағынасы халықтық сипатымен, тарихи тамырластығымен және жалпы адамзаттық ізгілік ниетіне үндестігімен дараланып тұрғанына назар аудару керек.
Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына жатады. Зеңгір көк түс- аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады. Бұл түсті кие тұту дәстүрі халқымыздың көне тарихынан белгілі.
Тағы бір назар аударатын бір жай-Мемлекеттік туымыздың шымқай бір түстілігі. Ол халқымыздың мәдени-этникалық бір тектілігін, мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Байрақ бетіндегі әр түрлі нышандар бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-үйлесім тапқан. Туымыздағы күн бейнесі-тіршілік көзі. Кұн көшпенділер өркениетіне тән дүниетанымның темірқазығы іспеттес. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі көшпелі үшін нағыз өмір символы.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран- дала бүркітінің де орны бөлек. Оның Елтаңба мен Туда бейнеленуі де ерекше құбылыс. Нышандық мәніне келетін болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Сонымен бірге жолына көлденең тұрған жауына қайрат көрсете алатын құс. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі- оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда, , Қошқар мүйіз,, деп аталатын өрнек ойылған. Нұрға малынған күн оның аясында еркін қанат қаққан дала қыраны және қазақы оюдан жасалған тік жолақ тудың шымқай зерен көк түсіне, оның бәрі алтынмен айшықталып, көз жауын алып тұр. Ш. О. Ниязбеков ұсынған жоба міне осындай.
Мемлекеттік Елтаңба
Енді Мемлекеттік Елтаңбаға зер салайық. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап, қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесін өз үйлесін тапқан. Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың бүтін ел құрамындағы халықтардың қасиет тұтқан наным-сенімдерімен астасып жатқан киелі белгілерден тұрады. Елтаңба толық шеңберге сыйып тұр. Шеңберін ішіндегі негізгі нышан белгі, Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күмбезіндегі асыл шырақ-күн бейнесін елестетсе, уықтары- одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі бірліктің, бақуат тірліктің белгісіндей. Елтаңбадағы композициясын құрап тұрған құранды бөлек- ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Жылқы ойыңды айтпай ұғатын талғампаз, кірпияз жануар. Қыран қанатты, ай мүйізді таңғажайып пырақтар туралы идеяға өзек болар мегзеулер қазба жұмыстары жүргізілген көне ескерткіштерде де бар. Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекеттіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Елтаңбаның негізгі бояуы- алтын түстес. Оған зеңгір көк нүрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.
Мемлекеттік әнұран
Ал, енді Әнұранның тарихына келсек әуен нақыштарынан қазақтың досқа ашық құшағы, дархан мінезі мен ер көңілі сезіліп, айдын көл, асқар тауға жан берген салқар самалының лебі еседі. Әнұраннан халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тілмен төгіліп жатуы қандай ғажап. Ән мен күй көшпелілердің табиғатпен тілдесу құралы десек те болады. Олардың түсінігінде бүкіл табиғат ән салады. Сайын дала да, саумал көл де, тәкапар тау да ән салады.
Әрине, Әнұран жеке адам тіршілігінен гөрі, бүкіл бір қауымның өмір салтына, мемлекеттік іс-қимылына көбірек қатысты. Ертеде ол да байрақ тулар тәрізді -, , бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,, , топтасып тастүйін қимылдауға мегзейтін айғақ-нышан ретінде қалыптасқан. Қытайлар әнұранды - мемлекет өлеңі, десе арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді. Маңдай жарқырап келген дүлдүл ақынымыз Ж. Нәжімеденов пен Н. Назарбаевтың жазған өлеңі болды. Ол екі шумақтан, бір қайырмадан тұрады. Бойтұмар жырда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс тапқан. Сол сияқты төл рухани қазынамызды танытар халықтық қасиеттер, бейбіт пейіліміз бен досқа ашық құшағымыз туралы толғаныс та орынды шыққан. Қорытындылай келгенде: рәміздеріміздің нышандық белгісі ұлтымыздың болмыс-бітімін, қасиетін танытады. Әрине, қастерлеп, қасиеттеу үшін алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Әсіресе, жас ұрпақ оларды жақсы білгені жөн. Мұның өзі халық туралы, ел туралы түсініктерін кеңейтіп, сезімдерін күшейте түседі. Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың,, Біз тәуелсіздігімізді аңсап, зарығып жүріп алдық. Енді сол тәуелсіздігіміздің рәміздік нышандарын ерекше қадірлеп, қастерлеп, сақтай білу керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұту керек деген,, Бұл баршамыздың туған ел алдындағы борышымыз.
Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әнін 1956 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов шығарған. Елдің мемлекеттік әнұраны мәртебесіне бұл ән 2006 жылдың басында, ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы талқыланып, жаңа Мемлекеттік әнұран мақұлданғаннан кейін ие болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев депутаттарға ән мәтініне мынадай түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасады: «Әнұран мәтінінде Қазақстан жері мен халқының байлығы келер ұрпақтардың жарқын болашағы үшін жол ашады деген ой айқын көрініс табуы тиіс». 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны мәтінінің қосалқы авторы.
Жұмекен Нәжімеденов
Ақын, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы.
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген.
Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін.
1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж. Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды.
Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және он күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған.
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған.
2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
Шәмші Қалдаяқов
Композитор, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы.
1930 жылдың 15 тамызында Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Қазақтың белгілі композиторы. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған.
Ш. Қалдаяқов халық арасында кең тараған «Қара көз», «Қайықта», «Ақ сұңқарым», «Ана туралы ән», «Сыр сұлуы» және т. б жастар өмірі туралы көптеген лирикалық әндердің авторы. Шығармашылық қорында 300-ден аса ән бар. Оларды Б. Төлегенова, Р. Рымбаева. Н. Нүсіпжанов сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары орындайды.
Шәмші Қалдаяқов Қазақстанның қазіргі әнұран музыкасының авторы. Композитордың «Менің Қазақстаным» әні Ш. Қалдаяқов шығармашылығының інжу-маржаны болып табылады. 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы дүниеден қайтты. Алматының Орталық концерт залы мен бір көшесі композитордың атында.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz