Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі 4
Тіл туралы пікір 7
Қазақ тілі – Мемлекеттік тілі. 8
Тіл - ұлттың жан дүниесі 10
Тіл болашағы 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17
Кіріспе
"Ұлт" деген ұлағаты бойында, қандас, бауырмал, өзектес жандардың
шаруашылық тауқыметі ойында, болашағы отбасы мен Отанының жолында, өз
тағдыры өз қолында, тілі бір, ділі бір жандардың қауымдастығы болса керек.
Оларды ортақтастыратын тілі, тағдырластыратын тарихы, сырластыратын,
сыйластыратын, мұңдастыратын, жырластыратын, әдебиеті, ата мекенінің
тұтастығын, бүгіні мен ертеңін ойластыратын, Отанын қорғауды ұйымдастыратын
мемлекеті. Ендеше, тіл, тарих, әдебиет - ұлттың жаны мен қаны, рухани
болмысы. Тіл дамып, әдеби тілге айналған тұста, шығыстанушы академик
Н.И.Конрад айтқандай, жаңа этнос қалыптасып, биік тұғырға қонады. Тек тіл,
тарих, әдебиет бірігіп-кірігіп, тұтас бір рухани материк болып ұлттық
болмысты тудырады.
Ана тілі дамыған, ата тарихы танылған, барша болмысы көркем түрде
жазылған халық қана өркениеттің төл перзенті.
Үшінші мыңжылдық, XXI-ғасыр табалдырығынан аттап, егеменді еліміздің
қоғамдық өміріндегі алар биігі, саяси-әлеуметтік және мәдени-экономикалық
мәселелерімен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы (1989
ж.), республикамыздың тұңғыш қабылданған конституциясында тіліміздің
мемлекеттік мәртебесінің заңдастырылуы (1993 ж.), қазақ тілі – мемлекеттік
тіл дәрежесіне көтерілуінде қазақтың мың өліп, мың тірілгеніндей ерекше
заңдылық бар ма деген ойға қаламын.
Қазақ тілі, еліміздің тәуелсіздік алуымен “мемлекеттік тіл”
мәртебесіне ие болуы, ұлттық ерекшелігін жандандыратын байлығы. Тіл –
қоғамның өмір қажеттілігін түсінісетін, пікір алысатын, әрбір ұлттың - ең
құнды, бағалы, бай қазынасы. Халқымыздың, тарихи шежіресін жырлаған ірі
тұлғалардың мұң-зарын, дәстүрі мен мәдениетін жете білуге ұмтылдыратын
тілдің қызметі зор.
ХХI ғ. басында тұрып, тіл туралы толғанарлық проблемалар баршылық.
Асан қайғы - ұлы Асан Ата кейінгілерге берген батасында: "Ұлдарың
басты болсын, қыздарың шашты болсын. Азаматың атты болсын, қыздарыңның
емшегі найза тесіп өте алмас қатты болсын, қатындарың қанды келсін, Қара
бура санды келсін!" деген екен. Асан Ата өз ұрпақтары ана тілінің статусы
үшін күреседі деп ойламаған болар. Біздің заманада бабамыздың батасына
"Болашақ ұрпағың анасының құрсағында жатып, гүмбірлеген ана тілін естіп
жетілсін! Тәуелсіздіктің көгілдір туы ұлт жанды, ұлтқанды ұрпағыңнан
ұрпағыңа өтілсін! " дегенді қосар едім.
Мен үшін қазақ тілі – анамның асыл сөзі, ата-бабамның көнеден қалған,
туған халқымның өзіме аманатқа қалдырған ең қасиетті мұрасы секілді. Маған
ана тілім Абайдың ақылы, Мұхтардың қанатты сөзі, Ақанның әні, Құрманғазының
күйі болып естіледі. Өйткені мен туған халқымның бүкіл қасиетін бойыма ана
тілім арқылы дарытып өстім. Оң-солымды, жақсы-жаманды, тіршіліктің ащы-
тұщысын туған тілім арқылы таныдым. Қоғамды, өмірді азды-көпті түсінгенім,
алтын ұя мектебімде білім алғаным үшін ана тіліме қарыздармын.
Тілі барда қай ел болмасын, ұлттық ерекшелігін, халықтық болмысын
сақтайды. Тіл жойылмаса, халық та жойылмайды. Сондықтан ана тілімізді
асқақтату арқылы ұлтымыздың мерейін көтерйік.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі,
елмен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі
жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің
жемісін сол тілде таратады.
Ана тілі – адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы.
Сондықтан “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдырң деп, ата-
бабаларымыз болашақ қамын қатты ойлаған.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз ұрпағын бай тілі, ауыз әдебиеті мен салт-
дәстүрлері арқылы тәрбиелеп, азамат еткені бізге белгілі.
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, “батпаққа батырмай,
құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз
байлығын күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл – бәрімізге де қымбатты мұра,
бай қазынаң – деп сөз зергері Ғабит атамыз айтқандай, көнеден келе жатқан
тілімізді одан әрі өрісмін кеңейту, өркендету жастардың, біздердің,
еншімізде.
Бүгінгі таңда, ең құнды байлығымыз – бұл өзіміздің ана тіліміз. Ана
тілді қадірлей және бағалай білу Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
алдында тұрған міндеті.
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай,

бай қазына – деп сөз зергері Ғабит атамыз айтқандай, көнеден келе жатқан
тілімізді одан әрі өрісін кеңейту, өркендету жастардың, біздердің,
еншімізде.
Ол халық тарихымен, бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы
ретінде қызмет өтіп келеді.
Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық
мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет
пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілі түркі тілі тобына
жатады. Түркі тілдері тобына әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт, балқар,
қырғыз, қарақалпақ, қарашай, қарайым, түрікмен, татар, тува, шор, хакас,
якут және т.б. халық тілдері кіреді.
Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, татар,
қарақалпақ, башқұрт, қырғыз, қарашай-балқар тілдері. Қазақ тілі Қазақстанда
ғана емес, Ресейде, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Қырғызстанда, Монғолияда,
Қытайда, Иранда, Түркияда, Ауғанстанда, тағы басқа елдерде тұратын
қазақтардың да ана тілі. Қазір қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем. Енді Қазақстан оқу орындары оқитын
орыс тілді студенттерге өз айтпағым бар. Бұлар жақсы инженер, жақсы геолог,
жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері
керек.
Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде,
тұрмыс және от басында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса,
оның мемлекеттік тұрғыдан алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз
бетіндегі өрісі де тар болғаны белгілі. ХІХ ғ. 2-жартысы мен ХХ ғ.
басындағы көркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық
Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде
жазылмайтын. Ол кезде мемлекеттік мәні бар мәселелер ортаазиялық түркі
жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінде (татар тілінің ықпалы
тиген шағатай тілі, жазба тіл болғандықтан зерттеушілердің бірқатар оны
кітаби тіл деп те атайды) жазылатын. Бірақ оның қолданылу аясы кең
болмады, тек жеңіл-желпі іс қағаздарында, ел билеушілердің өзара немесе
патша әкімдерімен жазысқан хаттарында, оларға жазған арыз-хабарламаларында,
өткен ғасырдың 2-жартысы мен үстіміздегі ғасырдың басындағы баспасөзде,
кейбір көркем әдебиет өкілдерінің (кітаби ақындар) шығармаларында
қолданылды.
Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес өкіметі
жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайында әр
кезенде әр түрлі көзқарас болды. 1920 ж. Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші
құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде
ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. Оның қазақ тіліне де
қатысы бар еді. 1924 ж. Қазақстанның бірінші Конституциясында қазақ және
орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978
жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында
ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек 1989 ж. қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы
Заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда
қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл заңында қазақ тілі
мемлекеттік қамқорлыққа алынатын атап көрсетілді.
Қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне
асуының ең басты кепілі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет
ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады.
Тіліміздің мемлекеттік дәрежеге ие болуы – тәуелсіздігіміздің басты
нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды. Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік
бағдарламада былай делінген: КСРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері
сияқты қазақ тілі соңғы ондаған жылдар ішінде қазақ халқының тарихи Отаны
болып табылатын республика территориясында іс жүзінде толық праволы тіл
болудан қалды. Оның азып-тозуының және бірте-бірте жойылуының, сонымен
бірге халықтың ұлттық мәдениетінің жойылуының нақты қатері туды.
Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасында қазақтың ана тілін елемеу
кеңінен таралды, оны өмірдің әр түрлі салаларында пайдалану жөніндегі
қажеттілік төмендеді, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың
адамгершілік дәстүрлерінің бұзылуына, ана тілін білмейтін, рухани
қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарының
бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып соқтырды.
Шынында қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуы республикада оны
білудің қажеттілігінен туатын объективті жағдайларға барып тіреледі. Қазақ
тілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп конституциялық
дәрежеде тану оның мемлекеттік орындарда, қоғамдық орындарда, ғылым, білім,
мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында, радио,
теледидар, мерзімді баспасөз сияқты бұқаралық құралдарда кеңінен
қолданылуын талап етеді.
Қазіргі кезде қазақ тілі азды-көпті қолданылатын мынадай салаларды
көрсетуге болады: қоғамдық саяси өмір, кәсіподақ, халық ағарту, ғылым,
көркем әдебиет, мәдениет, мерзімді баспасөз, ақпарат, өнеркәсіп, құрылыс,
байланыс, дін және т.б.
Бірақ қазақ тілінің қоғамдық қызметінің көлемі толық анықталған жоқ.
Қазақстан үкіметінің 1990 жылы қабылдаған бағдарламалық құжатында: Қазіргі
кезде кез келген тілдің қалыпты қолданылуы үшін қажетті 50 әлеуметтік
функциядан қазақ тілі іс жүзінде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске
асыруда, - деп көрсетілген. Қазақ тілі Қазақстанда қоғамдық-әлеуметтік
өмірдің 15 негізгі саласында және 57 қосалқы саласында небәрі 72 салада
қолданылатынын, бірақ әр саладағы қолданылу дәрежесі әр түрлі екенін
айтады.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 7-бабында мемлекеттік мекемелер
мен өзін-өзі басқаратын жергілікті ұйымдарда орыс тілі қазақ тілімен бірдей
қолданылатын, сонымен бірге Қазақстан халықтары тілдерін үйрену және оларды
дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық ететін ашып айтылған.
Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс
жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Сол себепті Тіл
туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік
бағдарламасы толық орындалмай келеді. Тіл Заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы
Қазақ тілі қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті
құрылды.
Тіл туралы пікір
Тіл адамдардың қарым-қатынасында қолданылатын таңбалардың жүйесі болып
табылады.
Тіл адамзаттың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы ретінде
қолданылады. Тілдің қатынас құралы ретінде жүзеге асуына әсер ететін
қатысымдық тұлғалардың ең жоғарғы тұтастылық жүйесімен ерекшеленетін –
мәтін.
Тілді қолдана білу үшін, айтылған ойына сәйкес келетін сөздерді таңдап
ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішінде орын-орнына дұрыстап қолдануы
қажет. Тіл білімінің салары – фонетика, лексика, грамматика оның ішінде
морфология, синтаксис бөлімдерінің қарастыратын тіл заңдылықтарымен, оларды
қолданысқа түсіруінің де өзіндік заңдылықтары бар. Тілдік заңдылықтарды
дұрыс ережеге сай етіп жұмсай білу, белгілі бір көңілдегі ойды көрікті етіп
жеткізуде, тілдің қатысымдық тұлғаларын қолдана білуде маңызды роль
атқарады. Тілдегі қатысымдық тұлғаларды әртүрлі ерекшеліктер барысында
сөйлеу, жазу, айту барысында қажеттіліктен туындайтын қарым-қатынастық
қасиеті және қызметі бар.
Күнделікті өмірдегі тіршіліктің тұрмысқа қажеттілігін
қанағаттандыратын, әлеуметтік-саяси ахуалдарын баяндайтын осы тіліміз
арқылы жеткізетін қатысымдық тұлғалардың бірі – мәтін. Әдеби, ақпараттық,
әр қилы хабарландырулар, көркем шығармалар т. б. Осындай мәтіндер қолдана
отырып, басқа ұлт өкілдері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысуға
мүмкіншілік туғызады. Тіл үйренуші оқушыларға берілетін мәтіндерін жазылым,
айтылым, оқылым әрекетінде қолдану арқылы жеткізеді.
“Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін
қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс-жүзіне асырады”.[1] Адам
баласы қоғамында қатынас құралы сөйлесіп, пікір алысудың құралы – тіл. Адам
өз ойын екінші біреуге тіл арқылы айтып я жазып жеткізеді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілген жағдайда қазақ тіл
білімі онан әрі дамып келеді. Қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған
тілдердің қатарына жатады. Әрине, бұл халқымыздың материалдық байлығы әрі
рухани қазынасының айнасы. Күнделікті қарым-қатынасындағы көрінісін, сан
қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін дамытып отыратын белгілі
заңдылықтары бар.
Тіл – қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын танып білу
оның қолданыс барысындағы қасиеттерін айқындаудың маңызы айрықша.
Тіл табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті, оның қатынас құралы болу
қызметі. Ал қызметін түсінуде үлкен маңызы бар. Адам юаласы қоғамында қарым-
қалынас құралы ретінде тіл қызмет атқара отырып оның табиғатының мәнін
ашады.
Тілдің табиғатындағы қызметті атқарушы адам екені белгілі Ф. де Соссюр
“... язык одновременно и орудие и продукт речи”, - дейді. Сонымен тіл – ең
басты құралы, танымдық ой алмасудың негізі.[2]
Тіл адамның миымен, санасымен бірге қалыптасатын процесс. Өз алдына
құбылыстар, тіл мен сөйлесім ара жігін ажыратуға болмайды. Олар өзара тығыз
байланысты.
“Тіл – адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық
таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы”[3].
“Сөйлесім – адамдарды қауымдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар
күрделі әрекет”. “Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа
түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді”.[4] Топталған
адамдар арасындағы пікір алысу; әлеуметтік сипаты бар, ойдың сыртқа шығатын
көрінісі болып табылады.
Қазақ тілі – Мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Бұл тіл – түркі тілдеріне
жатады. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілдері өзара
туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақын, ортақ қасиеттері көп.
Қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, қарақалпақ, қарашай – балкар, қырғыз,
татар, башқұрт, құмық тілдері.
Қазақ тілі – бай, көркем тілдердің бірі. Ана тілінің маңызы мен
қоғамдық қызметі аса зор. Қазақ тілі - әдебиет мәдениет, ғылым мен білім
тілі. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы -
әрбір елдің мақтанышы.
Қазақ тілі – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан – балаға жеткен бай мәдени мұра.
Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz