Моғолстанның құрылуы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
Моғолстан 4
Моғолстанның құрылуы 4
Территориясы мен халқы. 6
Қолданылған әдебиеттер 14
КІРІСПЕ
Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан
түрік тілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің
құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде
қалпына келтіріледі.
XIV-XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы
және түрік тілді бастау-хаттарда Қазақстанның бұл бөлегі Түркістан деп
аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі,
отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-
харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын
жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы
кезінде моңғол ұлыстары — Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта
Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз
мемлекеті — Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының
саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше
мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан,
Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы, XIV ғ. мен XV
ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып
қалуы — енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің
түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет.
Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер
шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процесі жаңа ұйымдасып жатқан көрші
түрік халықтары — қазақ, өзбек, қырғыз, татар, ноғай т. б. үшін де —
белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мәнді құбылыс.
Моғолстан
Моғолстанның құрылуы
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық
жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің
ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті
отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп,
отырықшылыққа ауыса бастады. Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда
елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол
былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің
біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыршаруашылық
күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай
жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және
түріктенген монғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. XIV ғасырдың
ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс
және Шығыс бөліктерге бөлінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы
мемлекетінің Шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы
Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі
басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат
тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі
түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.
Дуғлаттардың феодал үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы
отырықшы-егіншілік жерлеріне де иелік етті. Мырза Мұхаммед Хайдар дуғлат
руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ
алған деп жазады. Шағатайхан өз мемлекетін [үлестерге] бөлгенде, ол
Өртөбеге (Өрте Бараққа), әмір Поладшының атасына, Маңлай Сүбені [облысын]
берді... Оның шығыс шекарасы — Құсан (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы —
Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлаятының
орналасқан; солтүстік шекарасы — Ыстық көл, ал оңтүстігінде — Жарқан мен
Сарыұйғыр. Әмір Поладшы билеген осы аталған бүкіл территория Маңлай Сүбе
аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең
үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Андижан, Ақсу, Атбасы,
Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Поладшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап
алды. Кейіннен бұл аудан Моғолстан билеушілері өкіметінің ауық-ауық тірек
базасы ролін атқарды.
Дуғлат руынан шыққан әмірлердің XIII ғасырдың өзінде өрлеуі туралы
мағлұматтарды Тарих-и Рашиди авторы сөзсіз өсіріп айтқан; ол өз
аталарының билікке деген дәмесін, ежелгі тайпаның басқа руларға қарағанда
бас ру екендігін, хандарға дәстүрлі жақындығын негіздемек болған. Мұны В.
В. Бартольдтің өзі-ақ Рашид ад-диннің дуғлаттар туралы айта келіп, осы
тайпадан ол ғасырда [XIII ғасыр] және қазір де сый-құрмет пен даңққа
бөленген ешкім де мәлім емес деп ескерткен пікірін негізге алып атап
көрсетті. Алайда XIV ғасырдың екінші жартысында дуғлаттардың басқа түрік
және түріктенген тайпаларға қарағанда саны мен әскери күші жағынан,
деректемелерге қарағанда, шын мәнінде басым болғаны және дуғлаттан шыққан
әмірдің хандықты құру жолындағы күресті басқарғаны күмән келтірмейді.
Дуғлаттардың үстем тобының басшысы әмір Поладшы Мауараннахрдан
бөлектенген хандық құрмақ болып, өзінің басшылық жағдайын нығайтуға және
феодалдық егестерді бәсеңдетуге үміттенді. Бұл егестер туралы деректемелер
былай деп жазады: Моғол ұлысы хансыз қалды, моғол халқында әркім өзіне бас
болып, ұлыста тәртіпсіздік орнады, әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен өз
билігіне ұмтылып, қарсы әрекеттер мен егестердің жалауын көтерді.
Дуғлат көсемдері арқылы моғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Түркістанда
өз билігін нығайтқанымен, көршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары
сияқты қалыптасқан дәстүрді бұзуға және Шыңғыс әулетінен билікті тартып
алуға батылы бармады. Поладшы таққа өзі қойған ханды отырғызбақ болып,
Шағатай әулетінен Дува-ханның немересі 18 жастағы Тоғылық-Темірді қалады:
Моғол тілінде [шежіреде] әмір Поладшыханды... он алты жасында... әкелді
деп айтылады. Он сегіз жасында [Тоғылық-Темір] хан болды, жиырма төрт
жасында мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді. Күрделі, саяси жағынан
тұрақсыз жағдайда дәл осы хан феодал шонжарларға сүйене отырып, өзінің
билігін күшейтті және моғол хандарының жаңа, едәуір орнықты әулетінің
негізін салды.
Өздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат әмірлері ел
ішіндегі өз ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өз иеліктерін түрік
әмірлерінің билік үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен
Мауараннахр тарапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын
көрші елдің ісіне араласуға тырысты.
Территориясы мен халқы.
Жаңа мемлекет бұған дейін Шағатай әулеті иеліктерінің Шығыс бөлігінде
қалыптасқан атпен, яғни Моғұлстан (Моғолстан) деп атала бастады. Мырза
Мұхаммед-Хайдардың Тарих-и Рашидиіне сәйкес Моғолстанның шекарасы
төмендегідей болды: ...қазір Моғолстан деп аталатын территорияның ұзындығы
мен көлденеңі [ұзақтығы] 7 — 8 айшылық жол. [Моғолстанның] Шығыс шеті
қалмақтардың жерімен шектеседі және Барскөл, Емел және Ертісті [өзіне
қосады]. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Бум мен Қаратал
арқылы өтеді, батысында [Моғолстан] Түркістан және Ташкентпен шектеседі;
оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен
шектеседі, яғни Моғолстанның едәуір бөлігін Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен
Қырғызстанның территориясы құрады. (Оңтүстік шекараның) ұзындығы сауда
керуенінің үш айшылық жолына жетеді және тоқсан күншілік асуы бар. Бұдан
әрі Мұхаммед-Хайдар былай деп жалғастырады: Моғолстанда көлемі жарынан
Женхұнға (Амудария) тең көптеген ірі өзендер бар, олардың ішінде Іле, Емел,
Ертіс, Шұлық (Шу) және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхұннан (Сырдария) бірде-
бір кем емес. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан (Шығыс
Дешті Қыпшақ) арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Көкшетеңіз көліне
құяды.
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық
өмір сүрген уақыты бойында өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғылық-Темір
мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс
Түркістанның бір бөлігі (дуғлат әмірі Поладшының үлесі Маңлай Сүбе) кірді.
Кейіннен Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірді, немесе
қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына қарады; XV ғасырдың 80-ші
жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен
Сайрам енді, бірақ Жетісу тыс қалды. Моғолстанның ыдыраған кезінде XVI
ғасырдың басында оның хандарының билігі тек Қашғариямен ғана шектелген еді.
Тарихи-географиялық Моғолстан термині, мемлекеттің өзінің аты сияқты
моғұл, моғол этнонимінен құралған; монғол сөзі Орта Азияда осылай
жазылатын болған, айтылғанда да солай айтылса керек XIV ғасырдың өзінде-ақ
мұнда ауысқан монғол рулары мен тайпалары жергілікті түрік халқымен сіңісіп
кетті. Моғол тайпалары деректемелерде түрік тайпалары ретінде, өзінің
негізінде шығуы жағынан автохтондық болып көрінеді. Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанның негізгі халқы мұнда Моғолстан өмір сүрген кезде түрік тілдес
болды.
Моғолстан орта ғасырлық авторлардың тарихи шығармаларында мемлекеттің
құрылу кезеңіне қарай моғол атты этникалық-саяси біртұтастыққа бірігудің
ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктенген
монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі ретінде көрінеді.
Деректемелер моғолдарға түрік атаулары да, монғол атаулары да бар ірі
тайпаларды жатқызады, олар: дуғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер),
керейіттер (керейлер), аргинуд (аргинут) баариндер, арлаттар, барластар,
бұлғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар (мәселен, үйсіндер)
деректемелерге енбеген, бірақ сол кезеңнің барлық әскери-саяси оқиғаларына
қарамастан олардың мұнда одан әрі өмір сүргеніне ешбір күмән жоқ.
Орталық Азияның саяси картасында XIV ғасырдың ортасында Жетісуда
орталығы бар Моғолстан мемлекетінің пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақ
территориясында Ақ Орданың пайда болып, нығаюымен қатар Қазақстан тарихында
маңызды оқиға болды.
Алғашқы моғол хандары. Тарих-и Рашиди бойынша Тоғылық-Темір
дуғлаттардың феодал үстем тобының, сондай-ақ басқа тайпалар (оның
әскербасылары қатарында керейіт, аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен
бектері аталады) ақсүйектерінің қолдауымен едәуір дәрежеде жағдайды
қалыптастырып, Моғолстанның бүкіл территориясын өз билігіне біріктіре алды;
онын ордасы Алмалықта болды. Алғашқы Моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады;
жоғарғы ұлыс бегінің мұралық лауазымын ол дуғлаттардың басшысына бекітті.
Салық жинауды реттеу үшін бірқатар шаралар қолданылды.
Тармашырын-хан исламды мемлекетінің ресми діні жасаған Мауараннахр
хандарының өнегесімен Тоғылық-Темір өзінің жоғарғы билігін орта ғасырлық
Шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек — мұсылман діні арқылы нығайтуды
ұйғарды. Ислам жергілікті халыққа Қарахандар дәуірінен бері белгілі
болғанымен, Шағатайлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz