Моңғолдардың Қазақстан жерiне басып кiруi


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Моңғолдардың Қазақстан жерiне басып кiруi. Отырар апаты2

Ұлыстардың құрылуы5

Шағатай ұлысы6

Шағатай мемлекеті7

Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында9

Қорытынды12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі13

Моңғолдардың Қазақстан жерiне басып кiруi. Отырар апаты

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын бiрiктiрiп, Моңғол феодалдық мемлекетiнiң негiзiн салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бiр деректер бойынша 1162 жылы, екiншi бiр деректер бойынша 1155 жылы iрi ноян Есугай баһадүрдiң отбасында туған. Темучин ер жете келе негiзгi қарсыластарының барлығын жеңiп, Моңғолдың бүкiл тайпаларын өзiнiң қол астына бiрiктiрген. 1206 жылдың көктемiнде Өнан өзенiнiң сағасында Темучиндi жақтаушы-моңғол ақсүйектерiнiң құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әмiршiсi болып жарияланды. Темучин өзiн хан көтерген ақсүйектердiң құлқын тойғызу мақсатында көршi елдердi жаулау, оларды талау-тонау үшiн үлкен әзiрлiк жүргiздi.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципiн мемлекеттiк құрылыстың негiзi етiп алды. Елдiң бүкiл жерi мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкiмшiлiк округке бөлiнiп, әрбiр округте он мың адамнан тұратын бiрнеше түмгелер /түмендер/ болды. Олар өз кезегiнде "мыңдық", "жүздiк", "ондықтан" құрылды.

Өте қатал тәртiбi, мұқият құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкiлдерi-нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер тұрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзiне шын берiлген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешiгi /ұланы/ қызмет еттi. Оның көмегiмен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзiне тәуелдi етiп ұстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қызғыздарын және Сiбiрдiң оңтүстiгiндегi басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлерi тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетiн күйреттi. Шыңғыстың қаһарынан сескенген қазiргi Шығыс Түркiстан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркiмен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзiн Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстiк Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетiнiң астанасы болған Чжундуды /Пекиндi/ бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс iсiнiң сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын және оны қолдана бiлетiн адамдарды, қолөнершiлердi алған Шыңғысхан өз әскерiнiң санын көбейтiп, жауынгерлiк дайындығын одан әрi жетiлдiрдi.

Сөйтiп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзiрлендi. Бұл үшiн ол мұсылман көпестерiнен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәлiметтер алып, қарақытайлар мемлекетiнiң, содан кейiн Хорезм шахындағы iшкi жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негiзiнде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасаған.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетiсу арқылы жүргiзбекшi болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлiк ханды талқандап, бай қалалары бар Жетiсуды өзiне қарату үшiн оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жiбердi.

Жетiсуды Шыңғысхан аса көп қарсылықтарсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлiк ханның жiгерсiздiгiне, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғысханға мойынұсынатынын бiлдiрiп, өз жасақтарымен оның қызметiне кiредi.

Жетiсудағы халықтың қалың бұқарасы Шыңғысханға қарсылық көрсетуге тырысқанмен, жақсы қаруланған саны мол моңғол әскерiнiң шабуылына төтеп бере алмады. Соның өзiнде де Жетiсу қалалары моңғолдарға қарсылығын көпке дейiн тоқтатқан жоқ.

Жетiсуды бағындырғаннан кейiн Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкiл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетiне қарсы жорыққа жолы ашылды. Орта Азияны бағындыру үшiн Шыңғысхан өзiне тәуелдi елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейiн адамы бар қалың қол жiбердi. Моңғол әскерi Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бiрнеше түмендi қаланы қоршау үшiн қалдырып, әскерлердiң Жошы бастаған басқа бiр шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшiншi шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру мiндетiн жүктедi. Шыңғысхан ұлы Төлеймен - екеуi әскердiң негiзгi күштерiмен Бұхараға беттедi.

Хорезмнiң шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес едi. Өзiн онша жақсы көрмейтiн жергiлiктi феодалдардың күш бiрiктiрiп өзiне қарсы шығуынан қорыққан ол әскери күштердi әр қалаға бөлiп ұстап отырған. Мұның өзi Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз құртып жiберуге мүмкiндiк жасады.

1219 жылдың күзiнде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетiсу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстiк Қазақстанның жергiлiктi халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсеттi. Мұнда Шыңғысхан әскерлерi Отырар қаласына келiп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар едi. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргiзген ерлiк күресiнiң айқын көрiнiсi болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, соның iшiнде жанып кететiн күбiршiктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.

Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бiрi - Карадша түн жамыла қала қақпасынан шығып, моңғолдарға өтiп кеттi. Қаланы қоршап тұрған моңғол әскерлерi осы қақпа арқылы ішке лап бердi. Моңғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердiң бiр бөлiгi мен қала халқы Қайырханның басшылығымен оның iшкi қамалына кiрiп алып, бiр ай бойы қайыспай қарсылық көрсетiп, бiр адамы қалғанша соғысты. Әбден титықтап барып алған қамалдағы жаралы адамдарды моңғолдар қырып салды.

Сөйтiп, Отырар қамалын жермен-жексен етiп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келiп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлiкпен қорғанды, соның бiрi Сығанақ қаласы едi. Ол өзi жақсы бекiнген, халқы көп, iрi сауда орталығы болатын. Жошы бастаған моңғолдар қаланы ұрыссыз берудi талап етiп, Сығанаққа Хасан қожа көпестi жiбердi. Сығанақ халқы келiссөзге көнбедi, сатқын есебiнде Хасан қожаны өлтiрдi. Содан кейiн моңғолдар өзеурей шабуылға шықты. Жетi күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тiресiп қарсыласты. Бiрақ көп ұзамай Сығанақ жеңiлдi. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Көп ұзамай Үзгент және Баршын кент алынды. 1220 жылы 4 көкекте моңғол әскерлерi Жент қаласын бағындырды. Әскердiң Жошы жiберген басқа бiр шоғыры Шехркенттi /Янзикенттi/ басып алды.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейiн Шыңғысханның әскерлерi Орта Азияның iшiне баса көктеп ендi. Бiрақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кездестi. Үргенiш қаласының тұрғындары қаланы бiрнеше ай бойы ерлiкпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерiн әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейiн, моңғолдар Әмудария өзенiнiң бөгетiн бұзып, қаланы суға тоғытып барып алды.

Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең iрi қалалары Бұхара мен Самарқандтың халқы да табынды қарсылық көрсеттi. Самарқанд пен оның төңiрегiнiң еңбекшiлерi моңғол шабуылдарына тiресе тойтарыс берiп, өздерi батыл шабуылға шығып отырды. Моңғолдар қала билеушiлерi мен шонжарлардың сатқындығының арқасында ғана Самарқандты басып алды.

1219 жылдан 1221 жылға дейiн Шыңғысхан әскерлерi бүкiл Орта Азияға ойран салып өттi. Талай қалаларды талап, жойып жiбердi. Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кеттi. Ол кейiн Каспий теңiзi аралдарының бiрiнде өлдi. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесiнде моңғолдар Хорезм жерiн тегiс жаулап Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемiнен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстiк Үндiстан мемлекеттерiнiң жерiне ауысты.

Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстiк Иранды басып алып, 1222 жылы Кавказға кiрдi. Моңғол әскерлерi алаңдарды, қыпшақтарды және Қалқа өзенiнде орныққан орыстарды тас-талқан етiп жеңдi Олар орыс жерiнiң оңтүстiк аймағын ойрандап, Қазақ /Дештi Қыпшақ/ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертiстегi ордасына қайта оралды.

Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына ендi. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жерi түгелiмен оның балаларына бөлiп берiлдi. Шыңғысхан Ертiстен Орал тауларына дейiнгi, онан әрi батысқа қарай «моңғол атының тұяғы жететiн» аймақты үлкен ұлы Жошының билiгiне бердi. Орта Азиядағы иелiктерiнен Жошы ұлысына - Әмударияның төменгi жағындағы аудандар /Солтүстiк Хорезм/ мен Сырдария кiрдi. Жошының ордасы Ертiс алқабында болды.

Шыңғысханның екiншi баласы Шағатайдың үлесiне Мәуеренахр, Жетiсу және Қашқар тидi. Оның ордасы Iле алқабында орналасты.

Үшiншi баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жерi қарады. Оның ордасы қазiргi Шәуешек қаласының маңында болды.

Кiшi ұлы Төлей - Шыңғысханның негiзгi жұрты - Моңғолияның өзiн мұраланды.

Сонымен Қазақстан жерi моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен /далалық/ бөлiгi - Жошы ұлысының, Оңтүстiк және Оңтүстiк Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетiсудың солтүстiк - шығыс бөлiгi - Үгедей ұлысының құрамына кiрдi.

Ұлыстардың құрылуы

Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын - Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жауланып алынған ұланғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді, соның өзінде олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия, оның ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей Орхонда, Қаракорымда тұрды.

Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі, «ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді» и, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды, Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай иелігіндегі жерлердің негізгі бөлегін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденциясы Іле өзенінің алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы, Джувейнидің деректері бойынша, түрікше Ұлығ Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері кірді.

Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда, «қыпшақтар елінде» жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жанында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошы ханның баласы Орда Ежен (Орда-Ичен) тұрған Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Волгаға қарай ауысты.

Сонымен Қазақстанның территориясы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына кірді.

Шыңғыс-ханның тірі кезінде, ұлдарына бөліп берген жерлер, олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Монғол державасының ұланғайыр кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі бұрынғы өкімет іс жүзіндегі өкімет болып қалды. Үлестік жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс-хан ұлдарының ұрпағына ауысуы ұлыс қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс-хан ұрпақтары өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтардың қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық құрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, мәдени және тарихи дәстүрлердің болмауы еді.

Шағатай ұлысы

Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Ясыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амалдарын» жетік білген Шағатайдың билігі зор болғаны соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болмасын маңызды шешімге келе қоймайтын болған.

Ұлы ханның келісімі бойынша Шағатай тұңғыш баласы Мүтігеннің балаларының үлкені Қара-Хулагуды өзінің мирасқоры етіп тағайындады. 1241 жылы Үгедей, одан кейін көп кешікпей Шағатай да өлді. Монғол империясында патшалар арасындағы бес жылға созылған дүрбелең кезең басталды, 1246 жылы ғана құрылғанда Үгедейдің үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды. Күйіктің бұйрығы бойынша Шағатай ұлысына Қара Хулағудың орнына жаңа ханның жақын досы Шағатайдың баласы. Есу-Мөңке қойылды. Бірақ көп кешікпей Күйік өлгеннен кейін (1248 ж. ) Үгедей мен Төлей ұрпақтарының арасында билік үшін күрес басталды. Батыйдың қолдауымен 1251 жылы Төлейдің үлкен ұлы Мөңке империяның басшысы болып жарияланады.

Жаңа ұлы ханның өкімет басына келуі жазалаудан басталды; Шағатай және Үгедей тұқымынан шыққан ханзадалар Мөңкеге қарсы қастандық жасады деп айыпталып өлтірілді немесе жер аударылды, сөйтіп Шағатай тұқымының мәні біраз уақытқа дейін жоққа сайылды. Бірақ ұлыстар формальді түрде өмір сүре берді: Күйіктің жесірі оның Емелдегі ордасында қалды, ал осының алдында қайтыс болған Қара-Хулағудың жесірі Орқына ұлы ханның келісімімен Шағатай ұлысының әміршісі болды. 1254 жылы ол Шағатай ұлысының әміршісі ретінде ұлы хан Мөңкенің інісі Хулағудың Иранға бара жатқан әскерін Алмалықта қарсы алды.

Іс жүзінде XIII ғасырдың ортасында империя Төлей мен Жошы ұрпақтарының арасында бөлісілген болатын. Ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысының басшысы Батыйдың ықпалы жүретін шекаралар, Рубруктың дәлелдеуі бойынша, Талас пен Шу өзендерінің арасындағы жазықта өткен. Сөйтіп Жетісу, XIII ғасырдың 50-ші жылдарында ұлы ханға бағынған, ал Жошының үлесіне жатпайтын, Мауараннахр уақытша Жошы тұқымының ықпалына кірді.

XIII ғасырдың 60-шы жылдарында монғолия империясының бірлігіне ақырғы соққы берілді. 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін оның екі інісі Арық-Бұғы мен Құбылай арасында таққа отыру жолындағы күрестен туған өзара соғыс басталады. 1260 жылы олардың екеуі де бір мезгілде ұлы хан деп жарияланады.

Екі ханның екеуі де Шығыс Түркістанды, Жетісуды және Орта Азияны өздеріне бағындырып алуға ниеттенді. Құбылай Жетісуға өзінің қойған адамы Шағатай ұрпағы Абишкені (Мүтігеннің немересі) Шағатай ұлысында билікті алу үшін жіберді, алайда жол бойында Абишкені Арық-Бұғының әскерлері қолға түсіріп, өлтірді. Арық-Бұғы өз кезегінде Шағатайдың немересі Алғұйды «Шағатай ұлысының патшасы боласың және сол маңдарды Құбылайханның әскерлерінен және [Шағатай] үйінің әскерлерінен қорғайсың деген жарлық» беріп батысқа жібереді.

Алғұй қысқа мерзім ішінде атасының иелігінде болған жерлердің бәрін өз билігіне бағындырды. Жошы ұрпағы Берке-ханнан Отырарды жеңіп алып, ол сондай-ақ бұрын Алтын Ордаға кірген Хорезмді және Ауғанстанның солтүстік бөлігін басып алады. Алғаш ол Арық-Бұғаның атынан қимылдап, кейіннен одан бөлініп кетті. 1264 жылы Арық-Бұғаны Құбылай талқандап, империя ханы болып жарияланды. Батыстағы ұлыстар оған бағынбады: Ирандағы Хулағу, Жошы, Алғұй иеліктеріндегі Берке және содан кейін Шағатай ұлысындағы Хайду іс жүзінде тәуелсіз әміршілер болды.

Алғұй өлгеннен кейін Шағатай ұлысындағы саяси жағдай қайта шиеленісті. Өзара алауыздық нәтижесінде билік Шағатай әулетінен Беркехан қолдаған Үгедей ұрпағына, оның немересі Хайдудың қолына көшеді.

Шағатай мемлекеті

Хайду тұсында Шыңғыс әулетінің Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Таластың жарасында құрылтай болып, онда ұлы ханның иелігіне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Жент пен Үзкент оазистерін қоса Сырдария бойындағы Оңтүстік Қазақстанның жерлері және Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай әулетіне қараған территорияның бір бөлегі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде - өз ата-бабасының иеленген жерлерінде хан болып жариялануына қарағанда Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.

XIV ғасырдың басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы ролі қайта қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар тұсында мемлекеттегі билік Барақханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты, В. В. Бартольдтың бағалауы бойынша ол «Шағатай державасын құрушы болды».

Шыңғыс-ханыың тұсында-ақ монғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағынған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған территорияларды мал жайылымына айналдыруын көздеді. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем топқа, жаулап алынған отырықшы-егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді.

Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шыңғыс-хан, ал оның ұрпақтарынан - Шағатай мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері Орқына-хатун, Барақхан және басқалары қолдады. Үгедей (1228/29-1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті өкімет болуын және тізе бүккен халықтармен қарым-қатынасты ішінара ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған территориялардағы халықты қанау тәсілдері туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге» келіп тірелді.

Экономикалық күйзеліс, Монғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды бірден-бірге өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Туваның баласы Кебекхан 1326 неғұрлым анық қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауараннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып кіруі
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы
Қазақстан тарихы - сызба схема түрінде
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Монғол испериясының құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz