Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
XIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XV ҒАСЫРДАҒЫ НОҒАЙ ОРДАСЫ. 3
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ8
Қолданылған әдебиеттер15
КІРІСПЕ
Қазақстан тарихында XIV-XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түрік тілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі.
XIV-XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түрік тілді бастау-хаттарда Қазақстанның бұ бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары - Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті - Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы, XIV ғ. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы - енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процесі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түрік халықтары - қазақ, өзбек, қыргыз, татар, ноғай т. б. үшін де - белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мәнді құбылыс.
XIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XV ҒАСЫРДАҒЫ НОҒАЙ ОРДАСЫ.
Алтын Орданың ыдырау кезінде пайда болған аса ірі мемлекеттік бірлестіктің біреуі - Ноғай ордасы еді. XIV-XV ғғ. ол Батыс Қазақстан территориясының бір бөлегін иемденетін.
Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл процесс әмір Едіге тұсында XIV ғасырда да жалғасып, оның баласы Нұр ад-диннің (1426-1440) кезінде аяқталды. Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нұр ад-диннің кезінде күшейіп, XV ғ. орта кезінде толығымен дербес бөлініп шығады. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер алғаш рет әдебиетте тек XVI ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлықтар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын - «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар осы атпен білген.
XIII ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша билеушісі түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді (осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы шыққан) . 70-ші жылдарда Батыйдың баласы Менгу Темір Ноғайға Волганың оң жағасынан едәуір территорияны үлеске (сойұрғал) береді. Кейіннен Ноғайдың «ұлыс адамдары» басқа ұлыстарға да тарады.
Ноғай Ордасының негізгі территориясы Волга мен Жайықтың арасындағы жазықта, оның орталығы Волганың төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайықта) ауданында болатын. Шығыста ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп-қонып жүрді, солтүстік-батыста олардың көшіп-қонып жүрген жерлері Қазанға дейін, Оңтүстік-батыста Арал өңірі мен Каспий өңірінің солтүстігіне дейін, ал кейде олар Маңғыстау мен Хорезмге жететін.
XV ғасырдың ортасында ноғайлықтар (маңғыттар) кей кезде Сырдарияның орта ағысына дейін жететін және Сырдариядағы қамал-қалаларды жаулап алатын. 1446 жылы, мысалы, маңғыт Уаққас би Үзкент қаласын басып алды.
Шын мәнінде Ноғай (Маңғыт) Ордасының негізін қалаған Едіге болып саналады. Ол туралы өмірбаяндық мәліметтер көптеген Шығыс авторларында: Муин ад-дин Натанзиде, Абд ар-Раззак Самарқандиде, Ибн Арабшахта, Әбілғазиде, Қадырәлі Жалаириде кездеседі. XIV ғасырдың аяында саяси аренаға шығып, Алтын Орданың белгілі уақытша билеушісі болып алған Едіге 15 жыл бойына (1396-1411) шын мәнінде Алтын Ордадағы бүкіл билікті өз қолында ұстады. Ол басқарған «Маңғыт жұрты» Алтын Ордадан бөлектенген елеулі феодалдық иеліктердің бірі болды. Клавихоның сөзіне қарағанда. «Едігей өз Ордасында екі жүз мыңнан астам атты әскерді ұдайы ұстаған». Өз қолымен қойған хандар арқылы Алтын Орданы басқара отырып, «беклер бегі», немесе «ұлы әмір» (әмир әлумара) атағы бар Едігенің билігі зор болған және көрші ұлыстардың өміріне зор ықпал еткен. Ибн Арабшах оның жиырма шақты баласы болғанын, олардың әрқайсысы «билікке ие патша, [өзінің] ерекше үлесі, әскері мен жақтастары» болғанын хабарлайды.
Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраланған. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктердің территорияларында Шыңғыс әулетінен қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпағының келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр болған. Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде XV ғасырда Едігенің ұрпақтары Уаққас-би, Мұса-мырза, Ямғұршы және басқалары зор роль атқарды.
Ноғай ордасының құрамы белгілі бір кезеңге дейін, сол аймақтың түрік халықтарының бас қосып, ынтымақтасуы аяқталғанға дейін Ақ орда мен Әбілқайыр хандығының құрамына жақын болатын. Оның құрамында түрік және түріктенген моңғол тайпалары мен тайпалық бірліктер бартұғын. Маңғыттарды есептемегенде, Ноғай ордасына қыпшақтар мен қаңлылар, қоңыраттар мен наймандар, үйсіндер мен кітәй, аз (ас), алшын мен тама т. б. енетін. Ноғай ордасы этникалық-саяси бірлестік ретінде пайда болады; оған кірген тайпалар XV ғ. аяғында басы құралып біткен ноғай халқының негізін салады.
XV ғ. екінші жартысында осынау халықтың «ноғай » аты пайда болады, олар көрші жұртқа осы атымен мәлім болған.
Олардың басшылары арасында билік пен жайлау үшін үнемі күрес жүріп жатты. Алтын Орданың қираған тамтығынан құрылған басқа да бірлестіктер тәрізді Ноғай Ордасы да этникалық құрылым емес, көбіне саяси құрылым болды. Ноғай Ордасын мекендеген таппалар қазақ халқы қалыптасуының күрделі этникалық процесіне тікелей қатысты.
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы Ш. Ш. Уәлиханов айтқан болатын. Ол алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атады. Мұндай қатынастар кейін де, мәселен, деректемелерде «қазақтар мен ноғайлардың ханы» аталатын Хақназар-хан тұсында XVI ғасырдың ортасында да сақталды. Қазақ халқында осы уақыт туралы аңыздар сақталған. Бірақ одақтық қатынастар әрқашан тиянақты болмаған.
XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және саяси байланыстары бірте-бірте қалыптаса бастады. XVI ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарының Россияға қосылғанынан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау процесінде халықтық бір бөлегі Кіші жүз құрамына енді.
XIV-XV ғғ. ноғайлыда айналасындағы көшпелі әлемнің басқа да хандықтары сияқты, ерте феодалдық қатынас болған, сонда патриархалды-рулық тірліктің көптеген белгілері сақталып қалған. Жіктік сатының ең жоғарғы басқышында билер, хандар мен мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрады; олар ордалар мен ұлыстарды, ауылдарды басқарады, қарауындағы тайпаластарының экономикалық мәселелерін шешеді. Бар байлық - ең алдымен мыңғырған мал - үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, отар-отар қой, табын-табын ірі қара мал - далалық ноғай ақсүйектерінің қолдарында болатын. Сөз жүзінде жер-су рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелсе де, шын мәнінде қоныс-өрістері, аңшылықтың шұрайлы жерлері солардың билігінде болады.
Ноғай ордасында өкіметті және басқару ісін саяси ұйымдастырулық тұрақты ұлыстық жүйесі қалыптасады. Хан, сұлтан ордада өкімет билігін - әскери, елшілік, әкімшілік билігін мұра ретінде алып отырған. Ордада бірнеше ұлыстар болған, олардың орқайыссы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктеріне көбінесе шексіз де тежеусіз бүйрық жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы, жайлы жайылымдары мен өрістерін уысында ұстаған. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзаларымен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтары кезінде қару-жарағын асынып келуге міндетті болған. Шапқыншылықтар, көршілермен соғыс дала ақсүйегіне қыруар пайда түсірген. Орда жорыққа 300 мыңға дейін сарбаз шығара алады екен.
XVI г. Ноғай ордасы Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және саяси байланыс орнатады. Ноғай ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен аса тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ
Хандықтың этникалық құрамы. Ақ орда халқының құрамы сияқты, күрделі болады. Бұған, негізінен жаңағы саяси бірлестікке кірген тайпалар кіреді. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бірінші жартысында осынау тайпалар «өзбектер» деген жалпы этникалық-саяси атпен белгілі болатын. Олардың ішінен деректер қыпшақтар мен наймандар, маңғыттар мен қарлықтар, қоңыраттар мен қаңлылыр, үйсіндер мен ұйғырлар, құрлауыттар мен дүрмендер, кенегестер мен отаршылар, бүркіттер мен құсшылар, қият, кітәй, жат сияқты этникалық топтарды (сол кездегі жазба деректер терминіне жүгінсек, ел, ұлыс, аймақ, тайпа т. б. ) атап кетеді. Олар негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлықтардан шыққан түрік тайпалары, ерте ортағасырдағы Дешті-Қыпшақ пен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қаңлы, үйсін, қарлық секілді халықтарының, сол сияқты баяғыда түріктеніп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары еді. Кейінірек осы бір этникалық топтардың көбі қазақ Орта жүзінің тайпалары ретінде мәлім болады. Айтылып отырған тайпалар мен тайпалық бірлестіктер экономикалық дамуының деңгейі, қоғамдық қатынастары мен мәдениеті жағынан бір-бірімен өте жақын еді.
Әбілқайыр хандығының саяси құрылысы олардың феодалдық мәніне сәйкес еді. XIV-XVI ғасырлардың деректемелерінде дәстүр бойынша Монғол империясы құрамындағы Шыңғыс ұрпағы иеліктерін бұрын атағандай бұл мемлекеттер, әдетте ұлыс деп аталады. Ұлыстар империя шеңберінде билеуші әулет мүшелерінің үлесті иелігі болып саналатын, бірақ «ұлыс» ұғымы сонымен қатар «мемлекет» деген де мағына алды. Мәселен, «ұлыс» атын сақтап, Жошы, Шағатай иеліктері дербес мемлекеттер болды.
XIII-XIV ғасырдағы Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпағының иеліктері «Бату ұлысы», «Берке ұлысы», «Өзбек ұлысы» аталды. Ақ Орда да XIV ғасырдың екінші жартысында «Ұрұсхан ұлысы» аталды. «Ұлыс» атауы билеуші хан есімімен қоса Моғолстан мемлекетіне қатысты да қолданылды: «Тоғылық-Темірхан ұлысы», «Қызыр Қожахан ұлысы»; мұндай этникалық-саяси «Ұлыси моғұл», яғни «Моғұл ұлысы» атауы да қолданылды. Осы секілді Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы деректемелерде кейде «Ұлыси өзбек» яғни «Өзбек ұлысы» этникалық-саяси ұғымы арқылы да белгіленетін.
«Ұлыс» ұғымынан басқа көне түркі ұғымы «ил», «ел» де кеңінен қолданылды. Ол дербес немесе «ұлыс» сөзімен бірге қолданылды («ил-и өзбек», «ил-и моғүл», «ил ва ұлыс-и моғұл») . «Ил» ұғымы «ұлыс» ұғымы тәрізді мемлекетті, елді, жалпы мемлекет халқын, бірақ көбіне «көшпелі халықтардың басты бөлімшелері» ретінде тайпаларды немесе тайпа топтарын белгілеу үшін жиі қолданылды.
Қазақстан территориясындағы әр мемлекеттің халқы XIV-XV ғасырларда үлкен-үлкен бірнеше этникалық-территориялық топтарға, тайпалық бірлестіктерге, ірі тайпаларға бөлінді. Олар қандас туыстық одақтар емес, феодалдық иеліктер сипатында болған еді. Бүл тайпалар мен бірлестіктерге жер мен малға феодалдық меншік формасы, таптық қарама-қайшылықтар, қанаудың феодалдық формалары тең болатын. Ақ Ордадағы, Шайбани ұлыстарындағы, Әбілқайыр хандығындағы мұндай бірлестіктердің құрамы біршама бірдей болды. Белгілі бір тайпалар мен тайпалар бірлестігі бөлімдерінің әр түрлі мемлекеттік құрылымдарға кіруі жиі кездесетін, ал кейде бірінен екіншісіне көше беретін.
Этникалық-территориялық топтар мен бірлестіктерді белгілеу үшін деректемелерде бірнеше түрлі терминдер қолданылады. Осының өзінде тарихи шығармалардың авторлары бір шығарманың әр түрлі беттерінде де белгілі бір топты «ел» немесе «ұлыс», яғни ірі бірлестік, сондай-ақ «қабиле», «ұрық», «шоба, яғни ұсақ бірлестіктер деп жиі атайды. Жошы мен Шағатай ұрпақтарының ұлыстарына енген Қазақстан территориясында өмір сүрген этникалық бірліктерді, ру-тайпалық бөлімдерді белгілейтін терминдер сан алуан. Бұл ұлыс, ел, аймақ (омақ), тайпа, қауым, табақа, ұрық және басқалары. Олардың кейбіреулері - ел (иль), тайпа, ру (ұру, ұрұқ), қауым - қазақтарда бертінде де сақталған. Этникалық терминдердің тиянақсыздығы мен тұрақсыздығына көшім-қонымы көп халықтың этникалық құрамының өзінің тұрақсыздығы, ал ең бастысы ру-тайпалық құрылымының өзінің өтпелі сипаты, тиянақсыздығы себеп болды.
Мемлекеттік және әкімшілік аппараты . Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр мемлекетінің және басқа хандықтардың мемлекеттік және әкімшілік-саяси құрылымы көбінесе бірдей болды. Мемлекет басшысы хан болатын, оның билігі тікелей мұрагерлікпен немесе билеуші әулеттің үлкен өкіліне берілетін. Бірақ дәстүр бойынша, феодалдық үстем топтың - бектердің, әмірлердің - ханды жариялауы, сайлауы сақталатын және тікелей мұрагерді, рудағы үлкенін немесе басқа үміткерді «хан көтеру» олардың еркіне байланысты еді. «Тарих-и Рашидиде», мәселен, дуғлат Хұдайдад-ұлысбектің «алты ханды хан көтеруді» ұйымдастырғаны хабарланады.
Ханның басқаруы мен нақтылы билігі де әрқашанда дерлік феодалдық үстем топтың еркіне байланысты еді. Деректемелерде әрдайым хандардың «өзінің ақсүйектерімен және жақын адамдарымен» түрлі мемлекеттік істер жөнінде өткізген кеңестері туралы хабарланады. Мәселен, «Тарихи Рашидиде» Қызыр-Қожа ханның өз шонжарларымен Темірдің саяси және экономикалық дәмелеріне байланысты кеңесі туралы егжей-тегжейлі әңгімеленеді. Масуд бен Усман Кухистани осындай «кеңестер мен мәжілістерді» тайпалар шонжарларымен Әбілқайыр-ханның (мысалы, Хорезм жорығы алдында) өткізгенін хабарлайды.
Ұлыстар мен тайпалық бірлестіктердің басқарушылары мемлекет басшысы ретінде ханға формальды түрде болса да вассалдық бағыныштылықта болатын. Олар бұдан көшпелі ұлыстарды басқаруға бекітілген ресми қағаз алатын, ал кейде жаңа «бөтен» тайпалар мен олардың жұртын феодалдық сыйлыққа алатын. Шонжарлар хан соғыстарына белгілі бір жауынгерлер мөлшерімен қатысып, өзіне бағынышты халықтан алатын салықтың бір бөлегін ханға беруге тиіс болатын. Бірақ шын мәнінде нөкерлерден құрылған жеке жасағы ғана бар және феодалдық жасақтардан басқа әскери күші жоқ хан ірі феодалдар алдында әлсіз болатын. Қарауындағы халықтан салық алу, сондай-ақ шекараны, территорияны қорғау секілді істерді-тұтас алғанда мемлекеттік өкіметтің осы негізгі функцияларын хан феодалдық ұлыстардың билеушілері арқылы, солардың қолдауымен ғана орындай алатын еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz