Керейлер. Наймандар
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Керейлер 3
Наймандар 7
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Шыңғысхан (Темучин) бастаған маңғолдар 13-ғасырда Жұңғаның
солтүстігінде ұлан-байтақ өңірде жер дүниені зілзалаға келтірген аса
құдіретті маңғол патшалығын құрды.
Қазақ халқының құрамындағы белді тайпалар мен ұлыстардың бірсыпырасы
– керейлер, наймандар, қоңыраттар, қаңлылар тағы басқалар құдыретті
маңғолдар қозғалысынан бұрын Орталық Азия мен Орта Азияның ұлан-байтақ
өңірінде өз алдына хандық құрған болатын. Бұлар Шыңғысханның жорығына қарсы
жиырма жыл бойына қажырлы қарсылық көрсетіп, ерлік күрес жүргізді. Сол
кезде жеке-жеке ұсақ хандықтарға бөлініп, бытыранды жағдайда өмір өткізіп
отырған қазақ ұлыстарын Шыңғысхан біріне-бірін қоспай жеке-жеке талқандады
және әр алуан әдістермен өзіне бағындырып отырған. Ақырында олар Шыңғысхан
құрған маңғол шапқыншылығы құрамына қосылады. Қазақ халқының құралуына
үлкен үлес қосқан осы ұлыстардың сол кездегі тарихы жөнінде көптеген
деректер бар. Бұл қазақ тарихының маңызды материалдарының бірі болып
есептеледі. Біз енді осы ұлыстарға – наймандар мен керейлерге жеке-жеке
тоқталамыз.
Керейлер
Орта ғасырдағы жазба деректерге Маңғолдардың құпия шежіресі,
Маңғолдардың алтын тарихы сияқты кітаптарда керей атауы кереит
түрінде берілген. Ал Иуан патшалығының тарихында кіле, хыле, клейі,
хлейы деп жазылған. Парсы және түркі тіліндегі Жамиғ-ат-тауарих,
Шежірейі түрік сияқты кітаптарда да керейт түрінде кездеседі. Көне
түркі тілінде т қосымшасы лар. лер деген мағынада жұмсалған. Демек,
керейт - керейлер деген сөз. Керей деген ұлыс атының тегі мен мағынасы
жөнінде зерттеушілер әр алуан жорамал-жорулар айтқан. XIV ғасырдың
басындағы парсы тарихшысы Рашиден Жамиғ ат-тауарих атты кітабында былай
баяндайды: Ерте заманда бір хан болыпты, оның жеті ұлы бар екен. Ұлдарының
өң-түсі өңкей кер болғандықтан керейлер атанған екен. Кейін бұл балалары
өсіп-өрбіп тайпа ел болыпты да керей сол тайпаның атына айналыпты. Ең
ақырында керей деп хан шыққан ру ғана аталатын болған. Басқа тайпалар осы
ханға бағынған.
Осыған меңзес сөз Әбілғазы әл-Хорезмидің Түрік шежіресі кітабында
да көрсетеді. Онда ағайынды жеті адамның өң-түсі түгел кер болғандықтан,
олардың ұрпағы керей (керейлер) деп аталған дейді. Автор керейлерді оғыз
тайпаларынан шыққан дейді. Қазақ тілінде кер деген сөздің мағынасы өң-
түсті білдірсе, енді бір мағынасы ер, биік, асқақ деген ұғымды береді.
Лиау (907-1125), Жин (115-1234) патшалықтары кезінде керей ұлысы
көптеген тайпалар мен руларға бөлінген. Олар: 1) Керейхан тайпасы. Хандар
осы тайпадан шыққан, ол басқа тайпаларға үстемдік еткен, барлық тайпалар
Керей ханның бұйрығына бой ұсынатын болған.
2. Жырхын тайпасы. Бұл керейлердің ішіндегі ең күшті тайпа болған.
Олар Қарауыл-Жыдұн және Жегір-Жүлгір деген жерлерде көшіп қонып жүрген.
Олардың басшысы Байүк батыр деген адам болған. Ол Күрени деп аталған он мың
үйдің ұлығы еді. Жырхын тайпасы керейлер ішінде сый құрметке бөленген
батыр тайпа болды, керей ұлысынан шыққан батырлардың осы тайпадан еді.
3. Тонхайт
4. Сахиат
5. Тобарыт
6. Албат тайпасы
ХІХ ғасырда Алтай аймағындағы керей тайпасынан шыққан шежіреші Мәми
керей ұлысының арғы тегін мынадай сегіз тайпадан таратады: шөп, сеп,
байлау, қайлау, елдей, күлдей, изен, жусан. Осы мәми айтқан тайпалардың аты
7-8 ғасырлардағы Жұңго жылнамаларында да бар, олардың көбі қазіргі
Жоңғарияның мекендеген телі тайпаларының қатарында аталады. ХҮІІ ғасырдың
басында Жоңғариядағы шеп, сеп, байлау, қойлау тағы басқа тайпалар шығыс
түрік қағандығының үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап, 607-жылы шеп
тайпасының бастығы Керін Еркінді хан көтеріп, Изен Бағақаған деп атаған.
Оның хан ордасы Танхан тауында (қазіргі Боғда тауында) болған. Ол
Жоңғариядағы тайпаларды бастап соғысып, түріктің Чоро қағанын жеңіп, Құмыл,
Қарашары қатарлы жерлерді бағындырған. Осы Керіннің баласы Хылей қаған
атанған. Таң патшалығының көне тарихында Хылейді әкесі Кер сүй дәуірінде
мықты тегін атағын алған еді дейді. Кер деген бұл сөз хандар руының
аты. Демек, Керей этнонимі жоғарыдағы тайпалардың алғашқы тайпалық
одағының көсемі Керін яки Хылей (керей) хандарының атынан шыққан болуы
мүмкін. Өйткені қазақ шежіресінің, Рашиденнің және Жұңго жылнамаларының
деректері арасында осындай сәйкестік бар.
Кейбір этнографтар керей ұлысын сары керей, қара керей және уақ керей
деп үш салаға айырады. Қазақ шежірелерінің деректерінде: қазақтың ортаншы
ұлы Ақарыстың (кейде Бекарыс деп те атайды) бір баласы Дана би, оның үш
баласы: Қаянбай, Жарғақ және Тарғақ екен.
Шежірешілер: сары керейден қара би, қара биден ашамайлы, абақ тараған
дейді. Қазіргі Шыңжаңдағы керейлердің көбі абақ керей.
Керейлер ерте заманнан бері әйгілі шығыс зерттеуші ғалым Грумм
Гржимайло; керейлер ХІХ ғасырдан бастап тарихқа әйгілі болған десе, Н.
Аристов: керейлердің жан саны Х ғасырда 900 мың адамға жеткен дейді. Г.Н.
Потанин: керейді сары үйсіннің ұрпағы дейді.
Алау және Жин патшалықтары кезінде керей елі Ханхай тауы мен Гінте
(Бұрхан) тауының аралығында, Орхон, Тола өзендерінің өңірінде көшіп-қонып
жүрген, олардың батыс жағындағы көршілері меркіт және қырғыз тайпалары
болған. Ол кезде керейлер жан саны көп, күші мығым ұлыс еді. Керейлер осы
кезде соғды жазуын (көне ұйғыр жазуын) қолданған. 1007-1009-жылдардан
бастап христиан дінінің бір тарауы болған несториан дініне кірген.
Тарихи жазба деректерде керей елінің марғұзхан, құршақұз, Бұйрық хан,
Горхан және Оң хан деген билеушілерінің аты аталады. Мұның ішінде өте
әйгілісі Оң хан, оның өз аты Тұғырыл, ол Шыңғысханмен замандас адам. Оның
Оң хан деген лауазымы Уаң хан дегеннен шыққан, мағынасы бір елдің
әміршісі деген сөз.
Тұғырыл өз кезінде Жұңғаны билеген Жин патшалығына (Алтын ханға)
көмектесіп, татар тайпаларын бағындырған. Бұл еңбегі үшін Алтан хан оған
уаң атағын берген. Жүре келе уаң хан деген сөз Оң хан болып кеткен.
Осы оң ханның тұсында керей елі мейлінше күшейіп, ұлаңғайыр өріске
көсіле шалқыған. Оң ханның жазғы жайлауы Талан-Құсауыр, Дабан, Науһыр деген
жерлер еді. Ол кезде оң ханның армиясы оң қол және сол қол деп екі қанатқа
бөлінген. Оң қолға қарасты тайпалардың қонысы Талсұтан, Желсұтан деген
жерлер еді. Ал сол қолға қарасты тайпалардың мекені Ылат, Тарат, Айжиек,
Құтықан, Алуұт, Үкірт, Илат, Тартыт деген қоныстар болған.
Оң ханның қыстауы Аутегін, Аурұн-Күркін, Түш, Барай, Шырқ, Құлусын,
Отку-Құлан, Жалауыр-Құлан деп аталатын жерлер еді.
Марко Полоның саяхатнамасындағы деректерге қарағанда, ХІІІ ғасырда
керей ұлысының көпшілігі несториандық бағыттағы христиан дініне сенген.
Сонымен бірге олардың ішінде будда дініне сенушілер де, ислам дініне
сенушілер де болған.
Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша, керей елінің мал шаруашылығы
да, егіншілігі де, орталық қалалары да болған. Оң ханның орталық қаласы
Исақ маңғол Алтайында орналасқан, екінші астанасы Барысқатар өзені
бойындағы Қара-Хото. Совет ғалымы Б.К. Козлов осы қаланың жұртын қазып,
зерттеген. Ондағы христиан дініне табынатын шіркеу абаттардан қағазға,
жібекке орхон, ұйғыр, сирия жазуымен жазылған жазулар көп табылған. Оларды
түркі тілінде, сирия тілінде жазған... Керейлер ғұн әдеті бойынша бұғы-
маралды ерекше қадірлеп, оған табынып жүрген... Алтай, Жоңғар даласында,
Енисейде жоғарыда көрсетілгендей орхон жазуы бар құлпытастар кездеседі,
олардың көбін жазған керей мен наймандар... Керейлерден қалған орхон жазуы
бар құлпытастар Биук-Тұран өзенінің бойында тұр. Оған: Алтын ілгек кісені
білімге Бұғұндым (Алтын ілгек кісені беліме буындым) деп жазылған. Бұл
жазулар керейлердің түркі тілінде сөйлегендігін даусыз дәлелдейді.
Наймандар
Наймандар – ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. Олар ежелгі заманда-
ақ Ертіс өзенінің батыс жағындағы таулы өлкені мекендеген. Наймандар ерте
кезде Ертіс өзені мен Орхұн өзені аралығын мекен еткен түркі тілдес көшпелі
тайпалардың одағы ретінде жарыққа шыққан. Бұл одақ ерте кезде түркі тілінде
сегіз-оғыз тайпалары деген атпен аталған. Еліміздің ежелгі ханзу
тіліндегі жылнамаларында Жұй-бу, Че-бу (Жұй ұлысы, яғни че тайпалары)
деген ортақ атпен аталып жүрген. Елімізді билеген Алау әулетінің
жылнамаларында бұл тайпалар найман деген атпен аталады. Кейбір
зерттеушілер: маңғол тілдес қидандар, сірә, оларды түрікше сегіз тайпа
одағы деген мағынаға теңдестіріп найман деп атап кетсе керек деп
топшылайды. Сегіз-оғыз аталған найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта
шенінде жоғарғы Ертіс пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz