IX—XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
Испиджаб және Шымкент 3
ОТЫРАР 5
Яссы – Түркістан 6
САУРАННЫҢ ЖЕТІ ҚАБЫРҒАСЫ 7
ОҒЫЗ ЖӘНЕ ҚЫПШАҚ ҚАЛАЛАРЫ 7
ТАЛАС ЖӘНЕ ШУ АҢҒАРЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫ 9
ЖАМҰҚАТ - БҰХАРЛЫҚТАР ҚАЛАСЫ 11
СУЯБ ПЕН БАЛАСАҒҰН 12
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер: 15

Кіріспе

Біздің дәуірдің алғашқы мың жылдығы жартысынан бастап Сырдарияның
орта және төменгі ағыстары аудандарында этникалық-саяси жағдай өзгерді.
Мұнда түркі тілді тайпалар келді. Ерте орта ғасыр дәуірінде бұл жерде Кангу
Тарбанның феодальдық бірлестігі қалыптасады. Жазба деректер осы кезеңдегі
бірқатар оқиғалардың күңгірт сұлбасын айқындауға мүмкіндік береді.
Самарқанд тұрғындары қаланы басып алған арабтарға карсы көтеріліс жасайды.
Арабтармен күресу үшін олар түріктерден көмек сұрайды. Міне, түркі
жасақтары соғдыларға көмекке асыға ағылуда. Түркілердің соғыс науқаны
барысын сипаттайтын руналық жазбалар түркі әскерлерінің ауыр жеңіліске
ұшырағаны, өйткені осы кезде күтпеген жерден олардың сыртындағы түргештер
көтеріліп, түркілердің одақтастары — кенгерестерге соғыс ашқаны жөнінде
хабарлайды.
Кенгерестер дегендеріміз кімдер? Мұны түсіндіру үшін Византия
императоры Константин Багрянородныйдың X ғасырдың бірінші жартысында
жааылған Империяны басқару туралы трактатына жүгінген жөн. Бұл
Константинополь сарайыныдағ кенгеретерге қатысты әскери-дипломатиялық
тәжірибесі қорытындыланған саяси трактат еді.
Шығармада славяндарға, болғарларға, сербтерге, франктарға, арабтар
мен русьтерге берілген сипаттамалармен қатар печенегтер сипаттамасы да
келтірілген.
Константин Багрянородный печенегтердің оңтүстік русь даласына қоныс
аударғанға дейінгі ежелгі атаулары кангар еді дейді. Ол: печенегтер де
өздерін кангер деп атайды, бірақ бәрі емес, тек үш аймақтың халқы:
өзгелерге қарағанда ең ержүрек әрі ең қайырымды саналатын Иабдиирти,
Куарцидур мен Хабуксингила халықтары, өйткені бұлар кангарлардың қосымша
атаулары.
Ғалымдар осы бір жұмбақ халықтың кангерес, кангар деген атауларын
салыстыра отырып, ежелгі түркі жазбалары да, византиялық трактат та әр
түрлі кезеңдегі тарихы тұрғысынан келгенімен түбінде тұтас бір халық
жөнінде сипаттаған. Егер Канг — Сырдарияның алғашқы атауларының бірі екенін
ескерсек, онда Кангар-Кенгерестер отанының Сырдариядан және оның орта
ағысынан іздеу керек, өйткені ежелгі түркі бірлестігі Кангу-Тарбан сол
жерде шендесті ғой. Міне, сол Кангу-Тарбанның қалыптасу кезеңі Түркі
қағанаты мен Византия империясы дипломатиялық елшілерінің Яксарт — Сырдария
жағалауларымен жүріп өткен, сөйтіп түркіден грекке дейін сауда жолы ашылған
кезеңге тұспа-тұс келеді.

Испиджаб және Шымкент

¥лы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала
Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға
дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі,
Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел Ақ өзендегі қала деген атаумен еске
алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек
Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. Сайрам —
деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда)
атауы. Оны Сайрам деп те атайды. Испиджаб атауы соғды тілінде Ақ су
мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса Ақ озендегі қала—
Испиджаб— Сайрам деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі
айғақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен ХІІІ ғасырдың
бас кезінде ең ірі қалаға айналды. Испиджаб округы Сырдария бойындағы
Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын: Қаратаудың солтүстік
бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын: Жетісуда Тараз, Құлан, Мирки
(Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. X ғасырдың географы Иби Хаукаль былай
жазады: Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала мединадан
(орталықтан), қамал мен рабадтан (керуенсарай) тұрады. Қамал күйреген, ал
медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да
ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы
бар. Ол тегіс жерде жатыр, оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай
(20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван
қақпасы және Бұқара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал
басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединада орналасқан. Бұл адамы құжынаған,
ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж
(салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ. Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы
ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім.
XIV-XV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы
қауырт өсіп, тез дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі
бірте-бірте соған ауыса берді
Шымкент — елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафаддин Али
Иаздидің Зафар — нама шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына
байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент Сайрам маңындағы
қыстақ ретінде ғана еске алынады, алайда қала тарихы мыңдаған жылдар
тереңіне бойлап кетеді.
Кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адам сонау тас ғасыр дәуірінде
— бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Қола дәуірінде тау бөктеріндегі алқаптар ғалымдар атауымен айтқанда
андронов мәдениетінің адамдары қолымен кең түрде игерілген. Бұлар өзен
аңғарларында егіншілікпен айналыса жүріп үй малдарын да өсірген тайпалар
болатын. Андроновшылар дәндік тары, бидай егіп, өсіріп, ірі қара мал
ұстаған, қой бағумен айналысқан, жылқы мен түйе де өсірген. Мыс пен қола
металдары жоғары деңгейге көтеріп тастады. Мыстан еңбек құрал-саймандары —
пышақтар, балталар, пішен шабатын икемшектер, сондай-ақ қару-жарақ пен
әшекейлер жасалды. Қоладан жасалған бұйымдар Шымкент ауданынан бірнеше
мәрте табылды.
Шымкент ауданындағы мәдени өмірдің одан әрі дамуының кезекті дәуірі,
Оңтүстік Қазақстанның барлық жеріндегі сияқгы, артына көптеген елді
мекендер мен қорған-мазарлар қалдырған.

ОТЫРАР

Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады.

Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соғды көпестерінің отар-иеліктері
елеулі оң әсерлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен
саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Йспиджаб, Тараз, Хамукет
қалаларына қарағанда Отырар далалық малшы-тұрғындары үшін өз қаласы болды
және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне етене
жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары мен дос-жарандары болды.
Отырар - Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ойшылы Әбу Насыр
Әль-Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған қала бой
көтерді.
Отырар Сырдарияның орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып
табылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың
жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр. Өзен аңғарларында жыңғыл,
жиде, тал, тораңғы мен қамысы тығыз өскен ит тұмсығы батпайтын тоғайлар жиі
кездеседі.

Яссы – Түркістан

Яссы — Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде
қырдаланың, Орта Азияның Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімделген
Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған; құқықтық
куәліктерде Ходжа-Тумасы құдығы. Мир-Қаpa-Су. Шорнақ, Қарабұлақ. Садай-
бұлақ, Ақ-теп. Үpжар, Мыш, Ақ-Зүлқіш және т. б. арықтар айналасындағы
суармалы жерлер анықталған.
Түркістан қаласы күйдірілмеген кірпіштен қаланған, кей жерлерде
күйдірілген кірпіш те бар; қаланың биіктігі 3 сажын, жалпақтығы екі сажын,
ал шеңбері 500 сажын шамасында; қабырғаларында зеңбірек ататын тесіктер
жасалынған, қаланың мұнарасы да бар, қақпасы төртеу. Түркістанның қақпалары
Есек-қақпа, Мұсалы-қақпа (немесе Бабараб, Ходжа Ахмедтің көрнекті
оқушыларының бірі атынан), Ысты-ата-қақпа және Дарбаза қақпа.
Бұл қаланың қалдықтары қазіргі Түркістанның территориясында жатыр

САУРАННЫҢ ЖЕТІ ҚАБЫРҒАСЫ

Сырдария белінде белгілі қалаларының бірі — Сауран. Өз атауын сақтап
қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25
шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан әйгілі. X
ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: Сауран
(Савран, Сабран) — бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала,
оның рабады бар, үлкен мешіт Ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен
қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс-қамал.
Қала туралы құнды деректер мұнда 1514—1515 жылдары тұрған ақын және
жазушы Васифидың мемуарларында бар. Ол қаланың аса көрнекті ғимараттарының
бірі теңселмелі екі мұнарасы бар медресе туралы мәлімдейді: Оның
айналасына орасан зор және аса келіскен екі биік мұнара қойылған. Ол
мұнараларды екі шынжыр бекітілген, ал әр мұнараның күмбезінің астына бөрене
(чуб) орналастырылған; біреу бөренені қатты күшпен қозғалысқа келтірсе,
шынжыр тербеледі де, қарама-қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап
кететін сияқты көрінеді. Ал бұл — әлем ғажайыптарының бірі.
Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері туралы айта
кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан.

ОҒЫЗ ЖӘНЕ ҚЫПШАҚ ҚАЛАЛАРЫ

Оғыз тайпалары Х ғасырда Сырдария белдеулері мен оның төменгі
ағысында мекендеген. Мұнда олардың Жент, Яншкент, Хора қалалары болған.
Орталық Қазақстан далаларын бір жағынан Орта Азия мен Таяу Шығыспен, екінші
жағнан — Хорезм, Арал өңірі, Кавказ және Жерорта теңізімен қосып тұрған.
Оғыздар державасы Орта Азия мен Европаның саяси және соғыс тарихында
маңызды роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға басқыншылық жасаған, Хорезм және
құдыретті Хазариямен бақталас болған.
Ескерткіштің маңыздылығын қала қалдықтарына күзет ұйымдастырған,
арасынан күйдірген кірпіштерді талан-таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен
орыс офицерлері де түсінген.
Жанкенттің қасында Сырдарияның ең төменгі сағасында тағы бірнеше оғыз
қалаларының қаусырықтары жатыр. Күйікқала — Сырдарияның бір қойнауында
орналасқан көне қала топографиясы өлшемдері 210X210 м., биіктігі 3 м.
төртбұрыш төбе болып келген Ішкі қамал байқалады. Қамалдың ішкі құрылысы,
көше бағыттары жақсы ажыратылады. Қамалға жобасы сопақ, мүжілген қабырғамен
қоршалған территория жалғасқан. Оның ауданы 40 гектарға жақын.
Қалдық қалалардың бетінен іркілдек сазқамырдан жасалған құмыралардан
тұратын керамиканың ерекше тобы теріп алынған. Құмыралардың беті баспа
оюмен әшекейленген — ойып жасалған жапырақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испиджаб және Шымкент
Орта ғасырдағы Қазақстан V—XII ғасырлар
Тараздың қысқаша тарихы
Қазақстан көшпелілерінің архитектуралық ескерткіштерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Ортағасырлық Византия қалалары
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Пәндер