Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы. Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау. Шәлгез (Шалкиіз) жырау. Жиембет жырау
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы 2
Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау 7
Шәлгез (Шалкиіз) жырау 9
Жиембет жырау 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Қазақта жеті атасын білмеген жетесіз деген нақыл сөз бар. Міне мен
қазақтың ең ұлы даналарының қатарынан орын алған бабаларымыз жайында сыр
толғамақпын. Қиын да күрделі әрі қызықты тақырып.
Бүкіл өмірін қазақ халқының асыл арманымен астастырып, оның тәуелсіз
де бақытты тұрмыс кешуіне елеулі үлес қосқан ұлы ойшыл ақын әрі аңыз
кейіпкері Асан қайғы әдебиетіміз тарихынан орын алуға лайықты тұлға. Ол тек
мал шаруашылығымен күнелткен көшпелі елге жайлы қоныс, бейбіт өмір аңсады,
"адамы жүзге келмей өлмейтін", "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын"
мамыражай заман бар деп санап, оны өзі "Жерұйық" (кейде "Жиделі-байсын")
деп атады. Сөйтіп, қазақ жеріне көз алартып, басып алуды ойлаған отаршыл да
озбыр көршілерінен іргесін аулақ салу үшін әлгіндей құтты қоныс іздемек
болады. "Алты атанға қос артып, алты жыл қоныс" қарайды. Жүрген жерлерінің
бәріне шаруа көзімен қарап, ұтымды да дәл баға беріп отырады. "Асан қайғы
айтыпты" дейтін сын-сарап, болжам-пайым, тұжырым-баға әлі күнге ел жадынан
шыға қойған жоқ. Міне, осындай ұлы міндет, асыл арман арқалаған Асан Ата
туған жұртымен бірге тыныстап, бірге жасап келеді. Алайда халық қайғысын өз
қайғысы санаған ел қамқоршысы күні кешеге дейін ұлттық Ой ордасы мен
әдебиет тарихынан өзіне лайық төрдегі орнын ала алмай келді. Бұған оның
орыс отаршылдығына қарсы айтқан "Мұнан соң қилы-қилы заман болар" атты
болжау өлеңі басты себеп болды. Әділдік пен шындық жеңіп, тәуелсіздік
орнаған бүгінгі күнде оның аңыз кейіпкері ғана емес, халқының бақытты
болашағын ойлаған ұлы азамат, көрнекті ақын екенін де айтуға тиіспіз.
Ал қызыл тілді Қазтуған, орақ тілді Шәлгез, аруақты жырау Жиембеттер
туралы ұзақ-сонар әңгіме айтуға болады. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке-
жеке бір төбе.
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы
(ХVғ.)
Асан қайғының өмірі туралы нақты деректер сақтала бермеген. Әз-Жәнібек
ханның тұсында жасаған сыңайлы. "Қырында киік жайлаған" атты толғауында ел-
жұрттың құтты қонысы Жем мен Ойыл бойын тастап, Керей мен Жәнібектің соңына
еріп, Шуға қарай жарыла көшуін ұнатпағанын сеземіз. Ал енді Әз-Жәнібекке
арнаған жырларында да ол ел бірлігі мен іргесі сөгілмеген тұтастықты,
қолайлы жол, көне дәстүрді тілге тиек еткен хан қасындағы ақылшы, кемеңгер
би тұлғасында көрінеді. Хан мен халыққа жөн-жоба көрсетіп, болашақты
болжау, ел басшысының мін-кемшіліктерін көзге айтып, сын сарабына салу
дәстүрі осы Асан қайғыдан басталады. Осы жүйе жыраулық поэзияда үзілмей,
жалғаса дамып, әйгілі Бұқар жырау шығармашылығында өзінің биік шыңына
жетті, жыраулық өнер әдебиетімізде жеке сала болып қалыптасып, қанат жайды.
Сөйтіп, ертеден келе жатқан ақындық үлгі, суырып салмалық дәстүр жаңа бір
жанрлық саламен толысып, кемелдене түсті.
Асан қайғының Әз-Жәнібекке айтқан әзірге мәлім үш толғауы да үлкен
әлеуметтік, саяси мәні зор мәселелерге арналады, Мұнда, ең алдымен, ханның
ел басқарудағы саясаты мен істерінің кейбір кемшіл жерлерін бетке басып
айту бар. Жырау бұл үш толғауын да бетпе-бет келген бір сәтте, ауызекі,
қолма-қол шығарып айтқан, соның өзінде, өзі аяғымен келіп айтпай, хан қайта-
қайта шақырып, қыр соңынан қалмаған соң, амалсыз толғауға мәжбүр болады.
Немесе, екінші сөзбен айтсақ, алғашқы толғаулары екіталай қиын сәтте
көпшілік алдында ханның өтініші мен талабына сай туғанын көреміз. Сол
Асанқайғыдан басталған арнау толғаулар Шәлгез, Жиембет, Үмбетей, Бұқар
жырларында толыса кемелденіп, жетіле түсті. Бұл жәйт жыраулардың ел ішінде
абыройлы, ханмен дәрежесі не тең, не артық болатынын, мұның үстіне,
ақылдылығы мен көрегендігі қатар жүретін кісілер екенін аңғартады. Осыған
орай бұлар әрі би, әрі батыр болып келеді де, хан алдында үстем сөйлеуге,
көнбесе, хансыз-ақ күн көретіндей тәуелсіздік танытуға бейім тұрады. Осы
тұста хан алдында тайсалмай, жер қылар-ау деп күлтектемей, бетке басып
сөйлеу тек жыраулық поэзияға тән табиғи сипат екенін айтуға тиіспіз. Дәл
осындай ерекшеліктер, неге екені белгісіз, ақындар поэзиясында тым сирек
ұшырасады. Ақындар көбіне-көп ел басшылары мен ауқатты болыс-билерді,
байларды мақтап, сый-сияпат алуды ойластырады. Мұның түпкі сыры: жыраулық
поэзия ел тағдыры мен жұрт болашағын ойлаудан туындайтынын көреміз. Сондай
екіұдай, қиын сәтте жалтарып, бұлтара сөйлеудің мүмкін еместігі түсінікті.
Жыраулық поэзия мен ақындық өнердің бірлігін айтқанда, бұлардың екеуі
де қолма-қол суырып салып айтылатын жырлар екені мәлім. Ал енді, айырмасына
келгенде, бұлардың құрылысы мен мазмұнында, тақырыбында, жоғарыда
айтылғандай, көптеген өзгешеліктері бар. Бұл туралы М. Әуезов кезінде былай
деп жазған еді: "Жырау демек — ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан,
жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы — "толғау".
Жыраудың мақсаты, міндеті — "не болса сол көңіл ашар" әлдене дерлік сөзді
айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн,
бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс,
абыройды ханмен қатар үлеседі. Ол кез "ханнан — қазық, биден — тоқпақ"
дегендей, "қолағашы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді" дегендей, хан мен
рубасы бидің өмір дәрежесі тең немесе артық жүрген күйді білдіреді" (М.
Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы. 15 том, Алматы, 1984, 258 б.).
Сонымен, Асан қайғы қазақтың тұңғыш бас қосып, жеке хандық құрған
кезіндегі алғашқы ханы Әз-Жәнібектің тұсында жасағанын аңғарамыз. Бұл дәуір
ХV ғасырға жатады. Қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің "Ыстықкөл
сапары туралы естеліктер" атты еңбегінде: "Манас" жырында ноғай, қазақ,
қырғыз елінің Шу мен Тәшкент, Іле мен Ыстықкөл төңірегінде бас қосқаны
жөнінде жырланады", — дейді. Алайда сол кездесудің жетпіс жылдан кейін
болуы мүмкін екенін ескерте келіп, ол осы халықтардың аңыздары мен
жырларының бірлігі мен өзара туыстығына үлкен мән береді. Осыған орай
Шоқан: "Қара қырғыз ордасына ноғай аңыздары да мәлім болатын. Олар "Едіге"
жыры мен ол туралы аңыздарды да білетін еді. Бұған қоса:
Кешегі он сан ноғай бүлгенде,
Ормамбет би өлгенде,
Орданың қара ағашы
Аспанға ұшып кеткенде, — деп те жырлайды. Бір қызығы, ноғайлықтар Орта
Азия көшпенділерінің барлық аңыздарында аталып, аралас-құралас жүр. "Манас"
жырында Ташкент "ноғайлықтарының" аты аталады. Жәнібек, Асан қайғы бұларда
да бар. "Ел ішін ала тайдай бүлдіру" оқиғасы қырғыздарда да, ноғайларда да
кездеседі", — деп жазады (Ш. Уәлиханов. Бес томдық. 1-том, Алматы, 1984,
327-6.).
Сөйтіп, Шоқан мұнда қырғыз, қазақ, ноғайдың ХVІІ ғасырдағы жаугершілік
тұсындағы айрылысу оқиғасын "ел ішін ала тайдай бүлдірген" деген мәтелмен
байланыстырады. Ол құба қалмақтардан қатты қауіптеніп, жау әне шабады, міне
шабады деп отырғанда, түн ішінде бір ала тай босанып кетіп, жұртты
дүрліктіріп, ноғайлардың ес жия алмай, жер шеті қиянға біржолата қоныс
аударғанына себеп болғанын қалмақ жыршыларының жыры арқылы дәлелдейді. Бұл
мәтел бізде әлі күнге дейін қаз қалпында ұмытылмай келгенін айта аламыз.
Сондай-ақ ғалым осында Ормамбет бидің өлуі мен он сан ноғайдың бүлінуін
Жәнібек хан мен Асан қайғы аттарына қисынсыз байланыстырып отырған жоқ.
Тіпті, Асан қайғының Әз-Жәнібек ханмен бір заманда өмір сүргенін
айғақтаумен қатар, оның сол іргесі сөгілмеген туысқан елдердің айрылысу
оқиғасына орай қайғырып жыр толғағанын да аңғартпақ болған тәрізді. Осы
Ормамбет ханның өлімі мен айрылысу оқиғасына сәйкес, Асан қайғының жыр
толғағанын белгілі тарихшы Қ. Халитоғлы да жүйелі сөз еткені мәлім.
Қ. Халитоғлы өзінің "Тауарих Хамса Шархи" атты еңбегінде сол айрылысу
оқиғасына орай жоғарыда Шоқан аңғартқан мәселені анықтай ашып, зерделей
түседі. Ол Асан қайғының атақты "Мұнан соң қилы-қилы заман болар" атты
толғауының тууын да осы оқиғамен, яғни ел бірлігінің кетіп, ыдырауымен,
орыс отаршылдарының сыналап елге, жерге ене бастауымен байланыстырады. Бұл
күндері ел жадынан шығаруға айналған жырдың зерттеуші ұсынған нұсқасы
төмендегіше:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тамам болар.
Ол күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер.
Ұлың, қызың орысқа бодан болып,
Қайран ел, есіл жұртым сонда нетер?!
Қ. Халитоғлы бұл жырды айтып беруші кісінің аты-жөнін де келтіріп,
оның Қойшан атты қария екенін де хабарлайды. Ал енді жоғарында сөз болып
отырған тарихи оқиғаның мән-жайын: "Екі көзі жоқ Құдабай деген ақын кісі
бар еді. Қыжыраның 1286 жылы қарашаның он жетісі еді, бір жерде кезігіп
қалып: "Асан қайғы кім, оның мақалдарынан білетіндеріңізді айтып
көріңізші", — дегенімде, мынау өлеңді айтты:
Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық-қанық емес едім,
Естігенім, тақсыр-ау, былай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Ормамбет хан Ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып айтыпты жыр...
Қалай дегенде де, Ормамбет хан өлгеннен кейін қазақ пен ноғайдың
бөлінісіп, ыдырағанын, мұның аяғының жақсылыққа соқпайтынын Асан қайғы
жұрттан көп бұрын түсінген, халық болашағын күн бұрын дұрыс болжаған. Қ.
Халитоғлы да Асан қайғының көреген, данышпан адам екенін тап басып, дұрыс
бағалайды. Ол осы аталған еңбегінде Асан атаға тағы да оралып: "Асан атаның
жәйі "Қазақтың ата-тегі" деген тақырыпта айтылған еді. Тақпақтап, мақалмен
сөйлейтін, әрбір сөзінде терең мағыналы мазмұн жататын ұлы адам екен. Екі
елдің, яғни моңғол, татар сарай хандарының, сондай-ақ Россия кінәздарының
әрекет-қимылдарын ойланып, пейілдерін пайымдап, өз хандарының тұрақсыз
тұрғанын көріп, дәулеттің қолдан кетерін, Россияның бұл өңірге аяқ басып
жетерін аңғарып, осы сөздерді айтқан болу керек", — дейді. Ең соңында
жоғарыдағы өлең жолдарын айтқан кісілердің кім екенін, ақындықтың кейбір
жұмбақ сырларын да ашып, тиянақтайды: "Қойшекем" дегені Қойшан деген бір
білімді кісі болса керек. Құдабай ол кісіден әңгіме ретінде естіген сөзді
бізге өлеңмен айтып берді. Өйткені ақындарға қара сөзден өлең жеңіл, олар
өлеңмен айтқанын қара сөзбен мұндай ұғымды қылып айта алмайды. Бұл туралы
"Ақын дауға жарамас, Шешен жауға жарамас" деген мақал бар", — дейді.
Қ. Халитоғлы Асанқайғының ата-тегі туралы айтқан сөздерін Құдабай
ақынның өз аузынан естіген, алайда сонымен қанағаттанып қалмай, оның тарихи
нақты тұлға екеніне де зер салып, тың дерек ұсынады. Ол былай дейді: "Асан
қайғы асылы ноғай емес. Шыңғыс ханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы
немересі". Олай болса, Асанқайғы "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы
би" деген қазақ мәтелінде аталатын Майқы бидің ұрпағы болып шығады. Осы
айтылған пікірдің өзі-ақ оның қашан өмір сүргені мәлімсіз аңыз кейіпкері
емес, нақты тарихи тұлға екенін дәлелдесе керек. Ал енді Асан қайғының
"асыл түбі ноғай" деген сөзге келсек, мына жәйтті есте тұтқан жөн сияқты:
ең алдымен, ноғай мен қазақтың бұл тұста, яғни ХV ғасырда жеке хандық
құрғанға дейін этникалық бір құрамда жүргенін білеміз. Біздің көптеген
эпостық, лиро-эпостық жырларымыздың, аңыз әңгімелеріміздің ара-жігі
ашылмай, "Ноғайлы дәуірін" құрағаны мәлім. Мұндай туыстық, бірлік
негіздерін Шәлгез, Қазтуған, Доспамбет жырларынан да айқын аңғарамыз.
Осындай этникалық тұтастық жайын Шоқан былайша түсіндіреді: "Ноғай" деген
ат жартылай отырықшы елдерден ажырату үшін айтылған аты еді. Ноғайды да,
өзбекті де — бәрін де "ноғай" деп атаған. Бірге жасап өмір кешкен ноғай мен
қазақ ордасын Жәнібек билеген кезең қазақ жырларында алтын дәуір тұрғысында
саналады" — деп жазды[1].
Бұған қосып айтарымыз: мәселенің түйіні Асан қайғыны қай халық өз
жырауы деп санап, оның шығармаларын ғасырлар бойы сақтау, ұмытпай келуінде
болса керек. Әр алуан нұсқадағы аңыздар мен халық әңгімелерін, өз атынан
сақталған сан салалы толғауларын негізге ала отырып, Қазақ елінің Асан
қайғыны өзінің төл жырауы санап келгенін көреміз. Сондай-ақ кәрі де, жас та
күні бүгінге дейін "Асан қайғы атамыз айтқан екен" деп, оның аңыздары мен
жер-жерге берген бағаларын, алдын болжап айтқан толғауларын жатқа айтып,
сөзінің дәлдігі мен көрегендігіне таң қалысып отырады. Бір өкініштісі,
қазіргі Дағыстанда тұратын ноғайларда қамқоршы атамызды "Асан қайғылы" деп
атаса да, ол кісінің атынан бір де бір жыр сақталмағанын айтуға тиіспіз.
Шындап келгенде, ноғай халқының да Асанқайғыға ортақ болуы заңды, бірақ
атамыздың өлең-жырларының оларда сақталмай қалуы тіптен түсініксіз. Сол
ХVІІ ғасырдағы айрылысудан кейін ұмытылды ма немесе хатқа түспей, ұшты-
күйлі жоғалды ма, бұл жағы мәлімсіз. Тек құмық ақыны М. Османовтың 1883
жылы Санкт-Петербургта жариялаған "Ноғай, құмық шығырлары" атты кітабында
"Ианыбек пен Хасан" туралы бір аңыз басылған. Мазмұны жағынан біздегі
әңгімелерге ұқсас, айырмасы тек кісі аттарында ғана, сондай-ақ мүнда
бірыңғай қара сөзбен жазылса, бізде қара сөзбен өлең аралас келетіні мәлім.
Бұрын жұртшылыққа белгісіз болып келген бұл аңыз сонда айтылғандай
Хасанның, біздегі Қасеннің (кейін ел қамын көп ойлағаннан "Асан қайғы"
атанған) тарихи бір тұлға екендігін білдіреді. Аталған аңыздың біздегі
аңыздармен ұқсастығы мен айырмашылықтары кейінірек арнайы сөз болады.
Аталған аңыздағыдай, бір қызығы, әуелде оның "Асан қайғы" аталмай,
"Қасен" атымен жүруі дер едік. Жыраудың алғаш "Хасан" деген атпен мәлім
болғаны жоғарыда біз айтқан М. Османовтың жариялауындағы "Ианыбек хан мен
Хасан" деген әңгімеде де сөз болады. Бұл әңгіме бірыңғай қара сөзбен
айтылса, біздегі Жәнібек пен Асанқайғы арасындағы тартыс-талас қара сөз бен
өлең аралас келеді. Ноғай аңызындағы той Жәнібек ханның қызы Секербикені
(бізде қарындасы Қаныбетті) ұзатуға байланысты көрінеді. Екеуінде де
Айсылдың Әметі мен Темір басты кейіпкер болып сипатталады. Ал көлге шекер
төктіріп, құладынға қу ілдіру жәйіті екеуінде де бірдей, айырма
кездеспейді. Бұларда бір үлкен кереғар мәселе ғана бар, ол аңызда айтылатын
"бек ғақылды Хасанның" хан ұсынған ат басындай алтынды алуы ғана, өзге
айырма жоқ деуге де болады (М. Османов. Ноғай, құмық шығырлары. Спб. 1883,
96—102-6. б.).
Сөйтіп, екі туысқан елдің Асан қайғы туралы аңыздарының мазмұндас
келіп, оқиғаларының дәлме-дәл түсіп отыруының өзі бұлардың әдеби
мұраларының бұлақ-бастауының бірлігін, тұтастығын аңғартса керек.
Енді бір ауыз сөз Асан қайғының қай жерде қайтыс болғаны жайында.
Біздегі халық аңыздарында ол Ұлытау бойында қайтыс болды делінеді. Ал
Шоқан: "Әйгілі дала философы Асан қайғы Жетісудағы Жырғалаң деген жерде
көшіп-қонып жүрген. Оның бейіті осы Ыстықкөлден онша қашық емес", — деп
жазады (Ш. Ш. Уәлиханов. Бес томдық. 1-т., Алматы, 1961, 358-6.).
Әйтсе де, туған халқының жарқын болашағы мен азаттығын аңсаған асыл
атамыздың күреске толы өмірі, іс-әрекеті оған қандай ілтипат жасаса да
тұрарлық. Ол қазақ халқының жүрегінде сақтаулы, елі барда оның аты мен
арманы туған халқымен бірге мәңгі жасай берері сөзсіз.
Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау
Қазтуғанның туып-өскен қонысы - Еділден бөліне шығып, онымен жарыса
ағатын Ахтуба, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы
тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери
аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр.
Алдымызда кеудесі тола жыр, көмейі күмбірлеген ортағасырлық жыраудың
таза үлгісі тұр. Бізге шығармаларымен жеткен бірінші ақын — осы Қазтуған.
Қазтуғанға дейінгі жыраулық поэзия қандай дәрежеде еді, оның туу,
қалыптасу, даму кезеңдері қандай болды - бұл жөнінде, өкінішке қарай,
белгілі бір пікір айту мүмкін емес.
Алайда тақырға шөп шықпайтыны сияқты суреткер де өз бетімен, өзінен
өзі туа салмайды. Қазтуған нәр алған әдебиет, әрине, көшпенділердің көне
поэзиясы, Кетбұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.
Қазтуғанның нақыл-тақпақ, жыраулық ой толғанысынан келетін:
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шансам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп, —
іспеттес жолдары жыраулық поэзияның бізге жеткен ең ескі үлгісі. Бұл
жерде үлкен ақыл иесі, кең тынысты жырау бой көрсетеді.
Алайда Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығарма — оның туған
жермен қоштасу жыры. Бұл толғаудан кейін бүкіл қазақ поэзиясына азық болған
образдарды ұшыратамыз.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт.
Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап
қарасақ, өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері. Алайда осы
қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер қаншама сезім жатыр
десеңші!
Адамға ең ыстық — Отаны, ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып,
өскен елі, жері. Сондықтан да Еділ қымбатты, сондықтан да Еділді қиып
тастап кету мүмкін емес. Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ,
бұл сезімде тіпті фәнилік емес бірдеңе бар.
Қазтуған поэзиясы — табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің
поэзиясы. Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын
көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғат туралы
түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді. Табиғат аясындағы
ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен, кеңдігімен, сонымен қатар
балаңдығымен бізді таң қалдырады. Жырау туғызған кейбір суреттер мен
образдарға біз кішкене баланың құмнан соққан құрылыстарына қараған үлкен
кісінің сезімімен қызықтай қараймыз, бірақ күлмейміз, — сүйсінеміз. Бұл
сезім кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ жөнінде айтылған:
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақсы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас, —
деген жолдар хас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді. Сүйкімсіз
шөп шырмауықтың қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтын бақа-шаянының
көптігі де жырауға соншалық ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі
іспеттес. Бірақ біз жатырқамаймыз, тыжырынбаймыз — суреткердің қиялына
таңырқап, демімізді ішке тартамыз. Өйткені біздің алдымызда орта ғасырдың
поэзиясы, ортағасырлық көшпенді. Осы тамаша толғау:
Сөйткен менім Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Хайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт, —
деп, Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт, береке, тыныштық
тілеумен аяқталады.
Біздің қолымыздағы Қазтуған атына қатысты деректер әзірге осымен
шектеледі. Бізге жеткен, әрине, Қазтуған мұрасының жүзден бірі ғана. Бірақ
осының өзі қазақ әдебиетінің басы болып есептелуге тиіс суреткердің
творчествосы жайынан біршама елес бере алады.
Шәлгез (Шалкиіз) жырау
15 ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз)
(1465-1560 жж.). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары
арасына кең тараған.
Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешесі
белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе
шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы — Мұсаның қолында
тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Филология ғылымының кандидаты А.
Сикалиев "Тіленші" деген мырзалар қойған лақап ат екен дейді. Ғасырдан
ғасырға көшіп, аңғызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен
сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты
деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан
шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық — Шәлгездің Орақ, Мамай мырзалармен
не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша
айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі.
Ел аузынан жазылған қолжазба деректер мен өз жырларына қарағанда,
Шәлгездің Орақ, Мамай, Темір сияқты мырзалар мен билер маңында — ақсүйектер
ордасында өмір кешкені белгілі болғанмен, дәл өз әкесі Тіленшінің кім
екендігі мәлім емес.
Шәлгез жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан
жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-
кешті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz