Тараздың қысқаша тарихы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Отырар3
Тараздың қысқаша тарихы5
Дала өркениетiнiң рухани астанасы - Түркiстан9
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер тізімі16
Кіріспе
Империя құлап, отарланған халықтар тәуелсіздік алғаннан бepі ата тарихымыздың ана тілімізді, ұлттық ділімізді піp тұтуға бет алдық.
Отан тарихының киелі беттері баршылық. Ол қазақ сахарасында пайда болған ұлттық ордалар. Ол белгілі тайпалық одақтар мен кейін ұлт мекеңдеген туған жердің тұтастығын қорғаған ұлы шайқастар. Ол миллионнан жаңа аса бастаған халықтан 300 мың ұланды атқа қондырып, 600 мың жылқының дүбірімен ұлы қазақ сахарасының тұтас алып мекенін баянды өткен жорықтар. Ол ғасырларға созылған қазақ-жоңғар соғыстары, шын мәнінде, Ұлы Отан соғысы . . .
Ал енді әскери инженерлік өнерге келетін болсақ, оның тарихы тым әріде, талай дәуірлерді құрайды. Көне тарихқа үңілер болсаңыз, біздің көшпенділерге отырықшылық та жат болмаған. Яғни, көшпенділік пен отырықшылықтың синтезі - екеуінің қосындысында өмір сүрген. Мысалы, Ұлы Жібек жолының бойын алайықшы. Онда орта ғасырларда не сан қалалар салынған. Сол кездің өзінде қала халқы 20 пайызды құраған. Ал, Еуропа халқының 12 пайызы ғана қала тұрғындары болған. Сол себепті де біздің Еуразия сахарасындағы өркениетті жалғыз көшпенділік деп қарауға болмайды. Қала өркениеті мен дала өркениеті қатар гүлдеген.
Қала өркениеті бар жерде - бекініс бар. Бекініс дегеніміз - қорған. Ол қаланы жаудан қорғау үшін салынған құрылыстар. Ал, мұны инженерлік әскерлердің құрамды бөлігі емес деп кім айта алады?. Егер қалаға қамал салатын болса, оның тек қана тастан көтерілмесі белгілі. Біздің бабаларымыздың ондай өнердің небір керемет үлгілерін игергендігі белгілі болып отыр.
Біз осы Ұлы Жібек жолындағы орналасқан қалалар туралы баяндамақпыз.
Отырар
Ұлтымызды әлемдік тұғырдан көрсетіп, оның айбынды да, айдыңды халық екенін танытатын оқиға - ұлы Отырар эпопеясы!
Тұңғыш мәрте "Моңғолдың құпия шежіресінде" Отырардың аты тайға таңба басқандай үш рет қайталанады. Шыңғыс хан Отырарға екі мәрте ат басып бұрып, екі бірдей баласы - Үгедей (келешек тақ иесі) мен Шағатайды, жырынды ноян Сүбедейді әлденеше түменмен қорғанның іргесінде қалдыруға мәжбүр болған.
Ұлы шежіре бұл оқиғаны былай тарқатады: "Тышқан жылы (1219) Шыңғыс хаған . . . Арай асуынан асып, Сартауыл елімен соғысуға аттанады . . . Жалал ад-Дин сұлтан мен Мәлік ханның артынан орай тиісіп, оларды Бұхар, Семисгяб (Самархан), Отырар қалаларының қасына да жолатпай қуа соғады… Шыңғыс хаған Отырар қаласына түседі… Ол жерден (Сыр бойы) хаған Отырар қаласына барады". Бұл әйгілі жолдар 1240 жылы жазылған.
Отырар туралы зерттеу әлем көлемінде ғасырлар бойы жүргізіліп келеді. Олардың ішінде әйгілі орта ғасыр ғалымдары Рашид ад-Дин, Жувейни, Нисави, Ибн әл-Әсір, Жұзжани, Сейфи, Рузбехан, кейін мол еңбек сіңірген Б. Я. Владимирцов, В. В. Бартольд, К. Д. Оссон, А. Мюллер… т. б. бар.
Отырар неге әлем тарихының шыңында алаулайды?
Отырардың аты ол кезде бүкіл әлемнің ауызында еді. Тоғыз жолдың торабында тұрған аса ірі кент дала мен қаланы түйістірген, Мысыр мен Шам, Шың, Машын, Рұм мен Рұс, Мәуреннахр мен ұлы Қыпшақ мәдениеті мен экономикасының айтулы кіндігіне айналған, сансыз керуен тоқтамай өтпейтін, кітапханасы әлемде екінші орын алатын әрі жер жәннаты, әрі стратегиялық мәні зор сол заманның даңқты шаһарлармен иықтасатын, бәсекелесетін. Кәзіргі археологиялық қазбалардың олжасы да көз тұндырады… Отрар төбенің топырағын құшып, ақ таяқпен Отырар төбе, Қайыр төбе (бұрын белгісіз төбе), Мардан төбе, Қарауыл төбе, Ақ төбе, Алтын төбелерді аралап жүріп, Отырарда қанша халық тұрды екен, үй-жайы, көше, махалласы, рухани қасиеті мен адамгершілік өресі мен өрісі қандай болды екен деген сансыз сұрақ қаумалаған кез болған.
Атақты тарихшы, Хорезмнің соңғы патшасы Жалал ад-Диннің әрі ақылшысы Нисави Қайыр ханда жиырма мың әскер болды деп жазса, Шыңғысхан ұрпағының уәзірі әйгілі "Жамиғат тауарихтың" авторы Рашид ад-Дин Отырардың елу мың жасауылына Қараджа хаджибтің он мың сарбазы қосылғанын айтады. Соңғы пікірді кейін (ХУI ғасыр) Әбілғазы қолдайды. Рашид ад-Дин хан Шыңғыс өзінің Ақ Ордасын тура Отырардың іргесіне тіктіргенін жыр етіп тарқатады. Ақсақ Темірдің осы киелі кентте дүние салғаны аян оқиға ғой.
Отырардың айтулы кітапханасының тағдыры өз алдына сырлы жыр. Рузбехан өз шежіресінде шартараптан жиналған асыл кітаптардың өртеніп кеткенін өкіне баяндайды. Тек халқымыз: "Жанды! Бітті!" - деуге қимай: "Бір түлкінің інінен асыл кітаптың айдарлы жұрнағы табылыпты - мыс" деген сияқты алуан түрлі аңыз-әңгіме шертеді. Киелі кітаптың өздері түгіл аты да табылмайды деген ойдың көптің көкейінде жүргені де белгілі ғой.
Отырардың мәңгі аңызға айналған сәті 1218 жылы басталды . . . Осы жылдың жауынды-жаңбырлы күзінде жолындағы Яссаға (Түркістан), бұрылыстағы Самархан мен Бұхараға бет бұрмай, тура Отырардың айтулы үш темір қақпасының біpі - Жібек жолы тірелер Қарақорымнан төрт жүз елу кіcілі, бес жүз түйелі (!) сән салтанатты аса бай керуен тырнадай тізіліп, қоңыраулата өте берген . . . Баратын жерлері күніне мыңдаған жылқы, түйе, бас айналдырар әсем бұйым сатылар Отырар базары - Көкбазар . . .
Отырар дәуірі - Фарабидің, Жүсіп Баласағұни мен Махмуд Қашғаридің, Ахмед Иугінеки мен жоғарыда аты аталған ұлы тарихшылар Ниваси мен Жувейнидің, әл-Әcіp мен Ра-шид ад-Диннің дәуірі. Араб-парсы медениеті мен көшпелі қыпшақтың ұлы мәдениеті түйіскен Отырарда әлемнің екінші кітапханасы кездейсоқ өркен жайған жоқ еді. Орта ғасырлық экономиканың көзі - сауда-саттық, ортағасырлық кенттер мен мал шаруашылығы, қолөнері, жер емшегін ему - заманаға сай гүлденіп, өcіn-өркендеп еді. Демек, бұл - өрлеу дәуірі - ұлы мәдениет пен рухани көзқарастың тұтас біp өреге жету дәуірі.
Иә, тарих сапары - шырғалаң. Шыны да, шыңырауы да жетерлік, талай дүбірлі бел-белесті көкжиекте қалдырды. Біp халық осынау көштің бел ортасында шайқалса, екіншісі - көрер көзге шеттеу шалынатын тәрізді. Бұл, әрине, ел-жұрттың қасиетінен емес, тарих қасіретіпен.
Әйгілі Отырар - қазақ халқының адамзаттың үлкен тарихына тікелей араласып, озық елдермен иықтасқан кезі. Рухани-мәдени, ұлттық бастауымыздың тұнба көзі - Отырар.
Отырар - әлемнің екінші ұстазы ұлы бабамыз Әбу Насырдың шамшырағы жанған Алтын бecік. Ел-жұртын қасық қаны қалғанша қорғаған "арыстан жүрек" отырарлықтардың, алғыр қолбасшы - Қайыр ханның қаһармандығы аңызға айналған орын.
Қаһарлы Шыңғысханның жер қайыстырған түмеңдерімен жарты жыл табан тіpecіп, соққы берген, тауын шағып, тауанын қайтарған, артыңдағы Қалың елге тыныс болған да - сол Отырар еді.
Отырар - ардақтымыз, ұлттық мақтанышымыз, ұлттық символымыз.
Отырар өзінің тарихи-рухани орнын еңді-еңді алып келеді - бұл үлкен процесс әлі аяқталған жоқ.
Иә, ұлы Отырар эпопеясын атап өтпеу - ұлы бабаның ұрпағының бетіне салық. Атап өту өз алдына - Дербес еліміздің символына айналдыру - әрі парыз, әрі заман талабы, тарихи әділет. Біз ат шаптырып, ақындарды айтыстыру - ұлы дүбір той жасау шарт демейміз. Қалың елдің санасында жаңарып, ата тарихтан үлгі, тәрбие алу - сегіз ғасыр көзінің қарашығындай сақтап келген рухани асқар қазынаны халқына қайтару - дербес Отанының тікелей борышы деп есептейміз.
Тараздың қысқаша тарихы
Тараз қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары Талас өзенiнiң жағасында ғұндар шаньюы Чжи-чжи талабымен салынған. Бұл туралы Қытай тарихшысы Бан - гу жазған ежелгi Қытай жылнамасы “Цянь Хань-шу” (“Үлкен хань әулетiнiң тарихы”) кiтабында атап көрсетiлген. Бұл жөнiнде академик А. Н. Бернштам “Памятники старины Таласской долины” деген кiтабында “Бiздiң дәуiрiмiздге дейiнгi 204 жылдан бастап Орталық Азияда үстемдiк құрған ғұндардың тайпалық одағы . . . бiздiң жыл санауымызға дейiнгi 55 жылы екi бөлiндi. Хуканье шанью (шанью - ғұндар князiнiң атауы) Қытайға бағынды да, Чжи - чжи шанью басқарған екiншi бөлiгi тәуелсiздiк үшiн күресiн жалғастыра бердi. Чжи - чжи бастаған солтүстiк ғұндар күшi артық дұшпандарының шабуылына төтеп бере алмай солтүстiк - батысқа қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Қытай деректерiнде айтылғандай, Чжи - чжи шанью қаңлы тайпасының басшысы тарапынан қолдау тауып, оған және оның жасағына өз жерiнен мекен бердi”, - деп жазған едi ( А., 1941, 12 - б) .
Қаңлылардың бес аймағы бар едi. Оның бiр шетiнен екiншi шетiне дейiн 500 километр болатын. Бұл жер - Шу - Iле күре жолындағы Шу өзенiнен Қызылордаға таяу Сырдарияға дейiнгi жер. Қаңлылардың . . . 90 мың адамдық әскерi болды, бұл - әдетте барлық тұрғындардың 20 пайызынан құралған ересек еркектер. Олай болса, қаңлылардың саны 400 мыңдай едi.
Қаңлылар патшасы ғұн шаньюын құшақ жая қарсы алды. Оған өзiнiң қызын берiп, өзi Чжи - чжидiң қызына үйлендi . . . Бұл одақтастар алғашқы шабуылын батыс жағынан төтен соғысқа еш әзiрленбеген үйсiндерге жасады . . . Мұнда ғұндар қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 42 жылы үйсiндердiң астанасы Чигуды яғни Қызыл қорған қаласын талқандады . . .
Үйсiндер өздерiнiң батыс қоныстарын тастап, елiн батысқа қарай көшiруге тура келдi. Осындай шегiнiс қана үйсiндердi толық жеңiлiстен сақтады. Ғұндар сондай - ақ Ферғана алқабына да жортуыл жасады. Алайда, Чжи - чжи бұл алқапты тонаумен ғана шектелген сияқты. Өйткенi, ғұндар қорғандарды қоршап ала алмайтын едi. Тонап алған олжаны сақтайтын мекен керек болды. Чжи - чжи Талас өзенi алқабында өзi үшiн және өзiнiң жасағы үшiн қорған тұрғызады. Бұл қорғанды 500 жұмысшы екi жыл бойы салып, айналасын балшық дуалмен және күзет мұнаралары бар қосарлы сырықтармен қоршалды. Мұның өзi қорған тұрғызуда гректердiң немесе парфяндықтардың емес, римдiк қорғаныс салу әсерi болғандығын көрсетедi. Бұл қорғандағы гарнизонда жүзден аса жаяу әскер болды.
Талас өзенi жағасына ғұндар осыдан 2044 жыл бұрын салып, қытайлар 2038 жыл бұрын өртеп, күлiн көкке ұшырған қаланың дәл қазiргi Тараз екендiгiне қандай дәлелдер бар деген сұрақ туады. Академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы “Бiлiм және еңбек” журналының 12-шi нөмiрiнде жазған “Шешiлмеген мәселелер әлi аз емес” деген мақаласында Тараз қаласы деп көрсеткен болатын. Қазақ ғалымы Самат Өтениязов та сол жылы, сол журналдың 6- санында Аттила туралы жазған мақаласында Қытайда әлi күнге дейiн сақталған жiбек картада Талас қаласының орны көрсетiлгенiн жазған едi. А. Н. Бернштам, Т. Н. Сенигова, Е. М. Агеева, М. С. Мершиев, Л. И. Ремпель сияқты археологтар 1938- 1962 жылдар аралығында жүргiзген қазба жұмыстары кезiнде табылған деректер негiзiнде қаланың қазiргi жыл санауымыздың алғашқы ғасырында салынғандығын жазған болатын.
Талас өзенiнiң атауы әлi күнге дейiн солай аталады. Көне түркiше “Талас” деп ат үстiнде доп қуалап ойнаған кезде тартылған арқанды да айтады екен. Қашқарлық Махмуд бабамыз “ Түрiк сөздiгiнде” осылай деп жазады (1074 ж. ) .
568 жылы Талас қаласына түркiлердiң ұлы қағаны Естемиге елшiлiкке келген византиялық Земархтың айтуы бойынша грек тарихшысы Менандр қаламыздың атын Талас деп жазады. 751 жылы Талас өзенiнiң жағасындағы Атлах (Атлұқ немесе Атқора) деген қала маңындағы араб - қытай соғысында түркiлердiң көмегiмен мұсылмандар жеңгендiгi белгiлi. Бұл соғыс Талас соғысы немесе Атлах соғысы деп аталып, жазылған.
893 жылы араб халифатына қарасты Иран әмiрi Исмаил Самани Талас қаласын жаулап алып, осындағы аралас дiндi халықты түгелдей мұсылмандыққа көшiредi, шiркеудi мешiтке айналдырады. Сол кезден бастап Талас қаласы парсы - тәжiк тiлiнде “л”-ды “р” деп айтатын ерекшелiк бойынша Таразға айналады. Ол кезде парсылар “гүлдi” “гүр”, “пұлды” “пур” деп айтатын болған. “Пур” “көпiр” дегендi бiлдiредi. Ал, хиндi тiлiнде “пур” - “жеңiс” деген сөз. Тараз қаласын парсылар жаулап алғаннан кейiн 999 жылға дейiн, яғни қарахандар билiгi орнағанша Тараз қаласы түркi елiнiң Ұлы Жiбек жолы бойындағы басты қалаларының бiрi болды. Салмақ өлшеу құралы таразы Тараз қаласында ойлап табылды.
Қарахандар әулетiнiң тарихи Фирдоуси жырлаған “Шаһнама” дастанында көрсетiлетiн Афрасиабтан басталады. Афрасиаб - парсыша үрей тудыратын адам деген сөз. Қашқарлық ғұлама Махмудтың жазуынша Афрасиабтың түркiше өз аты - Мадай, лақабы - Алып Ер Тона. Оның арғы ата - бабалары туралы Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар мырза өзiнiң “Тарих-и Рашиди” деген кiтабында жазған. Осы Афрасиабтың Қаз деген қызы парсы шахы Сиявушқа ұзатылған. Сиявушты Афрасиаб қазаға ұшыратқан. Сол Афрасиабты Сиявуштың ұлы Кей Құсырау улап өлтiрген. Яғни жиенi өз нағашысын қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 626 жылы өлiмге қиған. Қашқарлық Махмуд ғұлама қарахандар әулетi осы Афрасиабтан тараған деп жазады. Академик В. В. Бартольд қарахандар шыққан яғма тайпасының қазiргi мұрагерлерi жалайырлар деген. Мұны “Қазақ совет энциклопедиясының” 12 томындағы “Яғма” деген мақаладан оқуға болады. “Яғма” деген парсы сөзiнiң қазақша мағынасы - “көшпелi” немесе “қарақшы”:
Қарахандар әулетi Таразды 999 жылдан 1010 жылға дейiн биледi. Әулиеата атанған Қараханның өз аты - Ша - Махмуд. Батыс ғалымдары Отто Прицак пен Б. Босфорт нумизматикалық материалдар - металл ақшалар негiзiнде Ша- Махмудтың өлген жылы 1059 жыл деп санайды. Соңғы қарахан (“қарахан” деген лауазым қазiргi қазақшаға аударғанда “ұлы хан” деген мағынаны бiлдiредi) Мұхаммед 1212 жылы Қашқарда өлтiрiлдi. Оны Тараз қаласынан қудалаған - Хорезм шах Мухаммед, найман Күшлiк хан, қарақытай гурханы Чулуку. Айша бибiге ғашық болған, өлер алдында үйленген қарахан - осы Мухаммед. Айша бибiнiң өз әкесi Сүлеймен Бақырғани 1186 жылы қаза болған. Ол - Қожа Ахмет Иассауидiң сүйiктi шәкiртi, “Бақырған кiтабы”, “Бибi Мәриям” деген дастанның авторы. Айша бибiнiң асырап алған әкесi- Зеңгiбаба. Шын аты - Айқожа шейх. Айқожа Арыстанбабтың алтыншы ұрпағы. “Зеңгi” қара түстi деген мағынаны бiлдiредi. Зеңгi баба 1258 жылы қаза болған. Ташкенттiң Самарқанд жағында 20-25 километр жерде Зеңгi ата қыстағы, мазары, ауданы бар. Осындағы Зеңгi ата қабырстанында Айша бибiнiң анасы Әнбар бибi, әжесi Улықподшо жерленген. Зираттары бар.
Айша бибi мазарының қасындағы Бабажы қатын қарахандар әулетiнен шыққан ақсүйек екендiгiне еш күмән жоқ. Өйткенi, қашқарлық Махмудтың жазуынша; “қатын” сөзi тек қарахан әулетiнен шыққан әйелдерге ғана қатысты айтылады.
Шоқан Уәлихановтың жазуынша, 1774 жылы Абылай хан Талас өзенi жағасына үйсiн ел ағаларының өтiнiшiмен қала салғызады. Қаланы қарақалпақтар салады. оны Абылай ханның қарақалпақ ханымы Сайманнан туған ұлы Әдiл сұлтан әскер көтерiп қоқандықтардан Ташкендi де қайтарады. Шоқанның жазуынша Әдiл сұлтан Ташкент түбiнде 1815 жылы кенеттен қаза болады. Әдiл сұлтан - Сүйiнбай ақынмен айтысатын Тезек төренiң әкесi.
Әулиеата қаласын 1826-1927 жылы қоқан ханы Меделi басып алып, қорған салғызды, ал 1864 жылы 4- маусымда полковник М. Г. Черняев басқарған орыс әскерi жаулап алды. Бұл әскер тобында Шоқан Уәлиханов, Жаяу Мұса да болған едi.
Әулиеата қаласы 1936 жылы - Мирзоян, 1938 жылы - Жамбыл есiмiмен аталды. 1997 жылғы 7- қаңтарда Президент Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен өзiнiң ежелгi атауы Таразға қайта ие болды.
Дала өркениетiнiң рухани астанасы - Түркiстан
Түркістан . . . түріктің елі, түрік елінің бас қаласы, рухани астанасы. XX ғ. әлемдік деңгейдегі ұлт ақыны М. Жұмабаев айтса айтқандай - Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. Оның сырын ұғып, мұңын білу үшін, ғасырлар қойнауына үңілу керек.
Түркістан ең алдымен әлемдік тарихтың құрамды бөлігі. Ол аты аңызға айналған Вавилон, азалы Иерусалим, айбынды Рим, азулы Ватикан, қасиетті Мекке, сан айлалы Киевпен ұласады. Египет, грек, Византия, үнді, Иран, Қытай өркениеттерімен жалғасқан Дала өркениетімен тұтасады, қазақ мемлекеттігінің тарихымен сырласады.
Осылай жасы 1500, шындап келсе 2000 жылға баратын көне, бұл күні жаңғырған Түркістан түрік әлемімен, Дала өркениетімен, оның Отаны Түркістанмен бірігіп, кірігіп, дүниежүзілік тарихта өзіндік орны бар, үні бар, түрі бар, сыры бар тұтас ұғымға жымдасады. Бір сөзбен айтсақ, Түркістан бір халықтың тарихы ғана емес, дүниежүзілік тарихпен еншілес, ұлы әлемнің омырауына таққан қасиетті тұмарларының бірі, түркі тектес жандардың иманының нұры, түркі әлемінің басын қосқан пірі, рухтың шыңы. Түркістан қаласы - әлемдік өркениет перзенті.
Cөз жоқ, "Түркістан" деген ұғым сан-салалы. Оның талай мыңжылдық тарихи шежіресін әлеуметтік-экономикалық формация арқылы идеологияландырмай, өркениеттік даму динамикасы арқылы тарату - замана талабы.
Трансевропалық Жібек жолы, тек бір сыр бойына орналасқан 300-ге жуық қала. Дала өркениетінің қала мен даланың қоспасы екенін айғақтайды. Дала өркениеті әлемдік өркениетке өз үлесін қоса алды.
Академик В. Бартольдтың пікірінше Түркістан ұғымын IX ғ. араб саяхатшылары енгізген. Ол ұғым Мавераннахр мен Қытайдағы мұсылмандар елін білдірген.
Бұл күні Батыс (Ресей) Түркістаны, Шығыс (Қытай) Түркістаны, Ауған Түркістаны қосылып - ұлы Түркістанды білдіреді.
Басқаша айтқанда ұлы Түркістан Дала өркениетінің картасын толық қамтиды. Бұл өлкенің ғажайып өзгешелігі А. Тойнбидің айтуынша, жер шарының бар тұсынан келер жолдың торабы, әлемдік жол қиылысы. Бұл өлкенің ғажайып тағы бір өзгешелігін біздің бабаларымызда білгендей.
Ұлы Түркістан біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғ. бастап Иран мен евразиялық көшпенділердің, көне сириялық, үнділік, эллиндік, көне қытайлық, орыс өркениеттердің қақтығысуларына куә болды. Ұлы сахарада біздің жыл санауымызға дейінгі VIII-VII ғғ. болған евразиялық көшпенділердің жосуы Жейхун мен Сейхун бассейнінен бастап, Үндістанға, Оңтүстік Азияға жол ашты. Соңынан бұл өлкеде Ахеменидтер империясы, кейін Селевкид мемлекеті орнады. Олардың мұрагерлері Бактрия патшалығы, Қушан империясы Окс-Яксарт алқабын солтүстік Батыс Үндістанға біріктірді. Араб империясы оңтүстік-батыс Азияны Египетпен қосты, Монғол империясы Жейхун мен Сейхун дариялар алқабын Евразиялық континенттің құрамды бөлігіне айналдырды. Бір сөзбен айтсақ, Ұлы Түркістан әлемдік өркениетпен араласып-құраласып өмір кешті. Дала өркениеті Қытай, Үнді, грек, араб, орыс өркениеттеріне өз ықпалын жасады. Ұлы даланың табиғи мүмкіндіктерін евроазия сахарасындағы халықтардың мәдени-тарихи бірлігін қалыптастырып қана қоймай, оларды өркениет өріне сүйреді.
Ең басында Ясы қаласы сауда орны болып табылды. Сыр бойынан Александр жотасынан асып, Шу алқабынан Бедел, Ақсу асулары арқылы Қытайға сауда жолы өтті. Жол бойы Талас (Тараз), Құлан, Суяб, Барсхан сияқты қалалар барды. XY ғ. осы жолдың басы-қасындағы Ясы Түркістан болып аталады. Ол Ұлы Жібек жолындағы дала гаванына айналды.
Түркістан сауда орталығынан Ахмед Ясcауи мавзолейі салынғаннан кейін рухани, шығыс мұсылмандарының Меккесі болып табылды. Енді ол қалаға құдайға табынатындардың легі ағылды, тіпті олардың қатарында Бұхардың хандары да болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz