РЕСЕЙ және ҚАЗАҚСТАН
ЖОСПАР
Кіріспе 3
РЕСЕЙ және ҚАЗАҚСТАН 3
Орыс-қазақ қатынастары. 5
Орыс-қазақ байланыстарының күшеюі. 7
ҚОРЫТЫНДЫ 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Кіріспе
Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда
мұқым бір халық ізім - қайым өшіп, не қанат - қолтығы кең жұртқа сіңіп,
бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін - өзі қорғай
білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының
беріктігіне байланысты.
Патшалық Ресей билігі "Бөліп ал да, билей бер" деген ұранмен
мойнымызға күштеп құрсау салуының алғашқы қадамдары сонау XVIII ғасырдың
басында-ақ басталған болатын, бірақ бұл жымысқы саясат бас-аяғы бір жарым
ғасырдан астам уақытқа созылды. Сөйтіп Қазақ даласы толығымен тек XIX
ғасырдың соңғы ширегінде Хиуа хандығы мен Қоқан хандықтарын отарлаудан соң
ғана жүзеге асып тынды.
Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық.
Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-
санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.
Ресейдің ортаазиялық саясатындағы екі бағыт.
Өндіргіш күштер мен қолөнер өндірісінің өсуі, Орыс мемлекетінің
жекелеген облыстары арасындағы сауда байланыстарының дамуы және біртұтас
бүкіл ресейлік рыноктың қалыптасуы Ресей сарайын бірқатар сыртқы саяси
шараларды іске асыруға душар етті, бұл шаралар: солтүстік батыс және
оңтүстікшығыс шекараларда экономикалық және саяси мүдделерді қамтамасыз
ету, солтүстік-батыста Швеция және оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Түркия
жасаған блокаданы бұзу, Сібірді қосып алу және оны сауда-финанс тұрғысынан
игеру, Шығыс елдерімен белсенді сауда жасау жолдарын іздестіру шаралары
болды. Ресей саясатының ауқымына қазақ даласының ұланғайыр кеңістігі де
қамтылды.
РЕСЕЙ және ҚАЗАҚСТАН
Қазақ даласы Ресейді шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті
болған еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен Шырысқа және одан кері
қарай құрлықтағы ең өте және судағы ежелгі сауда жолдары өтетін еді.
Қазақстан территориясының сауда-экономиқалық және әскерисаяси тұрғыдан
ерекше маңыздылығы бұл территорияда Ресейден Орта Азияның, Ауғанстанның,
Персияның, Үндістанның және Шығыстың басқа елдерінің алыс түкпірлеріне
көптеген елдер көпестері сауда жолдарының аса маңызды торабы, көтерме
пункті және сауда операцияларының орны — Маңқыстау арқылы су жолы келіп
тірелетін. Ресейдің, Қытайдың, Орта Азия хандықтары мен басқа да шығыс
мемлекеттерінің арасындағы ежелгі керуен жолдары да Қазақстанның шығыс
және оңтүстік-шығыс бөлігі (Ертіс, Сырдария өңірі және басқалары) арқылы
өтті. Жоңғариямен, ал оның құлауынан кейін Қытаймен де, сондай-ақ
Үндістанмен, Ауғанстанмен, Персиямен іргелес Қазақстанның бұл
мемлекеттермен көптен бері экономиқалық және саяси байланыстар орнатуға
ұмтылып келген Орыс мемлекеті үшін зор маңызды болды. Қазақстан
территориясын қосып алу Ресейдің Кавказдағы позицияларын да нығайта алатын
еді.
І Петр Қазақстан мен Орта Азияны Россиға қосып алудың мәні бұл аймақ
бірінші кезекте Үндістан, Қытай, Персия, Түркия сияқты және басқа елдермен
экономиқалық және саяси байланыстарды ұлғайту үшін тікелей іргелес өңірге
айналуға тиіс болатынын алғашқылардың бірі болып тусінді. Европа Азия
саудасын Ресей арқылы бағыттау орыс өнеркәсібінің өрлеуіне қандай игілікті
әсер етеді десеңізші, — деді ол.
1700 жылы Ресейге қарау жөнінде өтініш жасаған Хиуа ханының елшісі
Шахнияздың I Петрге келуі Ресейдің Орта Азия істеріне тікелей араласуына
түрткі болды. Орыс патшасы 1700 жылғы 30 маусымдағы арнаулы грамотасымен
бұл өтінішті қанағаттандырды.
Үш жылдан кейін Шахнияздың баласы әрі мирасқоры, Хиуа .ханы Арап
Мұхаммед Ресейге қарау жөніндегі өтінішті қайталады, ал I Петр елшімен жаңа
грамота жіберіп, осыған сәйкес ханды оның. қарауындағы бүкіл иеліктерімен
өзінің патшалық жоғары державалы қоластына мәңгілік қабылдануға ерікті
етті.
Бірақ бұл кезде Ресей Солтүстік соғысынан босамай жатқандықтан үкімет
Каспий сыртындағы елдерге орыс ықпалын өрістету үшін бұл сылтауды пайдалана
алмады. Шахнияздың сөз салуы, тегінде, Ресейге формалды бағынышты болудан
түсуі мүмкін тиімді жайларды пайдалануға бағытталған айла-шарғы ғана
болғанына қарамастан, мұның өзі сол кездің өзінде-ақ ортаазиялық
билеушілерді Ресейдің қоластына кірудің тиімділігі жөнінде ойлануға мәжбүр
еткен жағдайлардың қалыптасқанын көрсететін еді.
Қазақ даласы арқылы Орта Азияға баратын жол тек Каспий теңізі жағынан
ғана емес, сонымен бірге Сібір жағынан да игерілді; Жоңғариямен шекарадағы
жағдайды анықтау міндеті қойылды. Осы уақытта көп шығын жұмсауды талап
еткен ұзаққа созылған соғыстарға, орасан зор армия ұстауға байланысты
елеулі қиындықтарға душар болған орыс үкіметі жоңғар істеріне ынта қойды,
өйткені онда Жаркент қаласы ауданында аса бай алтын кен орны бар деген
деректер болды. Персия жорығына әзірлене отырып, I Петр Ресейдің оңтүстік-
шығыс шекарасында қалыптасқан жағдайға байыптап назар аударды.
1713 жылы Сібір губернаторы М. П. Гагарин I Петрге Ертіс бойында
бірқатар қамалдар салу, Жоңғария арқылы Жаркентке дейін бекініс шебін тарту
мүмкіндігі жөнінде баяндап, осы қаланы алып алуды ұсынды. Патша 1714 жылғы
22 мамырда подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцқа Қалмақ жеріне жорық
жасау туралы указға қол қойды.
Құрамында үш мың адам бар экспедиция 1715 жылдың шілде айында Тобыл
қаласынан 60 салымен және тақтай қайықпен Ертістің бастауына қарай аттанды.
Тара қаласында экспедицияға Ертіс бойымен .жолға шыққан 1500 салт аттылар
қосылды. 1 қазанда Бухгольцтің отряды орыс өнеркәсіпшілеріне өзінің таза
тұзымен көптен мәлім Ямышево көліне жетті. Отряд көктемде Жаркентке аттану
үшін қыстауға тоқтады. 23 қазанда Ертістің оң жағалауынан үш километрдей,
Пресный жылғасы өтетін жерде Ямышев қамалының іргесі қаланды.
Бұған дейін-ақ патша үкіметі Жоңғария жөнінде бірқатар дипломатиялық
қадамдар жасады. 1715 жылғы 27 ақпанда Сібір губернаторы М. П. Гагарин
жоңғар қонтайшысына I Петрдің грамотасын жіберді; мұнда бірқатар шекаралық
жерлердің Жоңғарияға жататыны теріске шығарылған еді. Онда сондай-ақ
Бұхара, қазақ көпестеріне және басқаларына Сібірде сауда жасау үшін еркін
өтуге рұқсат беру жөнінде мәселе қойылды. 1715 жылдың жазында Жоңғар
қонтайшысына елшілер Василий Чередов пен Тимофей Этигер подполковник И.
Бухгольцтің экспедициясының Жаркент ауданына бара жатқаны жөнінде хабар
жеткізуге жіберілді. Қонтайшыға ұлы мәртебелі патшаның жіберген адамдарына
ешқандай тиісушілік болмасын деп ескертілді. Сонымен бірге Ресей үкіметі
жоңғар қонтайшысының Ресейге адалдыққа ант беруіне қарсылық білдірмейтінін
атап көрсетті.
Алайда бұл дипломатиялық қадам табысты болған жоқ. И. Бухгольцтің
экспедициясына 1716 жылғы ақпанның аяғында Церен Дондоб бастаған 10 мың
жоңғар әскері шабуыл жасап, қоршап алды. Тек 700 адам ғана құтылып, қайтар
жолда олар Омбы қамалын салды.
Қиын ішкі саяси және шиеленіскен халықаралық жағдайғa қарамастан I
Петр енжар шаралармен шектеліп қалу мүмкін емес деп санап, пәрменді де
шабуылды шаралар жасағанды жөн көрді. Оның үстіне, А. Бекович-Черкасскийдің
және И. Бухгольцтің экспедициялары қаншама сәтсіз болса да, бұл
экспедициялар әскери тұрғыдан да, ғылыми тұрғыдан да игілікті роль атқарды.
Ресейге Ертіс пен Жайық бойындағы жаңа шекаралық шептер қосылды.
1717 жылы полковник И. Ступин бастаған жаңа экспедиция ұйымдастырылып,
ол жоңғар әскерлері талқандаған Ямышев қамалын қалпына келтірді. Сол жылы
Омбы мен Ямышев қамалдарының арасында Железинск, бір жылдан соң Семей
қамалдары салынды, ал 1720 жылы И. М. Лихарев бастаған экспедиция Үлбі
өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін қалады.
Орыс-қазақ қатынастары.
Ресейдің оңтүстік-шығыстағы саясатының дәстүрлі бағытын езгертпеген I
Петр бұл саясатты неғұрлым пәрменді түрде жүргізе бастады. Европаның басты-
басты державалары тарапынан болған бәсекелестік жағдайында Ресей Қара теңіз
бен Каспий теңіздеріндегі жағдайын нығайту жөніндегі өзінің негізгі
міндеттерінің бірін Шығыста қуатты бекініс қанатын жасау арқылы ғана шеше
алатын еді. Мұның өзі Ресейдің Қазақ даласындағы, әсіресе Каспий теңізінің
шығыс жағалауындағы позицияларын нығайтуға күш салуды қажет етті.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарының басында I Петр үкіметі ортаазиялық
және қазақ билеушілерімен өзінің қатынастарында тек дипломатиялык
құралдарды ғана пайдалануға көшті. Дипломатиялық шаралармен орыс үкіметі
көпес керуендеріне қауіпсіз сауда жолын ашуға ұмтылды, алайда бұл үшін ең
алдымен Каспий теңізінің шығыс жағалауына аяқты нық басып тұру керек
болды.
I Петрдің Қазақ даласына ден қойған саясаты нақ осы тұста жанданды.
Бір аноним кітапшаның бейнелеп анықтағанындай, I Петр Қара теңіз бен
Балтық теңізінде Европаға терезе аша отырып, сонымен бірге азиялық
елдердің бәріне кіретін кілт пен қақпа іздеді. I Петр мұндай кілт пен
қақпа Қазақ даласы болып табылады деп есептеді, өйткені бұл орда тек осы
дала арқылы бүкіл Азия елдерінде коммуникацияға ие болу және Ресей жағына
пайдалы әрі қабілетті шаралар алу үшін Ресей қоластында болуы қажет.
Ресей мемлекетінің стратегиясы ресейдің әскери және экономикалық
тұрғыдан да, қару-жарақ тұрғысынан да айтарлықтай басымдылығына негізделді.
Осының бәрінде де патша үкіметі өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін өз
күшінің көрінеу жеткіліксіз екенін түсінді. Сондықтан Қазақстанда және Орта
Азия хандықтарында ішкі алауыздықтарды пайдалану, кейін жергілікті
билеушілердің жеке гвардиясына айналатындай етіп әскери отрядтар жіберу,
бірқатар бекіністер салу, дипломатиялық құралдар арқылы саяси ықпалды
нығайтуға басты назар аударылды. Демек, орыс-қазақ қатынастары қалай
болғанда да Ресейдің Шығыстағы жалпы сыртқы саяси бағытына, оның Орта Азия
хандықтарымен, Закавказьемен, Солтүстік Кавказбен, Түркиямен, Иранмен,
Ауғанстанмен, Үндістанмен жэне басқа елдермен қатынастарына қосылды.
Сөйтіп, Қазақстан Ресейдің Шығыстағы саясатын жүзеге асыруда мақсат болып
қана қойған жоқ, сонымен бірге құрал да болды.
Ресеймен қарым-қатынастарды нығайтуға қазақ жүздері де мүдделі болды.
Қазақ жерлерін басып алу жөнінде Жоңғар хандығы тарапынан төнген, әсіресе
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында айрықша күшейген қауіп қазақ
қоғамына үнемі қатерлі болды. Жоңғар басқыншылығы қазақ хандықтарының саяси
және әскери жағынан әлсіздігін көрсетті; казақ қоныстары солтүстік-батысқа
қарай жылжыды, қазақ руларының едәуір бөлегі үйреншікті тіршілік арнасынан
шығып, көшіп-қонудың тарихи қалыптасқан жүйелері бұзылды.
1748 жылғы 20 мамырда Орск қамалында А. Тевкелевпен әңгімесінде айтқан
Бөгенбай батырдың мына бір сөздері сол кезде қазақ хандықтарында
қалыптасқан жағдайды айқын бейнелейді: Қырғыз-қайсақ ордасы Ресей
империясының қоластына қабылданбай түрған кезде оны қашан да болсын жан-
жағынан мазалады емес пе, көп тазы қуған қояндай қай жерден болсын қашпады
ма, қашып жүріп малдарынан айрылып, ал кейде бастарына күн туғанда өздері
ғана бас сауғалап, қатын баласынан айрылып күйзелмеді ме... Зюнғар
қалмақтары шапса олай қашты, башқұрттар тисе былай қашты, ал Волга
қалмақтары мен Жайық казактары, оған қоса Сібір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz