ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ БОЛДЫ
ЖОСПАР
Кіріспе 2
І.ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ 3
1.1 Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуі. Басқарудың жаңа
жүйесі 3
1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі 7
II. РОССИЯНЫҢ КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДЕГІ ПОЗИЦИЯЛАРЫНЫҢ НЫҒАЮЫ. 10
2.1. И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы. 10
2.2. Шептік бекіністер салу. 11
2.3. Жер мәселесінің шиеленісуі және таптық қайшылықтардың көшеюі. 11
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер 15
Кіріспе
Соңғы жылдары республикамызда тарих ғылымына деген қызығушылық
арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: Қазақстанның егемендік алуы,
ұлттық сана-сезімінің өсуі, тарих ғылымының идеология қыспағынан арылуы,
қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің
қажеттілігі. Қазақстанның Ресейге қосылуы осындай мәселелердің бірі болып
табылады. Бұл оқиғаға қай жағынан баға берсек те, оның қазақ халқының
тарихына айтарлықтай әсер болғанын жоққа шығара алмаймыз. Барлық деректерді
пайдалана және сараптай отырып, өткен кезеңдердің тарихын шыншылдықпен
қалпына келтіру – ғылымының дамуының бұл тартпас шарттарының бірі.
Мәселенің көкейтестілігі оның арнайы зерттелмегенінен, 150 жылдай
уақытқа созылған, қарама-қайшылығы мол үрдіске арналған жинақы және
тыңғылықты еңбектің болмауынан туындап отыр. Біздің мақсатымыз – сол
тарихи кезең куәгерлерінің әр түрлі пікірлері мен қөзқарастарын және
мәселенің кейінгі кездегі тарихи-танымдық дамуын қарап шығу.
Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі революцияға дейінгі жалпы орыс
тарихи әдебиетінде жеткілікті дәрежеде қаралған, алайда оны тарихшылар
емес, Қазақстанда қызмет бабымен болған адамдар зеттеген.
Кіші және орта жүздердің бодандыққа алынуы туралы алғашқы шығармалар
– Орынбор экспедициясында қызмет істеген П.И.Рычковтың Типография
Оренбургской губерний және История Оренбурга атты еңбектері. Орыс
Географиялық Қоғамының негізін қалаушылардың бірі А.И.Левшин Орынбор
комиссиясында дипломатиялық қызметте жүрген кезінде қазақтардың тарихына
қатысты көптеген материалдар жинаған. Кіші және Орта жүздің кейбір
руларының Ресей бодандығына өз еріктерімен кіргенін дәлелдей келе,
А.И.Левшин олардың бұл қадамы сәті түскен кезде қайтадан тәуелсіздікке
оралуға нақты шешім қабылдау жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қазақтың ұлттық зиялыларының өкілдері Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев,
М.Дулатов, А.Байтұрсынов және басқалары өз еңбектерінде Кіші және Орта
жүздердің сұлтандарының Ресейге бодан болуды қалауға мәжбүр болғанын
айтады. (Жоңғар шапқыншылығы олармен жауласу кезіндегі биліктің шайқалуы).
Қазақстаның Ресейге қосылу мәселелерін зерттеуге профессор М.П.Вяткин
зор үлес қосты. Осы қазақтардың бодандығына баға беру осы оқиға өріс алған
тарихи жағдайдан туындау керек дегенді айтты. 30-40 жылдары қазақ
жүздерінің алдында не Ресейге, не Жоңғарға бодан болуды таңдау қажеттілігі
тұрды, олардың қайсысын таңдаса да, саяси тәуелсіздіктен айырылуға әкеп
соғады, бірақ Ресейге бодан болу қорлықтың жеңілдеу түрі, өйткені ол
өркендеуге жағдай жасайтын еді деп көрсетті.
1990 жылдың шілдесінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ
отаршылдық жағдайдағы ұлттық қозғалыстар тақырыбымен дөңгелек үстел
өтті. Сонда ғылымдар әр кезде әр түрлі жолдармен осы аймақтардың Ресейге
қосылу мәселелерін сөз етті. Мәселені жаңаша тұрғыдан зерттеуде бәріне
қатысты тендециясы атап өткіміз келетіні, бұрынғы басым тұжырымдамадан
арылу және жаулап алу жолымен қосып алу түрінде немесе миссионерлік сауда
игеру арқылы эканомикалық,саяси дипломатиялық отарлаумен кіргізудің тарихи
үрдістегі көптүрлілігі туралы қарсы көзқарастар пайда болды.
Н.Е.Бекмаханова Қазақстанның Ресейге қосылуы бір мезетте бола қойған
жоқ, соның өзінде алғашқы кезеңде қосылудың бейбіт жолы белең берсе, соңғы
сатыда бұрын қосылмаған жерлер жаулап алынды. Ғалымдар өз сөздерінде
қосылудың зардаптарын көрсетумен бірге қазақ қоғамының шынайы тарихын жасау
үшін ізденудің жаңа әдістемелік жолдарын табу қажаттілігі туралы мәселе
көтерді.
История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов ХХ века)
деген еңбегінде А.Күзембайұлы қазақ жүздерінің тәуелді мемлекет сыртқы
саясаттан тыс барлық салаларда егемендігін сақтап қалатын отарлық
тәуелділік түрінде протектораты қабылдауын факт ретінде дәріптей отырып,
Қазақстанның Ресейге қосылуына тоқталады. Зерттеуші қазақтың хандары мен
сұлтандары тек қана әскери көмек алуды және солтүстік шекараларын
қауыпсіздендіруді, сондай-ақ ішкі таластарда Әбілқайыр ханға дес бермеуді
көздеп, бұл дипломатиялық актіге тиісті дәрежеде мән бермегендерін айтады.
Ресей болса, өз кезегінде, протекторат шарттары бойынша міндеттемелерін
орындамай, бұл жағдайда Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізуге пайдаланды.
Тарихшы Ж.Артықбаев Қазақстанның оңтүстігін орыстар жаулап алған дей келсе,
өз еңбектерінде протекторат қабылдау терминін пайдаланады.
Академик М.Қозыбаев История России есть история страны, которая
колонизуется мақаласында Қазақстанның Ресей құрамына кіруі туралы өз
пікірін келтіреді. Еріктілік сипатты толығымен жоққа шығара отырып, ғалым
қарапайым халық тәуелсіздігінен айрылғысы келмеді деп жазған А.Левшиннің
зерттеулеріне сілтеме жасайды. М.Қозыбаев қосылу (присоединение)
термині тарихи үрдістің мәнін нақты ашпайды және Қазақстанда негізгі
обьектіге жанасып кеткен субьект ретінде көрсетеді деп сынайды. Ғалым
Қазақстанды басып алу стратегиясы сонау І Петр кезінде айқындалып, одан
кейінгі уақытта түпкілікті рәсімделгенін көрсетеді. Әбілқайыр ханның
Ресейге тәнті болуы ұлтты сақтап қалу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру
мақсатында қазақтардың империя билігін мойындауға мәжбүрлікті
қалыптастарған тарихи жағдай деп түсіндіріледі. Сонымен автор Қазақстан
Ресей құрамына жаулап алу арқылы кірді деп есептейді.
І.ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ

жүйесі
Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде орын алған
күрделі жағдайдан шығудың жолы еді, қазақ еліне шапқыншылығын қоймаған
Жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске
болмады. 1726 жылдың басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар
Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы
соғыс бола қалса қолдау табу және Ресейдің қол астындағы башқұрттар иелігі
мен Жайық арасында көшіп-қонуға құқық алу, қазақ көпестерінің Ресейдің
қалалары мен селоларына еркін баруын қамтамасыз ету және оларды жайықтың
казактар мен башқұрттардан қорғау, сондай-ақ тұтқындармен алмасу. Алайда
елшіліктің сапары сәтсіз аяқталды. Оған елшіліктің өкілеттілігін
дәлелдейтін құжаттың жоқтығы формальды себеп болды. Шын мәнінде оның себебі
тереңіректе жатты, оны самодержавиеінің өзіне Қазақстанның бір бөлігін ғана
емес, оны тұтас күйінде бағындырмақ болған стратегиялық мақсатынан
іздестірген жөн.
1730 ж . маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол
астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Хат
жеткізуші елшілікті Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастап, 1730 ж
8 қыркүйекте Уфа қаласына келді. Мұндағы оның мақсаты Ресей империясына
арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып,
бір орталықтан басқарылатын билік орнатуды, сондай–ақ өкімет билігін
балаларына сайлау арқылы емес, мұрагерлік жолымен қалдырып отыруға жету.
әбілқайырдың бұл пиғылын сезіп, біліп отырған Петербордағы билеушілер
ханның хатын құшақ жая қарсы алды. Қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін
барлық жақтан пайдалы еді. Ұлы Петр қазақ хандығын Барлық Азия елдерімен
жерлеріне кірудің кілті деп қарап, оны өзіне бағындырудың стратегиялық
маңызын жоғары бағалаған.
1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ
халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы
Грамотаға қол қойды. 1731 ж 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті
құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді. Хан
Ресейден өле - өлгенше қол үзбеймін, қасық қаным қалғанша оған адал қызмет
етемін деп ант береді. Орыс мемлекетіне, оның жауларына қарсы күресте
қазақ жасақарының жергілікті әкімшіліктің талабы бойынша жіберіп отыратыны
атап көрсетілді. Қазақ сұлтандары жайықтық қазақтарға, башқұрттарға Еділ
қалмақтары мен Ресейдің басқа да қол астындағыларға шабуыл жасамауға,
ешқандай жәбір – жапа көрсетпеуге, олармен дау – дамайсыз тату тұруға
міндеттенді. Сондай – ақ сауда керуендерін қорғау үшін арнайы жасауылдар
бөле отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де көзделді. Қазақ
тұтқындарының Христиан заңында тұратындардан басқаларын қайтарған
жағдайда барлық орыс тұтқындарын қайтару жөнінде міндеттемелер алынды.
Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден
басталады. әңгіме сол кездегі қазақ қоғамындағы түрлі саяси күштердің нақы
мүдделерін ескере отырып, тек қазақтарға тиімді одақтас және сүйеніш бола
алатын сюзеренді іздестіру жайында болуға тиісті еді.
Орта жүз бен қарақалпақтар Кіші жүздің жолын қуды. 1735 ж
желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қоластына қабылдануын қуаттаған
жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта жүзге Ресей елшілігін
жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 ж Ресейге қосылу жөнінде
Орынборда ант береді.
XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ- орыс қарым-қатынастары
одан әрі жандана түсті. Бұған кедергі келтіруді көздеген Жоңғар билеушісі
әскереи сипаттағы бір қатар шара қолданады: қазақтардың қоныстарымен және
орыс қамалдарымен іргелес жерлерде 20 мыңнан астам әскерін шоғырландырады.
Осыны сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңірінде көптеп әскери
бекіністер салуға кірісті. Қазақстанмен шекарлас аудандарда шептердің
негізі Жайық өзені бойындағы қазақ қамалдары, форпасттар мен редуактар
болды. Осы кезде оң жағалауда жайықтық қазақтардың күшімен 14 қамал
салынды. Осыдан соң қазақтардың дәстүрлі көшіп – қону өрісі тарылды.
Патша өкіметі жер мәселесіндегі отаршылдық шараларын біртіндеп жүзеге
асырды: 1742 ж 19 қазанда Жайық бойында Жайық қалашығы мен салынып жатқан
қамалдар маңында қазақтардың көшіп – қонуына тыйым салған жарғы шығарылды.
Еділ мен Жайық өзендері аралығында көшіп – қонып жүрген қазақ ауылдарын
Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл шараларды жүзеге асыру
үшін Жайық горнизоны атты казактарынан күшті топ жарақталды.
Патша әскерлерінің алдына қазақтарды Жайықтың оң жағалауына өткізбеу
ғана емес, сонымен бірге оларды ендігәрі бұл жаққа аяқ баса алмайтындай
болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу, тіпті тұтқындауға дейін бару
міндеті қойылды. Қазақтар тұз өндірілетін Елек ауданына бару мүмкіндігінен
айырылды. Олардың Каспий теңізінің жағалайында көшіп – қонып жүрген жерлері
де шектелді.
50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бассейндерінде Орта
жүздің қазақтары да жерлерінен ығыстырылды. Бұл аудандарда қазақ
еңбекшілерінің толқулары басталды. Патша өкіметі жеңілдіктер жасап,
шектеуді жоюға мәжбүр болды: қазақтарға Ертістің оң жағалауына, шепке 25
шақырымнан жақындамай, казактардың күзетімен малдарын айдап өтуіне рұқсат
етілді.
Қазақ қоғамындағы негізгі материалдық игіліктерді өндірушілер –
шаруалар өлке халқының басым көпшілігі болатын, олардың онсыз да ауыр
жағдайы патша әкімшілігінің жерді шектеуі, феодалдардың қауымдық жерлерді
басып алуы салдарынан одан әрі нашарлады, ауылда мүліктік теңсіздік өсті.
Патшалық өкіметтер даладағы өзеннің позициясын нығайту жөніндегі
шараларын одан әрі кең көлемде жүргізді, құрылып жатқан шептер мен оларда
салынып жатқан бекіністерден қазақ қоныстарын алыстату үшін түрлі әрекет
жасалды. XVIII ғасырдың 50 жылдары шептер мен бекіністер Каспий жағалауынан
Ертістің жоғары ағысына дейінгі аралықта салынып, қазақ хандықтарын
жартылай шеңбер құрсауынан алған еді. Осы кезге днейін – ақ жайықты,
Орынборлық және Сібірлік казак әскерлері жасақталып, оларға жер бөлініп
берілді. Қазақ жерінде әскери бекініс салу XVII ғасырдың өзінде басталып,
казактардың алғашқы форпосттары, редуктары мен қамалдары жайық өзенінің
жағалауына тізбектеле салынған-ды. Ресейдің қол астына енген аймақтарда
салынған бекіністер мен қалалар патшаның отарлау саясатының тірегі болды,
сонымен бірге мұның өзі бекініс аудандарына орыстардың келуін күшейте
түсті.
Осы кезде Орта жүздің саяси өмірінде аса маңызды оқиға болды: 1771ж
Әбілмәмбет қайтыс болғанан кейін Абылайхан таққа отырды. Ол өзін қазақтың
үш жүзінің ханымын есептеді, өйткені іс жүзінде оның билігі Орта жүзге қоса
едәуір дәрежеде Кіші жүз бен Ұлы жүзге де жүрген еді. XVIII ғасырдың 60
жылдарында оның билігі мен ықпалы өзінің алдындағы хандардыкінен әлде қайда
артық болды. Тәртіп бойынша хандық дәрежені Ресей патшасы бекітуге тиісті
еді. Бірақ Абылай орныққан рәсім бойынша Петерборға барып, Петропавл
қаласында ант беріп патша қолынан тиісті сый–сыяпат алудан бас тартты.
Орынбор әкімінің өжеттікпен жасаған өтінішінен көнген Абылай арада бес жыл
өткеннен кейін ғана екінші Екатеринаға өзін қазақтардың үш жүзінің ханы
етіп бекітуі жөнінде хат жолдады. Оны Ұлы Тоғым бастаған елшілік 1776 ж.
ақпанда патша әйелі табыс етті. Бірақ оның өтініші қабылданбады, бұл
түсінікті еді. өйткені қазақстанда хан билігінің қипасыз күшейуіне
көмектесу, оның үстіне үш жүздің бәріне бір адамды бекіту патша өкіметінің
есебінде жоқ еді. Сондықтан да патшаның 1778ж 24 мамырдағы жарлығымен
Абылай бір ғана Орта жүздің ханы болып бекітілді. Грамотамен хан шендерін
Орынборда немесе Тройцкіде тапсыруға нұсқау берілді.
Наразы болған Абылай, әрине, бұл қалаларға барудан бас тартып,
рәсімді орындауды өзінің қонысына жақын жердегі Петрропавлға (Қызылжарға)
көшіруді ұсынды. Кейін оған да бармады. Ақырында патша өкілдері олардың
бәрін Абылайдың ордасына өздері апарып тапсыруға мәжбүр болды. Ханның
белгілері – қасқыр ішік, құндыз бөрік, қылыш Петропавл қамалында сол
күйінде қалып қойды.
Қазақ қоғамының билеуші тобының Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін
заңды мұрагері – оның ұлын таққа отырғызбай Абылайға тоқтам жасағандарының
себебі мынада еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Жоңғар әскерлеріне
қарсы күресте ол қазақ жасақтарын басқарған, халық бұқарасының азаттық
күресін ұйымдастырған таланты қолбасшы – стратег екенін танытты, одан да
көп бұрын 20-50 жылдарда болған аса ірі шайқастарда ерен ерлік көрсетті,
сол үшін де оны халқы батыр атады. Абылай қазақтардың бірігу тенденциясына
басшылық жасады әрі қазақ қоғамында өкімет билігінің орталықтануына
көмектесті.
Кеңестік тарихнамада Абылайдың сыртқы саясат бағытын бағалауда
сыңаржақтылық орын алды, сөйтіп оның екіжақты саясаты Ресей империясының
Циндік Қытаймен шектес жерлерінде өте-мөте күрделі де шиеленіскен жағдайды
тудырып отырды, өзінің олармен қарым-қатынастарында бұлтару саясатын
қолданды, - деп көрсетілген. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені Абылай
өзінің сыртқы саясатын нақты тарихи шындың негізіне құрды. Қазақ қоғамында
мемлекеттілік дамуы деңгейінің әлі де төмен болғаны, тұрақты армия жоқ
жағдайда құдіретті екі көршісімен де жанжалдасуға бару мүмкін еместігін ол
жақсы түсінген.
Кіші жүз және Орта жүз Ресей империясының құрамында болғанымен патша
үкіметінің қазақтардың басына қиын-қыстау күн туа қалғанда көмекке
келмейтініне оның көзі жеткен. Солай болды да, қазақтардың жоңғар
басқыншылығымен бірнеше реет қарулы шайқастар болды,бірақ Ресей жағынан
оларға әскери көмек көрсетілмеді. Керсінше, патша үкіметі жергілікті
әкімшіліктеріне қазақтардың қару-жарақ, оқ-дәрі бермеу жөнінде құпия
нұсқаулар жіберген.
Шексіз билікке ие болған Акбылай хан ретінде де, батыр ретінде де
қатыгездік көрсеткенін Ш.Уәлиханов айта келіп: Абылай сияқты қазақтың
бірде-бір ханының шексіз билігі болған емес! Ол бірінші өзінің әмірімен
дарға асуды қолданды, бұрын бұл тек халық жиналысының ережесін сәйкес қана
жүзеге асырылатын.
Абылай Қазақстанда және одан тысқары жерде көреген әрі ақылды
саясаткер терінде таныды. Қорықпайтын жаужүректігі, данышпан көрегендігі,
әскери ақыл-айласы, бойындағы алып күш-қуаты, өткір ойы, дарынды дипломат
болғаны оның бүкіл қазақ қоғамын билеуге лайықты қасиеттер еді. Халық ол
жайында көптеген аңыздар, ертегілер, дастандар шығарды, оларда оның
дипломатиялық қабілеттілігі, жеке басының ерлігі мен батылдығы, мемлекеттік
алғыр ойы, қайсарлығы айқын көрсетілді. Абылай 1781 жылы Ташкент маңында 69
жасында қайтыс болды. Оның денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет
Йассауидің кесенесінде ас беріліп, ардақтап жерленді.
Патшалық Ресейдің билеуші тобының Қазақстанның кең-байтақ жерін өзіне
қаратып алу арқылы империяның шеңберін ұлғайтудағы стратегиялық мақсаты
орындалды. Енді өкімет оны басқару үшін жаңа жүйе жасауға кірісті, оның
түпкі мақсаты – аумақтық-әкімшілік жүйені қайта құру арқылы мұндағы жалпы
халықтың ықыласы мен хан сайлап келген қазақ халқын осынау демократиялық
тарихи дәстүрінен айыру еді.
Абылай қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Уәли Орта жүзге хан болып
көтерілді, ол өле-өлгенше Ресейге адал болуға ант берді. Хан өзінің
қоласындағыларға ерекше қаталдық пен озбырлық көрсетті. Оның мұндай әрекеті
халық арасында наразылық туғызды. Орта жүздің қазақтары 1795 жылы екінші
Екатеринаға хат жазып, хандық тағынан тайдыруды өтінді.
Уәлидің билігін әлсіретуге тырысқан өкімет 1819жылы Бөкей, 1823жылы
Уәли хан қайтыс болды. Олардан кейін Ғұбайдолла хан болуға тиісті еді,
бірақ өкімет оны Сібірге айдады, өйткені ол Орта жүз жерінде әскери
бекіністердің салынуына белсенділікпен қарсылық көрсетті. Одан кейін аз
уақыт таққа оның әйелі Айғаным отырды. Бірақ жаңа ханды бекіту патшалық
самодержавиеның жоспарында жоқ болатын, оның ойы басқаша еді, өзінің түпкі
мақсатына жеткізуді көздеді ықпалы шамалы хандар патша өкіметі саясатының
жүргізілуін қамамасыз етпегенімен ғана қоймай, сонымен бірге өздерінің
бөлшектенушілік ниеттерін күшейтті. Патша хандық биліктен уақытша бас
тартып, ру басылары арасынан әлеуметтік тірек табуға әрекеттенді, XVIII
ғасырдың аяғында басқару жүйесінде реформа жасамақ болды. Бірақ оны жүзеге
асыру ойдағыдай нәтижесін бермеді, хан билігі қалпына келтірілді, алайда
бұл да ұзаққа бармады.
1882 жылы Сібір екі бөлікке: бас басқармасы Иркутскіде болатын, Шығыс
және орталығы әуелі Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс
бөліктерге бөлінеді. Батыс Сібірге Қазақ даласының қоныстанған жерлерінің
бір бөлігі кірді. Ол Сібір қырғыздарының облысы деп аталды да 1822 жылы
оған арналып Сібір қырғыздары туралы жарғы шығарылды. Жарғы бойынша
қазақ даласы сыртқы және ішкі округтерге, тиісінше - округтер болыстар мен
ауылдарға бөлінді.
Патша әкімшілігі Жарғыға сүйене отырып, жаңа басқару аппаратын
құрды. Сөйтіп хан өкіметі таратылды. Округтер Омбы облыстық басқармасына
бағынды, округтерді приказдар басқарды. Оның төрағасы аға сұлтан болы да
оған тағайындалатын ресейлік екі заседатель мен сайланып қойылатын екі
құрметті қазақ енді.
Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайланып, ол Ресей қызметінің майоры
шенінде болды және жергілікті басқарманы басқаруға қойылатын шенеулік
саналды. Болыстарды болыстық сұлтандар басқарды, оларды қайта сайлау тек
Омбы облыстық басқармасының келісімімен ғана жүргізілетін еді. Ауыл
старшындарын қарапайым қазақтар әрбір үш жылда бір сайлады, оларды округтік
приказ бекітетін.
1824 жылы Орынбор қырғыздары туралы жарғы қабылданып, Кіші жүзде
хандық билік жойылды. Патша өкіметі жергілікті жерде өз саясатын жүргізуде
сұлтандарды тірек етті. Алайда ХІХ ғасырдың екінші жартысында-ақ
сұлтандардың қазақтар арасындағы экономикалық және саяси ықпалы құлдырай
бастайды, батырлыр қазақ жүздерінің шекаралық аудандарында ғана ықпалын
сақтады; бұл жерлерде руаралық батырма және хиуалық, қоқандық, бұқарлық
феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған болатын.
Патшаның 1822 және 1824 жылдардағы реформалары, басқарудың жаңа
жүйесі -өлкеде отарлау режимін түпкілікті орнықтырды. Нәтижесінде қазақ елі
өзінің еркіндігі мен тәуелсізгінен айрылды.
1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында жүзеге асырылған әкімшілік қайта
құрлымдардың негізінде Қазақстан толығымен Ресей империясының және рухани
жағынан тезірек меңгеріп алудың саяси зол мәні бар екенін патша үкіметі
жақсы түсінеді.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін патшалық өзінің отарлық саясатының ең
сенімді әдістерінің бірі - орыстарды жергілікті халықтармен араластыра
қоныстандыруға ерекше мән береді. Әрине, қазақ даласына орыстарды
қоныстандырудың қажеттілігін Ресей үкіметі ерте кезден-ақ түсінген болатын.
Сол кезден-ақ Жайықтың оң жақ алқабындағы қазақтардың керемет жерлерінен
қазақтарды көшіру, XVIII ғасырдың аяғында Орал казак әскері өлкенің ішкі
аудандарында таралған еді. Осының нәтижесінде бүкіл Қазақстан териториясы
казак әскерлерімен толтырылып, әскери бекіністер, форпостар мен редуттар
салына басталған. Бұл Орынбор өлкесінің өзінде тыныштық пен тәртіп орнату
мақсатымен Орынбор (1845ж), Орал (1845ж), Қарабұтақ (1848ж), Ембі (1862ж),
Новопетровск және Райым бекіністері салынады. Ал шын мәнінде бұл бекіністер
патшалықтың қазақ жеріне ішкерілеп енуінің және оны толығымен отарлауының
тірегі болған еді.
Сонымен бірге, Орынбор әкімшілік аталған бекіністер жанынан қазақ
қоныстарын ұйымдастаруға кіріседі. Осы мақсатпен генерал Обручев отбасылары
бар төменгі шендегі Орынбор казактарын әр түрлі жеңілдіктер беру арқылы
бекіністер жанына қоныстандыра бастайды.
Сөйтіп, 1849 жылы Новопетровск бекінісінде-18, Райым бекінісінде-26,
Орынбор бекінісінде-10, Орал бекінісінде-10 және Қарабұтақ бекінісінде-4
отбасынан тұратын казак қоныстарын ұйыцмдастырған. Казак қоныстағы өлкенің
ең шұрайлы жерлерінде орналасып, оларға жеткілікті мөлшерде шабындық,
орманды және егісті жерлері бөліп берілген.
Ал ХIX ғасырдың ІІ жартысында Орал казак әскері қазақтардың Жайықтың
сол жағалауындағы алқаптарын да ала бастайды. Бұл қазақтардың жайлымдық
жерлерін тартып алып, жер пайдаланудың дәстүрлі негіздерін бұзған әрекет
еді. Осылайша Т.Седельников атап көрсеткендей ...казактарды даланы
отарлауы ХVIII ғасырдың ортасында басталып, үздіксіз түрде, қырғыздардың
миллиондаған десятина ең керемет жерлерін тартып алды.
Алайда, казактардың жер өңдеу тәжрибесінен ешнәрсе шыққан жоқ.
Әкімшілік бекіністердің жанынан казак қоныстарын ұйымдастырылып, олардың
жер өңдеу ісіне үлкен үміт артқанымен, казак бекіністерге жанмен
көмектеспек түгіл, өзі қазынаның есебінен күн көрді.
Сонымен бірге, қоныстанған казактың көшпенді қырғызға ешқандай
пайдасы болмады. Тіпті жабайы деген қырғыздардың арасында қоныстанып отырса
да, ол жалған түсініктегі, еңбексіз табылған және сараңдықпен жинақталған
меншік құнынан басқа, экономикалық мағына да қырғыздарға еш нәрсе
енгізбеді. Қырғыз үшін казак станциясы ешқандай да тұтыну рыногы бола
алмады және ол жерден арақтан басқа еш нәрсе сатып ала алмады.
Қоныстанған казак жер өңдеу жүйесіне қатысты тапқанын теріске
шығарды: қоныс тепкен жерін өңдеп тыңайтпағаны былай тұрсын оны әбден
құлазытты.
Ең байтақ даланы және табын жылқыны көріп тұрып, оның тұқымын
жақсартуды ойланбады.
Қырғыз шапанын киіп тұрып, ол оны қалай тігілгеніне көңіл де бөлмеді.
Осылайша алғашқы отралаушы казактар қазақ өлкесінің байлығын
емін–еркін талан-таражға салу мен және халықты тонаумен айналысқан.
Қазақтардың жерін шауып, малын тартып әкетіп отырған. Ол жөнінде А.К.Гейнс
былай деп жазады: Үкіметтің казактарға силаған отырықшылықтары олардың
тұрмыс жағдайлары мен қызметін жоғарылатуға емес, керісінше, жаппай ырду-
дырдулықтың және жалқаулықтың дамуына, олардың шаруашылығының құлазуына
және жүйелі, ұйымдасқан түрде қырғыздарды тонаушылыққа алпы келді
...Өздерінің тонаушылығымен зорлық–зомбылығы арқылы олар қырғыздардың
бойында бүкіл орыс халқына деген өшпенділік сезім оятты. Бұдан қолдарына
оңай тиген жердің қадірін білмеген казактардың топастығы мен надандығын
көруге болады. Осы мәселелердің негізінде, патшалық әкімшілік қазақ даласын
... казак қоныстары арқылы отарлау жүйесі өзіне алғаш жүктелген міндетті
табыспен орындады, ал қазіргі кезде жергілікті жағдайлардың өзгеруіне
байланысты бұл әдіспен отралауды жалғастыру күткен пайдаға қол жеткізбейді
деп есептеп қырғық даласын орыстардың отарлауы қажеттілік екендігін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz