С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы
себебі, мәні және ерекшеліктері 3
1. Кіші жүздегі көтерілістердің басталу себептері 3
2. Көтерілістердің жеңілуі, олардың себептері мен тарихи маңызы 10
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 18
Кіріспе
Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда
мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, не қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр
елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін
қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне
байланысты.
Халықтың елдігін, ерлігін, ездігін сынайтын мұндай талқыны қазақ
қауымы арғы Ескендір Зұлқарнайын, Кир, Дарий замандарындағы балаң кезеңін
еске алмағанда, бергі дәуірдің өзінде әлденеше дүркін басынан өткерді.
Қазақ жеріне, оның ұлы Даласына кісен түскелі қашан? Бүгін мына ұлы
Даладан кісен сыңғырының дамылсыз жылаған аш баладай дауысы естіледі. Ол
құлақты аздырады. Жүйкені тоздырады. Бұл кісенді жерден де, елден де алатын
жол – кілт бар ма?! Болса, ол Сырым Датұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Көтібар –
Арыстан аталарың бастаған азаттық жолы болар.
Кеңестік кезеңде біздің ата-аналарымыз тарихтан әлемдегі ұлт-азаттық
көтерілістер жайлы, отар елдер туралы мәліметтерді жеткілікті оқыды.
Жерінен айырылған Америка үндістеріне жаны ашыды. Отаршылдық бұғауындағы
елдерге бүйрегі бұрылды. Соғыс тұтқындарын гладиаторға айналдырған
римдіктерге зығырданы қайнады. Соның салдарынан халқымыздың ұлт-азаттық
көтерілістерінің қаһармандары Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет, Ұзақ,
Наурызбай, Жәмеңке бабаларымызға ескіліктің сарқыншақтары деген сарынмен
тосырқай, үрке қарады. Басқыншылар мен жаулап алушылардың жазған тарихын
ұранға айналдырды.
Құдайға шүкір, міне сол аты бұлыңғыр тартпаса да жиі аталмай жүрген
бабаларымыз туралы бұл күндері шындықтың пердесі ашылып, бірте-бірте олар
арамызға орала бастады. Сол тарихи сом тұлғалардың бірі атақты Сырым Датұлы
және Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы.

себебі, мәні және ерекшеліктері
1. Кіші жүздегі көтерілістердің басталу себептері
XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында, Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін,
патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ
даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу, бұл жолдардың қазақ
жерін басып өтетін аймағында балығы, шабындығы, егіске қолайлы жерлері мол
өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шараларды жүзеге асыра бастады. 1744
жылы Орынбор қаласы салынды. Ол орыс патшасының отарлау саясатын жүргізу
үшін қазақ жерінде құрылған әкімшілік орындары орналасқан орталыққа
айналды. Одан көп қашық емес Ор өзенінің бойынан Орск бекінісі бой көтерді.
Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс
өзендерінің жағалауларында көптеген ірі әскери бекіністері салынды. Оларда
патша үкіметінің отар елдердегі қол шоқпарлары - казак-орыстар
орналастырылды.
Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ
ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына
зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал
өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті.
Патша өкіметі қазақтарды "ішкі жаққа" Жайық сыртына өткізбей оған тиым
салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің құқықтарына қысым жасалды. Кіші
жүздің ханы Нұралының да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі
шаруаларды алым-салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын
күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші -
қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша
өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатысты. Көтеріліс
басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр 1742-1802 ж.ж.
тұрды.
Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар
шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын.
Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге
бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны -
Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон
даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша
өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ
шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың құрылуына
бастапқы негіз болды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай
шаруашылық пен 80 мың адам қоныстады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі
бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен
орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс-Самар
көлі төңірегіндегі жерлерді казак-орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге
байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды.
Бұл кезде патша үкіметі Iшкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің
мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар аралық басқару жүйесі
құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді
Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-
орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым
салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан
жалға алған жерлерінің құны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек
есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жеріне
өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ
ауылдарынан арендалық ақыны жылдан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан
штрафтар, әртүрлі салықтар жинап отырды.
Батыс Қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 жылы хан тағына
отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірі мен
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі
жүйесін қайта құруға кірісті. Ол көшпенділердің отырықшылануын, олардың
орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, қырда пішен табуын, ағаш өсіруді,
малдың тұқымдарын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарының
жаңа түрлерін алдыруды, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын және
ауылдарда мал санының артуына, сауданың және басқарудың жаңа формаларына
көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарларының
мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан
ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі
құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кiрді. Ханға 12
старшын, сондай-ақ бірнеше базар сұлтандар қызмет етеді. Оның татар бөлімі
және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы
тергеуші штатта тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде
хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды
ұйғарды, хан билігі орыс шенеунігі басқарған Уақытша кеңестің қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып,
барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ
бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс
помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алғанды. Кедей шаруаларға
құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз
иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы
Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан
көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық
салды, елдің қанын сүліктей сорды.
1831 жылы Ресеймен шектес жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара
комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылып, әкімдер мен старшындар
жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Бара-бара одан да сорақы жағдай
қалыптасты. Жайық бойын иемденген Орал казак-орыс әскерлері қазақтарға
Жайық өзенінен өтуге немесе оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар мен старшындар қазақ
шаруаларын Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы
қатты болып, жұттан көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшін қазақтар
Саратов губерниясына, ондағы князь Юсупов пен граф Безбородконың жер
иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы біріншi болып
Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байжурин, Өтен және
Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет
орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша
өкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып,
аяғында келіп 1836-1838 жылдары Ішкі Орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған
халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ
шаруалары. Сонымен қатар оған старшын, билердің де бірқатар өкілдері
қатысты. Алайда, көтеріліс тегеуріні әлсірей бастағанда, үстем тап өкілдері
Жәңгір мен патша жазалаушы шоғырларының жағына шығып, сатқындық жасады,
көтерілістің жеңілісін тездетті. Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан
белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды.
Сырым Датұлының көтерілісінің басты мақсаты - ғасырлар бойы Кіші жүз
жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-
орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның
сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Исатай Таймановтың қозғалысының басты мақсаты - хан озбырлығына шек
қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, патша өкіметiнiң отарлау саясатын
тоқтату еді.
1783 жылы бұл көтеріліс басталғанда - Сырым ақыл тоқтатқан, орнықты,
елге өзін танытқан, сөзін тыңдатқан беделі зор адам болған. 1773-1775
жылдардағы Е. Пугачев көтерілісі кезінде орыс шаруаларының азаттық идеясын
қолдап, оған қатысқан қазақтардың арасында Сырымның болғаны туралы да
деректер бар. Соның бірі шаруалар көтерілісін басуға басшылық еткен орыс
әскерлерінің даңқты қолбасшысы Суворовтың граф Панинге жазған хатында 1775
ж. 22 маусым: "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуыл жасайды,
тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды", - деген
анықтама келтірілген. Бұдан әрі қолбасшы: "әскерлерге мынадай бұйрық
бердім: реті келген бірде-бір қолайлы сәтті құр жібермей, бүгіннен бастап
Сырым батыр бастаған өз беттерімен кеткен ұры-қары қырғыздарды қай жерде
кездессе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе де, оның өзін ұстап алып,
тамырына балта шауып немесе сол жерде өлтіріндер дедім"- дейді.
Бұл айтылғандар Сырымның көтеріліс кезінде белгілі адам болғанын, оның
орыс әскерлерін де тыныш қалдырмағанын, сонымен бірге азаттық күресіне
көтерілген орыс шаруаларымен бір тілектес болғанын байқатады.
Батыс Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Сырым
Байбақты руының старшыны болатын. От тілді, орақ ауызды, болмысында батыл
да батыр, шешендігімен аты шығып дүрілдеп тұрған кісі екен. Кіші жүзде ол
айтты деген ұшқыр да ұтымды сөздер аз болмаған. Сырым қазақтың небір
кемеңгер, дана адамдарымен жақын болып, олардың ақылын тыңдаған. Солардың
бірі Тама руынан шыққан Малайсары би Сырымға: дүниеде адамды адам ететін үш
қасиет бар, соны бойыңа дарытсаң, халық алдында сыйлы боласың - депті. Ол
қандай қасиеттер? - деп сұрағанда, би:
- Олар - ар, намыс, парыз. Тағы бір ақылым, жақын жүргенді жаралама,
алыстағыны қаралама!-деген екен.
Ар-ожданына, намысына дақ түсірмей, халқының алдындағы азаматтық
парызына әрқашан адал болған Сырым бірге туған апасына үйленген Нұралы хан
жақыны болса да, хан мен халықтың біріне таңдау жасауға келгенде
ойланбастан халық жағына шыққан, халыққа тізесін батырғандарды, зорлық-
зомбылық жасағандарды аямай жазалаған. Осындай озбырлығымен аты шыққан
Шағанов деген Орал казак-орыс атаманын қолға түсіріп, Хиуа хандығына
құлдыққа сатып жібереді.
1783 жылдың көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шабуылы
басталды. Атамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль
бекінісіне шабуыл жасап, ондағы солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап
кетті. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан
құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың
1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды
қарсылық көрсетті, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
1783 жылғы тамыз айында әскери шайқастардың бiрiнде Сырым Орал казак-
орыс жазалаушы отрядтың қолына түседi. Бiрақ 1784 ж. көктемде оны Нұралы
хан 70 жылқы, 350 сом күмiс ақша берiп, босатып алуға мәжбүр болады.
І784 жылы мамыр айында Сырым Датов орал казактарымен кескiлескен
ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск желісі ауданында, Орск
бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында С. Датовтың жасағында 1000-
дай адам болды.
1785 жылы көктемде қазақ даласына патша үкіметінің жазалаушы
әскерлерінің шыққанын естіп, Сырым оларға тойтарыс беру үшін 2700 адамнан
жасақ құрады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленшінің Жоңғарларға
қарсы соғыста аты шыққан табын Бөкенбайдың баласы шоғыры қосылады. Оларды
шекара бойына қалдырып, Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл
жасады. Бірақ оның жақындап келгенін білген казактар алдын-ала зеңбіректен
оқ атып қарсы алды. Тұтқиылдан тиісемін деп келген Сырым бекіністі ала
алмады. Дегенмен, ол жазалаушы шоғырлардың қимыл-қозғалысын бағып, жақын
жердегі казактардың бекінісі мен шағын топтарына шабуыл жасап, берекетін
кетіреді. 1785 жылдың жазында оның жасақтары жаңа адамдармен толығып,
көтеріліс бұқаралық сипатқа айналды. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр
және Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жігіттері Сырымды
қолдап, патша әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл кезде Кіші жүзді кең
қамтыған көтерілісшілердің тек Жем өзені бойында шоғырланған тобының қатары
жеті мыңға дейін жеткен еді.
Халық қозғалысының қаһарынан қорқып патша үкіметінен әскер сұраған
Нұралы хан оның көмегімен тағын, малын, жанын сақтамақшы болды. Нұралының
Сырымға қарсы әрекеті халықты жирендіріп, Сырымның беделі күшейе түсті.
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық
атамандары Колпаков пен Пономарев бастаған әскер шоғырлары шығып, Сырым
жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болды. Қазақ ауылдарын тонап,
жазықсыз адамдарды тұтқындап елдi зар илетті. Сырым жасақтары жақсы
қаруланған патша әскерлерімен ашық шайқасқа бармай, олардың ізін бағып,
Жайық бойындағы казак-орыстарды дүрліктіріп, бекіністеріне тұтқиылдан
тиісіп партизандық соғыс жүргізді.
Кіші жүздегі жағдайға Ресей патшасы қанық болды. Ол да халықтың тек өз
әкімдеріне ғана емес, сонымен бірге ханға да қарсы болып отырғанын
түсінеді. Сөйтіп, Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқылы
старшындармен кеңесіп, оның ішінде Сырым батырмен пікірлесіп, хандық
тәртіпті жоюды ұйғарады. Сырым бұл шараны қолдады. Бұл арада әрқайсысының
өз ішкі есебі болғанын айту керек. Патша өкіметі хандық тәртіпті жойып,
Кіші жүзді басқаруды жалпы империяны басқару жүйесіне жақындатуды ойласа,
Сырым хандықты жойып басқару ісін халық қолына, халықтың өз ортасынан
шыққан би-старшындарға беруді, солар арқылы ел билеу мәселелерін шешуді
демократиялық жолмен жүргізуді көздеді. Сөйтіп, 1786 жылы хандық жойылып,
Нұралы хан Жайық бойындағы патша әскерлері бекіністерінің біріне көшіп
барып паналады. Сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша
әкімдері оны он екі ата Байұлы руларының аға старшыны етіп тағайындады.
Сырым осы жұмыста болған кез халық үшін жайлы жылдар болды. Әділдік пен
адалдықты, дұрыстықты жақтаған Сырым халықтың хал-жағдайын біліп олардың
мұң-мұқтажымен санасып отырды. Ол жергілікті старшындардың жыл сайын съез-
мәслихатын өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады.
1786-87 жылдарда өткен бұл съездердің маңызы зор еді. Қазақ халқы еңсесін
көтере бастады. Казак-орыстардың қазақ ауылдарын тонап, шауып кетуі азайды.
Шенеуніктер де халыққа бұрынғыдай озбырлық жасай алмайтын болды. Ұзақ
жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті жойып қате жасағанын патша
үкіметі түсінді. Сөйтіп, хандықты қалпына келтіру қамына кірісті. 1790 жылы
Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп оның інісі Ералыны хан
көтерді.
Ералы да қазаққа теңдік әперуді ойлаған жоқ. Оның тұсында да
қазақтардың жайылымдық жерлері тарылды. Жайық бойында мал жаюға, Жайықтан
балық аулауға, мал суаруға тиым салынды. Осыған байланысты қазақтардың
наразылығы күшейе түсті. Олар жасақтар құрып, Сырымның төңірегіне топтасты.
1791 жылдың наурыз айында Сырым батыр патшаның әскери жазалаушы күштерінен
бейбіт ауылдарды сақтау үшін, Табын мен Кердері руларына шығысқа Мұғалжар
тауларына қарай ойысуды ұсынды. Батырдың қазақ ауылдарын ойрандаудан алыс
ұстауға бағытталған бұл саясаты кейіннен өзін ақтады. 1792 жылы Сырымның
қарулы күштерi құрамына мыңнан астам жасақ жиналды. Сол жылы қыркүйек
айында Сырым жасақтары Елек қамалына шабуыл жасады. Бiрақ ол сәтсiздiкпен
аяқталды.
Патша өкiметi Сырым Бұқара мен Хиуа хандығымен бiрiгiп, Орыс
мемлекетiне қарсы шыға ма деп қауіптенді. Мұндай қауіпке негіз де бар еді.
Сырым шығыс беттегі бұл елдердің әміршілерімен астыртын келіссөз жүргізіп,
олардың көтеріліс басталған жағдайда көмек көрсететініне уәдесін алды.
Сырым бастаған қазақ жасақтары мен шаруалардың толқуларын басу үшін
патша өкіметі кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң
жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің
Қара өзен, Сары өзен бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті.
Бірақ бұдан жағдай жақсарған жоқ. Шұрайлы жерлерді, шабындық-жайылымдарды,
орман-тоғайларды бұрынғысынша казактар, хан, патша адамдары иемденді. Алым-
салық, хан төңірегіндегілердің халыққа озбырлығы мен астамшылығы азаймады.
1794 жылы жеккөрінішті Ералы хан өліп, оның орнына 1796 жылы хан
тағына отырған Есімде езгіні жеңілдеткен жоқ. Бұрыннан қаталдығымен аты
шығып жүрген ол халықты одан әрі қан қақсатты. Осының бәрі ұлт-азаттық
қозғалысының жаңа күшпен өрлеуіне, жандануына жол ашты. Оның дем беруші
көсемі Сырым болды. Оған Байбақты, Есентемір, Серкеш, Алаша, Таз руларының
шаруалары қосылды. Олардан шыққан Ерсалы, Қайсарлы сияқты қазақ батырлары
Сырымға қалтықсыз қызмет етті.
С. Датов Кіші жүздегі мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен
тәуелсіздігі ішкі және сыртқы жағдайлармен байланысты екенін жақсы түсінді.
Сондықтан да Ресеймен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуды
жақтады, бірақ сонымен бірге, Сырым патша үкіметіне сенбеді. Атап айтқанда,
халық бұқарасының қозғалысын басқару кезінде ол Орынбор генерал-губернаторы
Игельстроммен кездесуден бас тартты. Патша әкімшілігімен хаттар жазысып,
келіссөздер жүргізу арқылы оны бейтарап етуге тырысты. Сонымен қатар Сырым
көтерілістің табысқа жетуі тек Қазақстан мен Орта Азия халықтарының, сондай-
ақ атамандардың күшін біріктіргенде ғана мүмкiн болатындығын түсiндi.
1795 жылы Сырым бастаған көтеріліс қайтадан кең қанат жая бастады.
Қазақ жасақтары, әсіресе, 1796 ж. малдың жаппай қырылуына әкеп соққан қысқы
ауыр жұттан кейін белсенді қимылдар жасады.
1797 жылы наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнде көтерілісшілер Есім
ханды өлтірді. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы
болмаған. Көтерілісшілерді жазалау үшін Орал казак-орыс әскерінің атаманы
Донсков жазалау тобын ұйымдастырды. 1797 жылдың күзінде полковник Скворкин
бастаған әскери топ Сырымды қудалауды күшейттi. Жазалаушыларға ханның
туыстары, соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар қосылды. Алайда,
Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын
іске асырмады. Оған Скворкин тобына қосылған қазақ старшындарының
көпшілігінің өз жақтастарымен ауылдарына тарап кетуі де себеп болды.
Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады.
Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай
Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай
Таймановтың ең жақын серігі - ақын Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж.). Оны
анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар және орыс тілдерін білген, Хиуада
болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен
таныс болған. Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген оқымысты - саяхатшы
Г. С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасаған.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп
тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп,
уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс
Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады.
Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшын ретінде
Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды
сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады.
Атырау бекінісінен келген Дон казактарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол
бойында Исатай конвойдан қашып шығып елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де
Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр
халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың
озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті
одан әрі жалғастырды.
Бұл күрестің күшеюіне, әсіресе, 1833 жылы Жәңгір хан өз қайын атасы
Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz