Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары


ЖОСПАР
Кіріспе2
Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары2
Қорытынды10
Пайдаланылған әдебиеттер:11
Кіріспе
"Томирис" спектаклінде өте бір рухты, айбынды көрініс бар. Парсылардың Кир патшасы сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші болып барған Томирис (Тұмар) патшайым:
"- Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі - кең, көгілдір аспан, екіншісі - шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі - жусан, - деп, қолындағы бір уыс шөпті көрсетіп, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді, " - дейді. Осы кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан - туған жер, Отан, өмір символы. Демек, сақтар елін, Дешті Қыпшақ пен Түркі даласын мекендеген әрбір халықтың бас байлығы - еркіндік, азаттық болған. Еркін далаға қол сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басы қанға бөкті.
"Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді: "Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!" Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл сөздері өзгелерге жасаған ескертуі секілді.
Менің рухани байлығым - халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы - шежірелі, қазыналы ғұмыр.
Міне тәуелсіз ел болғалы бері біздер көне заманымыздағы тарихи құндылықтарымыз бен рухани байлықтарымызды зерделеп пайымдауға күш салып келеміз.
Сондықтан сақтардың өнері туралы ойлар тұжырымдау өткенімізге көз жіберіп шолу жасау ғана емес, сонымен қатар олардан үлгі алу үйрену де болатыны хақ.
Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары
Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, оларда адам баласының дамуына байланысты дамудың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Өмірдің өсуі, тіршілік көзінің алға қарай жылжуы, қалайда болмасын қажетті жаңалықтарды ашып отыруды талап етеді. Адам баласы өміріндегі үлкен бір жаңалық - темірден жасалған құрал-жабдықтардың жасалуы
Кавказ, Оңтүстік Россия, Украина жерлерінде алғаш рет темір б. з. б. X-VIII ғасырда пайда болады. Ал темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағаңда, Қос өзен - Тигр, Евфрат бойындағы елдермен Египет жеріндегі жұртшылық б. э. бұрынғы ІІІ-ІІ мың жылдардың өзінде білген. Темір құрал-саймандар, Қазақстан территориясында б. з. б. VIII-VII ғғ, жасалған. Оған жазба деректерде белгілі болып жүрген атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың обаларынан табылған семсер, қанжар т. б. темір заттар толық дәлел. Өмірде темірдің қызмет етуін Ф. Энгельс темір семсер, темір балта, темір соқа заманы деп атады. Адам баласының тіршілігінде темірдің қызмет жасауы - адамзат қоғамының бір қадам болса да алға басқандығын көрсетті.
Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, ал темірді қорыту үшін 1530 градус жылу керек. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мүмкін болмаған. Соңдықтан да темір алу оны пайдалану оңайлыққа соқпайды. Археологиялық зерттеулер адамдардың темір қорытуда "шикідей үрлеу" (сыродутный) тәсілін қолданғанын дәлелдеп отыр.
Темір дәуірінің кезіңдегі ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштердің бір түрі бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін төбе-төбе болып жатқан обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдары жанынан өтіп бара жатқан кез келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды. Мұндай обалар туралы орыстың атақты ғалымы Г. Ф. Миллер, П. С. Паллас, В. В. Радловтар өздерінің пікірлерін жазған. Олардың обалар туралы пікірлері Қазақстан темір дәуірінің ескерткіштері жайлы жазылған алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстың бастамасы десек артық айтқан болмаймыз. Қазақстандағы темір дәуірінің зерттелуіне жол салғандар, әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы патша өкіметінің тапсырмасы бойынша арнайы келген жұмыстарынан бос кездерінде темір дәуірінің обаларына зерттеу жұмыстарға жүргізген әуесқой өлкетанушылар: С. И. Гуляев, А. П. Аниховский, М. Копалов, В. Никитин, Н. А. Абрамов, Н. Коншин, И. А. Кастанье.
Қазақстан темір дәуірінің ғылыми тұрғыда зерттелуі Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 1930 ж. басталды. Оны алғашқы зерттеуші көрнекті археолог ғалымдар: М. П. Грязнов, Б. Н. Граков. А. Н. Бернштамдар. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі жылдарда нағыз ғылыми тұрғыда жаппай зерттеліне бастады. Ұзақ жылдар бойы Орталық Қазақстанда - Ә. X. Марғұлан зерттеу жұмыстарын жүргізсе, одан кейін көрсетіліп отырған жерде М. К. Қадырбаев жалғастырды. Шығыс Қазақстанда қола дәуірімен қатар ерте темір дәуірінің ескерткіштерін археолог С. С. Черников зерттеді. Оңтүстік Қазақстандағы және Жетісу жерінде темір т. б. дәуірлердің ескерткіштерін археолог ғалымдарымыз Е. И. Агеева, К. А. Ақышев, Г. А. Кушаев, А. Г. Максимовалар жүргізген. Ал Қазақстанның батыс бөлігінде ғылыми жұмыс жүргізген археолог И. В. Синицын өте құнды жаңа материалдар тапқан.
Қазақстанда жүргізілген мұндай ғылыми жұмыстар темір ғасырының кезінде өмір сүрген ру-тайпалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жан-жақты дерліктей шешті деп айта алмаймыз. Кең байтақ жерімізде бұл дәуірдің ескерткіштері алуан түрлі. Олар бүгінгі таңда тек есепке алынып картаға түсіріліп, ескерткіштерді қорғау қоғамының қамқорына алынуда. Олардың толық зерттелуі келешектің ісі.
Зерттелген темір дәуірінің обаларынан алынған материалдардың өзі сол кездегі өмір сүрген ру-тайпалар туралы толық болмағанмен, олар туралы көптеген мағлұмат берді. Екіншіден, темір дәуірінің, қола дәуіріне қарағанда артықшылығы бар. Ол темір ғасырындағы ру-тайпалардың аз да болса жазба деректерде аты-жөндерінің және олардың қандай жерде тұрған мекен-жайлары туралы хабарлардың сақталуы.
Археологтар өздерінің зерттеу жұмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі - сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б. з. б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Геродот сақтарды "азиялық скифтер" деп атаған. Олай айтудың да жөні бар. Қара теңіздің Солтүстік 28 далалы аудандарында тұратын скифтер мен сақ тайпаларының өмір тіршілігі Геродотқа ұқсас көрінген. Ал шындығында олардың тек жергілікті айырмашылықтары болмаса, шаруашылықтарының көпшілік жағы ұқсас. Сонымен қатар сақ тайпалары Еділ өзенінің төменгі ағысымен Оңтүстік Жайық өзендерінің бойындағы сармат тайпаларымен бір мезгілде өмір сүрген. Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді: 1. тигарахауда сақтары - ол шошақ қалпақ киген сақтар; 2. хаумаварга сақтары - жүзім (хаом-жүзімнен) сусын қайнатушылар; 3. парадарайя сақтары - теңіздің аржағында тұрушы деген ұғымды берген. Сақ тайпаларының маманы ғалым К. Ақышев өзінің көп жылдардан бергі жүргізген ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, жазба деректердің археологиялық деректермен дәлелденетіндігін көрсетті. Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде тиграхауда сақтары өмір сүрген. Оған екінші бір дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі - 70 см. Сақтардың шошақ қалпақ кигендігін дәлелдейтін және бір дәлел - Бехистун жартасындағы және Персеполдағы Ксеркс сарайының алдына салынған Иран патшасына салық төлеуге барған сақтардың бас киімдерінің шошақтығы да жазба және археологиялық деректердің Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының шын мәнінде тиграхауда - шошақ қалпақ кигендігіне күмән келтірмейді. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде даилар, аргиппейлер, исседондар т. б. деп те атайды. Хаумаварга сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтындығы ерте орта ғасыр мезгілінен де белгілі болған.
Археологиялық есхерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстары белгілі. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай. Мәселен, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы кең болып келеді. Ең биік обалар 20-30 м., аумағы 60-90 м., кейде 120 метрге дейін жетеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларында кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар "патша" обалары деп аталады. Шығыс және Орталық Қазақстандағы обалар кішірек болып келеді. Жетісу жерінде Қарғалы, Қарашоқы обалары зерттелген. Алынған материалдарға қарағанда, олар б. з. б. VIII-IV ғғ. жатады. Жуантөбе I, Қадырбай III обалары VII-VI және, IV, III Іт. жатады. Әсіресе, Іле өзенінің сол жағындағы Есік қаласының түбіндегі "алтын киімді адам" табылған обаның және өзеннің оң жағындағы Бесшатыр обаларының зерттелуі Қазақстан тарихындағы сақтар мәдениетінен тарихтың жаңа беттерін ашты. Бесшатыр обасы өзінің ұрланғандығына қарамастан жерлеу салтының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті. Обаларды тарих ғылымының докторы, археолог К. Ақышев зерттеген. Ағаштан қиып жасалған үй тәріздес табыттар Алтай-Сібір жерлерінде жер астына түсірілетін болса, ал Жетісуда ол жер үстіне салынған. Үстіне үйілген обаның өзі қалай болса солай үйіле салмай, оның өзі белгілі бір жүйемен жасалған. Үйіндінің бір қатары тас құм болса, екінші қатары шеңгел-жыңғыл сияқты бұталардан тұрады, үшінші қатар топырақ. Сөйтіп, бұл көріністер бірнеше рет қайталанып, биіктігі 20-30 м. оба тұрғызылған. Ескеретін бір жағдай, обалардың биіктігі 20-30 м. Кезінде одан биік болғандығына күмән туғызуға болмайды. Есік обасын қазғанда, алтын киімді адамның ағаштан қиып жасалған табыты жерді қазып қойылған. Басқа жерлерде табытты буған қамыстан не талдан жасаса, кіші обаларда жерден қазылған көрге жерлеген.
Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары ұрланғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, "алтын обаның құпиясы" аталған. Өйткені, обаны ұрылардың тонағандығына қарамастан, көптеген алтыннан жасалған әшекей бұйымдар табылған. Ұрылар біреудің келіп қалуынан сезіктеніп, асығыста кептеген заттарды ала алмаған. Сәндік бұйымдардың ішінде Есік обасындағы әшекей заттарға ұқсастары өте көп. Орталық Қазақстанда сақ тайпаларының зерттелуі Тасмола деген жердің атына байланысты Тасмола мәдениеті аталған. Бұл мәдениетке тән бір қасиет - обаларының ішінде "мұртты обалар" кездеседі. Мұртты обалар деп басты адам жерленген обаның екі жағынан адамның "мұрты" тәрізді ұзындығы 60-70 м. тастан қоршаулар жасаған. "Мұрттың" біткен жеріне екі жағынан да, орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылады. Оларға жүргізілген қазба жұмысына қарағанда, адам жерленбеген, жылқының сүйектері және көзелер табылған. Осы уақытқа дейін "мұртты" обалардың сыры әлі ашылған жоқ. Археолог ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, "күнге табыну". Кейбір ғалымдар, мұртты қоршаулардың кіре беріс жағының тек Шығысқа қаратылып жасалғандығын, олардан жылқы сүйектерінің табылуын, жаңа шығып келе жатқан күнге құрбандық шалу деп болжайды. Ғалым археолог М. К. Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері және "мұртты" обалар темір ғасырының VII-III ғғ. жатады.
Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бұйымдар жасауда, нағыз зергерлер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, қияли фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер - Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері - тамаша мүсінші, суретшісі. Сәукеленің ұшар басындағы қасқая қарап тұрған архардың мүсіні - келбеті бекер тұрған жоқ. Арқар жусап жатқан өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастың ұшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе (пейзажда) тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қияли ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасалған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленің маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат көрсетіп тұрғандары да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелеп тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысының көрінісін толық бере білген.
Тұтыну бұйымдарының арасында ағаш астау, ағаш шөміш, тостағандардың пошымына ұқсас көзе тостағандар, дүңгіршек, ағаш тобатай (бетон) тәрізді көзе ыдыстар XIX ғ. қазақ халқының ыдыстарына ұқсас. Темірден, қоладан жасалған қазандар да өте көптеп кездеседі. Жетісу жерінен табылған қазандардағы бір ерекшелік қазанды көтеріп тұрған үш аяғы арқардың басымен алдыңғы екі аяғына немесе кеудесіне ұқсас сурет. Дәл осындай көрініс Жетісу жеріндегі қазақтардың темір ошақтарында болған. Темір ошақтардың қазан көтеріп тұратын қошқар мүйіздері сақ тайпаларының қазан-ошақтарындағы сияқты сыртына шығарылмай, ішкі жағына бір-біріне қаратып жасалып, оның үстіне қазан отырғызылатын. Тұтыну бұйымдарындағы мұндай ұқсастықта этникалык жақындықтың барлығын байқатады. Ескеретін бір жағдай, бұл кездегі табылған темір құралдарға жасалған анализдерге қарағанда, темір қорыту сапасы нашар болған. Дегенмен, қару-жарақтың арасында семсерлер мен қанжарлар, темір өңдеудің зергерлік сияқты жоғары сатыға көтерілмесе де, темір ұсталығы жандана бастаған.
Зерттелген обалардан алынған заттардың саны-сапасы жағынан, обалардың жасалуының үлкенді-кішілі болуының өзі темір дәуірінің кезіндегі әлеуметгік-теңсіздікті көрсетеді. Әсіресе, алтын киімді адамның әр түрлі қымбат заттармен бірге жерленуі немесе Бесшатыр обасындағы ағаш табыттың ерекше жасалуы - олардың белгілі бір үстемдіктің зор иесі болғандығын көрсетеді. Күміс шөміштің түбіндегі жазу сақ тайпаларында алғашқы мемлекетгік құрылыстың болғандығына, басқа жерлермен қарым-қатынас, байланыстың жүре бастағандығына дәлел сияқты.
Сақтардың этникалық процестерге қатысқаны айқын, олар қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжік сондай-ақ Ауғанстанның, Иранның, Үндістанның және Қытайдың кейбір халықтарының этногенезі болып табылады. Сақтар - қазақ тайпаларының көне ата-бабалары. Олар мал бағумен, егіншілікпен айналысқан. Оларды жерлерінде суармалы егіншілік жақсы дамыған. Отырықшылық егіншіліктің өркендеуіне әсер етеді. Қазбалардан табылған астық бастыратын және бидай түйетін құралдардың табылуы соның дәлелі. Олар өз заманына сай үлкен де күрделі ғимараттар сала білген. Оларға ағашты, тасты және қамысты қолданған. Бұлардың арасынан бізге дейін жеткендері тек қана қабірлер болып отыр. Мысалы, Алматы қаласының төңірегінде сақтардың көптеген қорғандары бар.
Есіктегі қорғаннан табылған сақ көсемінің үстіндегі киім теріден жасалған. Ол алтынмен апталып, түрлі әшекейлермен безендірілген. Бұл адамның мойынында алтын алқа бар. Онда жолбарыстың басы бейнеленген. Сонымен қатар қанатты және мүйізді жылқылар, таутекелер. барыстар, арқарлар мен түрлі құстар бейнеленген. Сақ көсемінің киген киімі өте күрделі әшекейлермен безендірілген. Алтын адамның үстіндегі киімінің ертегідегідей соншама бай болуы бұл көсемнің аса құдіретті болғанын көрсетеді. Оны қарамағындағы тайпалар аспандағы құдаймен теңеген де болар. Ал оның үстіндегі киімі сол кездегі патшалар киетін киімнің, озық үлгісі болса керек. Есіктің қорғаны Алматыдан 50 шақырым жерде. Қорған 1969-70 жылдары қазылды. Есік қорғанынан ағаштан, қоладан, күмістен жасалған отыз зерен табылды. Солардың бірінде екі жолдық жазба бар екен. Бұл жазбаны зерттеген кезде ғалымдар Жетісу жерінде тұрған сақтардың тілі Алтай тобындағы көне түркі тіліне жататынына бір ауыздан келісті. Ол көбіне қазіргі түркі тіліне ұқсайды. Зеренге жазылған таңбалар Есік сақтарының өзіндік әріптік әліппесі болғанын көрсетеді. Сақтар көне заманда өз тіліне сәйкес келетін жазуды шығару үшін арамей әліппесінің қаріптерін пайдаланғаны және түркі тілдес халықтардағы тайпалық таңбаларды енгізгені анықталады.
Есік қорғанының ішінен табылған осы күміс тостағанның сыртқы жағына руна тәріздес 26 таңба екі жолға жазылған. Күміс тостағандағы осы таңбалар, біріншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға (әсіресе көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі. Бұл жазуды көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқыған белгілі түркітанушы, филология ғылымының докторы, профессор Алтай Аманжолов былай көшірді: Ага, сана очук! Без, чок! Букун ічре азук!. . Бұл былай қазақшаланды: аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықтың қарыны тоқ (болғай) !
Сақ дәуіріндегі бұл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүниеге барғанда өмір сүреді, азық-түлік керек етеді дегенді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дұшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанары қарық, сағанары сарық болуға ұмтылған тілегін білдіреді. Бұл жазудың аса бір құндылығы - ертедегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың (сақ тайпаларының) тілі көне түркі тілі болғандығын да нақты дәлелдей түседі. Есік қорғанынан табылған сақтың жауынгер көсемінің ғажайып киім-кешегі мен басқа да тамаша бұйымдары осыдан бірнеше жыл бұрын Жапонияның астанасы Токиода және басқа да қалаларында көрсетілді. Сондай-ақ Еуразия халықтарының тарихына, мәдениеті мен өнеріне арналған халықаралық ғылыми симпозиумда бұл олжа жұртты таң қалдырды.
Есік қорғанынан табылған бұйымдар мен әшекейлердің көркемдік стилі мен нақышы екі арнаға саяды, олар - Алтай - Жетісу стильдері. Есіктегі қабірді және Таулы Алтайдағы Пазарық қорғанын зерттеу олардың негізгі тетіктерінің ұқсастығын байқатады. Мұның өзі осы ұлан-ғайыр аймақта тұрған халықтардың мәдениеті ортақ болғанын анғартады. Мұндай тұтастық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің шамамен бірдей екенін көрсетумен қатар, олардың тұрмыс-салты, өмірі бірдей болғанын да көрсетіп отыр. Бұл өңірде өмір сүрген тайпалардың туысқандық бірлігі бар екені даусыз. Кейінгі жылдары Іле өңірінің тау бөктері мен Тастақ, Ақсай, Қаскелең, Шамалған, Қарғалы өңірлерінде ашылған қабірлер бұрынғы заманда тоналған болып шықты. Әр кездерде археологтар сақтардың мәдениеті жоғары болғанын дәлелдейтін ғажайып олжаларға кездесіп жүр.
Дүниежүзілік мәдениеттегі әйгілі көріністердің бірі - сақ өнері.
Сақ тайпалары «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жерлердегі жартастарға аңшылык, малшылық тұрмысты бейнелейтін жабайы хайуандар мен табиғат күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас суреттерінде қайқы мүйіз таутеке, бұғы, жылкы сиякты хайуандар жиі кездеседі. Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас суреттері Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларының өн бойынан табылады.
Сақ тайпалары тарихының маңызды қайнар көзі - олардың материалдық, мәдениетінде: археологиялық ескерткіштер, ескі мола, жартастағы суреттер - осы сақ заттарының мәдени қоймалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz