САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
ЖОСПАР
1 САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР 2
2 САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ 4
3 САҚТАР ОТАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БАЙЫРҒЫ МҰРАЛАР 10
4. ҚОЛӨНЕР 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 14
1 САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР
Қытайдың және басқа да елдің тарихшылары үйсіндердің қазақтың негізгі
тегі екендігін растайды. Әйтсе де үйсіндер Іле өзені бойын көне заманнан
мекендеп келген халық емес, олардың баяғыдағы мекені Дунь-хуаң мен Цилянь-
Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.з.д. 160 жылдардың айналасында
ғана олар сол өлкеден үдере көшіп Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында
бұл өлкені сақтар мен йузейлер мекендеген. Сондықтан “Ханнама, Батыс өңір
баянында” “Үйсіндердің бұл қонысы сақтардікі болатын, йузейлер Сақ қағанын
бүл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке Шуан-дуға асып кетті де, бұл
жерде йузейлер қалды. Кейін үйсін күнбиінен жеңілгесін йузейлер Бактерияға
кетті де, бұл жер йузейлер қол астында болды. Әйтсе де үйсіндердің арасында
сақ, йузейлерден қалған тұқым да бар” делінген. Бұдан біз үйсіндер Іле
бойында елдік құрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектің
де недәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларының
құрамында “жерсақ” “берсақ” “борсақ” “қарсақ” деген рулар бар. Осындағы
“сақ” жалғауы Қытай тарихындағы “сайжоң” – “сақ” деген атаумен төркіндес
келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп тұқияны екендігін
дәлелдейді.
Сол себепті кей ғалымдар “қазақ” этнононимі Каспий теңізі өңірінде
жасаған “каспиийлер” мен Іледария бойында өмір сүрген сақтардың – осы екі
халық атының геоэтникалық тұрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді.
Бұл сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге
салады. Б.з.д. III ғасырдың б.з. V ғасырына дейінгі үйсіндердің
археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне
талдау жасаған кезде олардың бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы
терең, атжақтылау екені байқалған. Бұл сақтарға тән типке жақындайды.
Ендеше сол дәуірде – сақтар мен үйсіндер белгілі деңгейде этникалық
тоғысуды бастан кешірген. Алдыңғы жақта баяндалған Шынжаңның Құтыби
ауданындағы Қанжиа-Шымынзы (Қызыл Қысаң) деген жерден жыныстық тәу етуге
қатысты жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың антропологиялық
бейнесін анықтауға көп септік етті. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты,
дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бұл – ерте заманда Тянь-
Шань мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып келген негізгі келбеті.
Ал, осыған қарап кейінгі кездегі сақ-үйсін араластығынан туындайтын
антропологиялық бейнені көреміз.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде
ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан байтақ
даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаумауарга
Сақтары, яғни “хаумауар” дейтін ағаш жапырағына тәу ететін сақтар. Бұлар
Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі, Тиграхауда сақтары,
яғни шошақ бөрікті сақтар, бұлар Қырғызстан мен Қазақстан далалық
аймақтарын - Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке Тянь-Шань,
Алтай таулары - Тәшкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын
қамтыған аймақты қонысты мекендеді. Үшіншісі, Тиятарадрая сақтары, яғни
теңіздің ар жағындағы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің
шығыс жағын, Соғдиянаны (Мәуреннахрды, яғни, Әму-Сыр дарияларының арасын)
мекендеген. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген
ғажайып қауымдардың бәрін сақтар деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот
“Парсылар мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды” дейді. Ал, Геродотқа
келсек, ол кең-байтақ Еуразия даласының Карпаттан Қара теңізге, одан Каспий
мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей скифтер
деп атаған. Бірақ осы скиф жұрты да бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, Геродот
Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді сарматтар деп атады. Ол
Сарматтардың тілі скифтердің тілімен бірдей дейді. Бұдан сарматтардың да
скиф халқының бір бөлігі екенін байқауға болады. Ол тағы Каспий теңізінен
Сырдарияға дейінгі жердегі көшпелілерді массагеттер дей келіп, массагеттер
біздің естуімізше, соғысқа шебер, батыр халық екен. Олар сонау күн
түбіндегі Алоксес өзенінің (Сырдарияның) бойында тұрып, есседондармен
тіресетін көрінеді. Біреулер оларды да скифтердің бір тобы деседі дейді. Іс
жүзінде парсылардың Бихистон мәңгі тасына бәдізделген жазудағы Сақтар
мемлекеті де теңіздің ар жағында, ондағылар да бастарына шошақ төбелі бөрік
киеді. Сондықтан Ксенофанның оларды массагет сақтары деуінде де негіз бар.
Жоғарыдағыларға қарап, біз қытай жазбаларындағы “сайжоң” (Sai-Zhong)
деген атаудағы “сай” иероглифі ертедегі “сақ” сөзінің қытайша дыбыстық
баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бұл көне парсы жазуындағы “сак”,
“сака” деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарихи құжаттарында
“сай” (Sai) иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, “За-а-хан-жиң”
деген кітапта “Ши-жия” деп, “Жыңфа-няньшу-жиң” деген кітапта “шыжия” деп;
“коңшуэ уаң жиң” (“Тауыс патшаның баяны”) деген кітапта “шоу-жия” деп
көрсетілген. Осындағы “шижия”, “шы-жия”, “шоу-жия” дегендердің бәрі “сака”
немесе “сақ” сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі.
2 САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын көшпелілер еді.
“Ханнамада” көрсетуінше, сақтар да жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүреді
екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады.
Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір
қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қосыла көмілген ағаш астаудың ішінен
қойдың сүйек-аяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің
фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын алғандығын білдіреді.
Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар заманында мал
мүліктерін өсіру бұл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай
түседі.
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдаланған. Олардың киіз үйі
сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал “ішінен қарағанда ол
тор көзді ағаштардан құралған. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ
ұстап тұрады”. Ағаш қаңқаның сыртынан киіз жабу – сақтар дәуіріндегі ірі
тапқырлық.. Ертеде Америка мен Африка құрлығындағы халықтар маңғыртып қой
бағуды білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. Америка
ғалымы Лауфердің атап көрсетуінше, киіздің ойлап табылуы – Орта Азиядан
таралған тағы бір мәдениет үрдісі. Мұндай жиып-қаттауға, алып жүруге
оңтайлы үй ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі өмір жағдайына
бейімделіп жасалған. Ол – сақ халқы ақыл-парасатының туындысы. Алғашында
сақтар шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі-үш өгіз немесе түйелер
жегіп алып жүрген. Ол арбалар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін.
Көші-қон кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен балаларды, үй жиһаздары мен
тұрмыстық керек-жарақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сағалап, көшіп-
қонып жүрген кездерінде осы арбаларға, не оның маңайында түнеген. Бүгін де
қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған оюлы
сармақтар – сонау сақтар заманынан бері қарай келе жатқан өнер туындысы.
Сақтар патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей мәліметтерде “олар төрт
ірі тайпалық бөлікке бөлінді, әрбір бөлік өз ішінен және де белгілі
территориялық аумақтан құралады, әр аумақты бір басқақ басқарады” делінген.
Бұл басқақтар әр ру-тайпа ішінен билік басына дәстүрлі мирасқорлық үрдісі
бойынша келеді. Сақтар құлдық қоғам сатысына кіргенмен кәдуілгі рулық-
тайпалық қауымдастық үлгілерін ғасырлар бойы сақтап келген. Сондықтан
әлгіндей басқақтардың өмірі бұлжымай жүріп тұрған. Ал сақ патшасын әр
тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгөй қариялары сайлайтындықтан
олардың өмірі тіпті де күшті болатын...
...Геродот сақтар жөнінде жаза келіп “Олар адамның бас сүйегінің
қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп тазалайды. Егер осы адам кедей кісі
болса, онда ол тек бастың сыртын сиырдың қатты қайысымен қаптап алып,
пайдалана береді. Егер қолы жетіп тұрған бай болса, онда бас сүйекті
сиырдың терісімен қаптап алғаннан кейін, іш жағына алтыннан жалатып, шарап
тостағаны ретінде пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегін осындай қадақ
тостаған жасау үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан болуы
керек” дейді.
Сақ патшасы ең мәртебелі адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара жұрты
оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан сақ билеушісінің өлімі де өте салтанатты,
қаралы жағдайда өтетін. Алдымен патша мәйітінің үстіне қош иісті жұпар майы
жағылатын, онан соң әдейі жасалған сәулетті ырдауын арбаға салынып, әр
шалғайдағы сақ тайпаларын аралатып шығатын. Сүйек қайда барса, ондағы қалың
қауым мұң-налаға батып, қайғы-қасірет жұтатын. Олар өздерін зақымдап,
құлақтарын кесіп, шекелерін тіліп, сол білектерінен жебе шаншып, бірде бет-
көздерін зақымдап, шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы, ту-талақ азалы күй
кешетін. Бұл рәсім аяқталғасын патшаның мүрдесі баяғыдан патша әулетінен
тараған текті тұқымның әумет-жәуметтері жататын молаға апарылады.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген тік бұрыш формалы осындай
молалардың көлемі өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге оралып, дәл
орта тұсқа орналастырылады да, оның екі жағына бес қаруы қойылады. Патшаның
қасына тағы патшаның әйелдері, аспаз, атбегілері, бақауыл-сақауылдары да
өлтіріліп қоса қойылады. Тіпті көз тірісінде мінген аттары да патшаның
жанына көміледі. Ең соңында бір тайпа ел қабір басына тас қалап, топырақ
үйеді. Патша өліміне бір жыл толған кезінде тағы да 50 құл, 50 жылқы патша
рухы үшін құрбандыққа шалынады, хәм патша моласының қасына көміледі.
Әдетте ру-тайпа ішінде жәй адамдар өлгенде олардың туған-туысқандары
да өлген кісінің мүрдесін арбаға салып, жақын жұрағаттарын аралайды. Олар
ас-тағамын әзірлеп, қаралы топты қарсы алып, шығарып салып отырады. Бұндай
рәсім 40 күнге жалғасқан соң барып, өлікті жерлейді. Олар өлушіге өзінің ең
көрнекті киімін кигізіп, сауыт-сайман, ат әбзел, ас-тағамын қоса көмеді.
Көзі тірісінде жақсы көретін атын да пышаққа жығып, қабірінің қасына
көмеді. Бұндай қабірлер жалпақ тастар мен топырақтан қаланып, айналасына
қиыршық тастардан жол сорабы жасалады. 1976-78 жылдары Еренқабырға
бөктеріндегі Алагу сайының шығыс аузынан төрт жерден тік ақымдап қазған
ағаш табытты сақ қабірі табылды. Бұл қабірлер де тас кесектерінен
тұрғызылған, пішіні дөңгелек, диаметрі 5 м, биіктігі 1м шамасында, олар бір-
бірімен қатарласа терістік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеп жатыр.
Ал, қабірлердің әрбір ішкі ақымы шығыс-батыс бағыты бойынша келген. Ең
үлкенінің ұзындығы 6,56 м, кеңдігі 4,22 м, тереңдігі 7,1 м. Ақым ішіне
малта тастар мен үлкен жалпақ тас қойылған. Оның астында – ағаш табыт. Ағаш
табыт тағы да диаметрі 10-24 см-лік қарағай шөркелермен 1 м биіктікке дейін
айқастырыла бастырылған. Адамның мүрдесі табыт ішіне қойылған, оның бейнесі
қатар көмілген екі адамға ұқсайды, сүйек бітімдері ерекше жуан.
Бұл фактілер сақ мемлекеті б.з.д. V-III ғасырларда әлдеқашан қоғам
сайысына өткендігін түсіндіреді. Аталмыш археологиялық материалдардан
құлдар мен құл иеленушілер арасындағы айырмашылықтың қаталдығын, отбасына
да әке-балалық байланыстың шек-шекарасы қатаң сақталатынын, ауқаттылардың
көп әйел алатындығын, ру-тайпалық бірлестіктер ішінде ру сыртынан некелену
үрдісін ұстанғандықтан, көп әйелді отбасында егер әкесі өлсе баласы өзінің
туған анасынан өзге қалған жесірлердің біріне ие болатындығын байқаймыз.
Дегенмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар
ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып,
соғыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz