Сақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениеті туралы
Жоспар
Кіріспе 2
Сақтар, үйсіндер және қазақтар 2
Сақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәдениеті 4
Үйсіндер (Усундер) 7
Қаңлы мемлекеті және олардың жүргізген саясаты 10
Қазақстан территориясындағы қаңлылар одақтары және ертедегі мемлекеттер 14
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
"Томирис" спектаклінде өте бір рухты, айбынды көрініс бар. Парсылардың
Кир патшасы сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші
болып барған Томирис (Тұмар) патшайым:
"- Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі – кең, көгілдір аспан, екіншісі
– шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі – жусан, - деп, қолындағы бір уыс
шөпті көрсетіп, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді," – дейді.
Осы кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан – туған
жер, Отан, өмір символы. Демек, сақтар елін, Дешті Қыпшақ пен Түркі
даласын мекендеген әрбір халықтың бас байлығы – еркіндік, азаттық болған.
Еркін далаға қол сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басы қанға бөкті.
"Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді:
"Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!" Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл
сөздері өзгелерге жасаған ескертуі секілді.
Менің рухани байлығым – халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі
ұрпағы болып, саңлақ "сақтар", үйсіндер және қаңлылар деген асқақ атпен де
танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ
халқының жүріп өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр.
Міне тәуелсіз ел болғалы бері біздер көне заманымыздағы тарихи
құндылықтарымыз бен рухани байлықтарымызды зерделеп пайымдауға күш салып
келеміз.
Сондықтан сақтар, үйсіндер және қаңлылар туралы ойлар тұжырымдау
өткенімізге көз жіберіп шолу жасау ғана емес, сонымен қатар олардан үлгі
алу үйрену де болатыны хақ.
Сақтар, үйсіндер және қазақтар
Қытайдың және басқа да елдің тарихшылары үйсіндердің қазақтың негізгі
тегі екендігін растайды. Әйтсе де үйсіндер Іле өзені бойын көне заманнан
мекендеп келген халық емес, олардың баяғыдағы мекені Дунь-хуаң мен Цилянь-
Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.з.д. 160 жылдардың айналасында
ғана олар сол өлкеден үдере көшіп Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында
бұл өлкені сақтар мен йузейлер мекендеген. Сондықтан “Ханнама, Батыс өңір
баянында” “Үйсіндердің бұл қонысы сақтардікі болатын, йузейлер Сақ қағанын
бүл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке Шуан-дуға асып кетті де, бұл
жерде йузейлер қалды. Кейін үйсін күнбиінен жеңілгесін йузейлер Бактерияға
кетті де, бұл жер йузейлер қол астында болды. Әйтсе де үйсіндердің арасында
сақ, йузейлерден қалған тұқым да бар” делінген. Бұдан біз үйсіндер Іле
бойында елдік құрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектің
де недәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларының
құрамында “жерсақ” “берсақ” “борсақ” “қарсақ” деген рулар бар. Осындағы
“сақ” жалғауы Қытай тарихындағы “сайжоң” – “сақ” деген атаумен төркіндес
келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп тұқияны екендігін
дәлелдейді.
Сол себепті кей ғалымдар “қазақ” этнононимі Каспий теңізі өңірінде
жасаған “каспиийлер” мен Іледария бойында өмір сүрген сақтардың – осы екі
халық атының геоэтникалық тұрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді.
Бұл сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге
салады. Б.з.д. III ғасырдың б.з. V ғасырына дейінгі үйсіндердің
археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне
талдау жасаған кезде олардың бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы
терең, атжақтылау екені байқалған. Бұл сақтарға тән типке жақындайды.
Ендеше сол дәуірде – сақтар мен үйсіндер белгілі деңгейде этникалық
тоғысуды бастан кешірген. Алдыңғы жақта баяндалған Шынжаңның Құтыби
ауданындағы Қанжиа-Шымынзы (Қызыл Қысаң) деген жерден жыныстық тәу етуге
қатысты жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың антропологиялық
бейнесін анықтауға көп септік етті. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты,
дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бұл – ерте заманда Тянь-
Шань мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып келген негізгі келбеті.
Ал, осыған қарап кейінгі кездегі сақ-үйсін араластығынан туындайтын
антропологиялық бейнені көреміз.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде
ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан байтақ
даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаумауарга
Сақтары, яғни “хаумауар” дейтін ағаш жапырағына тәу ететін сақтар. Бұлар
Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі, Тиграхауда сақтары,
яғни шошақ бөрікті сақтар, бұлар Қырғызстан мен Қазақстан далалық
аймақтарын - Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке Тянь-Шань,
Алтай таулары - Тәшкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын
қамтыған аймақты қонысты мекендеді. Үшіншісі, Тиятарадрая сақтары, яғни
теңіздің ар жағындағы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің
шығыс жағын, Соғдиянаны (Мәуреннахрды, яғни, Әму-Сыр дарияларының арасын)
мекендеген. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген
ғажайып қауымдардың бәрін сақтар деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот
“Парсылар мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды” дейді. Ал, Геродотқа
келсек, ол кең-байтақ Еуразия даласының Карпаттан Қара теңізге, одан Каспий
мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей скифтер
деп атаған. Бірақ осы скиф жұрты да бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, Геродот
Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді сарматтар деп атады. Ол
Сарматтардың тілі скифтердің тілімен бірдей дейді. Бұдан сарматтардың да
скиф халқының бір бөлігі екенін байқауға болады. Ол тағы Каспий теңізінен
Сырдарияға дейінгі жердегі көшпелілерді массагеттер дей келіп, массагеттер
біздің естуімізше, соғысқа шебер, батыр халық екен. Олар сонау күн
түбіндегі Алоксес өзенінің (Сырдарияның) бойында тұрып, исседондармен
тіресетін көрінеді. Біреулер оларды да скифтердің бір тобы деседі дейді. Іс
жүзінде парсылардың Бихистон мәңгі тасына бәдізделген жазудағы Сақтар
мемлекеті де теңіздің ар жағында, ондағылар да бастарына шошақ төбелі бөрік
киеді. Сондықтан Ксенофонның оларды массагет сақтары деуінде де негіз бар.
Жоғарыдағыларға қарап, біз қытай жазбаларындағы “сайжоң” (Sai-Zhong)
деген атаудағы “сай” иероглифі ертедегі “сақ” сөзінің қытайша дыбыстық
баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бұл көне парсы жазуындағы “сак”,
“сака” деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарихи құжаттарында
“сай” (Sai) иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, “За-а-хан-жиң”
деген кітапта “Ши-жия” деп, “Жыңфа-няньшу-жиң” деген кітапта “шыжия” деп;
“коңшуэ уаң жиң” (“Тауыс патшаның баяны”) деген кітапта “шоу-жия” деп
көрсетілген. Осындағы “шижия”, “шы-жия”, “шоу-жия” дегендердің бәрі “сака”
немесе “сақ” сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі.
Сақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәдениеті
Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын көшпелілер еді.
“Ханнамада” көрсетуінше, сақтар да жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүреді
екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады.
Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір
қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қосыла көмілген ағаш астаудың ішінен
қойдың сүйек-аяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің
фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын алғандығын білдіреді.
Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар заманында мал
мүліктерін өсіру бұл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай
түседі.
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдаланған. Олардың киіз үйі
сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал “ішінен қарағанда ол
тор көзді ағаштардан құралған. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ
ұстап тұрады”. Ағаш қаңқаның сыртынан киіз жабу – сақтар дәуіріндегі ірі
тапқырлық.. Ертеде Америка мен Африка құрлығындағы халықтар маңғыртып қой
бағуды білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. Америка
ғалымы Лауфердің атап көрсетуінше, киіздің ойлап табылуы – Орта Азиядан
таралған тағы бір мәдениет үрдісі. Мұндай жиып-қаттауға, алып жүруге
оңтайлы үй ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі өмір жағдайына
бейімделіп жасалған. Ол – сақ халқы ақыл-парасатының туындысы. Алғашында
сақтар шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі-үш өгіз немесе түйелер
жегіп алып жүрген. Ол арбалар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін.
Көші-қон кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен балаларды, үй жиһаздары мен
тұрмыстық керек-жарақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сағалап, көшіп-
қонып жүрген кездерінде осы арбаларға, не оның маңайында түнеген. Бүгін де
қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған оюлы
сармақтар – сонау сақтар заманынан бері қарай келе жатқан өнер туындысы.
Сақтар патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей мәліметтерде “олар төрт
ірі тайпалық бөлікке бөлінді, әрбір бөлік өз ішінен және де белгілі
территориялық аумақтан құралады, әр аумақты бір басқақ басқарады” делінген.
Бұл басқақтар әр ру-тайпа ішінен билік басына дәстүрлі мирасқорлық үрдісі
бойынша келеді. Сақтар құлдық қоғам сатысына кіргенмен кәдуілгі рулық-
тайпалық қауымдастық үлгілерін ғасырлар бойы сақтап келген. Сондықтан
әлгіндей басқақтардың өмірі бұлжымай жүріп тұрған. Ал сақ патшасын әр
тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгөй қариялары сайлайтындықтан
олардың өмірі тіпті де күшті болатын...
...Геродот сақтар жөнінде жаза келіп “Олар адамның бас сүйегінің
қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп тазалайды. Егер осы адам кедей кісі
болса, онда ол тек бастың сыртын сиырдың қатты қайысымен қаптап алып,
пайдалана береді. Егер қолы жетіп тұрған бай болса, онда бас сүйекті
сиырдың терісімен қаптап алғаннан кейін, іш жағына алтыннан жалатып, шарап
тостағаны ретінде пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегін осындай қадақ
тостаған жасау үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан болуы
керек” дейді.
Сақ патшасы ең мәртебелі адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара жұрты
оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан сақ билеушісінің өлімі де өте салтанатты,
қаралы жағдайда өтетін. Алдымен патша мәйітінің үстіне қош иісті жұпар майы
жағылатын, онан соң әдейі жасалған сәулетті ырдауын арбаға салынып, әр
шалғайдағы сақ тайпаларын аралатып шығатын. Сүйек қайда барса, ондағы қалың
қауым мұң-налаға батып, қайғы-қасірет жұтатын. Олар өздерін зақымдап,
құлақтарын кесіп, шекелерін тіліп, сол білектерінен жебе шаншып, бірде бет-
көздерін зақымдап, шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы, ту-талақ азалы күй
кешетін. Бұл рәсім аяқталғасын патшаның мүрдесі баяғыдан патша әулетінен
тараған текті тұқымның әумет-жәуметтері жататын молаға апарылады.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген тік бұрыш формалы осындай
молалардың көлемі өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге оралып, дәл
орта тұсқа орналастырылады да, оның екі жағына бес қаруы қойылады. Патшаның
қасына тағы патшаның әйелдері, аспаз, атбегілері, бақауыл-сақауылдары да
өлтіріліп қоса қойылады. Тіпті көз тірісінде мінген аттары да патшаның
жанына көміледі. Ең соңында бір тайпа ел қабір басына тас қалап, топырақ
үйеді. Патша өліміне бір жыл толған кезінде тағы да 50 құл, 50 жылқы патша
рухы үшін құрбандыққа шалынады, хәм патша моласының қасына көміледі.
Әдетте ру-тайпа ішінде жәй адамдар өлгенде олардың туған-туысқандары
да өлген кісінің мүрдесін арбаға салып, жақын жұрағаттарын аралайды. Олар
ас-тағамын әзірлеп, қаралы топты қарсы алып, шығарып салып отырады. Бұндай
рәсім 40 күнге жалғасқан соң барып, өлікті жерлейді. Олар өлушіге өзінің ең
көрнекті киімін кигізіп, сауыт-сайман, ат әбзел, ас-тағамын қоса көмеді.
Көзі тірісінде жақсы көретін атын да пышаққа жығып, қабірінің қасына
көмеді. Бұндай қабірлер жалпақ тастар мен топырақтан қаланып, айналасына
қиыршық тастардан жол сорабы жасалады. 1976-78 жылдары Еренқабырға
бөктеріндегі Алагу сайының шығыс аузынан төрт жерден тік ақымдап қазған
ағаш табытты сақ қабірі табылды. Бұл қабірлер де тас кесектерінен
тұрғызылған, пішіні дөңгелек, диаметрі 5 м, биіктігі 1м шамасында, олар бір-
бірімен қатарласа терістік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеп жатыр.
Ал, қабірлердің әрбір ішкі ақымы шығыс-батыс бағыты бойынша келген. Ең
үлкенінің ұзындығы 6,56 м, кеңдігі 4,22 м, тереңдігі 7,1 м. Ақым ішіне
малта тастар мен үлкен жалпақ тас қойылған. Оның астында – ағаш табыт. Ағаш
табыт тағы да диаметрі 10-24 см-лік қарағай шөркелермен 1 м биіктікке дейін
айқастырыла бастырылған. Адамның мүрдесі табыт ішіне қойылған, оның бейнесі
қатар көмілген екі адамға ұқсайды, сүйек бітімдері ерекше жуан.
Бұл фактілер сақ мемлекеті б.з.д. V-III ғасырларда әлдеқашан қоғам
сайысына өткендігін түсіндіреді. Аталмыш археологиялық материалдардан
құлдар мен құл иеленушілер арасындағы айырмашылықтың қаталдығын, отбасына
да әке-балалық байланыстың шек-шекарасы қатаң сақталатынын, ауқаттылардың
көп әйел алатындығын, ру-тайпалық бірлестіктер ішінде ру сыртынан некелену
үрдісін ұстанғандықтан, көп әйелді отбасында егер әкесі өлсе баласы өзінің
туған анасынан өзге қалған жесірлердің біріне ие болатындығын байқаймыз.
Дегенмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар
ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып,
соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті
жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдеріне деген
сүйінішін “Сақ әйелдері – нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде
ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді” деп білдірсе, Алимарт Александр
“Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей
садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін” деп жазады.
Б.з.д. VI ғ. массагеттердің әйел шахы Томирис ері өлгесін, қалың қолға өзі
бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін
әйелдерінің ер көңіл, адуындығы сол ескі кездегі сақтардан жалғасқан қасиет
болса керек. Үйсіндер де әйелдердің қоғамдық орнын жоғары қойып отырған.
Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта, гүрзі, найза, семсер, садақ, жебе
сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау,
ал сарматтардікі ұзындау келеді. Бұған қоса скифтер кісіге алыстан үйіріп
тастайтын шалма арқан мен тас лақтыратын зақпыны да пайдаланған. Скифтер
осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп пайдаланған. Сондықтан әрбір
сақ жауынгері садақ пен жебе жастанып өлетін. Олардың жебелері қысқа хәм
өткір келетін. Жебелердің ұшы алғашында сүйек пен тастан жасалса, кейін
қола мен темірге ауысты. Алып жүруге қолайлы болу үшін қорамсақ пен садақты
бір жерге байланады. Сақ молаларынан табылған қорамсақ пен садаққап көрер
көзге өте әдемі. Сақтар ат үстінде келе жатып алыстан жебе тартуға шебер
болғандықтан “ат жалында ойнаған садақшылар” деп аталған.
Сақтардың рухани мәдениеті хақында тарихи шежірелерде біраз айтылады.
Қытай мен КСРО ғалымдарының археологиялық қазба жұмыстары ол жөнінде
мәлімет береді.
Өндіргіш күштің дамуы төмен деңгейде болған сонау ерте заманда-ақ
сақтардың өз діндері болған. Олар ата-баба рухына тәу етті. Кейін келе
күллі ғаламның тылсым сырларына бой ұрып, барлық табиғи құбылыстарға тәу
ете бастайды. Геродот көшпелі массагеттер жөнінде жаза келіп “Олар күллі
тәңірлер арасында тек күнге ғана тәу ететін, олардың күнге атап шалатын
құрбандықтары жылқы. Олардың жылқыны құрбандыққа шалу себебі, бұл фәниде
желдей ұшқыр, тұлпар аттар ғана күллі құдайлар ішінде күнге тез жетеді деп
қарауынан” дейді. Отырықшы сақтар жерді “Ана құдайға” баулап тәу еткен.
Сақтар үнемі жаугершілікті бастарынан кешіп отырғандықтан соғыс пірінде де
қатты табынатын. Олар селебе-семсерлерін жерге шаншып қойып, семсердің
ұшынан сүт пен қан тамшылатып, алдағы алапат қан кешуден аман өтуді
тілейтін.
Сақтар да парсылар секілді мәңгілік от пен қасиетті суға табынатын.
Хорезмдегі байырғы жұрттан “от күмбезінің” орны табылған. Ертеде адамдар
сол “от күмбезінің” ішіндегі қасиетті отқа тәу еткенге ұқсайды.
Байырғы сақтар тілінен қай тілдің жүйесіне кіретіндігі туралы тарихи
деректер жоқтың қасы. Америка ғалымы W.V. Megovrn: “Сакияндар мен
сарматтардың тілі үнді-еуропа тіл жүйесіне кіреді, бірақ, соның ішінде
“ариян” немесе үнді-иран тіліне тіпті де жақын, былайша айтқанда, Солтүстік
Түркістан мен оның айналасындағы тілдер үнді жүйесіндегі үнді-еуропа
тілінен гөрі иран тіліне жақын” – дейді. Кей оқымыстылар қытай, парсы, грек
тарихындағы сақтардың ру-тайпалары, шет-шекарасы, кісі аттары жайындағы
атауларға талдау жасай келіп, “б.з.д. VI ғасырдан IV ғасырға дейінгі қазақ
даласының сол бөлігіндігі сақтар түркі тілін, оң бөлігіндігі сақтар иран
тілін қолданған” деп есептейді. Бұл біраз ақылға қонады. Өйткені сақтар
бұрын шығыс аймақтарға қоныстанған, ол олардың тілі ұлы иузилер, үйсіндер
тіліне ұқсайтын. Әйтпесе, ұлы иузилер мен үйсіндерге Іле бойына келген
сақтардың қысқа уақыттың ішінде сіңісіп кетуі неғайбыл еді. Егер тіл
ұқсастығы болмаған жағдайда мұндай сіңісу барысының неше ондаған жылдарға
созылуы, тіпті болмай қалуы да мүмкін. Тек ұқсас тілді халықтар ғана мұндай
бейбіт сіңісудің жемісін көре алады. Бұдан біз сақтардың да бұрын түркі
тілін қолданғандығын, бастысқа көшіп, Иран шегіне жеткесін, ондағы иран
тектес халықтармен ұзақ уақыт бірге өсіп, біте қайнасудың әсерінен қазақ
даласының алыс түстігіндегі сақтардың иран тілін қолданын, ал солтүстікте –
қазақ даласында қалған сақтардың жалғасты түркі тілін қолданғанын
байқаймыз.
Үйсіндер (Усундер)
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. з. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг — Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді-дағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде 6. з. 111-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси
тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас
жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп
отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші
біреулері үйсіндер — түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп
есептейді. Бірақ қалай болса да әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі
үйсін деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған
обаларына қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мекенжайлары зерттелген.
Үйсіндердің қорымдары тау сілемдерінде, таулы алқаптар мен өзен
жағалауларына орналасқан. Әдетте олар озен бойын қумай созылып жататын
обалар тізбегі болып табылады. Обалардың көпшілігі диаметрі 6—20 және
биіктігі 0,5—1,5 м топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер
болып келеді. Үйсін қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым
үлкен, диаметрі 50—80 м және биіктігі 8—12 м обалар кездеседі. Сондай
обалардан — тіпті таланып-тоналғандарының өзінен — археологтар алтыннан
жасалған көптеген әшекейлерді — киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола
айналарды, ағаш қобдишаларды тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі ІІІ—ІІ ғғ. жатады. Олар
— Қапшағай ІІІ, Өтеген ІІ, Қызыл еспе, Қызыл ауыз ІІІ, Қызыл Қайнар. Оларға
ортақ сипат — қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5—6-дан
обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы I ғ. — б. з. I ғ. деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге — Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезеңде үйсін қорымдары
жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі II — III ғғ. деп саналатын — кейінгі кезеңге Қапшағай
II, Шолақ-Жиде I,II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол
қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын
үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер
ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар
мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй
іргесіндегі мал шаруашылығына коса егіншілікпен айналысқан тәрізді.
Тян-шаннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген
шатқалдардан кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі
шұрайлы өзенінің бойында. Ол арадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары
аршылып ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Қыстақ қасынан ежелгі
егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.
Үйсіндер шаруашылығы. Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер
ретінде сипаттаған. Оларда үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де
айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де
жүреді —деп жазылған.
Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігінде шешуші рөл
атқарған. Жстісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірт қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірленіп-әлденіп алатын, тау бастарындағы шибі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес —30—100 шақырым шамасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz