Скифтер киімі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Cкиф-сібір аң стилі 2
Скифтер киімі 5
Алтай скифтері 6
Сақтардың қолөнері 8
Тұрғын үй және киімі 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Томирис спектаклінде өте бір рухты, айбынды көрніс бар. Парсылардың
Кир патшасы сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші
болып барған Томирис (Тұмар) патшайым:
Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі – кең, көгілдір аспан, екіншісі –
шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі – жусан,- деп, қолдағы бір уыс шөпті
көрсетеді, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді, - дейді. Осы
кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан туған жер,
Отан, өмір символы. Демек сақтар елін, Дешті Қыпшақ пен Түрік даласын
мекендеген әрбір халықтың бас байлығы – еркіндік, азаттық болған. Еркін
далаға қол сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басы қанға бөкті.
Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді:
Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!. Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл
сөзі өзгелерге жазған ескерту секілді.
Менің рухани байлығым – халқым, қазақ халқы. Тарих төрінеде көне түрік
ұрпағы болып, саңлақ, сақтар деген асқақ атпен де танылып, бүгінде
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп
өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр.
Міне тәуелсіз ел болғалы бері біздер көне заманымыздағы тарихи
құдылықтарымызды зерделеп пайымдауға күш салып келеміз.
Сондықтан сақтар туралы ойлар тұжырымдау өткенімізге көз жіберіп шолу
жасау ғана емес, сонымен қатар олардан үлгі алу үйрену де болатын хақ.
Cкиф-сібір аң стилі
Бейнелеу өнері тек скифтерде ғана кеңінен таралған десек, бұл мүлдем
дұрыс болмас еді. Қайта оның бәрі басқаша деп айтуға негіздер де
жеткілікті. Осындай жазу-сызуы жоқ халықтың ауыз әдебиеті бай әрі мықты
дамыған. Қиырдағы далалық қоныстар мен патша ордаларында, егін
шаруашылығымен айналысатын отырықшы скифтердің елді мекендерінде тойлау
кезінде, соғыс болған жерлерде ұрыс алдында оңтүстіктің қараңғы түнінде
скифтердің шежіресі туралы, құдайлар, патшалар, батырлар туралы жырлар,
махаббат, адалдық пен ерлік туралы, достық жөніндегі аңыздар айтылып,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Олар скифтердің ру басы болған бірінші адам
туралы, оның үш ұлы туралы, оның кенжесі Қалақсай патша әулетінің негізі
қалаушы болғаны жөнінде, бағзы заманда аспаннан түскен алтын сый туралы,
басқа да баяғының аңызға айналған оқиғалары мен ерліктер туралы әңгіме
шертті. Осындай әңгімелерде кейде скиф тарихының нақты оқиғалары өзек
болды, оған мысал ретінде скиф патшасымен бағындырылған тайпалардың
көтерілісті, Дарийдің шапқыншылығы немесе сарматтармен болған соғысты
айтуға болады. Бірақта скифтің батырлар жырынан бізге тек үзінділері ғана
жетті, оның өзі гректің шежірешілерімен бұрмаланған. Тек бізге дейін қорған
төбелердің астында жатқан табыттарда екі жарым мың жылдай сақталған заттар
ғана жеткен.
Скифтер бейнелеу өнерінің әр алуан түрлерін білген. Олар тастан
антропоморфтық құлпытас ойып, құдайлар мен адамдарды алтын мен қоладан
бейнелемекші болды. Кейінірек олар өздерінің қабір үстіндегі сағаналарының
қабырғаларына жазып, патшалардың бедер-бейнесін салды. Дейтұрғанмен скиф
өнерінің ерекше даңқы мен атағын шығарған адамдардың бейнесі емес,
өзіндік қолтаңбамен салынған хайуанаттар суреттері еді, оны ғылымда аң
стилі деп атайды.
Міне, осының бәрі және мыңдаған өзге де осындай бейнелердің бәрі
жиналып келгенде скифтік аң стилі деп аталады. Оның ерекшелігі жануарлардың
жекелеген түрлерін немесе жануар денесінің белгілі бір бөлігін қалыпты,
дәстүрлі көріністе іс жүзінде қолдану аясында сюжетке желі етеді, бұл
орайда айырықша мәнер оның жиынтық бейнесіне тән болады, жануардың ең
типтік деген қасиеттерін нақты және қиял-ғажайып тұрғыдан бір образға
жинақтауға мән беріледі. Скифтердің аң стиліне лайықты жануарларының ішінде
жыртқыштарда, шөп қоректі жануарлар да, құстар да бар, бірақ тұтастай
алғанда, ол саны жағынан шектеулі болды. Күшті, мейірімсіз, алғыр,
жармасқыш, қайсар, шапшаң қимылдағыш, тез жүгіргіш, биікке қарғығыш,
жойқын соққы беретін, көзі өткір, нәзік иіс сезгіш қасиеттері бар аңдарға
мейілінше көп көңіл бөлінді. Жыртқыштардың ішінен ілбісін, сілеусін немесе
барыс, ішінара арыстан бейнелерін салуға ерекше ден қойылды. Ал аю мен
қасқырды бейнелеу сирек кездесті. Шөп қоректі жануарлардың ішінен көбінен-
көп бұғы мен бұлан бейнелері ұнаса, ал арқар, қабан, қоян, жылқы және қой
сиректеу салынды, ал бұқаны бейнелеу мүлдем сирек деуге болады. Құстардың
арасынан бүркітке айырықша мән берілді. Қиял-ғажайып жануарлар ішінен
скифтік жануарға бүркіт басты және арыстан басты грифон мен айдаһар
бейнелері жатады. Сонымен қатар олар грифонды қой мүсінімен бейнелеуді жиі
қолданды.
Скифтік бейнелеу өнерінде кездесетін жануарлардың ұзын саны осындай
болып келеді. Оның өзіндік ерекшеліктері көзге бірден түседі. Ежелгі
заманда Қара теңіз жағалауындағы далалықтарда тіршілік еткен жануарларға
сан жетпейтін, ал скифтер болса аңға құмар, кереметттей аңшылар еді. Аңға
құмарлығы сондай, бірде Дариймен соғыс болып жатқан кезде олардың
жауынгерлері мен атты әскері, жаяу әскері қарсыластарымен таяуда ғана
болатын соғысты ұмытып, өздерінің арасымен қашқан қоянды қуа жөнелген.
Бірақта бұл жануарлар мен аңдардың бәрі бірдей скиф шеберлерінің назарына
іліне қоймаған. Сонымен қатар көшпелі скифтердің тіршілік көзі үй жануарлар
бейнелерінің өзі олардың тұтынатын бұйымдарында сирек кездесті. Ал Қара
теңіз жағалауын мекен етпеген, тіпті ешқашан көрмеген немесе көрсе де сирек
көрген арыстан мен ілбісін тәрізді аңдарды бейнелеуді ұнатты.
Сонда оның сыры неде? Мәселе скиф шеберлерінің тек күшті әрі алғыр
хайуандарды ұнатқанында емес екендігі белгілі. Өйткені, аю мен қасқыр да
күш жағынан ілбісіннен кем түспейді, бірақта оларды скифтер ілбісінмен
теңестіре алмайды. Осындай қарама-қайшылықты мәселелерінің мәніне үңілу
үшін алдымен аң стилінің шығу түбіне көңіл бөлген жөн. Бірақта бұл туралы
әңгіме ұзағырақ болады.
Аңдарды бейнелеу скифтер үшін ешқашанда қара бастың қамы болмаған.
Аңдар суреттердің де, фреска кескіндемесінің де кейіпкерлері болған емес.
Бейнелеу өнерінің бұл түрлері скифтерде біздің заманымызға дейінгі
ғасырлар аяқ шенінде ғана, яғни аң стилі өзінің болмысын тоқтатқан кезде
пайда болған тәрізді. Бір қарағанда аң стилі тек қана құр тәжірибе-қолөнер,
тек сәндік сипат алатындай болып көрінеді. Бейнелердің өзі қатаң түрде
қырынан қараған болып келетіндігі, үш өлшемді түрде кездесетіндігі белгілі,
бірақта сирек кездеседі. Хайуанаттар бейнелерінің бәрі де оның қандай
материалдан немесе қандай тәсілмен дайындалғанына қарамастан заттары құр
тәжірибе ретінде, сондай-ақ салтанатты мақсатқа орай да әсемдеу болып
табылады.
Бұл алдымен ер адамдардың күнделікті қолданатын заттары – қару, ат
әбзелдері, қасиетті және әлеуметтік-діни мақсаттағы заттар, киімдер. Аң
стилінде бейнелеу қылыштардың сабы мен жүздеріне, қалқандарға,
қорамсақтарға, айбалталарға салынды. Оның өзі ат әбзелдерінің, атап
айтқанда, жүген кекілдірігінің, ноқтаның, жүген сағалығы қайыстарының,
ауыздық тоғаларының, салпыншақтардың ажырамас бөлшегіне айналды, екі аяқты
күйме арбалар қоламен әшекейленді. Айыл тоғалары мен киімнің ілгектері де
көбіне-көп аң стилімен безендірілді. Арнайы металл қаңылтырларға әртүрлі
хайуанаттардың суреті бейнеленіп, оны киімдерге жапсырып тігетін болған.
Әйелдердің еңбек құралдарында, олардың киімдерінде ерлерге қарағанда
аң стилі өте сирек қолданылатын болды. Кейін бұл оған да енді. Әйелдердің
түйреуіш, айна және өзге заттарында аталған стиль кездеседі.
Азды-көпті тұрақты кездесетін аң стилінде скифтердің эстетикалық
идеалы ап-айқын көрініс береді. Сұлулық скифтер үшін қара бастың қамы да,
абсолют те емес. Тірлік пен жеңіске барынша көмектесетін нәрсе ғана әдемі
болады.
Скифтің аң стилінің ерекшелігі оның озық үлгілерінен байқалады. Күні
бүгінге дейін скиф өнерінің ең таңғажайып шығармаларының бірі Кубаньдағы
Кострома станицасы маңындағы қорғандардың бірінен табылған алтын бұғы болып
табылады.
Бұғы дәлме-дәл қырынан бейнеленген, тек бауырына жинаған өткір
тұяқты бір алдыңғы аяғы және бір артқы аяғы көрінеді. Бұғының ұзын мойыны
ілгері созылып, ал басы алға қарай қозғалысты немесе қозғалысқа дайындықты
білдіретіндей жоғары көтеріле шалқаяды. Үшкір ұзын құлақтары мойынына
жабыса түскен. Сонымен қатар мүйізінің ұзындығы әдейі ұзартылған. Оның өзі
өте мықты стилдендірілген, шын мәнінде жануардың жонымен жүргізілген 5-
бейнелі бұйралау әшекейлі безендіруге айналдырған.
Скифтер киімі
Скифтер осыдан екі жарым мың жылдай бұрынғы дәуірде өмір сүрген.
Скифтердің шыққан тегі туралы тіпті Геродот заманында да мәліметтер аз
болды. Скиф тарихының шатыстырылған пролемасының түйінін шешуге археология
көмектесті. Скиф тарихына осыншама мән беру кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені,
олар адамзат тарихында өте терең із қалдырған, бұл халықтың тағдыры да
ойландырмай қоймайды. Скифтерді ұзақ уақыт бойы шығыс славяндардың арғы
тегінің бір тармағынан шықты деп келді, олардың өмірлері ғажайып әрі
өзіндік ерекшеліктерге толы болды.
Қазба жұмыстарын жүргізген кезде ғалымдар патша қорғандары деп
аталатын скиф ақсүйектерінің жерленген қабірлеріне зерттеу жүргізді. Қазба
жұмыстары кезінде табылған скиф патшаларының қазыналары, скиф пен грек
өнерлерінің атақты туындылары ғалымдарды да, қалың жұртшылықты да
таңғалдырды.
Қорғандардағы скиф қабірлерінің негізінен б.з. дейінгі ІҮ ғасырға
жататындығын және скифтердің Дунайдан Донға дейінгі, Солтүстік Қара теңіз
далалық өңірлерінде, Солтүстік Қырымда қоныстанғанын қазба жұмыстары
дәлелдеп берді. Б.з. дейінгі ІҮ ғасыр басында Скиф патшалығы дамып, гүлдене
түсті.
Скиф өнерінің ең негізгі қуаты мен мақтанышы ғылымда аң стилі деп
аталатын өзіндік мәнермен жасалған жануарлар бейнелері болып табылады. Оның
басты ерекшеліктеріне жануарды немесе жекелеген дене мүшелерін бейнелеу,
айырықша стилистикалық мәнер жатады, оған образдарды жинақтау, жануардың ең
типті қасиеттерін бере білу, бір образда нақты әрі фантастикалық қырларды
үйлестіру тән. Жануарлардың барлық бейнелері күнделікті тұрмыста да, сән-
салтанатта да қолданылатын заттарды әшекейлеуге қолданылды. Мұндай заттарға
бірінші кезекте ер адамдардың қолданылатын заттары (қару-жарақ, ат
әбзелдері), әлеуметтік-мәдени мақсатқа пайдаланылатын заттар, киімге
арналған тоғалар мен ілгектер қатысты болды.
Таптар пайда болған кезден бастап-ақ билік әрқашанда сыртқы
нышандарға мән берді, ол атап айтқанда, тұтынатын, киетін заттарын айырықша
әшекейлеу, шаш қою үлгісі, киім еді. Скифтерде аң стилі тап осындай
міндеттерді атқарса керек. Сондай-ақ бойтұмар ретінде таққан аң стиліне
жататын заттар оның иесін қорғайды, оған күш-қуат беріп, жауының бетін
қайтаруға көмектеседі деп сенді.
Қазба кезінде табылған ыдыстарда, табақтарда, қаңылтырларда,
тоғаларда және т.б. салынған суреттерге қарағанда ол кезде костюмнің (оның
эелементтері, кию үлгілері) туралы білуге болады, олардың киім киісін, шаш
қоюын, қару-жарағын сол заманның шеберлері әрбір детальдеріне дейін
дәлдікпен бейнелей білген.
Киім тігуге қажетті материалдардың тапшылығы, аң аулау және мал
шаруашылығымен айналысу, қатаң климат, осының бәрі сайып келгенде, киімнің
бір сипатты болып келуіне әсер етті, бұл пікірді Гиппократ бұл елдің
тұрғындары түрлері жағынан бір-біріне қатты ұқсайды, қыста да, жазда да
киетіндері киімнің бір түрі деген сөзі дәлелдей түседі. Әдетте киім аң
терілерінен мамықтары ішіне қарата тігілді, жүн және киіз материалдарымен
қоса зығырдан, сорадан, кендірден дайындалды.
Ерлер киіміне жататындар: кафтан, шалбар немесе ықшам түрі, -
анаксиридтер, башлық (немесе кирбаса) және етіктер. Шолақ тон тәрізді тар
жеңді кафтан – сисирна – омырау тұсы қиғаштап пішілді, оның жағы сол
жағының ішіне қаусырылып, белін белбеумен қатты тартып байлап тастайтын
болған. Ұзын кафтандармен қатар оның шолақ түрлерін, яғни кеудешені киген.
Кафтан денені толық жауып тұрады. Жеңі кейде ұзын болды, ондай жағдайда
білегіне дейін түрілген немесе қолының ұзына бойына жиырылып тұратын
болған. Кафтанның жиегі терінің мамық жағымен көмкерілді. Кафтан алтын
зермен, кестемен, өрнекпен безендірілді. Әшекей киімнің пішіміне және
конструкциясына байланысты жасалып, кафтанның шетіне, детальдері қосылып
тігілген тігістер бойында орналасты. Шалбардың балағы аяқ киім қонышының
сыртына жіберілді, атқа мінгенде қолайлы болуы үшін балақтың ұшы бүгіліп,
оған тағылған баумен байлап қоятын болған, шалбардың балағының төменгі жағы
жиырылып тұрған. Анаксиридтердің балағы етіктің қонышына салынып, немесе
толарсақтың айналасын байлап қойылған. Кирбаса – қатты киізден немесе
теріден жасалған сүйір ұшты бас киім. Митраның (бас киімнің) құлақшыны
ұзын, желке жағы қысқа болады. Шалбарлар мен бас киімдер де кафтан тәрізді
әшекейленген.
Етіктер шұлық тәрізді, аяққа жабысып тігілген, оны қайыспен
толарсаққа дейін байлаған. Ондай аяқ киімнің ерекше болғаны сондай, оны
еретеде скиф етігі деп атады. Шағын тері желбегей омырауда фибуламен
ілгектеген. Желбегейді талшықты материалдардан да тіккен, сыртқы түрі
жағынан ол жеңсіз желбегей шапанға (бурка) ұқсайды. Скифтердің қару-жарағы
дулыға, сауыт, семсер, қалқан болған. Скифтер ұзын шаш қойған, ал сақалдары
үшкір келген.
Скифтердің әйел киімдері туралы мәліметтер тым аз, мұның өзі
табылған әйел бұйымдарының аздығына байланысты. Әйелдер мойын тұсы жиырылып
тұратын кең көйлек киген, жеңдері білегінде, білезігінде бүрмеленіп
тігілді. Ұзын жеңді сырт киімін желбегей тәрізді иығына жауып, омырау тұсын
ілгектеген. Бұл киімді басқалай тәсілмен де кигені анық, яғни ұзын
жеңдерін арқасына қайырып тастап, немесе қолының жанына жіберіп те киген.
Сондай-ақ тар жеңді, денеге қонымды, белінен бастап кеңитін бүрмелі түрін
де пайдаланған. Ерлер мен әйелдер сырға, кеудеге тағатын металдан жасалған
тұмар, алқа, білезік, айшықты белбеулер тағатын болған.
Алтай скифтері
Ежелгі таулы-алтай тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болды. Жылқы мен қойды ұстады. Бағалы терілі аңдардың ішінен әсіресе
бұлғын, қама, ақ тиін аулап, олардың терілерінен киім тікті.
Алтайдың тоң қорғандарын ашу кезінде қорымдардан айырықша сақталған
және б.з. дейінгі ҮІ-Ү ғасырлардың сирек кездесетін ағаштан жасалған
бұйымдар, теріден және матадан дайындалған киімдер, кілемдер, табылды.
Скиф киімі жергілікті ауа райы мен өмір сүру салтына кереметтей
лайықталған, бағалы аң терісінен немесе киізден тігілген кеудешелер, сондай
шалбарлар, жұмсақ бағалы аң терісінен немесе теріден тігілген, жүн шұлыққа
киетін аяқ киімдер кездеседі.
Бас киімнің екі түрі болған: ішіне киіз қаптаған дулыға тәрізді түрі
мен құлақ пен желкені жауып тұратын шошақ киіз қалпақтар. Кеудешенің
сыртынан кафтан киетін болған. Сырға, мойынға тағатын тұмар мен білезік
тәрізді әшекей бұйымдары кеңінен тараған. Алтай скифтері аң терілер мен
теріден жасалған бұйымдарға ою-өрнек, зер салуды немесе алуан түсті
безендіру жасау техникасын жетік білген. Мәселен, Қатанды қорғанынан
табылған киім, Пазырықтан кездескен қап пен қоржын осындай тәсілмен
жасалған.
Екінші Пазырық қорғанынан ұзын (тізеге түсетін) әрі кең жеңді,
омырауы ойылған жағасыз ерлер көйлегі табылды. Жеңнің ұштары мен мойын тұсы
қызылмен көмкерілген. Табылған кафтанның бірі жұқа, қос қабатты ақ
киізден дайындалған. Өзі кең әрі үлкен, пішімі жағынан көйлекті еске
түсіреді, бірақ алдыңғы жағы тіке тілінген (ашылып тұрады). Кафтанның оң
жақ шеті сол жағына қаусырылып, арнайы ақ жүннен есілген жіптермен
ілгектеледі.
Екінші Пазырық қорғанында сондай-ақ бұлғын терісінен дайындалған
ерлердің сыртқы киімінің арқасы табылды. Бұл киімде жұқа теріден тілініп
алынған аппликацияға алтын жиек желімделгені таңғалдырады. Қатанды
қорғанынан кездескен екі сырт киімнің үлгісі де қызықтырады: оның бірі -
өте ұзын әшекейленген жеңі бар, адамның өкшесіне дейіне түсетін шұбатылған
кафтан. Кафтан бұлғын терісін жоғары қаратыла тігіліп, оған ақ тышқан
терісі қиықталып, жапсырылған; иық тұсы тар, ал төменгі жағы кеңи түсетін,
арқасы мен иық тұсы тері, жағасы төмен қарай тарыла түсетін кафтан. Жеңнің
ұштары мен кафтанның өзі терімен әдіптелген. Кафтан тері және ағаш
аппликациялармен әсемделіп, алтынмен, қаңылтырмен әшекейленген. Фрак
түріндегі екінші үлгісі жағасыз, арт жағында ұзын фалдасы бар.
Скифтер аяғына ұзын киіз шұлықтар киген, оған киіз ұлтан тігілген.
Шұлықтың жоғарғы шеті әр алуан түсті қиықтармен әшекейленген. Оның сыртынан
қонышы тізеге жететін жұмсақ, тері басы бар етік киген, бірақ қоныштың
ұзындығы оның жиегінен ою-өрнек көрініп тұратындай болуы тиіс. Ұлтанның
өлшемі, аяқ өлшемінің өзгеруіне орай етіктің басындағы терісін ұлтанға
қайта тігу арқылы реттеліп отырды. Етіктің қонышы бағалы тері қиықтарымен,
тері немесе түрлі түсті киіз қиындыларымен шаршы жасалып, алуан түспен
әшекейленді. Бас киім дулыға тәрізді болды немесе бөрік-құлақшын
түрлерінде құлақшын құлақты, желкені жауып тұрды. Бас киім ақ киізден
жасалып, оны жұқа терімен қаптайтын болған.
Екінші Пазырық қорғанынан табылған әйелдердің сырт киімі әшекейленген
тар жеңді кафтан болды. Кафтанның сырт жағы (ерлердің кафтаны тәрізді)
тарамыспен тігілген немесе тері аппликациядан өрнек салынған. Жағасы мен
мен төменгі тұсы мамықты терінің қиығымен көмкерілген. Ондай киімді
ілгексіз киіп, иыққа жамылған. Осы киімнің бір құрамы ретінде ұзын қалақ
тәрізді кеудеге тағатын нәрсесі бар; бұл да кафтан сияқты тері
аппликациямен әсемделген. Осы киімді қысқа қонышты жұмсақ мәсімен киген
жарасымды көрінеді.
Сақтардың қолөнері
Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек
құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар
жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер
жергілікті жерде өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы
мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл
шаруашылық өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық
және тайпааралық айырбас та кеңінен тарады. Кен-руда шикізатты,
бірқатар шаруашылық бұйымдар, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып
әкелінді. Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер өндірісінен
айырмашылығы - сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және мал
шаруашылығына тығыз байланыстылығымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz