Сталинград шайқасы және Қазақстан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Сталинград шайқасы және Қазақстан 3
Артқа шегiнуге болмайды! деген Сталиннiң бұйрығы 6
Еділ бойында қан төккен қазақтар 8
Қазақ халқының тарихи хаты 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

 
                                                                 Шүйінші,
халқым, шүйінші!
                                                                 Шүйіншіге
сүйінші!
                                                                 Шаттан, ата-
анамыз,
                                                                 Шаттан, аға-
бабамыз,
                                                                 Кек
қайтарып фашистен,
                                                                 Соғыс бітті
жеңіспен,
                                                                 Жеңдік
жауды күресте
                                                                 Жасалсын
той-мереке.
                                                                             
                   (Т. Жароков) 
      Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. 9
мамыр- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш
ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде
қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер
тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті
шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып, 
тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды
біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын
және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың
орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл
мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты
өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні
елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына,
туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске
түсіреді.
      Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика
халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа
елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың,
Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары
тойлайды.
      Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл,
1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы
соғыс жүріп жатты.
       Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған
ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны,
Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия,
Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен
шайқас болмады.
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы
бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық
түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ
боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір
отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас
боздақтардың қыршын жасы қиылды...

Сталинград шайқасы және Қазақстан

Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына
айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол станциялар мен
елді мекендер кеңінен тартылды.
Сталинград шайқасы (1942-1943) – совет әскерлерінің 1941-1945 жж. Ұлы
Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 2 ақпанға дейін
Сталинград қаласын (қазіргі Волгоград қаласы) қорғау және Дон мен Волга
өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын
талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс және шабуыл
кезеңдеріне бөлінді.
Сталинград қорғанысы 1942 ж. маусымның аяғында неміс-фашист әскерлері
шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы
совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан
Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басы
палу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованиенің Ставкасы Сталинград
бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде
Оңтүстік-Батыс майданы басқармасының негізінде Сталинград майданының жаңа
басқармасы құрылды. Оның құрамына 62-, 63-64-армиялар, сонымен бірге
бұрынғы Батыс майданның 21-, және 8-әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4-
танк армиялары, 28-, 38-, 57-армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 шілдеге
бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетт. Волга мен Дон
араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарының
шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты.
17-22 шілдеде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла
өзендері бойында жаумен кескілескен ұрыстар жүргізе отырып кейінгі негізгі
қорғаныс шебіне шегінді. 22 шілдеге жаудың Сталинград бағытында 18
дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкі, 1200 самолеті, 7500
зеңбіректері мен минометтері болды. Ал Совет армиясының күші әлдеқайда кем
еді. 1942 жылдың 23 шілдесінде генерал-полковник Ф. Паулюстің 6-армиясы
Сталинград, Астраханьды басып алып, Волгаға бекіну үшін шабуылға шықты. 62-
64-армиялардың бағытында кескілескен шайқастар болды. Шілде-тамыз айларында
жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бірақ
сталинградтықтар неміс-фашисттерінің бұл шабуылын да тоқтатып, берік
қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп Мемлекеттік Қорғаныс
Комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал-полковник А.М. Василевскийді,
29 тамызда Жоғары Бас қолбасшының орынбасары армия генералы Г.К. Жуковты
көмекке жіберді.
Сталинград майданының әскерлері (1-гвардия, 24-және 66-армиялар)
қыркүйектің басында 2-рет шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушы-еңбекшілердің
жағдайын едеуір жеңілдетті. Неміс-фашист әскері үлкен шығынға ұшырағанына
қарамастан 13-15 қыркүйекте Волга шебіне шабуылды қайта үдетті. Мамай
қорғаны мен вокзалға бағыт ұстады. 28 қыркүекте Сталинград майданы – Дон
(қолбасшысы генерал-лейтенант К.К. Рокоссовский) және Оңтүстік Шығыс
майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) болып бөлінді.
Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Шілде мен қараша аралығында жау 700
мыңдай адамынан, 1 мыңнан астам зеңбірегі мен минометінен, 1400 самолетінен
айырылды. Жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.
Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл 1942-1943 жылдарды қамтыды. Неміс-
фашист командованиесі 1942-1943 жылдың қысында өздері орналасқан шепті 1943
жылдың көктеміне дейін ұстап тұруды, сонан соң қайта шабуылға шығуды
жоспарлады. Ал Совет командованиесі қарсы шабуылға күш пен құрал-жабдықтар
жинақтады. Жоғары Бас командованиенің Ставкасы мен Бас штаб оны өткізудің
жоспарын жасауға кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 13 қарашада бұл
жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес Совет Армиясы Сталинградтағы генерал-
фельдмаршал Ф.Паулюстің 6-армиясын қоршауға алып, тізе бүктірді. 1943
жылдың 2 ақпанда неміс генерал-фельдмаршалы қалған әскерімен тұтқынға
алынды. Сталинград шайқасы осымен аяқталды.
Сталинградты бүкіл совет халқы қорғады. Сталинград үшiн шайқас болып
жатқанда Батыс Қазақстан облысында соғыс жағдайы жарияланды. Даңқты 62-
армияның құрамында 3800-ден астам қазақ болды. Сталинград шайқасына
Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен
біріне жуығы қатысты. Әйгілі 64-армияның құрамында қазақстандық 29-және 38-
атқыштар дивизиясы болды.
Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 29-
және 38-атқыштар дивизиялары 72-және 73-гвардиялық атқыштар дивизиялары
атанды, ал 73-атқыштар дивизиясына Сталинградтық құрметті атағы қоса
берілді.
Сталинград операциясына Қазақстаннан 5 атқыштар, 1 атты әскер
дивизиясы, 1 танк атқыштар бригадасы, 1 минометтi полк қатысты. Осы
шайқаста Н.Әбдiров, Қ.Спатаев, т.б. қазақ жауынгерлерi батыр атағын алды.
Сталинград шайқасында жүздеген мың совет жауынгерлері ерліктің үлгісін
көрсетті. Шайқаста ерекше көзге түскен 55 құрамалар мен бөлімдер
ордендармен марапатталды. 100-ге жуық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді. Сталинград қаһарман-қала атағына ие болды. Сталинград
шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963-1967 жылдары Мамай
қорғанында мемориалды комплекс салынды.

Артқа шегiнуге болмайды! деген Сталиннiң бұйрығы

1942 жылдың 28 шiлдесiнде КСРО Қорғаныс халық комиссарының №227
бұйрығы шықты. Бүкiл Кеңес халқы аяғынан тiк тұрған, немiс-фашистерi жан-
жақтан ентелеп, жан қысылып жатқанда шыққан айрықша қатал бұйрық ел-жұртты
естен тандырған. Бiреулер қорықты, бiреулер қайсарланып, қаһарлана түстi.
Қорқатындай да бар едi...
Фашистер, алдында, Ленинградты қоршауға алып, Мәскеуге таяқ тастам
жерге дейiн жетiп қалған. Алайда, олар бұл бағытта алға қарай жылжи алмасын
сездi. Сезiп қана қоймай, оның себептерiн iздеген. Бiр есептен, оның
себебiн тапты деуге де болады. Олар Кеңес Одағының жүрегi - Мәскеу емес,
Кеңес Одағының жүрегi - Сталинград деп түйдi. Өйткенi, бұл аймақ Кеңес
әскерiнiң үлкен бiр тiрегi болып тұрған. Сол себептi, фашистер ендiгi күштi
оңтүстiк-батысқа салды. Сөйтiп, Солтүстiк Кавказ бен Волгаға қарай баса-
көктеп кiрiп келе жатты.
- Ол кезде Сталин бес бiрдей қызметтi бiрге атқарды: бiрiншi - Кеңес
Одағы Коммунистiк партиясының Бас хатшысы, екiншi - Отан қорғау мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы, үшiншi - жоғары қолбасшы, төртiншi - Министрлер
кеңесiнiң төрағасы, бесiншi - Қорғаныс министрi - бәрi-бәрi бiр өзi болды.
Тiл тиегiне айналып отырған аты шулы бұйрық министр ретiнде, Қорғаныс
министрiнiң атынан шыққан.
Неге дейсiз ғой, бұл тек соғысқа байланысты ғана емес, халық
шаруашылығына, бүкiл елге арналған мәселе едi. Сондықтан, қолбасшының сөзi
емес, министрдiң сөзi керек-тiн. Жалпы, мұндай батыл сөз патша заманынан
берi қарай бұрын-соңды болған емес, - дейдi Қазақстан мүгедектер қоғамының
төрағасы Сейдәлiм Тәнекеев.
Иә, бұл бұйрықтың ерекше маңызы болғаны рас, алайда оның көп айтыла
бермейтiн екiншi қыры бар едi. Ол майдандағы Кеңес жауынгерлерiне тiкелей
қатысты болатын. Адам жанын түршiктiрер құжаттың қаһарын төккен ең үрейлi
тұсы да - осы. Бұйрықсыз артқа шегiнгендердi атуға құқық берiлдi. Бұл жай
ғана айтыла салған сөз емес. Бұл мақсатта тосқауыл жасағы деген атпен
арнайы топтар құрылған.
Сталинград түбiндегi шайқас ең ауыр шайқас болды. Бүкiл соғыстың
тағдыры осы жерде шешiлуi тиiс едi. Сондықтан, екi жақ та аянып қалған жоқ.
Бетпе-бет келiп қана қоймай, мидай араласып кеттi. Алдың да - жау, артың да
- жау. Қай жақтың басым түсерi соғыс техникасы мен қару-жараққа ғана емес,
жауынгерлердiң қаһармандығына байланысты болып тұрды.
- Артқа шегiнуге болмайды! деген Сталиннiң бұйрығы дәл осы кезде
шықты. Осы бұйрықтың негiзi бойынша тосқауыл жасақтары құрыла бастады.
Әрбiр дивизияда өзiнiң осындай топтары болды. Мен осындай жасақтың
құрамында отряд командирi болып тағайындалдым. Дивизия бойынша ерiктiлердi
қабылдау туралы тапсырма берiлдi. Бұл жасақтың құрамына ешкiмдi зорлықпен
апарған емес, бәрi де ерiктiлер болды. Алайда, қойылған бiр ғана шарт -
коммунист немесе комсомол болуы керек. Оларды әрi сенiмдi, әрi тапсырмаға
жауаппен қарайды деп есептедi, - дейдi Сталинград шайқасына қатысушы Иван
Афанасьевич Зябчук.
Бүкiл әлем көз тiккен соғыстағы аты шулы бұйрықты әркiм әрқалай
қабылдады. Жауынгерлер жан берсе де, шегiнуге жол бермеу деп түсiнген.
Олардың рухы мықты болатын. Үздiксiз жүргiзiлiп келген патриоттық тәрбие
соғыста өз көрiнiсiн байқатқан.
Ел басына ауыр күн туды. Жағдай шындығында да өте қиын болатын. 80
миллиондай халық тұратын жер жау қолына тидi. 1940 жылы Кеңес Одағы 18
миллион тонна болат өндiретiн болса, соның болат өндiретiн 10 миллион
жерiнен айырылған. Фашистер сондай-ақ, 10-15 миллион тоннадай астық беретiн
жердi басып алды. Сталин бұйрығында осының бәрi ашық айтылған. Бiр жағынан
бұл Кеңес халқы мен жауынгерлерге деген Үндеу болды.
- Бұйрықтың iшкi мазмұны үш бөлiмнен тұрды. Бiрiншi, әскерiмiз шегiнiп
барады, мұнайдан айырылсақ, күнiмiз қараң болады деп ашығын айтты. Екiншi,
бiзде күш бар, бiздiң әскери техникамыз да мықты дедi. Сол кездерi өзi
бiздiң танктерiмiз де фашистердiкiнен артық болатын.
Бұл кез өзi бiздiң әскери басшылардың әбден тәжiрибе жинақтаған уақыты
едi. Қарсы тұрудың, төтеп берудiң жолдарын бiлдi. Сталин өзiнiң бұйрығында
осыны көрсеттi. Ең бастысы, Сталин халыққа сенiм бiлдiрдi. Аз халықтардың
атын атамағанмен, оларға үлкен сенiм артып, мiндет қойды,- дейдi Сейдәлiм
Тәнекеев.
Соғыста бәрi болуы мүмкiн. Кiрпiк қақпай қарсы тұрдым деу қиын.
Алайда, Кеңес жауынгерлерiнiң ерлiгi сол - қорқыныш пен үрейдi жеңе бiлген.
Өздерiне қарсы, артында тосқауыл тұрғандықтан ғана емес, оның сыры -
жауынгерлердiң iшкi сезiмдi жеңiп, қаһармандық таныта алғандығында жатқан
едi. Сталинград шайқасына қатысқан Иван Зябчук соғыс кезiндегi ауыр
күндердi еске алып:
- Бүкiл шайқас барысында тосқауыл болып, өз әскерiмiзге қарсы қару
көтерген жоқпыз. Өйткенi, оның қажеттiгi болған жоқ. Жауынгерлердiң
қайсарланып, рухтанғаны сонша, ешкiмде артқа шегiну туралы ой болмады.
Әрине, жекелеген қорқақтардың кездескенi рас, олар тиiсiнше жазаланды да.
Көбiне, жазалау отрядтарына жiберiлдi.
Кейбiреулердiң арасында майданнан кету үшiн өзiн-өзi атқандар да
кездестi. Мәселен, бiр комсомол жiгiт өзiн-өзi атып, жараланып, санбатқа
кеттi. Кетерде Сендер ешкiнiң құйрығы көкке жеткенде жеңесiңдер деп
айтқаны есiмде. Ол немiстердiң жеңетiнiне соншалықты сенiмдi болды. Оның
одан кейiнгi тағдырының не болғанын бiлмеймiн. Ондай жағдайлар болды,-
дейдi.
Сталиннiң қатыгездiгi барша әлемге аян едi. Оның бұл 1942 жылғы №227
бұйрығын бiреулер қаталдықтың асқан шыңы десе, ендi бiреулер барлық жайды
ашық айтқан батылдығы деп таныды. Қалай десек те, алапат соғыстың барысын
өзге ртiп, шешушi шайқаста жеңiске қол жеткiзген шешiм болғандығында дау
жоқ.
Ол кезде өлiмнен ұят күштi едi. Жауынгерлер Қоянды қамыс өлтiредi,
ердi намыс өлтiредi дегендi жүрек жұтқан батырлықтарымен дәлелдеп шыққан.
Ал, Сталиннiң бұйрығы бойынша тосқауыл жасақтарының құрылуын бiрлi-жарым
кездесер қоянжүректерге қарсы қолданылған шара деуге болады.

Еділ бойында қан төккен қазақтар

1942 жылғы 19 қарашада кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі жауға
қарсы шабуылы басталды. Алғашқы екі күнде румындардың 3 және 4 армиясына
ойсырата соққы беріліп, немістердің 6 далалық және 4 танк армиялары
қоршауға алына бастады. 23 қарашада ставканың алдына қойған мақсаты жүзеге
асты.
31 қаңтар фельдмаршал Паулюс басқарған бірінші топ қаруларын тастап,
тұтқынға берілді, ол екінші топ, күшті соққыдан кейін 1 ақпанда қарсылығын
тоқтатты.3 ақпанда Еділдгі шайқастың соңғы оғы атылды.
1941 жылғы желтоқсанда, 1942 ақпан айларында Алматы қаласында құрылған
атқыштар дивизияның құрамы негізінен Алматы мен Фрунзе қалаларындағы скери
училищелердің түлек терінен жасақталды. Дивизияның құрамы да Қазақстанда
тұратын әскер міндеттегілерден қалыптасты,сондықтан жауынгер сапағылардың
25 пайызы қазақтар болды.
1942 жылғы мамыр айының ішінде дивизия Оңтүстік – Батыс майданы
әскерлерінің құрамында Харьков түбіндегі ұрысқа кіріп, Сталинград
шайқасының басынан ааяғына дейін қатысты. Жау әскерлерін қорғаныс
ұрыстарында әбден титықтатып, Сталинград түбіндегі неміс армиясын қоршап
алып, кейін оны талқандауғу да үлес қоты.
Оскол өзенінің бойыда, Уразова қаласының түбінде, Терновая стациясында
кескілескен ұрыс болды, бұл шайқастарда қазақстандық жауынгерлер 13 тәулік
бойы қорғанысты ұстап тұрды.Осы уақыттың ішінде 214-ші артиллерия полкі
жаудың елуге тарта танкін, көптеген басқа техникасымен адам кұшін жойып
жіберді. Алғашкы ұрыста жаудың 22 танкісі, 30 автомашинасы, 1 полк жаяу
әскерлері шығын болды. Бөлімше командирі Мақаш Балмағамбетов осы ұрыста
үлкен ерлік көрсетті. Ол пулуметті өз қолына алып жіберіп, өрттегіш оқпен
гитлершілердің 5 машнасын өрттеді. Осы Мақаш келесі жылы Днепрді өтерде де
үлкен ерлік көрсетіп, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Автоматты жауынгер Рамазан Бисенов ерекше мергендік көрсетіп, бір өзі
тоғыз фашистке жер құштырды. Сол полктың комсоргы, кіші лейтенант Нығмет
Ахметов жиырмадан астам дұшпанды сұлатып салды.
Қызыл ордалық пулеметші Қамеш Биғалиев Красный Октябрь және Мамаев
Курганның шығыс жағына бекініп алып, зұлым жаудың өршеленген талай
шабуылына тойтарыс берді. Жауыгерлер бір адым да кейін шегінбеді.
Осы бір Еділ бойындағы ұрыс қызып жатқан кезде Орал облысының Жымпиты
ауданынан әскери комиссоратына өз тілегімен арыз беріп, 24 қазақ қызы
майданға аттанды.
Олар бастапқы кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы
Сталинград шайқасы туралы
Сталинград шайқасында
Соғыстың басталуы
Кеңес әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі Сталинград шайқасы
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Сталинград шайқасы
Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе
Пәндер