Столыпиннің аграрлық саясаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І Кіріспе2

ІІ Негізгі бөлім3

1 Столыпиннің аграрлық саясаты3

2 Мемлекеттік думадағы қоныс аудару мәселесі7

3 Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы10

ІІІ Қорытынды14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі15

І Кіріспе

Шіркін қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кене сынды хандарымыз қасық қаны қалғанша оларға қарсы тұрды.

Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің аграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды.

Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал - тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.

ІІ Негізгі бөлім

1 Столыпиннің аграрлық саясаты

Қоныс аудару мәселесі самодержавиенің аграрлық саясатының ажырағысыз бір бөлегі болып қала берді. Алайда, жағдайға қарай саясат өзгеріп отырды. Егер XIX ғасырдың аяғында қоныс аудару қозғалысы негізінен алғанда стихиялы түрде жүрген болса, XX ғасырдың басынан былай қарай ол ұйымдасқан әрі жаппай сипат алды. Орталық губерниялардың шаруаларын елдың шеткері аймақтарына, соның ішінде Қазақстанға да қоныс аударту арқылы самодержавиенің помещиктер мен империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін отаршылдық саясатының жаңа белесі ашылды. Бұл процесті Россияның ішіндегі шиеленісе түскен тап күресі де, сондай-ақ өлкені игеру перспективалары да туғызған еді. Кедейлердың жері «артығын» алу деген желеумен тартып алынды. Жұрттың жерін тартып ала отырып, патша үкіметі қазақ еңбекшілерін түгелдей күйзелту арқылы «қоныс аудару қоры» дейтінді жасады. В. И. Лениннің атап көрсеткеніндей, бұл қор «жергілікті халықтардың жер жөніндегі праволарын өрескел бұзу жолымен жасалады, ал Россиядан қоныс аудару «шет аймақтарды орыстандыру» жөніндегі бәз-баяғы ұлтшылдық принципті дәріптеу үшін жасалады».

«Қоныс аудару қорын» ұлғайту үшін XX ғасырдың басында Қазақ өлкесіне «зерттеу» үшін К. Паленнің, В. Кузнецовтың, П. Румянцевтің және басқаларының басшылығымен арнаулы экспедициялар жасақталды. Осының салдарынан шаруалардың жерді пайдалануының бұрынғы нормалары одан бетер кемітілді. Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін, яғни 12 жылдың ішінде қазақ халқынан 4 милион десятинадан артығырақ жер тартып алынса, 7 жылдың ішінде, 1906 жыл мен 1912 жыл аралығында 17 миллион десятинадан астам жер тартып алынды.

1903 жылғы 10 июньде «Сырдария, Ферғана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстандыру туралы» ережелер бекітілді; бұл ережелерге сәйкес суару жүйелері мен су көздерін де қоса жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін алу көзделді. 1903 жылғы 25 июньде «Сібірге (Алтай округінен басқасына) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет тарапынан берілетін жәрдемдер туралы ережелер» бекітілді. Бұл ережелерге сәйкес қоныс аударушылардың семьяларына жеңілдік шарты бар 5 жыл, ал ходоктарға 1 жыл мерзімге 50 сомнан аспайтын мөлшерде «жол қарызыд» жәде шаруашылық құрып алуына 100 сомға дейін қаржы беруге рұқсат етілді. 1 жылға 1904 жылғы 6 июньде патша үкіметі «Село тұрғындары мен жер иеленуші мещандарды қоныс аударту туралы уақытша ережелер» шығарды. Бұл ережелерге сәйкес Орталық Россиядағы жергілікті өкімет орындарына шаруалардың қоныс аударуына рұқсат ету правосы берілді.

1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан территориясын қоныс аударылатын бес ауданға: Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аудандарына бөлді. Осындай әрбір ауданда құрылған қоныс аудару басқармаларыда «қоныс аудару қорын» жасау үшін жаңадан «басы артық жер» табу міндеті жүктелді. «Уақытша ережелерде», ал одан кейін министрлер кабинеті 1909 жылғы 9 июньде мақұлдаған «Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарында қоныс аудару үшін, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қажеттер үшін мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі туралы нұсқауда» былай делінді: «Қырғыздардың шаруашылық қажеттеріне немесе уақытша тұруына арналған құрылыстар жерді тартып алу үшін бөгет бола алмайды».

Сырдария қоныс аудару ауданының меңгерушісі жергілікті қоныс аудару басқармаларына жолдаған директивасында былай деп атап көрсетті: «Мемлекет мүддесі үшін таза көшпелілерге тек егіншілікке жарамсыз жерлерді ғана қалдыру қажет». Бұл тәрізді директивалар Түркістан генерал-губернаторы Гродековқа жіберіліп жатқан мынадай ұсыныстарға сай келіп отырды: «Түркістанда бос жатқан жерлерді емес, қайта, керісінше, жұрт қоныстанған жерлерді іздеу керек. Дақыл егуге жарамды жерлердің біршама аз екендігі сонша . . . мұндай жерлер бірден-бірге үлкен мехнатпен, әрі - көбінесе бұл жерлерді пайдаланып отырған көшпелі халықтың еркіне зорлық жасау арқылы табылуда». Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына жергілікті халықтың жерін өз қалауынша тартып алып, оны шөлейт және шөл аудандарға көшіруге право берді.

Қазақстанды отарлау мәселелері патша үкіметінің және жергілікті отаршылдық өкімет органдарының басты назар аударған мәселелері болды. Ішкі істер министрлігінде жерге орналастыру және егіншілік жөніндегі бас басқармада және жергілікті жерлерде өткізілген толып жатқан кеңестерде өлкені отарлау ісін таяудағы уақытта қандай жолдармен және қандай әдістермен жүргізу керек деген мәселе талай рет талқыланды. Ал қазақ шаруаларын «жерге орналастыруға» келетін болсақ, олардың мүдделері мүлдем ескерілмеді: «Бүкіл қырғыз халқын жерге түпкілікті орналастыру, - делінді «Қырғыздарды жерге орналастыру туралы кеңестің журналында», - оның өзі әрі бірі қалмай көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшкен кезде ғана мүмкін болады». Осы журналда «Кеңестің» отырықшылық тұрмысқа көшетін қазақтардың бәріне қоныс аударушылармен мүмкіндігінше тең негіздерде жер беру қажет деп есептейтіндігі туралы айтылған. Бұл орайда үкімет қазақтардың шағым айтуға болатын барлық дәлелдерін қабылдамай тастайтын. Бір айта кететін жай, жерге орналастырудың бұл шарттары байырғы халықтың кедей топтарына ғана қойылды, артықшылық жағдай алған байлар жөніндегі істің жайы басқаша болды. Бірқатар реттерде оларға тіпті Қоныс аудару басқармасының еңбекші қазақтардан тартып алған жерінің бір бөлегі де беріліп жүрді.

Қазақтардың жерлерін мүмкіндігінше неғұрлым көбірек тартып алу мақсатымен үкіметтің отырықшылыққа «көшіруі» деп аталған кезінде Қоныс аудару басқармасы іс жүзінде байлар иемденген қауымдық учаскелермен қатар байлар арендаға беретін үлкен-үлкен «оброктық статьялар» бөлді. Мәселен, Орал облысындағы Шідерті болысында сұлтан Қаратаев пен болыс Жұбан Ғалиев үшін біріншісіне 3, 5 мың десятина, екіншісіне 1, 4 мың десятина мөлшерінде «оброктық статьялар» құрылды. Байларға «оброктық статьялармен» қатар қоныс аудару басқармасы әлі тартып алмаған қауымдық жерлер де берілді. Торғай облысының Елек болысындағы бір ауылда қоныс аудару учаскелерін құрған кезде екі байдың бейне бір «шеккен зиянының» орнын толтыру үшін қазақ кедейлерінен 2400 десятина жер тартып алынды.

Сонымен, патша өкіметінің елдің үлт аймақтарында жүргізген қоныс аудару саясаты байырғы халықтан шыққан кедейлердің ғана жерлерін талан-таражға салуға бағытталды. Патша өкіметі мен жергілікті байлар орыс халқы мен қазақ халқының аса қатал қанауға ұшыраған кедей топтарының зұлым жаулары болды. Сонымен бірге қоныс аудару саясаты ат төбеліндей ірі помещиктердің мүдделерін көздеді. Самодержавиенің қоныс аударту саясатының саяси мәнін В. И. Лении былайша ашып берді: «Жүртқа мәлім, үкімет пен контрреволюциялық партиялар шаруаларды қоныс аудартуға ерекше үлкен үміт артқан болатын. Барлық ойынша бұл қоныс аудару аграрлық мәселені түбегейлі шешпегеннің өзінде, ең болмағанда, оны едәуір мұқалтып, зиянсыз етуге тиіс болды. Міне, сондықтан да қоныс аудару Европалық Россиядағы шаруа қозғалысы әсіресе дәл жақындап келген кезде, ал кейін дамыған кезде дәріптеліп, барынша мадақтала бастады.

2 Мемлекеттік думадағы қоныс аудару мәселесі

Қоныс аудару мәселесі барлық сайланған Мемлекеттік думаларда талқыланып отырды.

Оңшыл партиялардың өкілдері жеке меншікті жер иеленушілікті қорғады, бірақ Россия жағдайында олар аграрлық мәселені шешудің бір жолы шеткері аймақтарды отарлау, оларда хуторлар құру деп білді. «Капиталистік жағдайда өз үстемдігін сақтап қалу шарттарын дұрыс» бағалаған олар, В. И. Лениннің сөзімен айтқанда, «өз мүдделерін - миллиондаған шаруаларды жедел қырғынға ұшырату, бейнетке салу, жер аудару болса да - шімірікпей» қорғайды.

Барлық помещиктік және буржуазиялық партиялар Думада шеткері аймақтардағы жерді мемлекет меншігі деп жариялауды, жергілікті өкімет орындарының жерді тартып алуға, «қоныс аудару және запас қорын» жасауға тежеусіз праволарын сақтай отырып, жерді байырғы шаруаларға уақытша пайдалануға беруді ұсынды. Егіншілік департаментінің директоры Н. А. Крюков патша өкіметінің қоныс аудару саясатын қолдай отырып, қоныс аудару саясатын жүзеге асыру жолында көшпелі тұрмыс бөгет болып тұр, сондықтан осы бөгетті жою керек: «көшпелі тұрмыс жойылуға тиіс, сөйтіп барлық көшпелілер жер иеліктерінің белгілі шегіне шығарылуға тиіс» деп есептеді.

Думада шаруалардың түрлі топтарының, ең алдымен олардың ауқатты бөлегі мен кулактардың мүдделерін білдірген партиялар мен топтардың өкілдері де: интеллигент халықшылдар, трудовиктер (халықшылдар), социалист-революционерлер және басқалары аграрлық мәселе жөнінде сөздер сөйледі. Олардың сөздерінен дәйексіздік пен алақұлалық сезіліп тұрды. Егер «оңшылдардың» өкілдері «патша ағзамды», помещиктерді жақтап шықса, солшыл топтардың өкілдері помещик жерлерін конфискелеуді және оларды теңгермелік негізде шаруаларға беруді ұсынды. Сонымен бірге олар патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қарсы шыққан жоқ, қоныс аудару басқармаларын жаңадан қоныстанушылардың орналастырылуын нашар ұйымдастырып отыр деп қана жазғырды. Думада сондай-ақ көп ұлтты Россия халықтарының өкілдері де сөздер сөйледі. Олар аграрлық мәселе жөніндегі өз көзқарасын өз ауданының «мүдделерін қорғау» тұрғысынан баяндап, әдетте аграрлық мәселені жалпы россиялық көлемде шешу проблемаларын қозғамады. В. И. Ленин аз ұлттардың кейбір өкілдерінің сөйлеген сөздерін сынға алды. Ол былай деп жазды: «Ұлт өкілдері» біздіц аграрлық мәселемізден біраз оқшаулау тұрады. Көптеген орыс емес халықтарда біздегі сияқты революция орталығында дербес шаруалар қозғалысы жоқ. Сондықтан өздерінің программаларында «ұлт өкілдерінің» орыстың аграрлық мәселесінен көбіне оқшаулау тұратындығы әбден табиғи нәрсе. Біздің жұмысымыз емес, біз өзімізбен-өзіміз боламыз дегендей. Ұлтшыл буржуазия мен ұсақ буржуазияның мұндай көзқараста болуы сөзсіз».

Революцияны шектеп, аграрлық мәселені түбегейлі шешуден жалтарған меньшевиктерге қарама-қарсы, В. И. Ленин бастаған большевиктер аграрлық мәселе жөнінде революцияны өрістетуді көздейтін бағыт белгіледі. Большевиктер аграрлық мәселені лениндік идеялар негізінде шешу жолында батыл күрес жүргізе берді. Мемлекеттік думадағы социал-демократиялық фракция В. И. Лениннің нұсқауларын басшылыққа ала отырып, контрреволюциялық партиялардың Қоныс аудару басқармасының сметасын бекіту туралы қарар жобасына қарсы дауыс берді.

3 Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметін жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбүр етті. Ол ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Мұның өзі 1906 жылғы 9 ноябрьдегі указбен және 1910 жылғы 14 июньдегі заңмен бекітілген Столыниннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына право берілді; мұның өзі кедей шаруалардың жерін сутегін арзанға сатып алған кулак шаруаларға тиімді болды.

Столыпин реформасы патша өкіметін буржуазиялық монархияға айналдыру жолындағы 1861 жылғы реформадан кейінгі жердегі екінші қадам болды. Мұның өзі жаңа революцияға қарсы ірі буржуазиямен одақтасып помещиктер диктатурасын сақтап қалу үшін өріс ашуға тырысқан әрекет еді. Шаруа халқын елдің орталығынан шеткері аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға да қоныс аударту арқылы патша үкіметі шаруалардың ел ішіндегі наразылығын сейілтуді, мәселенің шиеленісуін бәсеңсітуді көздеді.

Жаңа аграрлық заңдар негізінде патша үкіметі «Қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы ережелер» талдап белгіледі; бұларға сәйкес шаруалар мен егінші мещандардың қауымнан шығуына, үлесті жерлерін сатуына және шеткері аймақтарға қоныс аударуына немесе «қоныс аударатын қазыналық бос жер іздеу, қарап көру және иелену үшін Азиялық Россияға» ходоктар жіберуге рұқсат етілді. «Байырғы халықты жерге түпкілікті орналастыру үшін ережелер әлі белгіленбеген» Қазақстан облыстарында, - делінді «Ережелерде», - қоныс аударушыларға жер учаскелері тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға беріледі». Жергілікті қоныс аудару мекемелерінің міндетіне «45 десятинадан қолайлы жер және 15 десятинадан егін егуге жарамды жер бөлу есебімен ерекше хуторлық отрубтар бөлу» жүктелді. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлер қоныс аударушыларға «үйбасы учаскелік пайдалануға» берілді. Жер бөлуші партияларға жергілікті халықтың кедей топтарын көшіріп, олардың жерлеріне кулак шаруаларды қоныстандыруға, ирригациялық құрылыстарды оларға тегін беруге рұқсат етілді. «Түркістан генерал-губернаторына жерге орналастыру және егіншілік жөніндегі бас басқармамен келісе отырып, осы бас басқарманың қарауындағы қазыналық жерлерден әлгі жерлердің жай-күйіне, оларды суару үшін су жеткізуге, шаруашылық және саяси жағдайларына қарай бұл учаскелерді бөлуге болатын жерлерде қоныс аударушыларға арналған айрықша учаскелер бөлуге рұксат етілсін», - делінді «Ережелерде».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қоныс аудару
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің ұлттық аймақтарындағы қоғамдық саяси жағдай және жер мәселесі. (Қазақстан мысалында)
XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Қазақстанға қоныс аударушылардын орналастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz