Тәуке хан тұсындағы заңдар жинағы және басқару ерекшелігі


Жоспар.
I Кіріспе
Тәуке хан тұсындағы заңдар жинағы және басқару ерекшелігі.
II Негізгі бөлім.
Тәуке хан тұсындағы билер.
а. Төле би.
ә. Әйтеке би.
б. Қазыбек би.
III Қорытынды.
IV Қолданылған әдебиеттер.
Уақытша болса да бар қазақтың бірігуіне әсер еткен атақты заңы-Жеті жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан (1680-1715) еді.
Есімнің немересі-Жәңгірдің бел баласы-Тәуке хандық құрған XVIIҒасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгенріп ерекше бір кезең болды.
Ұлы жүзде билік құрған Үисін Төле би, орта жүзде әділ қазылық жасаған қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзде әділеттік жүргізген Алшын Әйтеке бидің қатысуымен дүниеге келген "Жеті жарғы" еді. Қазақ даласының ереже қағидаларының үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп низамының, солтүстік дәстүрінің әсем жиынтығы. Жеті жарғы қазақ қоғамына бір тұтастық беріп, ынтымақ әкелді.
Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезіндеде, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы, күн дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде екі би бір шешімге келе алмай қалғанда үшіншісі ортадан билік айтып, дауды тындырып отырған.
Әлібекұлы Төле би.
(1663-1756)
Қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемілекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемілекет және қоғам қайраткері, ойшыл дан, Әз-Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төде биі, "Жеті жарғы" деп аталатын заңдар кодексінің шығарушылардың бірі.
Шыққан тегі -Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаңыс руынан. Туған жерінің төсі Кербұлақтағы Жайсан жайлауы. . Бұл құт мекен бүгінде- Жамбыл облысының Шу ауданына қарайды. Шежірелер Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай др, би де шықпаған. Олар қарашоқыр атанған қара шаруа болған деген дерек береді.
Төле би XVI ғасырдың аяғы мен XVIII ғасыр бас кезінде қазақ елінің үлкен қоғам қайраткері әрі рухани көсемі болды. Ол жастайынын ел өміріндегі саяси іске араласып, талай талас дау дамайдың ортасына түсіп, ақ сөйлеп, кесімді шешім айтып, әділдгімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Төле би дәуірін еске алсақ, бұл қазақ мемілекетінің өміріндегі ең ауыр да, қасіретті кезең, талмауыр тұс еді. Ұлы далаға қайта-қайта шапқан жау елдің еңсесін көтертпеді. Халықтың нақақтан аққан көз жасы телегей теңізге айналып ұлт, халық болып қалыптасуы жолында құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрды.
Тәуке хан тұсында Төле би "Билер кеңесінің мүшесі" ретінде мемілекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан. Ол Орта жүздің Төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған щараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болған.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, Жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Соған қарамастан ол Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай-ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбеді.
Төле би Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И. И Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ресейге қосылу ниетін білдреді.
Төле би Жоңғар билеушілер арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай ханман Төле би таққа таласқан жоңғар нойандарын алма-кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғархандығының құлауын қамтамасыз етті. Бұл Төле бидің Абылай хан бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтежесі еді.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен таралған. Төле би тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүзбен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргеннің айғағы.
Қазақта "Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді" деген аталы сөз бар. Бірде Күлтөбенің басына ел жиналып, жауға аттанған жігіттерді сайлап жатады. Осы кезде Қарабек батыр "Жауға тізе бүгуден басқа шарамыз жоқ" деп, атқа қонбай жер шұқылап отырады. Сонда Төле би басын көтеріп:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені
Ортасынан қуса игі!- деп қоян жүректерді жиыннан қудырып жіберіп:
-Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерген елің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар . . .
Еркек болып туды беп,
Мына сені кім айтар!- деп ұрандағанда жанындағы жігіттер жаппай атқа қоныпты.
Төле бидің тура төрелігі мен алдаспандай өткір шешендік сөз үлгілері өте көп. Ол ұрпақтан ұрпаққа үлгі, өнеге, тәрбие болып, жүрек төрімізден берік орын алып отыр.
1756 жылы 93 жасында қасиетті Қазығұрттың етегінде дүние салды. Өз өсиеті бойынша денесі Тәшкентте жерленген. Бұл кесенені жұрт Қарлығаш әулие деп атап кеткен. Тек қазақтар ғана емес, өзбектер де, қырғыздар да киелі орынға келіп, зират етіп тұрады.
Байбекұлы Әйтеке би.
(1644-1700)
Шын есімі -Атық. Шыққан тегі -Кіші Жүздің Алшын тайпасының Әлім руынан. Қазіргі Өзбекстан жеріндегі Нұрата тауының Бұқара жеріне қарай созылып жатқан Қаз-Бибі тауының етегінде өмірне келген. Әбілхайыр II дейін кіші жүзде билік жүргізген. Самарқанның әміршісі Жалаң төс батырдың немересі.
Қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемілекет басқару ісіне араласқан мемілекет және қоғам қайраткері. Әз-Туке хан құрған "Билер кеңесінің' мүщесі ретінде, атақты шешен, Кіші Жүздің төбе биі, "Жеті Жарғы" аталатын заңдар кодексінің шығарушыларының брі.
"Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедеә аталы бол" деп атақты Сегіз серінің батасындай айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымынан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған
Сейтқұлдың сегіз баласының бірі- Әйтеке бидің әкесі Ақша Самарқанның билеушісі болған, Қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар хонтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезінде көмек жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлайды.
Ұлықбек медресінде оқып, тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, атасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр-сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның ата заңы іспетті Жеті Жарғыны шығаруға қатысқанда да Әйтекеге осы алған білім мен жиған тәрбиенің көп көмегі тиген болуы керек.
Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыказак жерін құрсаулай торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен бірге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласты.
Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғамында Әйтеке би:
"Елінен айырылған ер бақатсыз,
Жерінен айырылған ел бақытсыз,
Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!"- деген екен.
Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің "Aқтабан шұбырындыға" ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты.
Қазанғап Байболұлы атақты үш бидің атына арнаған өлеңінде:
Онан да өткен Әйтеке,
Қудан ұшқыр, құланнан.
Мұндай шешен болмайды,
Бір сөзін жүз мақалдап,
Сипттап қандай тіркейді, - деп тоолғайды.
Ал, бүгінгі ұрпақ Әйтеке би сынды бабаларымыздың толық тұлғасын танып біле алмайды. Өйткені, олар туралы бізге жеткен ауызша деректерден басқа тарихи дәлелді құжаттар өте аз.
Келдібекұлы Қазыбек би
(1665-1765)
1665 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. Шыққан тегі-Орта Жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz