Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері4

ТМД-ның құрылуы11

Қорытынды14

Әдебиеттер тізімі17

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж. / арасындағы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындары қырық жылда, әскери шығын 20 триллион доллара жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 проценті соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.

Бұрынғы кеңестік экономикалық кешеннің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африка елдеріндегі майдан далаларында әлденше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты.

Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта - 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта - 28 пайыз, оныншы бесжылдықта - 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта - 17 пайыз болып кемiдi. Ал еңбек өнімділігінің артуы сегізінші бесжылдықта - 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта - 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған-ды.

КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ құрамындағы ірі индустриялық аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.

Бірақ, бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17, 1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27, 4 пайыз едi. Қазақстанда қазiргi кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.

Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өнделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өиімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.

Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6, 7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар - 13, 8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.

Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

Бесіншіден, аграрлық секторда дакылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде-тін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шарушылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.

Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретiнде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағының ыдырады. Ыдырау қалай болды?

1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп көрсетті.

Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда тәуелсіз мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетілді.

ТМД-ның құрылуы

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскiдегi айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы /ТМД/ осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.

ТМД-ның құрылуы, КСРО-ның соңғы жылдары болған оқиғалармен тығыз байланысты. КСРО-ның ыдырауы сыртқы ішкі факторларға байланысты. КСРО-ның ыдырауының бірден-бір себебі, экономикалық, этникалық, саяси-идеологиялық, технологиялық және әлеуметтік дағдарыс, қару-жарақ жарысы және блоктық қарама-қайшылықтар.

Декларацияның негізіне Н. Назарбаевтың идеясы жатыр, ТМД қатысушыларының өзара іс-әрекеті тең құқықтық принципі, территориялық тұтастықты құрметтеу, қалыптасқан территориялардың шекаралардың мызғымастығы принципі идеясы.

Бастапқыда ТМД шеңберіндегі ынтымақтастық өте нашар болды. Бұл құбылысты түсінуімізге болады. Өйткені бұл мемлекеттер өздері жаңа қол жеткізген тәуелсіздігінен айырылып қалғысы келмеді, олар қандай да болсын құрылған бір ұйымға қауіппен қарайтын. Олар оны бұрынғы Одаққа оралу дегенмен салыстыратын.

Бір кезде біртұтас мемлекеттің ыдырау кезеңіндегі сын-cағатта Н. Назарбаев КСРО аумағында ауқымды саяси жанжалдарға жол бермеуге бастайтын сындарлы позиция ұстағаны жалпы жұртшылыққа мәлім. Міне, сондықтан да Қазақстан Кеңестер Одағы аумағында эволюциялық даму жолын, мемлекеттік құрылысты бірте-бірте өзгертуді жақтады. Қазақстан ТМД құрылған кезеңнен бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.

Күрделі экономикалық кезең жағдайында іс-жүзінде барлық Кеңестен кейінгі мемлекеттерде олардың келісілген іс-қимылы, сындарлы ынтымақтастығы, өзара қолайлы ымыраға келу шешімдерін іздестіру айрықша маңыз алды. Көптеген тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастық және өзара түсіністік болмаса, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканы реформалау, әлемдік қоғамдастыққа ену мүмкін емес екендігін түсінді. Осы жағдайларды ескергенде ғана интеграцияға балама жоқ деп айтуға болады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - біртұтас одақтық мемлекеттен тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің өзара іс-қимылының өркениетті нысанына ауыртпалықсыз өтіп, толық егеменді теңдік және халықаралық құқыққа негізделген жаңа қатынастарды қалыптастыру болды. Осы тұрғыдан мойындау керек, Достастық қажет болатын. Өзара тиімді шарттар мен саяси экономикалық және әлеуметтік проблемаларды бірлесіп шешу үшін құрылған ұйым осы салада жағымды да, жағымсыз да тәжірбие жинақтады. ТМД-ның Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жағдайдың Югославиялық сценариймен дамуына жол бермеуінің айрықша маңызды болғаны рас, әрине, қарулы қақтығыстар, жанжалдар және қарсы тұру ТМД-ны да айналып өте алмады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес одағының ыдырауы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
1991 жылғы тамыз төңкерісінің барысы, себептері
Желтоқсан ызғары
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
КСРО-ның тарап кету себептері
КСРО – ның ыдырауының себептері және ТМД мемлекетінің қалыптасуы мен даму бағыттары
Қазақстан Ұлы отан соғысы кезінде 1941-1945 ж.ж
Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz