Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Көне түркілердің жазба мәдениеті 3
Көне түркілердің әдебиеті 8
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері 10
Көне түркілердің уақыт туралы түсінігі 15
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі қазіргі қазақ, өзбек,
қырғыз, қарақалпақ, тәжік, әзірбайжан, түркмен халықтарының негізін
құрайтын түркі тілдес, түркі тектес жұрттардың әр-түрлі атулармен
танылған, тарихта белгілі қағанаттары, алғашқы феодалдық мемлекеттері өмір
сүрген Ұлыс, Қағанат, Ел, Әулет, Орда сияқты аттармен әйгілі
олардың дербес салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өзіндік мәдениеті болған.
Осылардың барлығы түркілердің рухани мәдениетін құраған.
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Ұзақ уақыт бойы еліміздің жазба мәдениеті тарихы тереңнен тарқатылмай,
қазақтар үш-ақ әліпбиді: араб, латын және кириллицаны ғана білетін секілді
ұғым қалыптасқанды. Бүгіндері түркі тілдес халықтардың жазба мәдениетінің
тарихы тереңнен бастау алатындығы айқындалып, бабаларымыз бір емес бірнеше
әліпбиді біліп, оны пайдаланып келгені белгілі болып отыр.
Түркілер қолданған алғашқы жазудың екі атауы бар. Сыртқы нұсқасына
қарап руникалық жазуы деп аталса, алғаш табылған жеріне қарап Орхон-
Енисей жазуы деп аталады.
Руна – бұл дыбыстық жазу, оның курсиві жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен
байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түркі
тайпаларының тіліне бейімделген, әрі дыбыстық ерекшелігін де дәл бере
алады. Әрбір дыбыс бір немесе бірнеше таңба арқылы беріледі, руна жазуының
кейбір таңбалары пиктографиялық сипатқа ие. Руна әліпбиінде аймақтық және
хроникалық нұсқаларын есептегенде 40-тан аса таңба бар. Оқылуы оңнан соға
қарай.
Руна жазуының таралу аймағы – Сібірдегі Енисей, Лена өзендері маңы,
Моңғолиядағы – Орхон, Селенга, Онгин өзендерінің алқабы, Орта Азия мен
Қазақстандағы – Талас пен Сыр, Ертіс пен Іле өзендері қойнауы болып
саналады. Руна тектес жазулар Хазар мемлекетінің территориясы – Еділ мен
Дон өзені бойы және Солтүстік Кавказдан табылды. Алайда руна жазуының бұл
батыстық нұсқасының ірі тексттерінің табылмауынан сыры ашылмай, құпия
күйінде қалып келеді.
Зерттеушілер руникалық ескерткіштердің таралу аймағының көлемі көне
түркілердің сауаттылығы жағынан сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Зерттеушілер руникалық ескеткіштердің графикалық қорларына шолу жасай
отырып, көне түркілер мекендеген аймақтарда жазу-сызу қолданылған, орхон-
енисейлік түркілердің арасында сауаттылқ кең жайылған және ешбір кезбе
сауаттылардың көмегінсіз жергілікті тұрғындар өздері жазған. Қытай
жазбаларында түркілер адам, мал, қой, жылқы есебін ағаш тақталарға жазып
отырғаны жазылады. Жазудың, жазба мәдениетінің көне түркілерге дейін
болғанын б.з.б. 176 жылы ғұндардың билеушісі Моденің Қытай еліне хат
жолдауы туралы құжаттар және Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы
жазу да көрсетіп отыр. Б.з.б. V ғасырдың сақ дәуірінен қалған бұл күміс
тостағандағы жазу туралы көп талас-тартыс болған. Дегенмен, осы сақ
жазуының негізінде, әрі оның көне түркілер руникалық таңбаларына
ұқсастығына қарап, белгілі түркітанушы ғалым А.Аманжолов төмендегідей
қорытынды жасайды:
1) Түрік тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар, жазуды білген
және кеңінен қолданған.
2) Көне түркі руна жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы яғни б.з.б.
V ғасырдан бастап б.з. X–ғасырына дейін қолданған төл жазуы.
Сөйтіп, көне түркі тайпаларында әліпбиі бар жазу тек V ғасырда пайда
болды деген жылдар бойы қалыптасқан болжам ескіріп қалды. Көне түркілер
руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, үй қабырғаларына өз ойларын
жазғанда қолданған. Атақты Күлтегін (732 жыл), Білге қаған (735 жыл)
және Тоныкөк (716 жыл) жырлары тасқа қашалып жазылған руникалық
ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түркілердің өздері туралы
жазған аса құнды, бірегей жәдігерлер болып табылады.
Сыртқы пішіні пирамида тәрізді Күлтегін Ескерткішінң биіктігі – 3,15
метр, ені – 1,24 метр және қалыңдығы – 0,41 метр болады. Күлтегін
ескеткішінің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ал сол жағындағы қосалқы
бетіндегі 13 жол сол жазудың жалғасы болып саналады.
Күлтегін жырында түркі халқының ата-бабалары туралы, елге ерен
істерімен белгілі болған Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар және қолбасшы
Күлтегін жайлы, түркілердің жорығы туралы айтылады. Жырдың авторы – Йолыг
Тегін жырдың басты идеясы етіп халық бірлігін алған. Ел бірлігі арқасында
бастыларды еңкейіттіріп, тізелілерді бүктіргендіктерін жазады. Бүгінгі
ұрпаққа үлкен өнеге боларлық бұл тарихи ескеткі, өкінішке орай 1961 жылы
үстіне найзағай түсіп, күл – талқан болған. Бұл күндері Күлтегін
ескерткішінің тек орнв ғана сақталған.
Білге қағанға қойылған тасескерткіштің ұзындығы – 3,45метр ен –
1,74метр, қалыңдығы – 0,72 метр. Сырт бейнесі, көркемдік нақышы жағынан
да, мазмұны жағынан да, Білге қаған ескерткіші Күлтегін ескеткішіне өте
ұқсас.
Тонікөк ескерткіші екі бағана тасқа бөлініп жазылған. Біреуінің
биіктігі - 1,7 метр, екішісінің биіктігі – 1,6 метр болады. Бірінші тасқа
1-36-ға дейінгі жолдар, екінші тасқа 37-62-ке дейінгі жолдар түсірілген.
Жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. Бұл жырда түркілердің
табғаштарға тәуелді болып қалғандығы, кейін бас қосып жауға қарсы
тұрғандығы, қаған сайлауда Тоныкөктің ақыл-кеңесі, ерлік істері зор
болғандығы жазылады.
Руна жазуы ескерткіштерін алғаш рет 1721-1722 жж. Сібірден Д.Г.
Мессершмидт және Ф.И. Страленберг экспедициясы тапқан болатын. Ал 1889
жылы орыс ғалымы Н.Я. Ядринцев Солтүстік Монғорлиядағы Орхон өзені бойынан
Білге қаған мен Күлтегінге арналған тапса, ағайынды Д.А. және Е.А.
Клеменцтар 1897 жылы Селенга өзені бойынан Шығыс Түркі қағанатының
қағандары Елтеріске, Білгеге кеңесші болған, данагөй қария Тоныкөктің
құрметіне қойылған ескерткішті табады.
Руна жазуы әліпбиінің сырын 1893 жылы дания ғалымы, Копенгаген
Университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм
Томсен (1842-1927) ашқан еді. Осы Вильгельм Томсен құпиясын ашқан әліпбиді
пайдалана отырып, В.В. Радлов (1837-1918) Орхон ескерткіштерінің мазмұнын
1894 жылы орыс тілінде жариалайды, ал Томсеннің өзі жасаған аударма неміс
тілінде 1895 жылы жарыққа шығады.
Содан бері руна ескерткіштерін әр қырынан зерттеу жұмысы үздіксіз
жүргізіліп келеді.
Руна жазуының VIII-IX ғасырлардағы қағазға жазылған нұсқаларын Шығыс
Түркістаннан XX ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық топтар
тапты. Көне руна жазуындағы қолжазбалар мен жеке басылымдардың неміс
зерттеушілері А.Грюнведель мен А.Лепок тапқан үлкен жинағы Берлинде, Неміс
ғылым академиясында, В.В. Радлов, С.Е. Малов,А.А. Дьяков, Д.А. Клеменц,
т.б. жинаған олжалар Санкт Петербургтағы азиаттық музейде, ағылшындық сэр
А.Стейн тапқан қолжазбалар Лондонда, Британ Ұлттық Музейінде, француз
түріктанушысы П.Пельо жинастырған қолжазбалар Париж ұлттық кітапханасында,
бірнеше жақсы сақталған парақтар Стокгольм этнографиялық музейінде және
Анкарадағы этнографиялық музейінде, сосын жапон ғалымы С.Отани басқарған
экспедиция олжалары Киота музейінде сақтаулы тұр.
Руна жазуында жазылған кітаптар VI ғасырда басылып шығарыла бастады
деп есептеледі. Көне түркі тіліндегі бізге жеткен алғаш табылған кітап 583
жылы жазылған Нирванасутра деп аталады. Дегенмен С.Е. Малов сияқты
ғалымдар түркі тілінде шыққан Хуастуанифт V ғасырда жазылған деп
есептеледі.
Шығыс Түркістан жерінен табылған VIII-IX ғасырларға жататын
кітаптардың көбі ксилографиялық (ағашқа ойып басу) әдіспен жазылған.
Ал руна тілінде қағазға алғаш жазылған кітап – Ырқ бітік деп
аталады. Кітаптың авторы жоқ, тек бас жағында Бұл біліктілік кітабы
жақсы деп жазылған. Екі мағынаға ие ырқ сөзін (біліктілік пен
сәуегейлік деген екі сөз) зерттеушілер алғаш сәуегейлік деп аударуына
байланысты кітапқа Сәуегейлік кітабы (орысшы Книга гадании) деген
атауға ие болған. Кітап бүктелген 29 парақтан құралған, көлемі 13,2*8см,
тексті 108 жолдан, 65 бөлімнен тұрады, оның әр қайсысы бұл жақсы немесе
бұл жамандеген ой қорытумен аяқталып отырады. Кітаптағы жазу стилі –
орхон жазуы. Кітапты мазмұны бойынша 4-ке бөлуге болады:
1) Адамдар мен жануарлардың тылсым-тіршілігі жайлы реалистік көріністер
2) Мифологиялық және ертегілік сюжеттер
3) Табиғатты суреттеу
4) Міез-құлық жайлы нақыл сөздер
Руна тілімен жазылған көне түркілердің мақал-мәтелдерінің жинағы
Шығыс Түркістан жерінен, үңгірде орналасқан храмнан табылды. Мысалы:
Айламен арыстанды да аулайды, ал күшпен тышқанды да аулай алмайсың,
Түтінсіз от болмас, ақаусыз адам болмас, Куәгердің сөзі – мөр басқан
құжатпен тең.
Миданнан, Дуньхуаннан табылған құжаттар арқылы біз руна жазуын
әскери салада да қолданғанын білеміз.
Руна жазуымен жазылған ескерткіштерді табылған жеріне қарай былай
бөлуге болады:
1) Моңғолия жерінен табылған ескерткіштер. Бұлар негізінен Орхон
ескерткіштері деп аталады және Орхон, Селенга, Толы өзендері бойында
орналасқан.
2) Енисей өзені аңғарынан табылған ескерткіштер. Бұл ескерткіштер: Тывалық
және Минусиндік болып тағы екіге бөлінеді. Бұл топқа 150-ден аса үлкенді-
кішілі құлыптастардағы, жартастардағы, алтын, күміс ыдыстардағы және
теңгелердегі жазулар кіреді.
3) Лена – Байкал ескерткіштер тобы. Жартастар мен тұрмыстық бұйымдардаға
жазылған оқылуы қиын 16 қысқа жазуды топтайды.
4) Алтай ескерткіштері. Барлығы 50-ден астам үлкенді-кішілі әр-түрлі
заттардағы және құлыптастардағы жазу кіреді.
5) Шығыс Түркістан ескеркіштер тобына Турфандағы ескі құрылыс
қабырғаларындағы төрт жазу, храмдағы екі жазу, Миран мен Дуанхуаньнан
табылған қағазға жазылған бірнеше ірі тексттер және қола айнадағы жазу
жатқызылады.
6) Орта Азиялық ескеркіштер тобы. Оған жетісу, Талас аңғарларындаға
құлыптастардағы, тұрмыстық бұйымдардағы, теңгелердегі, ағаш таяқшалардағы
ұзын саны 12-дей болатын жазулар кірсе, Ферғанадан табылған керамика мен
темір бұйымдарға жазылған 17 жазудан тұрады. Муг тауларынан табылған
теріге жазылған құжаттар да осы топқа жатады.
7) Шығыс Европалық Ескеркіштер. Бұл топ тағы үшке: Донецскілік, Дунайлық
және Повелжелік деп бөлінеді. Тұрмыстық заттардағы азды-көпті майда
жазулардан құралған.
Сонымен қатар көне руна жазулары жанры бойнша мынадай топтарға бөлінеді:
1) Үндеу, үгіттеу жанрында жазылған жазбалар.
2) Құлыптастық лирика. С.Е. Малов бұны көне түркі дәуіріндегі мазарлар
поэзиясы деп сипаттайды. Құлыптастағы жазуда кейіпкердің аты, шені, жасы,
басынан кешкен оқиғалары баяндалады, сонымен қатар марқұмның жете алмай
кеткен арманы туралы жазылады.
3) Жартастардағы, үй қабырғаларындағы келте жазулар.
4) Магиялық, діни және әдеби тексттер.
5) Тұрмыстық заттардғы: айна, ыдыс, теңге т.б. жазулар. Оларда шебердің
немесе зат иесінің аты, өсиеттер жазылады.
6) Іс-құжаттарға түскен жазбалар.
Көне түркі руникалық ескерткіштерінің тарихи-саяси және хронологиялық
топтасуы:
1) Шығыс Үрік қағанаты кезіндегі жазулар. Оған VII-VIII ғасырларда жазылған
Орхон және Алтай ескерткіштері жатады.
2) Қырғыз қағанаты кезінде жазылған, жазылу мерзімі VIII-X ғасырларға
жататын Енсией жазбалары жатады.
3) Курыкан тайпалық одағы кезеңіндегі VIII-X ғасырлардағы Лена – Байкал
жазулары.
4) Батыс Түркі қағанаты кезеңіндегі ескерткіштер. (VIII ғасыр).
5) Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеттерінің IX-X ғасырлардағы
ескерткіштері. Қағазға түскен тексттер.
6) Хазар қағанаты, Кавказ, Шығыс Европалық руникалық жазулар. (X-X
ғасырларда жазылған деген болжам бар).
Бұл руна ескеркіштері -ұйғыр, соғды, мани тілдерінде жазылған.
Көне түркілердің әдебиеті
Түркі тілдес халықтардың ежелгі әдеби ескерткіштерін тарихи –
деректік, әдеби, тілдік т.б. қырынан танып – білуге қатысты түйінді
мәселелер аз емес. Соның бірі – ежелгі түркі әдебиеті дәуірін айқындау.
Италяндық ғалы А.Бомбачи түркілер исламды қабыдағанға дейінгі (X
ғасыр) кезең түркі әдебиетінің ең көне кезеңі деп аталады. Көне
түркілердің ауыз әдебиеті кейіндері пайда болған жазба әдебиетке нәр
беріп, оның өмірге келуіне алғышарттар жасап берді. Орхон жазуларында ауыз
әдебиеттің үлгілері аз кездеспейді.
Көшпелілер тек материалдық мәдениетті ған емес, сол сияқты рухани
мәдениетте де, өздерінің отырықшы көршілерінен арттта қалып көрген емес.
Көшпелілер жыр – аңыздың екі жанрын: батырлар жыры мен жын-пері хикаяларын
жасаған.
Мұның екеуі де мифологияға жақын, бірақ олар ақиқат өмірді осындай
жолмен қабылдап, өздерінің сезім-түйсіктерін білдірген.
Түркі тайпаларының наным-сенімдерінен әлемдік мифологияға ортақ
жамандық жақсылық тартысы аңғарылады.
Фольклордың кейбір элементтерін, тіпті, қайткенде де түркілер
уақытына жатқызуға болады,-деп жазады Л.Н.Гумилев. Л.Н.Гумилев
алтайлықтардың Сай-Солонгқа көмекке келген Ирбис-бурканның өзі жайлы:
қалың жартасты тесіп өтңп, мен жарық дүниеге өзім шықтым,- деуі көне
түркілердің шығу тегі туралы аңызбен сәйкес келетіндігіне назар аудартады.
Одан әрі: Раши-ад-Дин де түркілердің шығу тегі туралы: олар тау
жартастарына айдап кіргізіліп, одан шыға алмаған еді. Сосын олар жартас
түбіне отындарды үйіп, от жағады. Ал тау темір рудасы болғандықтан, ол
ериді де, тесік пайда болады, сол тесіктен түркілер жарық дүниеге шығады.
Мұндағы варианттар дәлме-дәл келеді. Түркі Ирбис-буркан алтайлық Сай-
Солонгты құтқарып, оның қарындасына үйленеді, сөйтіп ағайынгершілікпен
бірге өмір сүреді. Осы аңыз сол кездегі Алтай тұрғындары түркілермен қатар
өмір сүргенін дәләлдейді, -деп ой түйеді автор.
Түркі әлемінің ең биік жетістігін белгілі қазақ түркологы
Ә.Қоңыратбаев оның эпостық туынды жасауында деп көрсетті. Мұндай жазбалар
мифологиялық сюжеттерге ғанаемес, сонымен қатар тарихи оқиғалар да негіз
боды.
Орхон жырлары ежелгі түркі тайпаларында ортақ дәстүрдің болғандығын
байқатады. Бұл жырларды қазақ эпосы үлгілерімен, қазақ жыраулары
шығармаларымен өзара салыстыраа зерттеу нәтижесінде әдебиеттанушы
ғалымдарымыз көне түркілердің ақындық, шешендік, даналық, көркем ойлау
алушылық өнері ұрпақтан-ұрпаққа ғасырдан-ғасырға үздіксіз жалғасты деген
тұжырым жасап отыр.

Көне түркілерде тәңіршілдік – монтеистік сипаттағы діни жүйе
қалыптасты. Ол бір құдайды мойындайды. Тәңірге табынудың идеялық негізі –
табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады.
Тәңіршілдік сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Тәңірге табыну
алғашында дін түрінде емес, космологиялық түсініктер мен идеялардың
жиынтығы ретінде, табиғат құбылыстарына мінәжат етумен пайда болды.
Тәңірге сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан бұрын
пайда болған. Тәңірі атауының шығу тегі ғұндардың ченли және қытайдың
тянь, тіпті шумерлік дингир сөздерімен байланыстыра қарастырылады.
Басқа құдайлардан айырмашылығы Тәңірі материалданбаған, ол – рух, бүкіл
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz