Руникалық жазбалар. Орхон - Енисей ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
Руникалық жазбалар 2
Орхон-Енисей ескерткіштері 3
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Түрік тілдес халықтар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның
өнерлік сипатына айрықша мән берген. Соны айғақтайтын Оңтүстік-Сібір,
Орталық және Орта Азия жерлерінде бал-балтас, сағана-тас, мүсін-тас, құлпы-
тас ескерткіштері жиі ұшырасады. Олардың атауы сыртқы түріне, қашалып
жасалған формаларына қарай пайда болған. Бұғыны көз алдына әкелетіндіктен
осындай ескерткіштер бұғы-тас деп аталса, бағана сияқты биік тас діңгек-
бағана тас, жай-тастан қашалып қойылған белгі сияқты болып келсе оны бал-
бал тас деген. Соңғыларын ежелгі қыпшақтар білбіл деп атаған, адам
бейнеленген тасты мүсін тастар деп атайды. Олардың арасында әйелді
бейнелейтіндері көп кездеседі. Қазақстан, Алтай, Монғолия даласында
қызтас, келіншектас, кемпіртас деп аталатын, сондай-ақ атаусыз жай
әйелді бейнелейтін тастар да жиі ұшырайды.

Руникалық жазбалар

Құлпы-тасты, мүсінтасты көне түрік заманында елдің көсегесін
көгерткен көсем-басшыға, белгілі батырға, жүйріктігімен аты шыққан жыраулар
мен шешендер зиратына қоятын болған. Мүсін тастардың үлгісі әр дәуірде
әртүрлі болған. Олардың жасалуын өздерінің үйірлеріне, ерекшеліктеріне
қарап Әлкей Марғұлан үш кезеңге бөлген. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-І
ғасырлармен біздің заманымыздағы V ғасырлар аралығында қойылған тастан
жасалған ескерткіштер мейлінше биік келеді де олардың ұшар басына әйелдің
немесе ер адамның бас пішіні бейнеленеді. Екінші кезеңдегі, яғни, V-VІ
ғасырлардағы тас мүсіндер бұрынғыдай биік емес орта мөлшерде, адамның
сыртқы тұрқын ғана елестететіндей етіп қашалған. Ал VI-VIII ғасырлардағы
соңғы кезеңде тастан жасалған мүсіндерден адамның бет-бейнесін, көзін,
мұрнын, мұртын, құлағын, әйел болса сырғасын, моншағын айқын аңғаруға
болады. Олардың арасында қару-жарақ асынған жасақтардың бейнесі де
кездеседі.
Ашық далаларда, жота төбелерде жерден кісі бойы тіпті одан да биік
көтеріліп тігінен тізбектеліп тұрған балбал тастар да кездеседі. Олар
Қазақстанда Жасыбай көлінің маңынан жиі ұшырасады. Осындай тастардың күмбез
көтеру үшін, мазарлар, минареттер, мұнарлар салуға пайдалануы, құрылыс
материалдарының барған сайын күрделеніп, бұрын саз балшық, қамыс, шиден
салынып келген үй-жайлардың енді күйдірілген кірпіштен салынуы, олардың
қабырғаларының, биік босағаларының неше түрлі ою-өрнек нақыштармен
безендірілуі V-Х ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі өмір сүрген
қағанаттарда аз болмаған. Көне түрік заманында желісі тартылған мәдени
үлгілердің дамуы, тың тәжірибелердің жемісімен толығуы осы қағанаттар
тұсында да іске асқан.

Орхон-Енисей ескерткіштері

Желдей өскен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан адамзат көшінің
тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп өткен алыстағы арғы тегімізді
құрайтын адамдардан қалған ондай мәдени мұраларды археологтарымыздың қазба
жұмыстарының барысында көп тауып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде. V-Х ғасырдағы
Қазақстан және Орта Азия жеріндегі арғы тегіміз, алыстағы аталарымыздың
қауымдастығы - түркі тайпаларының қағанаттары мен алғашқы феодалдық
мемлекеттердің мәдениетін айғақтайтын әдеби жазба ескерткіштерге жататын
орхон жазбалары туралы, олар арқылы әлемде аты әйгі болып, төңірегіміз
түгел танып жатқан ертегі ерлік, шешендік шеберлік, кемеңгер келбетімен
бүгінгі ұрпақты таңқалдырып отырған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы,
сол дәуірдің тамаша туындылары Оғызнаме, Қорқыт ата кітабы туралы сөз
еткенде олардың қазіргі заманға қалай жеткені жөнінде де айта кетуіміз
керек.
Дүниежүзілік, бүкіл әлемдік өркениетті дамудың процестерін
қалыптастыруға үлкен үлес қосқан Азия құрлығындағы жүздеген халықтардың,
ұлттардың, ұлыстардың өткенін, басынан кешкенін, мыңдаған жылдық мәңгіге
айналған тарихын зерттеуге осы құрлықтағы елдердің тарихшыларымен бірге
Еуропадағы ілгері дамыған ілгері мемлекеттердің, оның ішінде Ресейдің шығыс
танушылары қосқан үлесі аз емес. Олар шығысты, оның ішінде Орта Азия мен
Қазақстанның тарихын зерттеген де осы өңірдің зиялыларына арқа сүйеді.
Олармен ынтымақтас болып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Олардың ішіндегі
озық ойлы, зерделі, алдыңғы қатарлы, біліктілерін орыс жағрапия қоғамына
тартты. Осы қоғамның мүшесі болған, еңбегін жұртшылық жоғары бағалаған,
ғалымдарға берілетін қоғамның мәртебелі сыйлықтарын алған қазақтың біртуар
ұлдары Шоқан Уәлиханов, Мұхамбет Салық Бабажанов сондай адамдар еді. Осы
қоғамның шығыс елдерін, Азия құрлығының тарихын зерттеушілер Н. М. Левшин,
В. В. Григорьев, Н. М. Ядринцев, В. В. Бартольд, В. В. Радлов Қазақстанның,
қазақ халқының тарихын зерттеуге, жариялауға өлшеусіз үлес қосты. Ядринцев
Орхон-Енисей жазбаларын ашса, Радлов оны оқып орыс, неміс тіліне аударып,
сол арқылы оның дүниежүзінің көптеген тілдерінде жариялануына, әлемдік
сипатты жаңалық ретінде танылуына себепкер болды. Орыстың жағрапия
коғамының шығыс-сібір бөлімі 1889 жылы Монғолия жеріндегі тарихи орындарды
зерттеу үшін ұйымдастырған арнаулы экспедицияны монғол жеріне орыс
саяхатшысы, көрнекті тарихшы ғалым Ядринцев бастап барды. Экспедиция
Алтайдың сұлу табиғатын тамашалап, ертеде ел жайлаған орындарын көріп, Қоша-
Цайдам аймағындағы Шыңғысханның ордасы болған қара-қорымда көне дәуірдің
жоғалып бара жатқан мұралары тастан жасалған ескерткіштермен танысады. Олар
сол қорымның терістік бетіндегі ойпаттау жердегі үлкен алаңдағы жел мен
жауыннан, қардан тозып, құрып бара жатқан құрылыстың қалдықтарына назар
аударады. Солардың арасында оларға бірнеше төрт қырлы, қашап жасаған, құлап
жатқан тас бағаналар кездеседі. Олар сыртқы жағына, ішкі бетінде және
қабырғасында белгісіз әріптермен жазылған жазуы бар тастарды көреді.
Солардың арасындағы төрт қыры түгелдей жазуға толы көлемі жағынан
басқалардан бөлектеу, ірілеу болып оқшауланып көзге түсетін сағана тасқа
Ядринцев айрықша көңіл аударады. Осы арада біраз уақыт болып ескерткіш
тастарды оның ішіндегі ерекше назарға іліккен тасты суретке түсіріп, ондағы
таңбаларды қағазға көшіріп алып, одан әрі жолға шыққан экспедицияға тағы
бір айрықша ірі, жазуы мол тастан қашалып жасалған ескерткіш кездеседі.
Ғасырлар бойы көсіліп жатқан кең даланың төсінде алыстан көз тартып
менмұндалап тұрған бұл тастың да жай тас емес екенін Ядринцев бірден біліп,
түсінеді. Оны мұқият тексеріп, хаттап алғаннан кейін экспедиция Қарақорымға
қайта оралып қазба жұмыстарын жалғастырады. Осы тұста Енисей бойында
Минусинск қаласының маңында екі мәрте болып қазба жұмыстарын жүргізген фин
археологиялық қоғамының экспедициялары да өздеріне түсініксіз таңбамен
толтырылған тастан жасалған ескерткіштер кездескені туралы хабарлар
жариялайды. Ондағы таңбалар да Ядринцев экспедициядағы тапқан тастағы
қашалған жазуға ұқсас еді. Рунь (жұмбақ) жазудың сырын ашуға көптеген
ғалымдар ынтызарлық білдіреді. Қалмақ немесе монғол жазуы, кент жазуы, скиф-
славян жазуы деп жорамал айтып сәуегейлік жасаушылар да аз болмаған. Бірақ
ол жазулардың ғылыми жолмен сырын ашып, оқып беру керектігін, мұның әлемдік
маңызы бар жаңалық болатынын ғылыми көпшілік жақсы түсінді.
Осындай жаңалықты бір мезгілде ашқан, 1898 жылы жұмбақ жазулардың
сырын анықтаған, олардың таңбаларының бүгінгі белгілі бір нақты әріптерге
сай келетінін және бұлардың көне түрік тілінде жазылғанын ғылыми жолмен
ешбір күмәнсіз дәлелдеп берген екі адам болды. Оның бірі - Данияда тұратын
скандинавия, фин жазбасының тарихымен шұғылданып жүрген белгілі ғалым
Вильгельм Томпсен, ал екіншісі орыс ғалымы шығыстанушы, академик В.В.
Радлов болды. Соңғысы Ядринцев назар аударып айрықша мән берген екі үлкен
сағана тастағы жазуларды түгелдей оқып, орыс, неміс тілдеріне аударып,
әлемдік ғылыми жұртшылығының игілігіне айналдырды.
Ядринцев тапқан алғашқы екі ескерткіштің бірі Шығыс Түрік қағанатының
қағаны Білге қағанның, екіншісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түрік мәдениеті: Орхон, Енесей жазбалары
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі жазуы туралы
Көне түркі тілі
Көне түркі ескерткіштерінің жалпыадамзаттық құндылығын анықтау
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Пәндер