Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы, Оғыз наме )



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Түркілердің тарихына жалпы шолу 2
Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы,
Оғыз наме) 5
Түркілердің наным-сенімдері 9
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі. 15

Кіріспе

Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі, Еуропаның шығыс бетінде
қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, әзірбайжан халықтарының
негізін құрайтын түрік тілдес, түркі тектес жұрттардың әртүрлі ат,
атаулармен танылған, тарихта белгілі болған қағанаттары, алғашқы феодалдық
мемлекеттері өмір сүрген. Ұлыс, Қағанат, Сұлтандық, Ел, Дәулет,
Орда сияқты аттармен әйгілі олардың дербес басқару жүйесі, өзіндік
мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы болған. Қазақстан мен
Орта Азияны мекендейтін әртүрлі ұлттар мен халықтардың бүгінгі болмысы
солардан бастау алып, мәдениеті мен экономикасы да сол тұстағы өсіп-
өркендеу, тұрмыс-тіршілік тәжірибесінен сұрыпталып шықты. Сондықтан V-Х
ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Қағанат, хандықтан,
сұлтандықтардың тарихына көз жіберіп, олардың мәдениетіне біраз тоқтала
кетудің жөні бар. Мұның өзі жалпы адамзаттың тарихын білу үшін де маңызды.
Өйткені, бұл кезеңдегі алғашқы феодалдық мемлекеттердің тарихы мен
мәдениеті әлемдік дамудың құрамдас бөлігі, ажырамас, айнымас арнасы.

Түркілердің тарихына жалпы шолу

Әртүрлі рулық, тайпалық одақтар, мемлекет тектес иеліктер біздің жыл
санауымызға дейін де болды. Солардың үлгісі мен VI ғасырдың орта шенінде
түрік қағанаты дербес ел ретінде әлем сахнасына шықты. Ол қыпшақ, қарлұқ,
қырғыз, теле, түркмен, чик, аз сияқты түркі тілдес тайпалардың басын
біріктірді. Шығысында Қытай қақпасы, батысында темір қақпа (Дербент)
арасында біртұтас билік жүргізген үлкен мемлекет болды. Осы тұста оған
қараған ру тайпалардың арасында да қыпшақтардың аты кеңінен тарады. Қазіргі
қазақ жұртының негізгі арналарының бірі, түрік қағанатының мықты тірегі
болған қыпшақтар өз ортасынан биік мәртебелі батырлармен шешендік үлгісін
қалдырған билерді, елге басшы болған көсем тұлғаларды көп шығарды.
Қыпшақтар бүкіл түрік қағанатының халқы сияқты тәңірі дінін тұтынып, көкте
күнге, аспанда ай, жұлдызға табынды. Олар орасан зор көлемі кең жерді
иемденіп бұлтартпайтын билік жүргізіп отырған қанағатқа қарайтын отыздаған
тайпа, ұлыс, халықтармен бір тілде сөйлесіп, бірыңғай мәдениет
қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Кейін ақсүйектер арасындағы алауыздықтың
нәтижесінде қағанат ыдырап, бірнеше иеліктерге бөлшектене бастағанда
қыпшақтар да бірнеше топтарға бөлініп, Орхон өзенінің, Алтай өңірінің,
Ертістің сол жағының бойына жайыла қонып, шашырап мекен етті. VI ғасырдың
аяғына таман түркі қағанатының тұтастығы бұзылып, ол Батыс түркі қағанаты,
Шығыс түркі қағанатына бөлінді. Соңғы екеуінің негізінде Түркеш хандығы,
Қарлұқ жабығылығы, хазар қағанаты сияқты иеліктер өмірге келді. Батыс түркі
қағанаты 603 жылы құрылып, Жетісуды, Шығыс Түркістанды, Тянь-Шанның батыс
бетін, Орта Азияны қамтып жатқан ірі феодалдық мемлекет болды. Оның
астанасы Шу алқабындағы ертеден белгілі Суяб қаласы еді. Оның негізін
қалаған Істем қаған 558 жылы аварларды Батысқа қарай ығыстырып Еділ мен
Жайық бойын өзіне қаратты. Оның негізінде өмірге келген Түркеш хандығы 704-
766 жылдар аралығында, одан кейінгі қарлұқ қағанаты 766-940 жылдарда өмір
сүріп, дәурен кешті. Түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз
тайпалардың басын біріктіріп, ІХ-ХІ ғасырларда дәуірленген оғыз тайпаларын
Батыс Қазақстан жерін, Сыр бойын өзіне мекен етті. Онда Сүткент, Сығанақ,
Қарнақ сияқты сауда-саттықпен өркендеген қалалар болды. Оғыздардың астанасы
Сыр бойындағы Янгикент шаһары еді. Сән-салтанатпен қалада тұрған халықтар
егіншілікпен айналысып, мал өсірумен шұғылданып көшпелі өмір кешкен
Оғыздармен тығыз шаруашылық қарым-қатынаста болды. Кейін оғыздардың басым
көпшілігі қыпшақтардың қысымымен шығыс Еуропа мен кіші Азияға қарай жылысып
ауа көшті де екінші бір бөлігі осы арадағы қыпшақтарға, басқа да ру
тайпаларға сіңісіп кетті. 745-840 жылдар шамасында толық бір ғасырға жуық
уақыт өмір сүріп, тарихта із қалдырған қағанаттардың бірі ұйғыр қағанаты.
Мекен тұрағы Селенгі, Орхон, Толы өзендерінің бойы болған бұл иеліктің
іргесін қалап, елдің дербестігіне жол ашқан Құтлық Білге құл қаған оның
шекарасын солтүстігінде Алтай тауларынан Манжурға дейін, оңтүстігінде Гоби
шөліне дейін кеңітті. Онда мемлекеттік бірыңғай тіл, түркі тілі, түркі
жазуы жазба түсіністік негізі болды. Оның халқының діні негізінен тәңірілік
дін болғанмен елде Христиан дінін, Манихейлік дінді, жаңа еніп келе жатқан
Ислам дінін ұстанушылар да болды. Сондай-ақ пұтқа табынушылар да аз болған
жоқ. Осы қағанат өмір сүрген кезде ұйғыр жазуы пайда болды. IX ғасырдың
орта тұсында бірнеше шағын иеліктерге бөлініп кеткен бұл қағанат
тұрғындарынан қалған мәдени мұралар мен тұрмыс-тіршілік үлгілері түрік
тілдес халықтарында күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Қазіргі қазақ жерінің оңтүстігіндегі түрік қағанатының жерінде талай-
талай мемлекеттік құрылымдар болғанын, олардың бірінің орнына екіншісі
келіп үнемі ауысып жатқанын жылнама-шежірелерден айқын көруге болады.
Қарахан қағанаты (840-1069-80 жж.) оның артынша өмірге келген Ғазнауи
сұлтандығы (964-1315 жж.), тарихта өзіндік орны бар Салжүк сұлтандығы Орта
Азиямен Қазақстан аймағында феодалдық дербес, өз алдына мемлекеттер құрып,
дәурен сүрді. Оларда ел билігінің, тұрмыс-тіршіліктің жол жоралғысы, мәдени
дамудың өрнек-үлгілері, әдет-ғұрпы, салт-сана рәсімдері қалыптасып, дамудың
әртүрлі сатысында өзгеріп, жетіліп өз жалғасын тапты.
Мәселен әлгіде де сөз еткен елдерден мол фольклорлық мұралар жетіп
отыр. Қорқыт ата, Алдар көсе сияқты жұртқа кеңінен танылған бейнелер сол
тұста пайда болды.
Қарахан қағанатынан қалған мәдени, әдеби үлгілер, сәулет өнерінің
жемістері аз емес. Махмұд Қашқаридың дерегі бойынша бұл мемлекеттің ұйтқысы
болған рулар Қарлық, Шігіл, Ягма, Тұқсы бұлақтар екен. 840 жылы дүниеге
келген бұл қағанаттың аты басты, ірі, ең биік, ең үлкен, ең ұлы деген
ұғымға сәйкес келетін қара деген сөзден шыққан. Бұл атауды белгілі
шығыстанушы В. В. Григорьев ғылыми айналымға енгізіп қараханид елінің
тарихын зерттеп, көптеген мағлұматты жұртшылық игілігіне айналдырған.
Қарақан қағанатының астанасы сән-сәулеті, ғылым-білімдегі табыстары мен аты
шыққан Баласағұн қаласы. Қазақ жерінде бұл сияқты қалалар аз болмаған.
Еуропа мен Азияны, Батысы пен Шығысты байланыстырып жатқан отырықшы ел мен
көшпелілер қарым-қатынасына өзек болған қалалардың арасында Ұлы жібек
жолының бойында жатқан Суяб, Тараз қалалары құрылысы, сәулет өнерінің
өзгешелігімен көзге түскен. Осындай мәдени орталықтардың бірі Отырар туралы
жиналған көп мағлұматтар бар. Ол ертеректе Тарбан деген атпен белгілі
болған. Арабтар осы дәуірге келіп орныққаннан кейін оны Фараб деп атаған.
Отырар туралы Француз деректемелері де аз емес. Шығыс халықтары туралы
негізгі мағлұматтардың әмбебап сөздігі немесе Шығыс кітапханасы деп
аталатын Бартолоэ Д. Эрбело 1697 жылы бастырып шығарған кітапта бұл қала
емес, жерінде нулы орманы, өңделген жер учаскелері бар бүтіндей бір ел,
оның ені мен ұзыны жүріп кеткенде күншілік уақыт алатындай кең деп
көрсетілген. Зәулім үйлері, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған
ғимараттары бар бұл қалада ең бай кітапхана болған. Осы қала туралы
Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде - руналық жазбаларда да деректер
кездеседі. Тараз, Суяб, Отырар, Сығанақ, Испиджаб, Каялық сияқты қалалар
Византия, Иран, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістандағы елдермен сауда жасауда,
мәдени байланысты өрістетуде үлкен роль атқарды. Мәселен, Батыстан келе
жатқан кіре-керуендер Испиджабқа тоқтап, Созақ, Құмкент, Баба-ата сияқты
қалаларға соғып, Орталық Қазақстанның ұланғайыр далаларындағы көшпелі
елдерге бет алатын болған. Керуен жолындағы қалаларда сауда-саттықпен бірге
қолөнершілік, сәулет өнері кеңінен дамыды. Қолөнердің осы уақытқа жеткен,
қазба зерттеу барысында табылған үлгілері ол кезде темірден, тастан, алтын,
күмістен әшекейлеп жасаған сәндік бұйымдар, тұтынатын заттар болғанын
дәлелдейді. Сонымен бірге осы аймақтардың тұрғындары ұстаған, қолданған
аспаптар, құралдар, әбзалдар олардың иелерінің мәдени дәрежесінің, өмір
тәжірибесінің осал болмағанын байқатады. Оларға сәулет өнерінің жұрнақтары
тастан қашалған, тастан істелген үлгілерді қоссақ көз алдымызда белгілі
дәреже, биік дамыған мәдениеті бар бүтіндей бір әсемдік әлемі пайда болады.
Әсіресе, соңғы жылдарда табылған тастан істелген үлгілердің өздерінің
қайталанбайтын ерекшеліктерімен көз тартатынын айтуымыз керек.
Түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болған көшпелі және
жартылай көшпелі қаңлы, қарлұқ, шігел, түкси, ягма, оғыз, қимақ, қыпшақ
сияқты евразия құрлығын еркін жайлаған тайпаларда өздерінің өмір сүрген,
мекен еткен, қоныс қылған жерлерінде тастан жасалатын өрнектелген белгілер
қалдыру әдеті болған. Еуропалықтар кумандар деп, орыстар половцылар деп
атаған осы тайпалардан қалған ескерткіш тастар ресейдегі қара топырақты
аймақтың ұшы - қиырсыз далаларынан да кездеседі. 80-інші жылдарда
Ворошиловград мұражайында ашық аспан астына қоршалған алаңдағы көрмеге
осындай 58 тас мүсін қойылған. Әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын үлгіде
жасалған осы туындылардың арасында сәбиін көтерген ананың тастан қашалған
мүсіні бар екен. Осындай мүсінді 1860-жылдарда ішкі Ордадағы Нарын құмынан
орыс жағрапия қоғамының мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов тапқан. Қазір Санкт-
Петербургтегі Эрмитажда жұрттың тамашалауына қойылған бұл мүсін тас жөнінде
ішкі ордадан табылған тас қатын деген атпен ол Пчела журналына мақала
жарияланған.
Түрік тілдес халықтар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның
өнерлік сипатына айрықша мән берген.
Көне түрік заманында желісі тартылған мәдени үлгілердің дамуы, тың
тәжірибелердің жемісімен толығуы осы қағанаттар тұсында да іске асқан.
Желдей ескен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан адамзат көшінің
тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп өткен алыстағы арғы тегімізді
құрайтын адамдардан қалған ондай мәдени мұраларды археологтарымыздың қазба
жұмыстарының барысында көп тауып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде.
V-Х ғасырдағы Қазақстан және Орта Азия жеріндегі арғы тегіміз,
алыстағы аталарымыздың қауымдастығы - түркі тайпаларының қағанаттары мен
алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениетін айғақтайтын әдеби жазба
ескерткіштерге жататын орхон жазбалары туралы, олар арқылы әлемде аты әйгі
болып, төңірегіміз түгел танып жатқан ертегі ерлік, шешендік шеберлік,
кемеңгер келбетімен бүгінгі ұрпақты таң қалдырып отырған Күлтегін, Тоныкөк,
Білге қаған туралы, сол дәуірдің тамаша туындылары Оғыз-наме, Қорқыт ата
кітабы туралы сөз еткенде олардың қазіргі заманға қалай жеткені жөнінде де
айта кетуіміз керек.

Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы,
Оғыз наме)

Дүниежүзілік, бүкіл әлемдік өркениетті дамудың процестерін
қалыптастыруға үлкен үлес қосқан Азия құрлығындағы жүздеген халықтардың,
ұлттардың, ұлыстардың өткенін, басынан кешкенін, мыңдаған жылдық мәңгіге
айналған тарихын зерттеуге осы құрлықтағы елдердің тарихшыларымен бірге
Еуропадағы ілгері дамыған ілгері мемлекеттердің, оның ішінде Ресейдің шығыс
танушылары қосқан үлесі аз емес.
1898 жылы жұмбақ жазулардың сырын анықтаған, олардың таңбаларының
бүгінгі белгілі бір нақты әріптерге сай келетінін және бұлардың көне түрік
тілінде жазылғанын ғылыми жолмен ешбір күмәнсіз дәлелдеп берген екі адам
болды. Оның бірі - Данияда тұратын скандинавия, фин жазбасының тарихымен
шұғылданып жүрген белгілі ғалым Вильгельм Томпсен, ал екіншісі орыс ғалымы
шығыстанушы, академик В.В. Радлов болды. Соңғысы Ядринцев назар аударып
айрықша мән берген екі үлкен сағана тастағы жазуларды түгелдей оқып, орыс,
неміс тілдеріне аударып, әлемдік ғылыми жұртшылығының игілігіне айналдырды.

Осы тасқа қашалған жазуларға қандай сипаттама беруге болады, оларда не
айтылған? Оны біреулер тарихи деректеме деп, екінші біреулер бұл әдеби
шығарма, өз дәуірінің әдебиет үлгілері деп оларға Қандай сипаттама беру
жөнінде пікір таласын туғызып жүргендердің бар екенін білеміз. Солардың
біріне де қосылмай, олардың біреуінің де пікірін қолдамай, айтайық
дегеніміз бұл жазулардың V-Х ғасырлардағы түрік тайпаларының жоғары
мәдениетінің үлгілері болғандығы. Осы жазулардың сыры мәлім болғанға дейін
Шалқар кеңістікте шашырап жатқан түрік тайпаларының жазу, сызуы болмаған
деп есептелді. Ал бұл тастар олардын жоғарғы биік мәдениеті, жазу-сызуы,
көңілге қонымды дәстүр-салты болғандығын айғақтайды. Онда тарихи деректерде
аз емес және олардағы әдеби үлгіге жататын көркемдік талғамның биіктігіне
қайран қалмасқа болмайды. Әдебиеттің өмірді, тарихи шындықты бейнелейтін
көркемдік нұсқа екенін ескеретін болсақ, бұл жазуларда осы екеуінің қатысып
жатқанын байқау киын емес. Демек, жазулар оны қалдырған VI ғасырдағы түрік
тайпаларының жыл санауымызға дейін өмір сүрген ертедегі арғы ата тегімен
тығыз байланысы болғанын, өткенін, өшкенін терең білгенін, зердесіз
болмағанын аңғартады. Олар өздерінің дәурен сүрген кезеңін, өмір салтын,
ерлігін, елдігін мақтан етеді. Ашық аспан мен қара жердің арасында тіршілік
еткен адамдардың түркі тектес тайпалары болғанын, онан Бумын қаған, Істем
қаған сияқты кемеңгер басшылар шыққанын, елде береке байлықтың, бірліктің
болғанын, соның арқасында төрт тараптан аңдыған жаулардың еңсесінің басып,
басы барын еңкейтіп, аяғы бардың тізесін бүктіріп, бағындырғанын жазады. Ол
жаугершілік заман болған. Тынымсыз соғыстар, қырғын шайқастар, алапат
айқастар жұртты мезі еткен. Сондықтан бейбітшілік халықтардың аңсаған
арманы, абзал мұраты болған. Түрік қағандары сол бейбіт өмірді орнықтыруға
күш салған. Осы бейбітшілікті орнату жолындағы күресте аты шыққан
Күлтегіннің ерлігі ерекше екпінді ырғағы бар жыр жолдарымен баяндалатынын,
оның 16 жастан 47 жасқа дейінгі, яғни өмірінің соңғы сәтіне дейінгі ерлік
істерінің соншалық шабытпен жырланатынын Мұхтар Әуезов те аса үлкен
толғаныспен атап өткен. (11 том)
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен дамылсыз дамуындағы оның ажарын
ашатын, оқыған, білген адамына нәр дарытатын VІІ-VІП ғасырларда Сырдария
бойын мекендеген оғыз қыпшақтар арасында пайда болып, сан ғасырлар бойы аса
бағалы тарихи мәнін, көркемдік қасиет, сапасын жоймай, ауыз әдебиетінің
асыл мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан шығармалардың бірі -
Қорқыт ата кітабы (Китаби дедем Коркут).
Жұрттың жадында, халықтың аузында аңыз-әңгіме ретінде сақталып келген
бұл кітаптың, қазір әлемде екі ғана қолжазбасы бар екені мәлім болып отыр.
Ұзақ-ұзақ он екі жырдан немесе он екі оғыз-намеден тұратын Қорқыт атаның
оғыз тайпасы тіліндегі кітабының бір данасы Дрезден қаласындағы
кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында, ал алты жырдан тұратын
оның екінші қолжазбасы Италиядағы Ватиканның Аристолика кітапханасында
сақталып келеді.
Қорқыттың кім болғанын түрік тектес, түрік тілдес халықтарда, оның
ішінде иісі қазақта білмейтін кісі аз. Ол - сегізінші ғасырда Сыр бойында
өмір сүрген атақты батыр, айтулы ақын, асқан күйші. Оның анасы оғыз, әкесі
қыпшақ болған. Қазақтардың бүгінгі қонысына иелік еткен бұл ұлыстар
халқымыздың этникалық арқауы, алыстағы арғы ата тегін құрайтын қайнары
болды. Оғыз тайпаларының сыр бойында ертеде Янги-Кент, Узкент, Жент,
Отырар, Шаршыкент, Сүткент деген кенттері олармен қанаттас көршілес жақын
жатып ырысты ынтымақ, қызу қарым-қатынаста болған қыпшақ тайпаларының
Сығанақ, Сауран, Түркістан сияқты қалалары қазақтың бүгінгі мәдениеті мен
салт-дәстүрінің алғашқы бастапқы үлгілерін өмірге келтірді. Осы қалалар мен
кенттерде талай тамаша үздік, ақылды да білімді, өнерлі де өнегелі адамдар
өмір сүрді. Солардың бірі Қорқыт еді. Ол Сырдарияның төменгі сағасындағы
қазіргі Қармақшы ауданының жерінде болған Женкент қаласында дүниеге келіп,
өсіп-өніп, тіршілік етіп керемет күй-жырларын, нақыл-ғибрат сөздерін
шығарып, күллі адамзатқа өшпес ғұмыр іздеп желмаямен жер жаһанды кезіп, еш
жерде тұрақ тыныштық таппаған. Қайда барса да Қорқыттың көріне кездесіп,
ақыры осы қалаға оралып дүние салған. Көзі тірісінде атағы шартарапқа
жайылып кейін оның аты аңызға айналады. Ол туралы аңыз оның дүниеге
келмеген кездерінен басталады. Аңызда Қорқыттың ғазиз анасының құрсағында
үш жыл жүргені айтылады. Жыл сайын толғатып жеңілдене алмай жүрген ана
бойына бала біткеніне үш жыл толып, босанар сәті жеткенде, тер басып бойын
кернегенде, жалбарынып тәңірге көздің жасын төккенде, төңіректі қою
қараңғылық қаптап, ызғырық жел соғып жерден, көктен, аспаннан селдетіп
жауын жауады. Қара түнектен қаптаған қара жауынға ұшыраған қара таумен Сыр
бойының ұштасқан жері содан бастап Қараспан аталған.
Қорқыт туар кезде
Қараспанды су алған,
қара жерді күл алған,
ол туарда ел қорқып,
туғаннан кейін қуанған, - деп келетін жырлар соған орай айтылған. Үш
күн бойы дамылсыз соққан дауыл, дүниені дүрілдеткен дүлей күш жер басқан
тірі пенде мен жан-жануарды қатты қорқытқан. Осындай сәтте дүниеге келген
сәбидің аты Қорқыт болған. Ол туғанда жайма шуақ жайдары күн шығып,
қорыққан жұрттың жүрегі орнына түскен. Міне, осылай басталатын Қорқыт ата
туралы аңыз небір ғажайып жалғасын тауып айтыла береді, айтыла береді.
Осындай аңыздарға негізделген Қорқыт ата кітабы жай дүние емес,
даналық шежіресі. Онда ертедегі оғыз қыпшақтардың күнделікті тұрмыс
тіршілігі, қайғы қуанышы, қайырымдылық пен қаталдықтың, ерлік пен ездіктің,
жақсылық пен жауыздықтың көріністері суреттеледі. Ғибрат аларлық үлгі
етерлік жайлар сөз болады.
Қорқыт ата туралы Ватикан архивінде: Расул пайғамбар (Мұхаммед
пайғамбар) заманына жақын тұста (VIII ғасырда) Баят (Сырдария) бойында
Қорқыт атты бір ер болыпты. Ол Оғыз ішіндегі барлық уәлаятты өзіне қаратып,
неше бір ғажайып сөздер айтатын. Қорқыт ата Оғыз қауымының мүшкіл халі
туралы сөйлер еді. Әрине, ісі болса жұрттың бәрі оның алдына келіп, кеңес
сұрап, ол нені бұйырса, соны қабыл етер еді - деген деректің бар екені
1980 жылы Стамбулда шыққан Дада Қорқыт кітабында келтірілген.
Қорқыт ата Инал, Құл еркін, Қанды қожа сияқты Алтай, Ертіс, Ұлытау,
Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін
билеген хандарға ақылгөй уәзір болған. Ата-бабадан қалған қасиетті қонысты,
межелі жер мен мекенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Пәндер