Жетісудағы Тиграхауд - сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Үйсіндер (Усундер) 3

Археологиялық ескерткіштері4

Үйсіндер шаруашылығы5

Шаруашылығы7

Меншік қатынастары8

Әдебиеттер тізімі12

Кіріспе

Қазақстан жерiн ертеден жайлаған үйсiндер туралы не бiлемiз? Батыс үйсiндердiң шекарасы Шу және Талас өзендерi арқылы өтiп, Қаратаудың шығыс бөлiктерiне дейiн созылып жатқан. Үйсiндердiң қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсiн ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн /"Қызыл-Аңғар қаласы"/ Есiк көлдiң жағасында орналасқан. Ол ертеден белгiлi "Ұлы Жiбек" жолындағы маңызды сауда орталығы.

Үйсiндер туралы алғашқы деректер б. з. б. 2 ғасырдың аяқ шенiнде белгiлi бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас iздеп, "Батыс өлкесiне" б. з. б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшiлiк жiбергенде ол Жетiсуда болып, үйсiндер жөнiндегi алғашқы хабарды әкеледi. Чжан Цзяннiң хабарына қарағанда, үйсiндердiң саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б. з. б. 73-ші жылға дейiн үйсiндердiң жерi үш бөлiкке: сол /шығыс/ бөлiкке, оң /батыс/ бөлiкке және ғұньмоның өзiне қарайтын орталық бөлiкке бөлiнген, бiрақ олардың бәрi ғұньмоға тәуелдi болды. Үйсiндердiң тарихы кiшi ғұньмолар мен ұлы ғұньмолардың үстемдiк үшiн өзара болған күрестерiмен тығыз байланысты. Үйсiндер көршiлес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсiндермен одақ болып, Хань мен ғұн әмiршiлерiнiң қыздарын үйсiн ғұньмоларына әйелдiкке берiп отырған.

Қытайдың Хань дәуiрiндегi әулеттiк жазбаларда үйсiндердiң саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, бiздiң заманымыздың III ғасырына дейiн жеткiзiлген. Бiздiң заманымыздың 437 жылы үйсiндер Хань ордасына елшiлер жiбердi деген хабар бар. Академик В. В. Бартольд - "Очерк истории Семиречья" деген кiтабында және қазақ халқының ауыз әдебиетi тарихында үйсiндердiң негiзiн құраушылардың бiрi - Дулат атты тайпаның болғанын айтады.

Үйсiндер негiзiнен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егiншiлiк кәсiптi де бiлген. Көбiнесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, iрi қара, түйе өсiрген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы аулаған. Үйсiндер жүн тоқып, терi илеп, киiм тігіп киген.

Үйсiндер қоғамы бiртектi болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектерiне, әскери және дiни адамдар, жрецтер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егiншiлiкпен айналысатын қарапайым топтарға бөлiнген. Үйсiндердiң тапқа бөлiнуiн олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетедi.

Бертiн келе үйсiндердің алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркiн жандар мен құлдарға бөлiнедi. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланды, оны өзiнiң меншiгi деп есептедi. Үйсiндердің бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтiрiп бiрге көметiн болған. Мұның өзi сол кезде қоғамның таптық жiкке бөлiнгенiн айқын дәлелдейдi.

Үйсіндер (Усундер)

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. з. дейінгі II г. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы «гуньмо» (Күн баг - Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін салды.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді-дағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.

Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Деректерде б. з. 111-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.

Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер - түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ қалай болса да әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

Археологиялық ескерткіштері

Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған обаларына қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мекенжайлары зерттелген. Үйсіндердің қорымдары тау сілемдерінде, таулы алқаптар мен өзен жағалауларына орналасқан. Әдетте олар озен бойын қумай созылып жататын обалар тізбегі болып табылады. Обалардың көпшілігі диаметрі 6-20 және биіктігі 0, 5-1, 5 м топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Үйсін қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым үлкен, диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-12 м обалар кездеседі. Сондай обалардан - тіпті таланып-тоналғандарының өзінен - археологтар алтыннан жасалған көптеген әшекейлерді - киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола айналарды, ағаш қобдишаларды тауып алып келеді.

Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі ІІІ-ІІ ғғ. жатады. Олар - Қапшағай ІІІ, Өтеген ІІ, Қызыл еспе, Қызыл ауыз ІІІ, Қызыл Қайнар. Оларға ортақ сипат - қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.

Зерттеушілер мерзімін б. з. бұрынғы I ғ. - б. з. I ғ. деп шамалайтын, келесі (орта) кезеңге - Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел, Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезеңде үйсін қорымдары жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.

Ақырғы мерзімі II - III гг. деп саналатын үітніт - кейінгі кезеңге Қапшағай II, Шолақ-Жиде I, II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.

Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, «тізбектер» атымен жоқ. Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып жабылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй іргесіндегі мал шаруашылығына коса егіншілікпен айналысқан тәрізді.

Тян-шаннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген шатқалдардан кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі шұрайлы өзенінің бойында. Ол арадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары аршылып ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Қыстақ қасынан ежелгі егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.

Үйсіндер шаруашылығы

Қытай бастау хаттары үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттаған. Оларда үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» -деп жазылған.

Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігінде шешуші рөл атқарған. Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірін қоныс еткен қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып, қысқы мерзімге әзірленіп-әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес -30-100 шақырым шамасында болады. Сол себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар сол арадан тұрақты үйлер салып, оның қасынан егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі - олардың тұрақты тұрғын үйлері, қора-жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ-табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі дақылдар қалдықтары бар мекенжайларының болуы.

Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі кезеңінен кейінгі кезеңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған. Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді - мал шаруашылықты - егіншілік болған. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі. Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған деседі. Үйсіннің Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмада шоқтығы биік айғыр мінген салт кісі бейнеленген.

Дәулетті-текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап алатын болған немесе тарту-таралғы және салық ретінде алып отырған.

Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып жасайтын болған.

Үйсіндер мыс, қорғаныс, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған, темірді балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар, киім-кешек әшекейлеп істеп шығарған.

Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары - тайпа мен ру дэулеттілері. жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола алады. Үйсіннің кейбір әскербасылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің қолында алтын мен мыс мөрлері болғаны туралы жазба деректер айғақталады. Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралады екен.

Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология материалдарынан айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді: диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диаметрі 10, биіктігі 1 м дейін жететін ең көп кездесетін кішкентай тағылған алтын қаптырмалар, алтын сырғалар, алтынмен қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған. Ал, кішкентай обалардағы қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады, мәйіттің қаңқасымен қатар темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір кезде қола сырғалар мен қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба деректер де, археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму барысында мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.

Шаруашылығы

Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның усундер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді.

Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды қажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін.

Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік құралдарының (кетпен) сипаты егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген.

Ежелгі усундерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: усун гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын усуннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген.

Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі усундер жер өндемеген, бірақ «ағаш егетін болған» деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші Янь ШиГу - б. з. VII ғасырдың тарихшысы - «ағаш егеді» деген сөз «ағаш отырғызады» деген сөз» - деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун усундер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болса да, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі қытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар жөніндегі дәстүрлі ұлы державалық саясатынан туындап, олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды.

Мәселен, отырықшылық пен егіншілік ертедегі усундерде біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында-ақ болған деуге негіз бар, ал б. з. ШV ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы, тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.

Меншік қатынастары

Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан қадам болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдық, тайпалық және рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.

Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалық ақсүйектердің қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көрсетіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы кездейсоқ емес. Бір ғажабы олар енді бірлі-жарым немесе топтық құрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе топырақ обалардай тың қорымдар. Олар усундерге дейін-ақ пайда болып, усундер заманы барған сайын көбірек таралған.

Қандай формада болса да рулық па, қауымдық па, немесе жеке ме меншіктің болғанының бір белгісі онын ерекше бір белгімен таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік экономикалық себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардың пайда болған кезінен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.

Кейін, қыш ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтқанда, мініс аттарына да салынатын белгі таңбалар пайда болды. Жылқыға таңба салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б. з. VI-VIII ғасырларында кеңінен тарады. Металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғанын көрсетеді. Олардың шығуы туралы мәселе пікірталас туғызатын тақырып болғанмен, мөрлердің таңбасы қандай материалға басылса да, бейнесі сол заттың мөр басқан адамға тиесілі екені барша жұртқа түсінікті белгі болған. Мұндай тұжырымды усун моласындағы қыш мөр растайды. Усун мөрінің табылуы күтпеген жай емес. Ертедегі хрониктердің мәліметтеріне қарағанда, усундердің кейбір әскербасылары мен чиновниктерінде алтын және мыс мөрлер болған.

Ал қабір жанынан табылған қыш мөр усун қоғамында тек шонжарларда ғана емес, адамдардың неғұрлым қалың тобының да өз мөрлері болғанын дәлелдейді. Шонжарларда мөрлер гуньмолар сарайы жанындағы лауазымды адамдар билігінің белгісі болса, ал қарапайым тас және қыш мөрлер, тегінде, әр түрлі қожайындардың меншігін ажырату үшін пайдаланылса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Сақтар жайлы
Сақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениеті туралы
Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың орналасуы, хронологиялық шеңбері
Үйсін мемлекетінің құрылуы
Қарақытай мемлекеті
Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар
Қазақстан тарихы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz