Банк және оның типтері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БАНК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПЕРІ

Банктің пайда болуы және оның түрлері

Несие жүйесінің негізгі бұыны - банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар жауапкершілігі шектеулі сертіктестердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардыңжәне халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айландырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank» - орындық, «айырбас орындағы - айырбас орны»дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейнгі VIII - V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәүлім ғимараттар салынған. Ал феодализмдге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғғ. Сауданың кең өрістеүіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталисттік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі ерлер мен қалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні- екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінрек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж) және Гамбургте (1618ж) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталды қайталама айналымымен байланысты аз болады, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.

Ал капиталисттік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болдв. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бқлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерлердің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады. Эмиссиялық банк - айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға ) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты- айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар - ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие -есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол -елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер, Комерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебат үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк- несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк- несие жүйесінің филиалдары бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО -ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVIIғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, XIXғ. Аяғы және XXғ№ басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк - несие мекемелерінен құрылды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Банкомат
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Ақша саясаты
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Экономикалық теория пәні бойынша қысқаша анықтамалық
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz