Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар 5
Ұлы моғолдар 7
Мемлекеттің ішкі жағдайы мен әскері 8
Діни жүйесі 11
Үнді әулеттерінің тізімі 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Тиімді геостратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және саяси
салмағы сияқты факторларына байланысты Үндістан мемлекетінің қазақстандық
дипломатия үшін үлкен практикалық құндылығы бір бөлек.
Оңтүстік Азия аймағын қалыптастыратын Үндістан кіші құрлығы Орталық
Азияға тікелей жанасып жатыр.
Қазақстан Үндістанмен достық қатынастарды нығайтуға ұмтылып отыр. Осы
мемлекетпен ынтымақтастық олардың аймақтағы саяси беделін, әскери-саяси,
экономикалық, ғылыми-техникалық, ресурстық және мәдени әлеуетін есепке ала
отырып, құрылады. Олардың географиялық орналасуы және осыдан туындап
отырғанындай Қазақстанның әлемдік көліктік коммуникацияларға қол
жеткізуінің қолайлы перспективалары екі жақты қатынастарды дамытуды
басымдық берілетін деңгейге көтеруді талап етуде.
Үндістан Республикасы әлемдік қоғамдастықта секуляризм мен әлеуметтік
әділеттілік мемлекеттік саясаттың негізі деп жарияланған ірі демократиялық
ел ретінде қаралады. Өзінің тәуелсіз дамуының жарты ғасырдан астам
тарихында Үндістан бұрынғы отар елден экономикалық қуатты елге дейін үлкен
жолдан өтті.
Үндістанның экономикалық табыстарының негізінде терең дағдарысқа және
теріс сауда балансына байланысты 1991 жылы қабылданған қаржылық реформалар
мен экономикадағы құрылымдық қайта құрулар жатыр. Елде салық салу жүйесін
реформалау, мемлекеттік бюджет дефицитін қысқарту, экономикалық өнеркәсіп
секторын қайта реттеу және ырықтандыру, сауда-тариф жүйесін реформалау,
банктік қаржылық секторға бақылауды күшейту сияқты іс-шаралар жүзеге
асырылды. Үндістан халықаралық саясатта, әсіресе Қосылмау қозғалысы
шеңберінде жетекші рөл ойнайды. Мыңжылдықтар шебінде Үндістанның
халықаралық маңызы тағы да арта түсті. Бұған ғаламдану дәуірінде елдің
сауда-экономикалық мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде
өзінің сыртқы саяси бағытын жандандыруы себепші болды.
Қазіргі уақытта Үндістан елдің халықаралық. істерге белсенді қатысу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін ресурстық мүмкіндіктерге, сондай-ақ ядролық
әлеуетке ие болып отыр.
Делидің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ететін басқа бір елеулі
фактор Ислам діні болып табылады. Осы тұрғыдан Үндістанды миллиардтай
болатын халқының 170 млн. астам адамы ислам дінін ұстанатын ірі мұсылман
мемлекеттерінің бірі ретінде қарауға болады. Соңғы уақытта осы мемлекеттің
Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелікке өтуге белсенді әрекет жасап жүруі
тегін емес.
Үндістанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағы айрықша орын алады.
Осы аймақтың елдерімен қарым-қатынасты Дели өзінің халықаралық қызметінің
басымдық берілетін бағыттарына жатқызады.
Дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған кезден бастап Қазақстан-
Үндістан ынтымақтастығына тұрақтылықтың жоғары деңгейі тән. Бұл орайда екі
елдің халықтары арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың және өзара
сүйіспеншіліктің де рөлі аз емес. Қазақстан мен Үндістанның тарихи және
мәдени байланыстары өзара тығыз байланысып жатыр және ғасырлардың терең
қойнауынан бастау алады. Ұлы Моғолдардың империясын еске алайықшы. Біздің
отандасымыздың, көрнекті тарихшы әрі қолбасшы Мырза Мұхаммед Хайдар
Дулатидің мұрасы екі халықтың ортақ игілігіне айналды, ол 1540-1552 жылдар
кезеңінде Джамму мен Кашмир билеушісі болды. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның демеуімен
оның 500 жылдығы Қазақстан мен Үндістанда кеңінен аталып өтілді.
Міне, осы тұрғыдан қарастырар болсақ менің жұмысыма арқау болып
отырған Үндістан тарихының біздің елімізбен байланысы мол тұсы Ұлы моғолдар
тарихы қызықты да әсерлі екені анық. Біздің кітап дүкендерімізде З. Бабыр
жазған Бабырнаме көзге түседі. Бұл кітаптың баспадан шығуы да мол
мағлұмат береді. Сонымен қатар, Үндістан елінің ірі саясаткері Индира
Гандидің өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары Айша бибі мавзолейіне жасаған
қамқорлығын айтпай өтпеске болмайды.
Моғолдар тарихын жазуға жоғарыда аталған Бабырнаме, парсы тілді ақын
Абул-Фазылдың Акбар-намесі, Аурангзеб дәуірінен бізге жеткен Хафи-ханның
Таңдаулы үзінділер атты туындысының септігі тиеді. Бірақ Аурангзеб
жылнамашыларды да жақтырмайтын, сондықтан бірте бұл сала да құлдырауға
түсті.
Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар
Мұсылман жаулап алушылары Үндістан шекарасына тым ертеден-ақ, мәселен
711—713 жылдардың өзінде-ақ жетіп жүрді. Бірақ олар бұдан бес жүз жыл өткен
соң ғана бұл жерлерге тұрақты орын теуіп, тұтас ғасырлар бойына осы елдің
көптеген аудандарында саяси тұрғыдан билеуші болып алды, сөйтіп оның мәдени
дамуына елеулі ықпал жасай отырып, үнді халқының көптеген бөлігін, ең
алдымен, қанаудағы халықты мұсылман дініне енгізумен болды.
Махмұд Газневи сұлтан (998—1030) бастаған жаулап алушылар жасағы
өздерінің ауғандық астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып
кірді және Деканға дейін жетіп, үнділік көркем-өнер ескерткіштерін құртып
жіберді. Дінге ессіз берілген ол жолындағының бәрін жайпап, дінсіздердің
көптеген қасиетті жерлерін — ортағасырлық ғаламат діни құрылыстарын құртып
жіберді, түгін қалдырмай тонап алды, үнді халқының аман қалдырылған бөлегін
(негізінен қолөнерші шеберлер, сол сияқты бишілер мен музыканттар) өзінің
ауғандық отанына құлдыққа айдап әкетіп, өздеріне басыбайлы жұмыс істеуге
мәжбүр етті.
Газневилерден кейін мұра ретінде өкімет тізгінін қолға алған Грудтер
әулетінің билігі кезінде (XII ғасыр) Солтүстік Үндістан мен Деканның едәуір
бөлегі жаулап алынды, тек үнді субконтинентінің қиыр шығысы мен оңтүстігі
ғана аман қалды. Ол тұстары ел билеген үнділік әулеттер бытыратылып
жіберілді. Олар әскери кастаның дәстүрлік ғұрыптарына сүйене отырып, дәл
сол кез үшін күлкілі болып шыққан билік жолындагы рыцарьлық өзара қырғын
соғыстар жүргізумен болды. Ал мұның өзі, әрине, қандай да болсын біріккен
қарсылықты қиындата түсті және берекесі қашқан, соғысқа құлықсыз үнділік
дұшпандары сан жагынан әлдеқайда басым болуына қарамастан мұсылман жаулап
алушыларының жеңіске жетуіне көмектесіп отырды. Мұхаммад Гури 1178 жылы
Пенджабты жаулап алды және Дели түбіндегі шешуші ұрыста өзіне әлі де
қарсылық көрсетумен болган үнді билеушілерін қирата жеңді. Мұхаммад жаулап
алғанмен астанасын Үндістанға көшіргісі келмеді. Ол бұл жерге әкім етіп
өзінің түрік құлы Кутб-уддин Айбекті отырғызды. Ал бұл батыл қолбасшы
мұсылман өктемдігін Ганга жазықтығына да орнатты, Бихар мен Бенгалияны
жаулап алды, сөйтіп өзінің бұрынғы қожайыны қайтыс болган соң, дербес
билеуші алғашқы үнді сұлтаны (1206—1210) болып алды. Ол Мамелюктар (құлдар)
әулеті дегеннің негізін қалаушы болды. Үндістанның XIII—XIV ғасырдағы
мұсылман әулеттері жиі-жиі ауысуымен ерекшеленген кезеңі сахнаға кейде
жігерлі қолбасшыларды, ал кейде рақат өмірді, қолбостықты, махаббат
қызықтарын ғана күйттеген азғын билеп-төстеушілерді шығарған дөрекі соғыс
күшінің дәуірі болған еді. Бұл билеушілерді қашан да өздеріне жақын жүрген
жауласушы құлдары, сарай маңындағы адамдары мен әскер-басылары тақтан
түсіріп тастап отырды. Күшпен бағындырылған халық шектен тыс зорлық-
зомбылықты бастан кешірумен болды, бірақ әлгі әкімдер өздерінің әскери-
бағындырушы аппаратымен шалғай тұрғандықтан, олардың халық тұрмысына,
халықтың қоғамдық және мәдени өміріне араласы тіпті де аңғарылмайтын. Бұл
мұсылман келімсектерінің үзіліссіз ішкі күрестері белгілі бір дәрежеде көне
үнді мәдениетінің бір қалыпта тұмшаланып сақталып қалуына көмектесті.
Әрине, бұл сырттай қарағанда ғана еді, алайда 1212 жылдан 1328 жылға
дейінгі аралықта мұсылман билігі Үндістанға түгел дерлік, сол сияқты оның
Мадураиға дейінгі оңтүстік бөлегіне де орнығып болды. Билік үшін күрес
жаулап алушылардың алгашқы кездегі ислам діні арқылы нығайтылған бірлігін
әлсірете берді. Ұсақ және ірі-ірі көтерілістер жекелеген облыстардың
орталық өкіметтен азат болып, дербес мұсылман князьдерінің құрылуына әкеп
соқтырды. Мәселен, 1337 және 1347 жылдар аралығындағы мұсылман билігінің
тұсында-ақ Бенгалия мен Декан, осындай дербестікке ие болды.
Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса-көктей кіріп Делиді
жаулап алды, тонады; орталық өкіметтің уақытша әлсіреуін пайдаланған басқа
провинциялар да мемлекеттік одақтан шығып кетті. XV ғасыр мен XVI ғасырдың
басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва,
Гуджарат, сондай-ақ Солтүстік Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара
ұдайы жауласып өткен, көптеген дербес, ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды.
Олардың өзара күресін және басқа саяси жағдайларды пайдаланған кейбір
бұрынғы үнді мемлекеттері өздерінің дербестігін сақтап қалды, ал кей
реттерде дербестіктерін қайтарып алып отырды. Мәселен Орталық және
Солтүстік-Батыс Үндістанда Раджпуттар мемлекеттерінің үлкен федерациясы
өмір сүрді; жолы қиын Ориссаның шалғай облыстары ақыр соңында мұсылман
әкімдері билеген көрші Бенгалия бағындырып алғанга дейін біраз уақыт бойына
тәуелсіздікте болды: оңтүстіктегі Чолдар мен Паңдьялар әулеттерінің
мемлекеттері иеленген үнді мемлекеттері мен Тунгабхадра өзеніндегі Хампи
басты қаласы болып табылатын Виджаянагар мемлекеті де өз дербестіктерін
сақтап қалды. Негізінен алғанда Раджпуттар мен Виджаянагар мемлекетінің
арқасында ислам басқыншылығынан өзіндік негізгі ерекшеліктерін аман алып
қалған көне үнді мәдениеті сақталып қалды.
Бұл моғолдарға дейін Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар әулеттері
туралы тоқталған себебіміз дәл осындай жаулап алудың үлгілерін еске ұстай
отырып моғолдардың жорықтарына жол ашылғандығын атап көрсетуден болып отыр.
Ұлы моғолдар
Деректерге шолу барысында, сонымен бірге Темірлік әулет (1370-1500)
дерегіне жататын Бабырдың “Бабырнама” еңбегіне тоқталып өтер болсақ Захир
ад Дин Мұхаммед Бабырдың еңбегі мемуарлық сипатта жазылған және де еңбек
субъективтіліктен көрі объективті түрде жазылған. Сонымен деректерге
байланысты бір тұжырымға келер болсақ, біздің жұмыстың тақырыбы бойынша
дерек қоры мол деп айтуға болады.
XVI ғасырдың басында Дели сұлтанатының аймағына Ферғананың билеушісі
Бабыр бастаған 20 мыңдық әскер басып кірді. Захиреддин Мұхаммед Бабыр 1483
жылы Ферғанада туды. Ол Әмір Темірдің ұрпағы болатын. 1494 жылы оның әкесі
қайтыс болып ол 11 жасында әкесінің тағына отырды. Біршама уақыттан кейін
оның екі ағасы қайтыс болып Бабырдың билеген аймағында дау-тартыс көбейіп
кетті. 1497 жылы жас билеуші Самарқанд қаласын өзіне қайта қаратты, бірақ
Шейбани-ханның тегеурініне шыдамай екі рет одан жеңіліп 1504 жылы өзі туып
өскен өлкені тастап шықты. Сөйтіп өзінің кітабында сипаттағандай бір
шаршыдан екінші шаршыға көшкен шахмат короліндей көшпендіге айналып шыға
келді. Осы жылы ол Кабул қаласын басып алды. Орта Азиядағы билік үшін
күрестер жанкештілікпен жүргізіліп, тар жол тайғақ кешулерге ұласып жатты.
Бабыр әрбір жеңілістен беті қайтпай керісінше табандылық танытып әскери
соғыс өнерінің құпияларын меңгере бастады. Парсылардан және османдықтардан
ол артиллерия өнерін үйреніп зеңбіректер дайындаудың тәсілдерін меңгерді.
Солайынша ол соғыс тактикасы мен ұрыстың жүргізу әдістеріне мейлінше
машықтанды.
Арада 15 жыл өткеннен кейін, яғни 1519 жылы ол алғаш рет Үндістанға өз
жорығын бастады. Бұл тонаушылық соғыс болатын. Кабулға өте мол қазынамен
оралған ол бір тұсынан парсы шахы, екінші бүйірінен Шейбани-хан қысып
тұрғандықтан Үндістанға кетуге бет бұрды. 1526 және 1527 Темір әулетінің
асыл сынығы Бабыр Үндістандағы өзінің қарсыластары Делидің билеушісі
Ибрахим Лодиді және раджпут патшасы Санграм Сингхті ойсырата жеңіп мұнда
жаңа билеушілер әулетінің негізін салды. Бабыр мұнда көп ұзамай 1530 жылы
қайтыс болғанда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz