Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс және Сырым Датов
ЖОСПАР
1. Кіріспе 2
2. Кіші жүз қазақстарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783-
1797 жж.) 3
3. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс 6
4. 1837-1847 жж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс 9
Пайдаланған әдебиеттер: 12
1. Кіріспе
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі Қазақстан шаруалары
қозғалыстарын зерттеушілер Ресей империясы халықтарының ұлттық-азаттық
күресі тарихындағы тарамның бірі депқарайды. Алайда Ресейдің отарлау
саясатына қарсы халқы күресінің сипаты, ерекшіліктері жөнінде ғалымдар
арасында әлі күнге дейін бірыңғай пікір жоқ.
Халық бұқарасының алғашқы әрі ең маңызды қимылдарының бірі Сырым
Датовтың қолбасшылығындағы қозғалыс болды. Кіші жүз қазақтарының
көтерілуіне патша өкіметінің қазақтарды “ішкі жаққа”, Жайық сыртына
өткізбей, оған тиым салуы, қазақ ақсүйектерінің бір бөлгінің құқықтарына
қысым жасауы, ханның шексіз билігі және оның жақын төнірегіндегілердің
қиянатшылдығы негізгі себептер болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің
көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да аңғырттық-монархиялық қиялдар
тән тұғын. “Жақсы ханға” сенушілік Сырым Датовты да құтылдырмады. Билер
жөнінде ол негізінен басқа саясатты – оларды өз жағына тарту саясатын
ұстанды, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды.
Қозғаластың отаршылдыққа және ханға қарсы сипаты соңғы кезеңіне дейін
сақталғанымен, көтеріліс басшысының мұндай тактикасы оның дамуына
айтарлықтай кедергі жасады.
Кең өлкені Ресеіге қосудың аяқталаршағында бұрқ еткен 1836-1838 жж.
Исатай Тайманов батыр басқарған шаруалар көтерілісіндегі бұқаралық
қимылдардың отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы бағыты анағұрлым анық
байқалған еді.
1836-1838 жж. Көтеріліс бұрынғы қозғалысқа қарағанда біраз басқа
жағдайда өрбіді: бұл кезде Қазақстан жерінің негізгі бөлгін қосып алу
аяқталған болатын, патша өкіметінің саясаты барған сайын ашық сипат ала
түскен-ді. 1822 ж. “Сібір қырғыздары туралы” және 1824 ж. “Орынбор
қырғыздары туралы” Уставтар, Кіші жүзде аралық басқару жүйесін енгізу патша
әкімшілігінің қазақ жерлерін басып алуын жеңілдетуіне қызмет етті. Қазақ
руларын құнарсыз жерлерге ығыстыру, царизмнің екіжүзділік саясаты міне,
осының бәрі көтеріліске ең алдымен отаршылдыққа қарсыластық сипат берді.
Жазалаушылар мен Жәңгір хан төңірегіндегілердің бірлескен отрядтарының күш
басымдығына қарамастан көтерілістің негізгі қозғаушы күшін соңғы сәттерге
дейін Исатайға адалдығын танытқан қатардағы көшпелілер құрады. Ал бұл
аралықта Исатай Таймановтың жасағына бастапқы кезде қосылған билер мен
ағамандар ханнан жеңілдіктер алуға талпынып, онымен қозғалыс жетекшісінің
сыртынан келісөздер жүргізу арқылы сатқындық жасауға барды. Билер мен
ағамандар тобының келісімпаздық позициясы едәуір дәрежеде көтерілістің
жеңіліске ұшырауын тездетті.
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XІX ғ-дағы ең ірі – 1837-1847 жж.
көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Ресей саясатына әсер
етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен ол қазақ
халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.
Отарлық басып алушылыққа, Орта жүзде әскери желілер салуға және өлкелер
ұйымдастырылуына қарсы наразылық білдіру тұрғысында Кенесары Қасымов ханның
қолбасшылық етуімен басталған бұл көтеріліс Кавказ таулықтарының
қозғалысымен бірге 10 жыл уақыт бойы қуатты империяның күш-құралдарын өзіне
аударды, Орта және Ұлы жүздердің бірсыпыра жерлерін соғыспен бағындыру
мерзімдерін кейінге шегерді, сөйтіп ол қырғыздар жеріндегі жеңіліспен
аяқталды.
Бұл көтеріліс царизмнің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ең
қуатты қозғалысы болды. Көтерілістің шыққан кезі патшалық Ресейдің отарлық
иеліктерін кеңейте түсіп, қысым жасауының әкімшілік және әскери
шараларынақарамастан өзінің оңашалануын сақтап тұрған аудандардың
тәуелсіздігін жоюға бұратола кіріскен уақытымен тұспа-тұс келді.
2. Кіші жүз қазақстарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі
(1783-1797 жж.)
Е.И.Пугачевтің басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан
1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783
ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бұрқ ете қалды. Көтерілісшілерге
ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-
1775 жж. шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға
жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж.
7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарғы қысқы уақыттары
Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс,
Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындағы
жайылымдарды пайдалануға рүқсат етті. Бірақ, патша үкіметінің бұл
көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді, сондықтан аймақтағы позициясын
нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынды.
Қазақтардың жер мен суға деген құқығының кеңейтілуіне Орал казактарының
әскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27 желтоқсанда үкіметтің жоғарыда
көрсетілген аудандарға қыста мал айдауға қазақтардың ол жерлерді тек жалға
алған жағдайында ғана рұқсат етілетіндігі туралы жарлығы шықты. Орал
казактары бұл жарлықты өз мүдделеріне пайдаланып, қазақ жерлерінің
қазақтарға жалға берілуіне тиым салды. Бекіністің Орал желсінде корондық
күзет күшейтілді, оның үстіне жалға алатын жері үшін қазақтар ақысын
төлеумен бірге, аманаттарын қалдыруға тиісті еді.
Пугачевтің шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта
жүздердегі тәуелділік қатынастардың одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды.
Айталық, Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірте-бірте
іргелерін аулақ салып, патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ
ақсүйектері арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті,
мұның өзі феодалдық бытыраңқылықты күшейтті. Қазақ аристократиясы мен ру
ақсүйектерінің Пугачев көтерілісіне әр түрлі көзқарасы XVІІІ ғ. 80-
жылдарында аристократия мен ру ағамандары одағының ажырауына және XVІІІ ғ.
70-90-жылдарының аяғынды хандық биліктің күйзелуіне әкеп соқты.
Нұралыханның кіші жүздегі ықпалы бірте-бірте төмендей бастады, мұның өзі
оның саяси оқшаулануына, халық бұқарасының қайтадан көтеріліп, Кіші жүзде
хан билігін жоюға алғашқы әрекеттер жасалуына алып келді.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шапқыншылығы
басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьяль
бекінісіне шабуыл жасап, солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті.
Орынбордан солтүстік-шығысқа қарайғы жерде тама руының ағамандары Қадыр мен
Садыр басқарған жасақтар әрекет жасады. Олар Красногор бекінісі мен Татыр
қыстағына шабуыл жасауға дайындалып жүрді.
Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардың құралған
жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың 1500
адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды
қарсылық көрсетті, бірақ қазақтардың тастан қалап тұрғызған бекінісі сол
отрядтың баса көктеп шабуылдауымен алыгды. Тұтқынға түскен 56 адам қазына
жұмыстарын атқаруға жіберілді.
Қазақстардың бекіністері мен сауда керуендеріне шабуылдары жаз
айларында жиілей түсті, мұның өзі ортаазиялық хандықтармен сауданың
нашарлап кетуіне әкеп соқты. Қарғай бекінісі шабуыл жасалды, Орынбор мен
Илецк қорғанысы аралығындағы қозғалыс бақылауға алынды. Әсіресе, Орск
бекінісі мен Нижнеуральск дистанциясы аудандарындағы әрекеттер белсенді
жүргізілді. Серкеш руынан шыққан қазақтарды ағаман Дулат басқарды. Бірақ
бұлар әзірше біріктіретін орталығы жоқ жекелеген әрекеттер еді. Сол кезде
халық қозғалысының басына Байбақты руының ағаманы Сырым Датов келді. Орыс
жазба материалдарында Сырым Датов туралы алғашқы деректер Е.И. Пугачев
қозғалысының тұсында келтірілді. С.Датов 1774 ж. Е.И. Пугачевтің әскерінде
қазақ жасағын басқарған деген Орал казагі Ф. Курицынның хабары бар. А.В.
Суворовтың граф П.И. Панинге 1775 ж. 22 маусымда жеткізген хабарламасы
сақталған. Онда ол С.Датов туралы Е.И. Пугачев көтерілісінің белсенді бір
қатысушысы болған деп хабарлайды. Бірақ 1776 ж. күзінен бастап С.датов бұл
қозғалыстан кетіп, патша әкімшілігі жағына өткен. Тек 1783 ж. ғана ол
қайтадан көтерілісшілерге қосылып, орал қазақтары әскеріне қарсы күреседі.
1782 ж. желтоқсанында С.Датовты оралдық казактар Тополихинск форпосты
маңында тұтқынға алған болатын, 1784 ж. көктемінде оны қарындасына үйленген
Нұралы хан тұтқыннын сатып алып босатады. Оны сатып алу сомасы 70 жылқыдан
және ақшалай 350 сомнан тұрды. 1784 ж. мамыр айынан С.Датов оралдық
казактармен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск
желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында
С.Датовтың жасағында 1000 қазақ болды. Бұл кезде С.Датов Нұралы ханнан
іргесін аулақ салды.
Дәл сол кездері жазалаушы экспедицияның даладағы әрекеттері күшейе
түсті. Елек өзенінің бас жағына 237 орынборлық казактар мен 2432 башқұрттан
тұратын отрядты басқаруға генерал-майор Смирнов жіберілді.
1785 ж. қазақтардың патша отрядтарымен кескілескен шайқастары
нижнеуральск желісі ауданында одан әрі жалғасты С.Датов – 2700, старшин
Барақ - 2000 және Тіленші – 1500 қазақтан тұратын жасақтарды басқарды.
Оларға қарсы қазақтардың Орал әскерлері старшындары Колпаков пен Пономарев
және премьер-майор назаров командалық еткен үш отряды жасақталды. Бұлардың
соңғысы Сахарный бекінісі мен Антонов қамалына шабуылдаған С.Датовтың
жасағына қарсы шайқасты.
1785 ж. бастап ру ағамандарының Нұралы ханмен және оның
төңірегіндегілермен күресі күшейе түсті. Ағамандар патша үкіметінен Нұралы
ханды биліктен тайдыруды және Кіші жүзді басқару ісін жаңа негізді құруды
талап етті. Жүзді үш бөлікке немесе ордаға – Байұлындық, Жетірулық және
Қаракесектік етіп бөлу ұсынылды. Олардың әр қайсысында ағамандар мен халық
жиналысы сайлаулары өткізілді: Қаракесек бөлігінде ағаман болып Сегізбай
би, Байұлында – Тормамбет би, Жетіруда – Тіленші батыр сайланды. Сырым
Датов барлық үш орданың кеңесшісі болып сайланды, оған көмекшілікке
ағамандар Көккөз би мен Қаратау би берілді. Ағамандар салтанатты жағдайда
патша үкіметіне адалдығына ант қабылдады. Осымен Қазақстандағы отаршылыққа
және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Патша үкіметі ағамандар жиналысына шекаралық сот ұйымдастыруға келісім
беруді ұсынды. Мұның өзі дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін жою жолындағы қадам
болған еді. Ағамандар Шеқаралық сот жөніндегі мәселеге абайлап қарады, оны
шешуді болашаққа қалдырды. Ағамандардың біл бөлігі хан билігін сақтауды,
жаңа хан сайлауды қалады. Ағамандар патша үкіметінің алдына қысқы
жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды.
Даладағы ықпалдарынан айырылғылары келмеген хан мен сұлтандардың ру
ағамандарымен дау-жанжалдары үдей түсті. Қыркүйек айының басында олар Сырым
Датовты тұтқынғы түсіріп, бұғаулап тастады, сөйтіп жүзге Уфадан Нұралы хан
оралмайынша оны өздерінде ұстап тұруға шешім қабылады. Қазақ қауымдарында
зор бедел ықпалы бар Сырым батырдың тұтқындалуы туралы хабар Орынбор
әкемшілігінде аландаушылық туғызды. Игельстром реформаны жүзеге асыруда
С.Датовқа сенді, сондықтан оны босату үшін батыл күш-жігер жұмсады. 1786 ж.
күзінде С.Датов тұтқыннан босатылды. Алайда, осы кезде ру ағамандарының
Кіші жүзде хан билігінің сақталуын жақтайтын бөлігі күшейіп кетті. Олар
Қайыпты хан жариялады. 1786 ж. қыркүйекте ағамандардың съезі болды. Онда
тек шекаралық соттың құрылуына ғана келісім берілді, оның құрамына ықпалды
рулардың өкілдері есептелмейтін қазақтың алты ру ағамандары сайланады.
Кіші жүздегі ең басты ағаман болып С.Датов тәуелділікпен бағынудың,
оның формалары мен тәсілдерінің дәстүрлі жүйесін іс жүзінде сақтап қалды.
Ол 1785-1786, 1787 жж. өзі шақырған ағамандар съездеріне ерекше маңыз
берді. С.Датов жүздердегі мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен тәуелсіздігі
тек ішкі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси жағдайға да
байланысты екенін жақсы ұқты. Ол Ресеймен саяси және экономикалық
байланыстарды нығайтуды жақтады, бірақ сонымен бірге патша үкіметіне
сенбеді.
3. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінде Исатай Тайманов пен Махамбет
Өтемісовтың қолбасшылығымен болған көтеріліс маңызды орын алады. 1801 ж.
Еділ мен Жайық өзендері аралығына Бөкей хан басқарған 5 мың қазақ
шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі (Бөкей) орданың құрылуына
бастапқы негіз болды. 30-жылдардың аяғында-ақ оны 20 мыңдай шаруашылық пен
80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа
мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері
Юсупов пен Безбородконың жеке меншіктік иелігіне өтті. Жәңгір хан өзіне 400
мың десятина жерді бекітіп алды. Бұл істе, әсіресе ханның сұлтандық атағы
жоқ туысы Қарауылқожа Бабажанов көп нәрсеге қол жеткізіп үлгерді.
Помещиктерден жалға алған жерлерінің құны үшін олармен есеп айырысқаннан
кейін сол жерлеріне малын жаюға өзі рұқсат еткен қазақ ауылдарынан
арендалық ақыны өз қалауынша ала бастады, ханға жақындығын пайдаланып,
олардан штрафтар, әр түрлі салықтар жинап отырды.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы, Қамыс – Самар
көлі төңірегіндегі жерлерді казактардың пайдалануына алып қойды. Жерге
байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызы зор жағдайлар келіп қосылды:
патша үкіметі Ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне
қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар (аралық басқару жүйесі) құрылып,
дистанция бастығы қызметі енгізілді.
Жайық өзені бойындағы жерлерді Орал казактары әскері иемденді.
Қазақтарға осы өзеннен өтуге және казактардың жағалаудағы белдеулеріне
көшіп келулеріне қатаң тиым салынды.
Ішкі Ордадағы қимылдардың алғашқы толқыны 1827-1829 жж. өтті. Қазақ
ауылдары Жайықтың сыртына орала бастады. Старшина Серкеш Жақсыбаев Орал
әскерлерінің атаманы Бородинге мұны былайша түсіндірді: “Жайық сыртына
өтудің себебі төзгісіз шығындар мен ханның тарапынан жасалған қысымдар
болды; халықтан ауыр салықтар жылына бірнеше рет ешбір әділеттікпен және
салық төлеушілердің жағдайымен шамаласпайтын мөлшерде жиналды”. Жер
дағдарысының күшеюі, салықтық езгі, жерді әр түрлі себеппен кесіп алу,
феодалдық талас-тартыс 1836 ж. көтеріліске алып келді. Оны Исатай Тайманов
пен Махамбет Өтемісов батырлар басқарды.
Исатай тайманов пен Махамбет Өтемісов екеуі де Беріш руының жайық
бөлігінен еді. Е.П. Ковалевский Исатай жөнінде: оның “есімі барлық жерде”
Еділден Жайыққа дейінгі қазақтар мен орыстар арасында “дүрілдеп түрды” деп
жазды.
Исатай 1791 ж. туды. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай
Бегалин зор ықпал жасады. 1808 ж. Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті: 21
жасында ол Жайық бөлігінің ағамандығына тағайындалды, далалық өмірдің,
рулық - қарым-қатынастардың және әкімшілік қызметтің дағдыларына үйренді.
Исатай Таймановтың ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісов болды. Оны
анасы Қосуан тәрбиеледі. Ол татар және орыс тілдерін білді. Хиуада болды.
Орынборда тұрды. М.Өтемісов ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz