Ислам діні және мәдени өрлеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
Мұсылман дініне табынудан бұрынғы кезең 2
Ислам діні және мәдени өрлеу 5
Әл-Фараби 9
Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни 12
Махмұд Қашқари 15
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18

КІРІСПЕ

Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне кіргізуі VІІІ-Х
ғасырларда осы аумақтарда жүргізілді. Және Қазақстан жеріне де сол араб
үстемдігі жетеді. Бірақ Қазақстан жерінің мұсылман дінін қабылдау үрдісі
өте көп уақытқа созылады. Ақыры Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген
аймақтарында айқын қарқын алғанымен Қазақстанның қалған бөлігінде ислам
діні өте баяу қарқынмен жүрді.
X ғасырдағы араб жиһанкезі Әбу-әл-Қасым ибн Хаукал, "Тараздан әрі
қарай бірде бір мұсылманды көрмедім"-деп жазған.
Сырдарияның шығыс жағалауында оғыздар мен Талас өзенінің ар жағындағы
қарлұқтар Ислам мәдениетінен күшті әсер алған.
Худуд - әл Ғалам (ғаламның шекаралары) атты кітапта мұсылман
саудагерлердің Орта Азиядағы ең үлкен орталығының бірі болған Тараз
қаласының тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар екені жазылған.
Тараз қаласының сауда орталығы, ал Исфижабты (Сайрам) қаласын бүкіл
дүние жүзі саудагерлері үшін кен бұлағы деп мадақтайды.
Тұңғыш Самани патшасы Исмайл Ахмедұлының немере ағасы Нұх Әсетұлы
Исфижабты 838 ж жаулап алған соң, қала тұрғындарына Исламды қабылдатқызады.
Сонымен мұсылманшылдық Оңтүстік Қазақстанда бірте-бірте жайылған сайын
жергілікті халықтардың мәдениеттері көтеріліп, алғашқы мұсылман
мемлекеттері Самани (819ж-1005ж) және Қарахан әулеттері тұсында ең жоғары
деңгейіне көтерілгенін байқаймыз.

Мұсылман дініне табынудан бұрынғы кезең

Бүгінгі діндер қалыптасып, олар әлеуметтік-идеологиялық санаға
айналғанға дейін адамдар әр түрлі сенім-нанымдарға тәуелді болған. Олардың
шығуына, дамып өріс алуына алғашқы адамдардың табиғаттың таңғажайып
сырларын, ондағы қым-қиғаш құбылыстардың қандай күштер арқылы болып
жатқанын түсініп, оны пайымдап, ақылмен қорыта алмауы себеп болды. Күннің
күркіреуі, аспанда найзағайдың ойнауы, қаптап қара бұлт шығып, селдетіп
жаңбыр жаууы, өзен, көлдердің жағасынан шығып тасуы, дамылсыз соққан
дауылдар, зілзала болып жердің сілкінуі, от шашқан жанар таулар, алапат
апаттар осының бәрі қоршаған ортадан, табиғаттан тыс тұрған құдіретті
күштердің бар екеніне адамдардың сенім-нанымын туғызды. Осы сенімдер
негізінде әртүрлі дін, діни ұғым, түсінік, уағыздар пайда болды. Олардың
өмірге келуі, тарауы, адамдардың ақыл-санасын баурауы бірден іске асқан
жоқ, ұзақ сонар жолдан өтті. Олар наным-сенім жүйесі ретінде қалыптасып,
адамдар санасына орныққанша күнге, айға, отқа, суға табыну, оларға тәңір
ретінде танып, құлшылық қылуы, жаббар ием деп дінге жалбарынуы орын алды.
Мәселен, бүгінгі Қазақстан аймағында, Орта Азия республикаларының жерінде
өмір сүріп жатқан түрік тектес халықтардың ертеде жер-суға, көкке, аспан
әлеміне құлшылық еткенін білеміз. Олар аспан әлемін көк тәңірі деп
таныған.
Қазақтар, түркі тектес халықтар дүниедегі барлық өзгерістер, әртүрлі
құбылыстар көктегі күштің құдіретімен іске асады деп түсінген. Олар одан
кейінгі қасиетті күштің иесі жер деп есептеген. Күнді тәңірі ретінде
дәріптеу арабтардың түсінігіне де сай келеді. Күнді қадірлеп оның шығатын
жағын дүниенің төрт торабының негізгісі деп санаған арабтар өз елінің орта
тұсынан оңтүстігінде жатқан елді - оң жақтағы ел немесе иемен деп, сол
бетіндегі елді - сол жақтағы ел немесе шам деп батыстағы елдерді
мағриб, шығыстағы елдерді машрих деп атаған. Бұл аталудағы күні бүгінге
дейін өмір сүріп келе жатқан Иемен мемлекеті Қызыл теңіздің оңтүстік-шығыс
жағалауында, астанасы Сана қаласы Шам мемлекеті қазір Сирия деген атпен
белгілі, оның астанасы - Дамаск. Ежелгі арабтар білген батыс елдерге -
Иран, Ауғанстан, Пәкістан кіреді. Арабтар осы елдерге керуендер жіберіп
сауда-саттық, алыс-беріс, қарым-қатынас, байланыс жасап отырған.
Ежелгі түріктер, түркі тектес халықтар Көк пен Жерден кейінгі әрбір
жанұяны, отбасын, бала-шағаны, тірлік болмысын қорғап қолпаштайтын
құдіретті күш - Ұмай ана деп есептеген. Қасиетті Ұмай ана туралы аңыз
әңгімелер қазақтың жыр, қисса ертегілерінде де кездеседі. Ежелгі түріктер
басқа халықтар сияқты дүниеде ешнәрсе жоғалмайды, ештеме өшіп кетпейді, тек
болмысының түрін өзгертеді. Кең даланы, орман-тоғай, тау-тастарды үрей
кезіп жүреді, жын-шайтан, албасты, перілер адамның оңаша кезін, шаршап-
шалдығып, жан дүниесі күйзелген сәттерін аңдиды. Сол тұстарда адамды
талдырып, оны жанынан, рухынан ажырату үшін әрекет жасайды деп есептеген.
Олар бұл сияқты күштерден қорғану үшін тасаттық беріп қайыр-садақа
үлестіріп жүруді әдетке айналдырған. Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран
халықтарының дін танымы: әлем бірімен бірі келіспейтін, бітіспейтін, біріне
бірі қарсы екі күштен тұрады, оның бірі - қайырымдылық, ізгілік, екіншісі -
зұлымдық, жауыздық, бірі - жан жадырататын сәулелі, нұрлы дүние, екіншісі -
қайырымсыз Қараңғылықтың зілі басқан жаныңды жабырқататын, еңсеңді езетін
қапас дүние патшалығы. Бұл екі дүние арасында толассыз, тоқтаусыз мәңгі
майдан, үздіксіз күрес жүріп жатады, бұл күрес адамдарды қарама қарсы екі
шепте ұстайды, - деп есептеген.
Осы күштердің арасындағы күресте зұлымдықтың жолын кесу үшін отпен
аластау, отқа май құю, шипалы суы бар қайнарлардың жанына ақтық қалдыру,
жаңа туған айға бата қылу қазақтар арасында кеңінен тараған. Жеті кәміл
піріміз деп олардың жеті Қарақшы шоқ жұлдызына табыну рәсімі де болған.
Жалпы қазақтардың тәңірісі бүгінгі алла тағала, құдай деген ұғымына сәйкес
келетін, оларды айтудан бұрын пайда болған, көкке, күнге, таңғы мезгілдің
жарығына табынуынан шыққандығын жоғарыда айттық. Бақсылардың:
Келең-келең, келеңгір,
Бауры шұбар келеңгір.
Үсті шұбар келеңгір
Тас төбеңнен түсерлік
Таң ұрғандай қылармын,
Танауыңды тілермін.
Шапты-бұтты қылармын, -
деп зікір салғанда айтатын таң сөзі сол тәңірінің бастапқы буыны.
Исламға дейінгі қазақтар табынып, сиынған тәңірге байланысты Тәңір берген,
тәңірі жарылқаған, иттің иесі болса бөрінің тәңірісі бар деген сөз
тіркестері тәңірі түсінігінің тіпті ерте шыққанын, қазақтар табынған
құдіреттің аты Тәңірі болғанын аңғартады.
Табиғаттан тыс тұрған әлемнің құдіретті билеушісі бар деген түсінік
негізінде қалыптасқан діндер адамдарға жаппай өз ықпалын жүргізетін
дәрежеге жетті. Әлемнің өміршісі, билеушісі, құдіретті күштер бірнешеу
болады деген тұжырыммен өз сенімін орнықтырушы діндер политеистік дін деген
атаумен белгілі. Бұл күштерді біреу деп есептейтін дінді монотеистік дін
дейміз. Соңғысына жататын ежелгі Мысырда, Вавилонда, Грецияда өмірге келіп
пайда болған діндердің сеніміндегілер табиғаттан тыс тұрған құдіретті күшті
алла тағала деп есептеді. Парсы тілінде ол құдай, арабша - алла, түрікше
тәңірі. Ал қазақтар ауырса аллалап, қысылса құдай-ай деп, тілек қылса
тәңірім деп, бір мағынадағы атаулардың бәрін де атап үйренген.

Ислам діні және мәдени өрлеу

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық
өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл
Фараби, ибн Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи сияқты
өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу
қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ
заңды туады. Оның негізі де бар.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының
нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет
қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі
мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды.
Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет,
Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз
әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік
бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде
мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатуқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы
исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. 10 ғасырда
оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы
алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық
мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі
екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін
қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотелъ сияқты грек философтарына
сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы —
дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы,
ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн
әл Фараби ат Түрки. Әл Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа
ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген.
Біздің жыл санауымыздың VII ғасырында өмірге келген, қазір
дүниежүзіндегі халықтардың 800 миллионнан астамын мұсылман ретінде
табындыратын ислам діні христианнан кейінгі екінші әлемдік дін болып
табылады. Ислам діні шииттер, суниттер, исмаилиттер болып бөлінеді.
Мұсылмандардың 90 процентке жуығы суниттер. Олар Мұхаммед пайғамбар мен
оның серіктері болған төрт Халифке Әли (Ғали), Әубәкір, Омар, Османға
сиынады. Ал сол халифтердің соңғы екеуін шииттер мойындамайды. Әлемдегі
ислам діні қауымдастыгы бар 120 елдің отыз бесінде осы дінге табынушы
халықтар, мұсылмандар сол елдердегі халықтың 80 процентін ұстайды. Азия мен
Африка құрлығының 28 мемлекетінде ислам діні мемлекеттік немесе ресми дін
болып есептеледі. Олардың арасында Египет, Кувеит, Сауд Арабижы, Иран,
Ирак, Пәкістан, Ауғанстан т.б. бар.
VIII ғасырдағы арабтардың Солтүстік Африканы, Испанияны жаулап алуы,
Таяу Шығыс пен Орта Азияға, Қазақстанға баса көктеп енуі бұл жерлердегі
халықтардың саяси, рухани, мәдени өмірін үлкен өзгерістерге ұшыратты. Сонын
бірі осы жаулап, күшпен басып алған елдердің халқын арабтандыруға
бағытталган шаралардың іске асырылуы болды. Соған байланысты бұрыннан бар,
ертеден келе жатқан мәдени ғимараттар, мектептер, медреселер, тарихи
ескерткіштер қиратылып, жергілікті тілде сөйлеуге, оқуга, кітап шығаруға
тиым салынды. Мемлекеттік ресми тіл араб тілі болып жарияланып, осы тілде
оқытатын мектептер ашылды. Араб тілінде кітап шығару жолға қойылды. Сөйтіп,
Таяу Шығыс, Орта Азия, Қазақстан жерінде жастар араб тілінде білім алды.
Бағдатта, Мысырда, Мекке, Мәдинада оқуын жалғастырып, олардың бірқатары
ғұлама ғалым болып қалыптасты. Сонымен бірге арабтың классикалық ғылымын
байытатын, даңқын дүние жүзіне жаюға үлес қосқан Орта Азия мен Қазақстаннан
шыққан оқымыстылар да аз болған жоқ. Орыс ғалымы Ю. Рушко өз еңбектерін
араб тілінде жазған көптеген астрономдар мен математиктердің Хорасан,
Трансоксания, Бактрия, Ферғана сиякты жерлерден екенін айтады. Бағдад
қаласында Таяу Шығыс пен Орта Азиядан шыққан көптеген әдебиетшілер мен
оқымыстылардың болғанын В. В. Бартольд да атап көрсеткен. Бағдатта арабтар
басып алған елдерден жиналған үш жүзден астам ғалымдардың Грек, Рим, Үнді
тілдеріндегі кітаптарды араб тіліне аударып, олардан төл туындылар жасауы
арабтардың ғылымы мен мәдениетін жаңа сатыға көтерді, олардың мазмұнын
байытып, ғылыми дәрежесін биіктетті.
Орта Азия мен қазақ жерінің араб Халифатына қарауы бір жағынан
арабтардың мәдениеті мен ғылымын дамытуға әсерін тигізсе, екінші жағынан
жергілікті халықтардың мәдениетінің дамуына да игі ықпал жасады. Араб
тілінде оқыту, араб тіліндегі әдебиеттің тарауы, ислам дінінің дендеп енуі
Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың мәдени өрісін кеңітті. Бұл
жерлерде жалпы білім беретін мектептердің, кітапханалардың көбеюі халықтың
білім дәрежесін көтеруге көмектесті. Кітапханалар әдетте мешіт, медреселер
жанында болды. Медреселер ол кезде діни оқу орны болуымен бірге ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты. Олардың қабырғасында ғылымның
оқытылуына кейінірек тиым салынды да, мұның өзі мәдени өсіп өркендеуге кері
әсерін тигізді. Біз сөз етіп отырған тұста, яғни X ғасырда, медреселердің
Орта Азияда, Хорасан, Мавереннахрда, Бұхарада пайда болып соның үлгісімен
тек XI ғасырда ғана арабтың Бағдад сияқты басты қалаларында бой көтеруі
Орта Азия мен Қазақстан жерін жайлаған халықтардың мәдени дәрежесінің
арабтардан біршама жоғарырақ болғанын байқатты.
Айта кету керек, VIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінің біріне
бірі бағынбайтын, тәуелсіз ұсақ хандықтарға бөлінуі арабтардың оларды көп
қарсылыксыз басып алуына мүмкіндік жасады. Бұл басқыншылық жорықтар
барысында осы хандықтардың кейбіреулері арабтардың тегеурініне шыдай алмай
жойылып кетті. Кейбіреулері Ислам дінін қабылдап, діндерінің елдігінен
айрылмады. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстігінде өзінің дербес елдігін сақтап
қалған Қарахан қағанаты солардың бірі болды. Қазақ халқының мәдениетін
қалыптастыруга елеулі еңбек сіңіріп із қалдырған Жетісу, Сырдария, Талас,
Шу өзендерінің бойын құтты қоныс еткен бұл иеліктің Білге құл Қадірхан,
Сатук Қарахан, Мұхаммед Насыр, Сүлеймен Жүсіп, Ыбрахим Арыстан, қылыш
Арыстан сияқты қағанаттың қабырғасын қалаған, шаңырағын көтеріп, іргесін
бекіткен, дербес, егеменді елдігіне, мәртебелі мемлекеттігіне жол салып,
атақ даңқы бүгінгі ұрпаққа жетіп жатқан айтулы ерлері, ақылы асқан данышпан
даналары елдің бірлігін нығайтуға, мәдениетін, рухани қазынасы мен дінін
дамытуға қамқоршы болды. Бұл елден X ғасырдын басында Ислам дінін бірінші
болып қабылдаған қараханидтер әулетінің ру басы Сатук болды. Оның ұлы
Бограхан харун б. Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
Сөйтіп жаңа дін көшпелілер арасында, Қарахан иелігімен қанаттас жатқан
қыпшақтар арасында да кеңінен тарай бастады. Бұл аймақтарда, әсіресе қалалы
жерлерде, бұрынғы шіркеулер құлатылып олардың орнына мешіттер, алқалық
ғибадат үйлері бой көтерді. Мәселен Жетісудағы Тараз, Мерке шаһарларындағы
шіркеулердің орнына мешіттердің салынуы сол тұста іске асты. Осы өңірдегі
Баласағұн қаласында Х-ХІ ғасырлардың бірінде бой көтерді деп саналатын,
кезінде елдің назарын өзіне тартып тұрған еңселі де ерекше сәнді мешіттің
мұнарасы осы уақытқа дейін сақталған. Сонымен қатар бұл тұста Қазақстан
қалаларында мешіт, ғибадат орындарымен бірге қала жұртшылығының,
көпшіліктің жуынуына арналған моншалар салына бастайды. Басқа да араб
үлгісіндегі ғимараттар, сәнді құрылыстар бой көтерді. Сол кезде салынған,
қарахан қағанатынан қалған Қарахан, Айша бибі, Бабажа қатын, Аяққамыр,
Алашахан, Сырлытам сияқты күні бүгінге күмбірлеп тұрған күмбездер, басқа да
құрылыстар қағанатта сәулет өнерінің, мәдениеттің қаншалықты күшті
дамығанын байқатады. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабажа қатын мен
Айша бибі күмбездерінен күні бүгінге дейін оларды көріп тамашалап жүрген
адамдар арылмайды.
Қарым-қатынастың өрістеуіне батыс пен шығысты, шығыс пен батысты
жалғастырып сауда-саттық, мәдени байланысты өркендетуге арқау болған Жібек
жолы мықты ықпал жасады. Шығыстан батысқа Қытайдың Жібек тауарларын
тасымалдау үшін ашылған бұл жолмен батысқа ағылған саудагерлер батыстан
алтын, алмаз, аң терісі, қару-жарақ, жылқы алып қайтты. Осы жолдың нақ
ортасындағы Қазақстан қалалары шығыс пен батыстың байланыс аясына кеңінен
тартылды. Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан деген еңбегінде К.
Байпақов пен А. Нұржанов атап көрсеткендей Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа
тоғысқан Қазақстан қалаларында біріне бірі мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің
өзара кірігіп бір-бірін байыта түсулеріне аса колайлы жағдай, ахуал туды.
Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді
тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған
мәдениет жасай алды.
Шынында, қалалар халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін қалыптастыруға,
өнерін өркендетуге үлкен үлес қосты. Жоғарыда біз үзінді келтірген кітапта
орта ғасырдағы Қазақстанда ірі мәдени ошақтардың бірі Испиджаб қаласы
болғаны айтылады. Ол бірсыпыра деректерде Сайрам деген атпен белгілі. Ол X
ғ. мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңтүстігінде жатқан Сыр
бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран, Янгикент, Жетісудың Тараз, Құлан, Мерке,
Суяб шаһарларын қапсыра қамтыған, қарауында ұстаған Испиджаб округі ретінде
де танылған. Испиджаб басқа жерлерге ақ мата, қару-жарақ, семсер, мыс,
темір сияқты нәрселерді шығарып тұрды. Сонымен бірге күл ретінде әртүрлі
түрік тайпаларынан қолға түскен тұтқындарды сатумен әйгілі болды.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қалалардың ірісі Отырар болған. Ол
туралы тарихта мол мағлұмат сақталған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы ірі
қалалар Сайрам, Түркістан өңіріндегі Ясы, Сырдария бойындағы Сауран,
Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген оғыздардың Жент, Янгікент, Қора,
Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһарлары қазақ
мәдениетінің қалыптасуына, өсіп өрбуіне, дамуына күш-қуат берген, арқау
болған қалалар. Бұл қалалар әртүрлі жағдайда қирап, құлап, құрып, жойылып
кетті. Бірақ олар кейінгі ұрпаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Орта ғасырлар философиясы
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Ислам философиясының батысқа әсері
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Пәндер