Шыңғысхан туралы қазақтың екі ақын-жазушысының айтысы хақында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Шыңғыс хан туралы қалам тартқандар 3
Шыңғыс хан империясының ұйымдастырылу принциптері 10
Шыңғысхан туралы қазақтың екі ақын-жазушысының айтысы хақында 16
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 21

КІРІСПЕ

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында
Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-
монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп,
ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен
қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен
тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен
тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX
ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге
дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,
Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке біріктіріліп,
алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына
жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп
ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ
сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман,
керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық
"қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты[2].
XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық
мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар "қара шаңырақтың"
иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ
мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға,
Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3].
Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар
монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың
этникалық құрамын қалыптастырды.
Шыңғысхан сынды тарихта із қалдырған тұлға туралы талас-тартыс әлі де
толастамай тұр. Өйткені біреулер оны тек ұлылығын дәріптесе, енді біреулері
тек қана даттауда. Бірақ одан ұтылған Шыңғыс хан жоқ.
Қазіргі кезде кейбір тарихшысымақтар Шыңғысханды қазақ деп, енді бірі
тек қазақ ханы деп шатып-бытып жүр. Осындай кереғар айтыс-тартыстар
арасынан Шыңғыстың дара тұлғасын ажырата аламыз ба? Отырар ойранының басты
жауапкері де сол емес пе?
Сондықтан әлемдік тарихтағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас
туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек.

Шыңғыс хан туралы қалам тартқандар

Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер
өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы, монғол, орыс, кеңес, батысеуропалық жөне
қазақ тарихшылары кеңінен зерттеп, арттарына толып жатқан еңбектер
қалдырған. Бұған қоса, Шыңғыс хан заманында жазылған жылнамалар мен
саяхатшылардың жазбалары да көптеп кездеседі. Бұл еңбектерді қолданған
кезде, жалпылама алғанда, бірнеше кезеңмен сипаттаған жөн. Бірінші кезеңге
XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары парсы, монғол, қытай
т.б. еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің
ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың М.Поло, П.Карпини,
Г.Рубрук т.б. қолжазбаларын жатқызуға болады.
Енді жоғарыдағы тарихшыларға және олардың еңбектеріне жеке-жеке
тоқталайық:
Жувейни Аль-ад-дин Ата Мәлік Мұхаммед 1226—1283 — парсы тарихшысы
әрі мемлекет қайраткері. Ол Аргун ханның хатшысы ретінде екі рет
Қарақорымға барып қайтты. Ол монғол хандарының тапсырмасы бойынша көп жыл
еңбектеніп, "Тарих — и Жаһангушай" "Әлемді жаулап алушының тарихы" атты
үш томдық зерттеу еңбегін жазды. Кітаптың алғашқы томында Шыңғыс ханнан
бастап 1248 жылға дейінгі монғолдар тарихы баяндалады. Екінші кітабында
Хорезм, Иран, Қашқар, Қотан, Қарақытай мемлекеттері мен найман, керей
ұлыстарының Шыңғыс ханға дейінгі тарихы айтылады. Үшінші кітапта Хулагу
ханның Иранға жорығы баяндалады[4].
Келесі бір тарихшы Рашид-ад-Дин Фазлаллах ибн Абулхайр 1247—1318 —
тарихшы әрі мемлекет қайраткері. Оның ең құнды еңбегі үш бөліктен тұратын
үшінші бөлімі сақталмаған "Жамиат-тауарих" жылнамалар жинағы атты парсы
тілінде жазылған шығармасы. Бұл еңбектің алғашқы бөлімі "Тарихи Газани"
"Газан тарихы" деп аталып, монғолдар құрған мемлекеттердің 1304 жылға
дейінгі саяси, әскери-әлеуметтік тарихы баяндалады. Кітаптың екінші
бөлімінде монғолдар жаулап алғанға дейінгі мұсылман мемлекеттері, иуда,
франктер Батыс Еуропа елдері, Рим императорлары мен папалары, Үндістан,
Қытай, Шығыс Еуропа елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Бұл еңбекті
жазуға Рашид-ад-Дин парсы, монғол, үнді, қытай, франк т.б. елдердің
ғалымдарын жұмылдырды. Олар түпнұсқа мен тарихи дәстүр негізінде ешбір діни
немесе саяси мүдделерден тыс барлық халықтардың тарихын жазуға тырысты.
Сондықтан бұл еңбек Шыңғыс хан заманы туралы өте құнды көптеген
мәліметтерді қамтыған[5]. Осыған байланысты Шыңғыс хан империясы зерттеуші
ғалымдардың барлығы бұл еңбекке соқпай кете алмайды.
Жамал Карши шын аты — Абдул Фазыл ибн Мұхаммед 1230—1315 — Жетісу
топырағында туып өскен ғалым, тарихшы, жазушы. Ол монғол дәуірінде Жетісу
өңірінен шыққан тұңғыш тарихшы. Сондықтан ол сол заманда болған Жетісу мен
Орта Азиядағы оқиғаларды жетік білген. Әрі соларды бірінші болып тарихта
қалдырған. Сол себепті оның жазғандары әрі айқын, әрі терең, түсінікті
болып келеді. Негізгі еңбегі араб тілінде жазылған "Мүлхақат-ас-сурах"
"Лұғатқа қосымша" деген шығарма[6]. Бұл еңбегінде ол сол заманда жасаған
ғалымдарға және мемлекет қайраткерлеріне жеке-жеке баға береді. Тарихи
оқиғалардан үш дәуірді: Оғыз-Қарахан дәуірін, қарақытайлар мен наймандар
дәуірін, Шыңғыс хан империясының алғашқы кезеңдерін жазады. Кітаптың тағы
бір құндылығы сол кездегі тайпалар арасындағы қарым-қатынас,
қарақытайлардың Жетісуға шабуылы, одан кейінгі найман үстемдігі, қыпшақ,
оғыз, қарлық елдерінің саяси, мәдени шаруашылық өмірі және Хорезммен
байланысы жан-жақты баяндалады. Оның айтуынша, Жетісудағы ең мықты ұлыс
қаңлылар болып, олар бұл өлкені Алмалықта отырып билеген.
Карпини Джованни де Плано 1182—1252 Италиядан шыққан монах. Рим
папасы Иннокентий IV 1245 ж. Лион соборының тапсыруымен Карпиниді Монғолия
жөнінде мәліметтер жинау үшін әдейі елшілікке жібереді. Ол Лионнан шығып
Киевке жетеді, одан Еділ өзені арқылы Хорезм, Жетісу, Тарбағатайды басып
өтіп, хан ордасына келіп жетеді. Онда ол Үгедей хағанның баласы Күйіктің
ұлы хан тағына отыру салтанатына 1246 қатысады. Қайтар сапарында 1247
Бату ханға жолығады. Еліне келгеннен кейін монғолдарға бағынатын халықтар
мен қалалар жөнінде жан-жақты мәліметтер жазып қалдырады. Бұған қоса
Батысеуропалық саяхатшылар Г.Рубрук пен М.Поло да арттарына аса құнды
еңбектер қалдырды.
"Монғолдың құпия шежіресі" — XIII ғасырда жазылған Шыңғыс хан
империясы тарихы жөніндегі ең бір құнды дерек болып табылады. XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастап бұл шежіре Шыңғыс хан империясы тарихын
зерттеушілердің назарын үнемі өзіне аударып келеді. Ол бірнеше тілге
аударылған неміс, француз, жапон, орыс, қазақ т.б.[7].
Қолданылған әдебиеттердің ішінен екінші кезеңге XIX—XX ғасырдың бас
кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. XIX ғасырда Ресей тез
дамып, барлық ғылым салалары, соның ішінде тарих ғылымы да тез өркендей
бастады. Бұған қоса Батыс шығыстанушылары да Шыңғыс хан империясы тарихына
және жаһангердің өзінің тұлғасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта
көптеген еңбектер жазды. Ежелгі дәуірдегі мұсылман және қытай деректемелері
Батыс Еуропа тілдеріне аударылды. Олардың көпшілігі Шыңғыс хан мен оның
мұрагерлерінің Еуропа мен Азиядағы жорықтарын әлемдік масштабтағы
"шапқыншылық" ретінде қарастырды. XIX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың
әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен оның әскер басыларының жорықтарын
зерттеп, жан-жақты талдай бастады. Атап айтқанда, Хиуа хандығына қарсы
жорыққа қатынасқан бас штабтың әскери-ғылыми кеңесінің мүшесі генерал-
лейтенант М.И.Иванин өзі жүрген жерде Шыңғыс ханның жеке басы мен ол құрған
мемлекет жөнінде көптеген деректер жинап, кейіннен ол деректерді сұрыптап,
кітап етіп шығарды[8]. Әскери тарихшылардан басқа бұл тақырыпта
В.Вельяминов-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофт т.б. қалам тартты[9].
XX ғасырдың басы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани
өркендеген дәуірі болды. Қазақ зиялылары Отан тарихына байланысты жазылған
мақалаларын баспасөз беттеріне шығара бастады. Атап айтқанда, М.Тынышбаев,
С.Асфендияров, Ә.Бөкейханов т.б. қазақ оқығандары қарастырып отырған
дәуірде қазақ ұлтының қалыптасуына тигізген оң әсерлері жайында сөз
қозғады[10].
Үшінші кезеңге кеңес үкіметі түсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл
кезеңде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеген зерттеу
кітаптарын шығарған тарихшылар В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б. көп
болды[11].
Жоғарыда аттары аталған авторлардың барлығы да Бартольд В.В.,
Владимирцев Б.Я., Иванин М.И., Хара Даван Э., Гумилев Л.Н. т.б. түркі-
монғол тарихына халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол
еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды. Атап айтқанда,
М.И.Иванин мен Э.Хара Даван Шыңғыс хан бүкіл жер бетінде бір ғана патшалық
орнатқысы келді десе, Л.Н.Гумилев бастаған тарихшылар ол тек түркі-монғол
тайпаларын, яғни бүкіл еуразиялық көшпенділерді бір орталыққа бағындыруды
көздеді, ал отырықшы халықтармен, мысалы, Москва мемлекетімен одақтастық
қарым-қатынаста болды деп есептейді.
Төртінші ең соңғы кезеңге 1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға
болады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы
көзқарасымыздың көпшілігіне ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі
алдымызға тартып отыр. Сондықтан осы тақырып кеңірек қамтылған қазақ
тарихшыларының еңбектеріне тоқталамыз. Ондай еңбектердің қатарына Қытайдағы
қазақ тарихшысы Н.Мыңжанидің " Қазақтың қысқаша тарихы" атты еңбегі мен
қазақстандық тарихшылар К.Аманжолов пен К.Рахметовтің "Түркі халықтары
тарихы" және А.Тасболатов пен К.Аманжолов жазған "Қазақстанның әскери
тарихы" атты зерттеу кітаптарын, басқа да толып жатқан ғылыми мақалаларды
жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы ғалымдар М.Қозыбаев,
М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ү.Жұмағұлов, З.Қинаятұлы,
С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков т.б. осы аталған кезеңдегі
көшпелілердің саяси құрылымы, өркениеті, мәдениеті, археологиялық және
тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан ғылыми еңбектер жазды. Н.Мыңжани
өз еңбегінде бізге мәлім емес кейбір қытай деректерін пайдаланған. Ал
аттары аталған қазақстандық тарихшылар өз зерттеулерінде Шыңғыс хан құрған
мемлекет тарихын түркі халықтары тарихы мен ұштастыра қарастырады. Сонымен
бірге Шыңғыс хан құрған түркі-монғол жауынгерлерінің әскери өнеріне қазіргі
заман тұрғысынан жаңаша баға берген.
Жоғарыда атап өтілген еңбектердің барлығында да Шыңғыс ханның өз
заманындағы аса талантты ұйымдастырушы, әйгілі қолбасы, ұлы саясаткер
болғандығы дәлелденген. Әсіресе, ол әскери саясат саласында өте шебер де
тапқыр болып, Азия көлеміндегі аса ірі әскери шеберлік әдіс-тәсілдерін
тұңғыш ұйымдастырған адам болды. Ол түркі-монғол тайпаларын біртұтас
мемлекетке шоғырландырып, өз заманындағы аса үлкен әрі күшті империя құруға
қол жеткізді. Бұған қоса осы империяны мекендеген халықтардың арасында
тиянақты тәртіп орната білді. Басқа ірі мемлекеттерден бір айырмашылығы
Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері өздері басып алған елдердің мәдениетіне,
діні мен салт-санасына ешқандай қысым көрсеткен жоқ.
Шыңғыс ханның басқалардан бір ерекшелігі — ол дұшпанын тек талқандап
қана қоймай, түбіне жеткенше тыным таппайтын, кез келген істі ақырына дейін
жеткізіп тынатын.
Өтініш қанағаттандырылғаннан кейін, Шыңғыс хан өзінің негізгі
бәсекелесінің жаназасын салтанатты түрде өткізді.
Алтайдан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңір, негізінен, шөл және
шөлейтті аймақтардан тұратын. Бұл далада халық өте сирек қоныстанған
болатын. Әрбір ру, тайпа өз қалауынша ешкімге бағынбай, еркін өмір сүретін.
Бұларды бір орталыққа бағындыру Шыңғыс ханның өте мықты ұйымдастырушы
мемлекет қайраткері, аса талантты қолбасшы болғандығын көрсетеді.
Әйгілі саяхатшы Марко Поло Шыңғыс хан өмірінің осы кезеңін былайша
суреттейді: "Белгілі бір аймақты басып алган кезде ол жергілікті халықты
өкпелеткен емес. Олардың ішкі заңдарына қол сұқпай, оларды басқаруға өз
адамдарын қойды. Ал қалғанын өзімен бірге басқа аймақтарды жаулап алуға
алып кетті. Жаулап алынған халық олардың өздерін көршілес дұшпан ұлыстардың
шабуылынан сенімді түрде қорғайтындықтарына көздері жеткеннен кейін оның
әділ патша екендігін мойындап, оған жан-тәнімен қызмет ете бастады"[12].
Сөйтіп өзінің төңірегіне аса көп адамды топтастырып алған Шыңғыс хан енді
бүкіл әлемді бағындыруды ойлай бастады.
Ұлы даладағы билік үшін жиырма жылға созылған қиян-кескі шайқастарда
Шыңғыс хан өз жауларының бытыраңқылығы мен ала ауыздығын шебер пайдалана
отырып, оларды бір-біріне қоспай, жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға
садақ атып, тізе бүккендерге табақ сыйлады. Оған жан аямай қарсылық
көрсеткен Тоқтабек, Жамуха, Бұйрық, Таян хандар қан майданда қазаға
ұшырады. Өз еркімен берілген Үйсін қарт пен Көкше бақсыға төрден орын
берілді. Жалайыр тайпасынан шыққан Мукалыны гоуаң мемлекет әмірі етіп
тағайындады. 1204 жылы тұтқынға түскен найман ханының бас уәзірі Тататонды
хатшылық қызметке тағайындап, наймандардың ел басқару ережесін, жазу
мәдениетін бұған дейін найман, керей меркіттер қолданған ұйғыр жазуын
қабылдады. Монғол әскері Жетісуға келгенде, өз еркімен ел болған арғын
қарлық Арыстан ханға Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген
Шыңғыс хан өз қызы Алқа бикені атастырды.
Сөйтіп Хөхөчу бақсы өлгеннен кейін Шыңғыс хан өзінің тағы бір
бәсекелесінен құтылады, Ол бақсы жатқан үйдің түндігін жаптырып, бір адамға
күзеттіріп қояды. Тарихи әдебиеттерде бақсының денесі екі күн жатып, үшінші
күні көкке ұшып, көзден ғайып болды дейді. Бұл жөнінде белгілі шығыстанушы
Б.Я.Владимирцев: "Хөхөчу бақсымен бірге Монғолияда Шыңғыс ханмен бәсекеге
түскісі келген соңғы адам сахнадан кетті. Осыдан кейін императорға қарсы
келетіндей хан ордасында бірде-бір адам қалмады" — деп жазды[13]. 81, 89
Бұған қоса арнайы шығарылған "Жасақ" заңында "Ешкімнің монғолды қүл
немесе малай етуге қақы жоқ" деген арнайы бап енгізілді. Осылайша Шыңғыс
хан арманына жетіп, Алтай мен Сібір тайгасынан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі
өңірді мекендеген көшпенділерді бір орталыққа біріктірді.

Шыңғыс хан империясының ұйымдастырылу принциптері

Біртұтас монғол мемлекетін құрғаннан кейін Шыңғыс хан екі нәрсеге
назар аударды: а) мемлекеттің ішкі құрылымын жетілдіру; ә) әскер құрылымы
мен соғыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру.
Шыңғыс хан мемлекетінде хандық, билік, жарлық шығару және әскерді
басқару құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен соғыс жүргізумен
қатар соғыс пен бейбітшілікті жариялап, бітімге келіп отырды. Ол негізінен
төмендегідей бес функцияны атқарды:
Хан мемлекет басшысы және жоғарғы бас қолбасшы ретінде астындағыларға
жеке билік жүргізді, оның негізгі қызметі мен міндеті елді сыртқы жаулардан
қорғау болды.
Хан бас қолбасшы ретінде соғыс ашу және бейбіт бітімге келуге құқылы
болды.
Мемлекеттің сыртқы саясатын жалғыз өзі белгіледі.
Жоғарғы сот қызметін де атқарып, бағыныштыларды өлтіруге не тірі
қалдыруға құқылы болды.
Мемлекеттегі тәртіп пен өмір сүріп отырған қоғамдық салт-дәстүрлерді
сақтау үшін қол астындағы барлық азаматтарға міндетті бұйрықтар мен заң
шығаруға құқылы болды.
Хандық, билік негізінен мұрагерлік жолмен жүзеге асып, хан өлсе орнына
баласы, ер жеткен баласы болмаса аға-інілерінің бірі отырды. Мұрагердің
таққа отыруы басқа ханзадалар мен ру-тайпа көсемдерінің жиналысы құрылтайда
сайланудан өтуге міндетті болды.
XII—ХШ ғасырлар, жалпы орта ғасырлар — қай жағынан жау келіп қалады
деп отырған жаугершілік заманы болды. Үнемі шапқыншылықтардан көз
ашпағаннан кейін, түркі-монғолдар ертедегі сак-скиф, ғұн, түркілер
заманындағы секілді "әскери-демократиялық қоғамда" өмір сүрді. Яғни ірі
әскери мәселелерге және жорықтар еркек кіндік түгел қатыстырылды. Дала
тұрғындары негізінен қарулы адамдар тобынан тұрды. Қару асынып жүру бейбіт
өмірде де дәстүрге айналды. Аңға шықсын немесе көңіл көтеруге жиналсын ер
азаматтар әрқашан садақ, жебе, қанжар асынып жүрді. Бірде-бір түркі-монғол
халық жиналған жерге қарусыз келмеді. Қарусыз келген адамға орын берілмеді
және ол сайлауға дауыс бере алмады. Шыңғыс хан империясы мен оның
әскерлерінің құрылуы бір-бірінен ажырағысыз процестер, өйткені әскер
мемлекет құру барысында қажеттілік үшін қалыптасса, мемлекет қалыптасқан
әскердің арқасында нығайып отырды. Шыңғыс хан мемлекеті көшпелі және
отырықшы қоғамның әрекеттестігі нәтижесінде ары қарай нығайды. Бұл жерде
әңгіме олар мемлекеттікті отырықшы халықтардан алды деген сөз емес,
керісінше түркі-монғолдар өздерінің өзіндік әскери саяси жүйесін құрды.
Көптеген зерттеушілер орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарды талдай
келе көшпелі хандарда нақты билік, тұрақты салық жүйесі болған емес деп
көрсеткілері келеді. Ал іс жүзінде еуропалық мемлекеттермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың музыкалық творчествосы
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Мағжан Жұмабаев өмірі
Айтыс өнерінің өткеніне шолу жасау
Күнделік әдебиет үлгісі
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы ақпарат
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Пәндер