Ортағасырлардағы ақша айналысы. Отырар теңгелері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Ортағасырлардағы ақша айналысы 5
1.1.Отырар теңгелері 5
1.2.Түркеш теңгелері 6
1.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері 7
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер 11
Кіріспе
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық
Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб,
парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған.
Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын,
Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық
олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы
Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға
мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі
және далалық мәдениет өркендеді.
Сауда-саттыққа орай Қазақстан территориясында теңге шығару, шақа соғу
нақты жолға қойылды. Қазіргі айналымда жүрген жаңа теңгелеріміздің ертеде
аталар болғанын есте ұстағанымыз абзал. Өйткені біздер Кеңестік дәуірде
рубльді сом деп жүрдік, ал өз ұлттық валютамызды енгізгенде теңге деп
қоюымыздың жөні де бар еді. Осы теңге сөзінен орыстар өздерінің деньги
деген сөзін көшірген.
2007 жылы 29 наурызда Алматыдағы ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында
Сарайшық тиындары атты көрме өтті. Мұнда Атырау қаласынан 50 шақырым
қашықтықта орналасқан көне Сарайшық қаласының нумизматикалық кешені алғаш
реет жұрт назарына ұсынылды.
Мұндағы нумизматикалық жәдігерлер Сарайшық қаласының аумағынан табылып
олар ХІІІ-ХVI ғасырларда жасап шығарылғаны белгілі болып отыр.
Осы орайда Қазақстан тарихында ішкі-сыртқы сауда қатынастарының, оның
ішінде көне қалалардағы ақша айналымының алатын орны ерекше екенін атап
айтқан жөн.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы
былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели,
екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V—VI ғ.) жасап,
сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі
тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны
айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда
билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя
бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері
VI — VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде
Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб,
Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар
маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып,
секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және
шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген
рәміз) бейнелеген. Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің
таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 — 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш
қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар
болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін,
мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы
ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына
қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 — 81% күміс ақшалар
айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен
маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға
енгізді. Ақшаның салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан
теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында
әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның
атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ
жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген
Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар
арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының
(Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында
өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ
хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық
шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір
жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
1. Ортағасырлардағы ақша айналысы
1.1.Отырар теңгелері
Ерте орта ғасырларда (VI-VIII ғғ) теңгелерді белді тайпалардың атақты
адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз – ру
атының өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен
екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады.
Отырар жазирасында ақша айналымы болғандығын Отырартөбе жұртын, сондай-
ақ оның айналасындағы Мардан-күйiк, Құйрықтөбе қала орындарын қазған кезде
табылғанан түрлi теңгелер дәлелдеп отыр. Металл түpi және таңбалары бойынша
теңгелердi eкi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi түpiнe бетiнде садақ пен төртбұрышты түркi ру таңбасы салынған
мыс теңгелер жатады. Мұндай таңба ең жоғарғы билеушi қағанның атағын
белгiлейтiн түркеш теңгелерiнде де бар. Таңбалардың ұқсастығы -
Сырдариядағы түркi билеушiлерi мен Жетiсудағы атақты адамдардың бiр
әулеттен тapaғaндығын көрсетедi. Бұл теңгелердiң екiншi бетiнде көтерiңкi
құйрығы қайқайып келген, оң аяғымен алға басқалы тұрған арыстан бейнесi
салынған. Екiншi түpiнe Отырар жазығының қола теңгелерi жатады. Олардың
бетiндегi таңба Педжикенттен табылған Бұхар теңгелерiнiң белгiлерiне ұқсас
әpi соғды әрпiмен жазылған жазулары бар. Екiншi бетiндегi арыстан тура
алдыңғы теңгедегiдей бейнеленген, бiрақ көркемдiгi арта түскен. Бұл
теңгелердi Отырар жазирасындағы басқа бiр беделдi ру өкiлi шығарған болуы
керек, немесе сол алғашқы рудың кейiнгі уақытта шығарған, жетiлдiрiлген
теңгесi болуы да мүмкін.
Аталған теңгелер Отырартөбе жұртын және оның айналасын (15 шақырым
мөлшерiнде) қазған кезде табылған. Демек, VII ғ. аяғы VIII ғ. басында
Отырар iшкi сауда айналымын қамтамасыз ету үшiн өз мыс теңгесiн шығарған.
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең
ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі – ежелгі Отырар болды. Отырар мен
оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз әсерін тигізіп
отырды. Отырар қолөнершілерінің өнімдері Қаратаудың солтүстік және оңтүстік
беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz